Бизнес жоспардың маңызы



бет6/10
Дата25.11.2023
өлшемі8,57 Mb.
#125791
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
33986.pptx

Маркетингтік саясат

  • Туризмдегі маркетинг – туристік нарық талаптарына және турөнімнің сатылу көлемін ұлғайту мақсатында сұранысқа белсенді түрде ықпал етуге бағытталған өндірісті, туристік өнімді сату мен тұтынуды ұйымдастыруды басқарудың кешенді түрі.
  • Кез-келген туристік фирманың нақты белгіленген маркетингтік стратегиясы болуы керек. Маркетинг мәселелерді жан-жақты, нақты шешумен қатар, тұтынушылардың талаптарын оқып, ұсынылатын қызметтерді оларға сәйкестендіруді де қамтиды. Сонымен қатар ол сату көлемін ұлғайту және нарықта іс-әрекеттің пайдасын жоғарылату мақсатында сұранысты қалыптастыру мен сатуды ынталандыру бойынша мәселелерді белсенді жүзеге асыруды қамтиды.

Маркетингтік қызмет туризм саласында

  • жарнама
  • насихаттау
  • жеке сату
  • сатуды ынталандыру;

Жарнама

  • Туризм индустриясындағы жарнама туристік кәсіпорынның маркетингінде ерекше орын алады.

Насихаттау

  • Насихаттау көбіне бұқарамен байланыс бойынша жұмыс (public relation), немесе PR ретінде түсініледі. Ол қалыптасып келе жатқан бұқаралық пікірді оқу және туристік кәсіпорын мен оның іс-әрекетіне мақсатты аудитория жағынан жағымды қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған.

Жеке сату

  • Жеке сату туристік өнімді таныстыру және сатуды ұйымдастыру мақсатында фирма өкілінің бір немесе бірнеше әлеуетті тұтынушымен жеке байланысын қамтиды. Байланыс құралдары – телефонмен хабарласу, поштамен жіберу, жеке әңгімелесу. Жеке әңгімелесу қалауды қалыптастыру мен клиенттерді көндіруде үлкен рөл атқарады.

Сатуды ынталандыру

  • Сатуды ынталандыру әр түрлі шараларға мақсатты аудиторияның жауапты реакциясын күшейтуге бағытталған шаралар мен тәсілдер жүйесі болып табылады.
  • сұранысты жоғарылату, ұсынылатын өнім туралы клиенттердің білімін кеңейту, оған керек имиджді жасау үшін қолданылады. Жаңа туристік өнімді енгізу кезінде аса маңызды рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет