«Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллегент емес »



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата09.01.2017
өлшемі3,4 Mb.
#1525
1   2   3   4

«Жақсылық пен жамандық» 

Жақсы мен жаманды әр адам айыра білуі керек. Жақсы болу, жақсы іс 

жасау  үлкен  мақтаныш!Жақсы  іс  ол    әрқашан  да  адамды  өмірге 

үйретеді,ал  жаман  іс  ол  адамды  бұзады.  Жаманшылық  жасасаң  сен 

түрмеге  отырасың,өміріңді  бұзасын.  Жақсы  іске-қамқор  болу,ешкімді 

ренжітпеу,адал  болу  жатады.  Жаман  іске  –  ұрлық  жасау,ренжіту 

жатады. 

       Менің  жақсы  да,жаман  да  жақтарым  бар.Жақсы  істерім  отбасыма 

көмектесемін,сабақты  жақсы  оқимын,ал  жаман  қасиетім-жалқаумын. 

Бірақ,оны  түзетуге  тырысамын.Жақсы  болу,жаманнан  жирену-

адамның ең басты міндеті. Адам әрқашан жақсылық жасауы керек! 

 

«Ұстазым менің, ұстазым!» 

Менің  атым-Рамиля.  Мен  3  «ә»  сыныбында  оқимын. 

Қолыма  алғаш  әліппе  ұстатқан  –  Аубакирова  Ақмарал 

Имантахулқызы. Менің ұстазым - әдемі, еңбеққор, өз ісінің 

маманы.  Біз  түсінбей  қалғанда,  ұстазым  қайта  түсіндіріп, 

білімімізді толықтырады. Ұстаз – біздің екінші анамыз. Ол 

да  бізге  өз  білімін,  тәрбиесін  береді.  Мен  өз  ұстазымды 

қатты  жақсы  көремін  және  құрметтеймін.  Оның  бізге 

жасаған қамқорлығын ескеріп, үнемі оны түсініп, айтқанын 

орындауға 

тырысамыз. 

Сүйікті 

ұстазымызға 

зор 

денсаулық, бақытты өмір тілеймін. 



 

Менің ұстазым» 

Ұстаз  деген  күші  мол,қуатты,өте  ардақты,ақылды,абзал 

жан.Оны  бәрі  жақсы  біледі.Өзінің  бойындағы  білімін,нәрін 

бізге  төгіп,болашаққа  жетелейді.Ұстаз  білім  берумен  ғана 

емес,тәрбие жағына да өз үлесін қосады.Өйткені мен анамнан 

қандай тәрбие алсам,ұстазымнан да сондай тәрбие алам десем 

еш  қателеспеймін.Ол  бізге  мейіріммен  қарап,жақсы  –

жаманды  айыра  білуге  көп  көмегін  тигізіп  келеді.Сондықтан 

мен оны екінші анам деп есептеймін.Мен барлық ұстаздарды 

құрметтеп,оларға  бас  иіп,шексіз  алғысымды  білдіремін.Қазір 

6-сыныпта  оқимын.Сынып  жетекшімнің  аты-Ғазиз  Еңлік 

Ғазизқызы.Қазіргі  кезге  дейін  біздің  сынып  ең  үлгілі,тәртіп 

сақтайтын  сынып  ретінде  танылуда.Оның  бәрі  Еңлік 

мұғалімнің  арқасы.Ол  әрдайым  біз  үшін  уайымдап,жүгіріп 

жүреді.  Сондықтан  да  біз  мақтаулысыныптардың  қатарына 

жатамыз.Еңлік  мұғалім  бізге  әдебиет  пен  қазақ  тілі  пәнінен 

береді. 

Сабақты 


түсіндіргені 

барлығымызға 

да 

ұнайды.Сабақты  қызықты  етіп  өткізеді.Біз  түрлі  сайыстарға 



қатысып,мектептегі  концерттерге  де  қатысамыз.Алдынала 

мұғалімімізбен 

ақылдасып,жоспар 

құрамыз.Мен 

ұстаздарымның  үмітін  ақтап,  сенімін  жоғалтпаймын,  білімді 

де білікті маман болсам деймін.Әрине, қазірден бастап менің 

болашағым 

ұстазымның 

қолында. 

Мені 


оқытатын 

,тәрбиелейтін де ұстазым.Мен өз ұстазыма шексіз ризамын! 

