2.3 Мәліметтер жиынтығымен жұмыс істеудің негізгі тәсілдері.
Мәліметтер жиынтығын сорттау Мәліметтер қорларының кестелерін құрғанда, мәліметтерге қатынауды тездететін, кестелер өрістері үшін индекстерді қалыптастырған жөн. Кейбір МҚБЖ – лерде дұрыс ұйымдастырылған индексация - жұмыс эффективтілігін жақсартудың жалғыз құралы. Осы кезде белгілі бір МҚБЖ-ға байланысты ньюанстарды ескерген жөн (мысалы, индекстер санының көптігі қорда жазбаларды таңдауды тездетуы мүмкін, бірақ оған жаңа ақпарат қосу операцияларын баяулатуы мүмкін).
Кестеге екіншілік индексті қосу (алғашында ол алғашқы индекс арқылы тәртіпке келтірілген деп саналады) мысалы Database Desktop қосымшасы көмегімен құрылған индекстің IndexName қасиетіндегі осы индекстің атын таңдау арқылы жүзеге асырылады. Осы кезде кестенің таңдалған индекс бойынша сортталуы орындалады.
Кесте жазбаларын Қолданушы әрекеттеріне байланысты әр түрлі тәртіпте көрсетуге мүмкіндік беретін IndexName қасиетіне мәнді бағдарламаның орындалуы кезінде де меншіктеуге болады.
Клиент-серверлік МҚБЖ-лар үшін IndexName қасиеті орнына, әдетте, индексті сипаттайтын өрістердің аталуар тізімін нүктелі үтір арқылы көрстегуе мүмкіндік беретін IndexFieldNames қасиеті падаланылады. Осы жерде бір ескерту: IndexName және IndexFieldNames қасиеттерін бірге қолдануға болмайды. Олардың біреуне өзгерістерді еңгізгенде екіншісі автоматты түрде тазартылады.
Кесте индексін тек жобалау кезеңінде ғана емес, сондай-ақ бағдарламаның орындалу барысында да құруға болады. Ол үшін келесі тәсіл орындалады:
Procedure AddIndex(const Name, Fields:String; Options: TindexOptions: const DescFields:String =’ ’);
Жаңа индекстің атауы Name параметрінде көрсетіледі. Осы атауға нақты МҚБЖ-ның талаптары арналады. Индекс негізделетін өрістер Fields Name параметрінде нүктелі үтір арқылы атап көрсетіледі.
Индекс қасиеттері Options параметрімен анықталады. Оынң келесі типі болады:
Type TІndexOption=(ixPrimary, ixUnigue, ixDescending, ixCaseInsensitive, ixExpression, ixNonMaintained);
Options параметрінің маңызды мәндерін келесі кестеден көруге болады.