Табиғаттағы барлық денелер бір-біріне тартылады. Осы тартылыс бағынатын заңды Ньютон анықтап, бүкіл әлемдік тартылыс заңы деп аталған. Осы заң бойынша, екі дененің бір-біріне тартылатын күші осы денелердің массаларына тура пропорционал, ал олардың арақашықтығының квадратына кері пропорционал болады:
Бүкіл әлемдік тартылыс күші
Көптеген жылдар бойы планеталардың Күнді және Айдың Жерді айнала қозғалысысын зерттей отырып, XVII ғасырдың басында Ньютон анықтап, планеталар қозғалысының заңдары негізінде ашылған бүкіләлемдіек тартылыс заңы былай тұжырымдалады:
Кез келген екі дене бір-біріне массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал және арақашықтықтарының кері пропорционал күшпен тартылады.
Мұндағы G – гравитациялық тұрақты, оның мәні Жерде де, ғарышта да бірдей; r- олардың арақашықтығы, және - денлердің массасы.
Денелер арасындағы гравитациялық күш
Әдетте, физикалық денелер материялық нүкте ретінде қарастыра алмайды. Алайда күштің түсу нүктесі бәрібір біреу және ол нақты болуы тиіс. Гравитациялық күш әрқашан ауырлық центріне түсіріледі.
Бұл шаманың қаншалықты аз екендігін байқай отырып, біз бүкіләлемдік тартылыс күші ілсіздігі туралы қорытын дыға келеміз.Бұл күштерді көбінесе гравитациялық күштер деп атайды.
Гравитациялық тұрақтылық
Гравитациялық тұрақтының сан мәнін, бүкіләлемдік тартылыс заңы ашылғаннан кейін жүз жыл өткен соң ғана 1798 ж. Алғаш рет Ньютонның отандасы Генри кавендиш зертханалық жағдайда анықтады. Кавендиштің алған G мәні қазіргі кезде алынған мәнінен аз ғана ерекшеленеді. Екі ғасыр бұрынғы техниканың даму деңгейіне қарамастан бұл G мәнінің ХХІ ғасыр өлшеулерімен сәйкес келуі ғажап-ақ.
Бүкіләлемдік тартылыс күшінің көрінісінің бірі- денелердің Жерге тартылу күші. Бұл күшті ауырлық күші деп атаймыз, оның Жер тұрғындары үшін зор мәні бар .
Бүкіләлемік тартылыс заңына сәйкес, ол формуласы бойынша өрнектеледі, мұндағы m- дене массасы, M- Жер массасы, R- Жер радиусы