«бизнес-жоспарлау негіздері»


Бизнес-жоспардың UNIDO стандарттары бойынша құрылымы мен мазмұны



бет3/8
Дата20.09.2023
өлшемі2,14 Mb.
#109011
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Бизнес-жоспарлау негіздері

Бизнес-жоспардың UNIDO стандарттары бойынша құрылымы мен мазмұны

Құрылымы

Мазмұны

Резюме

Жоба инициаторы туралы, жоба мәні мен жоба тиімділігінің маңызды экономикалық көрсеткіштері туралы қысқаша ақпарат

Кәсіпорынды немесе саланы сипаттау

Кәсіпорын туралы жалпы ақпарат; Кәсіпорын қызметінің қаржы-экономикалық көрсеткіштері; Басқару құрылымы мен қызметкерлер құрамы, Сала экономикасы мен оның даму болашағы; Серіктестік байланыстар мен әлеуметтік белсенділігі

Өнімді (қызмет көрсетуді) сипаттау

Өнімнің қысқаша сипаты, негізгі сипаттамалары; Өнімнің (қызмет көрсетудің) бәсекеге қабілеттілігі; Авторлық құқықтар мен патент; Лицензия; жеткізу шарттары, қауіпсіздігі; Сервис пен кепілдік; Пайдалану мен утилизация

Маркетинг және өнімді (қызмет көрсетуді) сату

Тұтынушылардың өнімге қоятын талаптары; Бәсекелестікті сипаттау; Өнімді өткізу нарығын сипаттау; Тауар жеткізілімін сипаттау; Тұтынушыларды тарту стратегиясы

Өндірістік жоспар 

Кәсіпорын туралы жалпы мәліметтер; Технология және орындаушылардың біліктілігінің деңгейі; Кадрлық қамтамасыз ету; Өндіру көлемі; Қызметкерлерге, шикізаттарға, ағымдағы шығындар сметасына жұмсалатын шығындар; Өзгермелі және тұрақты шығындарды есептеу

Ұйымдастырушылық жоспар

Басшылық топтың сипаттамасы; Ұйымдық құрылым; Қолдау және ынталандыру механизмі; Құқықтық қамтамасыз ету

Қаржылық жоспар

Дайындық кезеңінің шығындары; Ағымдағы (басты) кезеңнің шығындары; Жоба түсімін есептеу; Несиеге (лизинг) қызмет көрсетумен байланысты шығындар; Салық төлемдерінің есебі, Өзге түсімдер мен төлемдер; Пайда мен зиян туралы есеп;Нақты ақшалар ағыны; Болжамды баланс

Жоба тиімділігі мен бағыттылығы

Жобаның бағыты мен маңыздылығы; Оны іске асыру тиімділігінің көрсеткіштері; Жобаның сезімталдығын талдау

Тәуекелдер мен кепілдіктер

Кәсіпкерлік тәуекелдер және ықтимал форс-мажор жағдайлар; Серіктестер мен инвесторларға қаражатты қайтарудың кепілдіктері

Қосымшалар

Бизнес-жоспар мұқаба парағынан басталады және онда жобаның аты, мазмұны бойынша суреті, кіммен жасалған, қай қалада жүзеге асады және жасалған жылы жазылады. Содан кейін бизнес-жоспардың мазмұны, құрылымына қарай беттері қойылып жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет