«бизнес-жоспарлау негіздері»


Бизнес-жоспардың негізгі мақсаттары



бет2/8
Дата20.09.2023
өлшемі2,14 Mb.
#109011
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Бизнес-жоспарлау негіздері

Бизнес-жоспардың негізгі мақсаттары
Бизнес-жоспар мынадай үш негізгі мақсатқа қызмет етеді:
  • ол инвесторға нақты инвестициялық жобаға қаражат салу керек па екендігіне көз жеткізеді;
  • жобаны тікелей іске асыратын адамдар үшін ақпарат көзі болып табылады;
  • кредит беруші кредит беру туралы шешім қабылдардың алдында қарыз алушының бизнесі және кредитті алғаннан кейінгі бизнестің дамуы туралы толық ақпарат алады.

Бизнес-жоспарлар келесі түрлерге бөлінеді:
  • инвестициялардың бизнес-жоспары – маркетингтік зерттеудің нәтижелерін әлеуетті серіктеске немесе инвесторға баяндау, болжамды нәтижелердің нарықты игеру стратегиясын негіздеу;
  • компания мен фирманың дамуының бизнес-жоспары – алдағы жоспарлы кезеңге арналған ұйымның даму жоспары;
  • кәсіпорынның жеке бөлімшесінің дамуының (құру) бизнес-жоспары;
  • банктен несие алуға немесе грант алуға арналған бизнес-жоспар.

Бизнес-жоспар бірқатар талаптарға жауап беруі тиіс:
  • қысқа және айқын анықтамаларды пайдалану арқылы қарапайым және түсінікті тілмен жазылуға тиіс;
  • оның көлемі машинамен басылған 20-25 беттен аспауы тиіс;
  • барлығын қамтитын сипатта болуы тиіс, яғни жоба бойынша инвестор үшін қызықты болып табылатын барлық ақпаратты қамту;
  • шынайы фактілерге және дәлелді ұсыныстарға сүйену;
  • аяқталған сипатта болу, яғни алға қойылған мақсаттарға жету стратегиясын ұстану;
  • жинақтылық болу, яғни өндірістік, маркетингтік, ұйымдастырушылық, қаржылық қамтамасыз етуді ұстану;
  • перспективтік сипатта болу, яғни даму сабақтастығын сақтай отырып, одан арғы жоспарлардың негізінде әзірлеу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
  • әзірленген бағдарламаға түзетулер енгізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге икемді болу керек;
  • жұмыс кестесінің нақты сипаттамасымен, қадағалау мерзімдері және көрсеткіштерімен байланысты бақылаушы сипатта болуы тиіс.

Ең кең таралған бизнес-жоспар жасау стандарттары:
  • тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы экономикалық реформалардың үрдісін жеделдетуге жәрдем көрсету бойынша бағдарламалардың аясындағы Еуропалық Одақтың стандарты (TACIS);
  • Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымның стандарты (UNIDO);
  • Аудиторлық, салық және консультациялық қызмет көрсететін фирмалардың халықаралық желісі (KMPG);
  • Еуропа қайта құру және даму банкінің стандарттары (ЕҚҚДБ);



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет