Ситуациялық талдау(SWOT)
SWOT-талдау бізге кондитерлік тиімділіктің немесе тиімсіздіктің себептерін анықтауға мүмкіндік береді.Бұл талдау қысқаша маркетингтік ақпаратты көрсетеді, оның негізінде кондитерлік өнімдердің қандай бағытта дамуы тиіс деген қорытынды жасауға және соңында сегменттер бойынша алынған ресурстарды анықтауға болады. SWOT-талдау-стратегиялық жоспарлау әдісі, ол ұйымның ішкі және сыртқы орта факторларын анықтауға және оларды төрт санатқа негізделген: Strenghts (күшті жақтары), Weaknesses (әлсіз жақтары), Opportunities (мүмкіндіктері) және Threats (қауіптер) Талдау нәтижесі маркетингтік стратегияны әзірлеу болып табылады. Жобаны іске асыру барысында құрылған стратегиялық перспективалар үшін, әсіресе күшті жақтары маңызды, өйткені олар бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізу үшін стратегияның негізі болып табылады. Сонымен қатар жақсы стратегия әлсіз жақтарды, оларды нығайту немесе жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу үшін талдауды талап етеді. Нарық жағдайын және құрылатын кәсіпорынның әлеуетін талдау кезінде жобаның мынандай күшті және әлсіз жақтары анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |