1) Қуық асты безінің гипертрофиясынан болған обструкцияда:
Фолей катетерін енгіземіз немесе қуық асты безі алынып тасталынады.
2) Обструкция уретра не қуық мойнында болса:
Трансуреталды катетер қойылады.
3) Несепағарда обструкция болса:
Несепағарлық катетер қойып,бітеп тұрған ірің, тастың төмен түсуіне жағдай жасау.
Стационарлық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:
• калий антагонисті - кальций глюконаты немесе хлориді 10% 20 мл в/і 2-3 минут бойына • 20% глюкоза 500 мл + 50 МЕ қысқа әсерлі, адами еритін инсулин в/і кап 15-30 ЕД әр 3 сағат сайын, 1-3 тәулік • натрий гидрокарбонаты 4-5% в\і кап. • натрий гидрокарбонаты 8,4% в\і кап. • 5% декстроза 500 мл в\і кап, АҚК тапшылығын толықтырғанға дейін; • натрий хлориді 0,9% в\і кап 500 мл немесе 10% 20 мл в\і тәулігіне 1-2 рет - АҚК тапшылығын толықтырғанға дейін; • фуросемид 200-400 мг в\і • допамин 3 мкг/кг/мин в\і кап, 6-24 сағат бойына, артериялық қысымды бақылай отырып, ЖЖЖ -2-3 тәулік; • адсорбикс 1 капсула х күніне 3 рет – креатинин деңгейін бақылай отырып.
Бүйрек қызметін алмастыру терапиясы (БАТ)
Диализдік терапия БЖЗ кезінде БАТ жүргізу қажет болғанда пациент 2-ден 6 апта бүйрек функциясы қалпына келгенге дейін гемо- не притонеалды диализ жүргізіледі.
Бүйректің толықтырушы емін қажет ететін БЖЗ бар пациенттерді емдеу кезінде мына сауалдарға жауап беру керек: • БТЕ-н қашан бастаған жақсы? • БТЕ-нің қай түрін пайдалану керек?