 

Альдекенова Айнұр 



«Ә»


 сыныбының оқушысы 

 

 



«

«Ана тілім-ардағым» 

        Қазақтың әдеби тілі, басқа халықтардың әдеби тілі 

сияқты, мәдениеттілікке бастаушы қуатты құрал. «Ана тілді 

ардақтап, мәпелеп, тәрбиелеп өсіру керек. Ана тілімізге 

немқұрайлық танытып,  қалай болса солай қараушылық - 

барып тұрған мәдениетсіздіктің белгісі» деп айтқан Сәрсен 

Аманжоловтың сөзіне қосыламын. Себебі, менің ана тілім - 

ана сүтімен дарыған тіл. Ана тілін қадірлеп, құрметтеу 

керек.Менің ана тілімде айтқан ең алғашқы сөзім  - «Ана». 

Қазақтың әдеби  тілі жасалу жағынан да, қалыптасу 

жағынан да көп кезеңді басынан өткізді. Ана тілі – бүкіл 

қазақ халқының мұрасы. Сондықтан адамдар ана тілін 

ардақтаса, ана тілі арқылы адамдар бір-бірімен қатынас 

жасап, ойын жеткізіп, пікір алыса алады. «Тіл - әр ұлттың 

ең ұлы анасы» деген қаңиданы есте сақтағанымыз абзал. 

Жакенова Дария 

«Ә»


 сыныбының оқушысы

 

 



 

«Ер жігіт елі үшін туады» 

Балалар  анасынан  туғанда  «ер»  болып  туа  алмайды.  Ол  ата-

анасының  тәрбиесіне  қатысты.Егер  олар  оны  нақты 

тәрбиелеп,адамгершілікке  үйретсе,  сонда  ғана  «ер»  бала  бола 

алады.Ерлер  тек  қана  өзін  емес,  өзінің  отбасын,туыс-

туғандарын,өз 

халқын 

қорғайды. 



Мысалы:Бауырдан 

Момышұлы,Мәншүк 

Маметова 

өз 


елі 

үшін 


өмірін 

қиған.Өйткені,  оларда  туған  жеріне  деген  сүйіспеншілік 

бар.Басқаша 

айтсақ,Отанды 

қорғау 

әр 


азаматтың 

міндеті.Сондықтан  да  «Туады  ерлер  ел  үшін»  деп  бекер 

айтылмаған. 

Теміржанов Алдияр 6 «ә» сыныбының оқушысы

 


 

Мағзұмова Айгерім 

5«а» сыныбының оқушысы 

«Менің қолыма ғажайып сиқырлы таяқ түссе ... » 

Менің  қолыма  ғажайып  сыйқырлы  таяқ  түссе,  мен  алдымен  Отан  тыныштығын  қалар  едім.  Сол  сияқты  өзіме  жақын  туыс-

туғандарымның  денсаулығы  жақсы  болғанын,  кейбір  адамдардың  әлемдегі  жасаған  әділетсіздігінің  жақсылыққа  ауысқанына, 

көңілдерін кір шалмай, ақ болуына септігімді тигізіп, соған үлес қосып, көмек берер едім. Кедей адамдардың бай қуатты болғанын, 

жаман адамдардан жақсы адамға айналғанын қалар едім. Сонымен қатар Қазақстан елінің дамып, ауасының таза болғанын тілер едім. 

Балалар үйінде тұрған балалардың ата-аналары табылып, барлығы тату-тәтті өмір сүргенін, Ұлы Отан соғысында болған қарттарға 

ұзақ  өмір  мен  бақыт  сыйлап,  мүгедек  балалардың  денсаулығы  жақсарғанын  қалап,  таяғыммен  бір  сілтегенде  менің  тілектерім 

орындалса, мен әлемдегі ең бақытты  адам болар едім.  

 

Мажинова Эльмира 



«Ә»


 сыныбының оқушысы 

«Ана тілің – арың бұл» 

Тіл дегеніміз – адам ойын, пікірін жеткізетін басты құрал. Менің ана тілім – қазақ тілі. Ол – мен үшін өте қадірлі, құрметті.  

«Тіл  – әр ұлттың ең ұлы анасы» деп Мұқтар Шахановтың айтқан сөзіне қосыламын.  Әр адам баласының өз тілі  бар. Мен өз 

тілімді  сүйемін.  Күнделікті  сөйлеп  жүрген  тілім  –  қазақ  тілі  болғандықтан,  оны  басқа  тілмен  айтып,  тіл  қадірін  кетіріп 

шұбарламаймын. 

«Тіл  –  жүйріктен  де  озады»деп  те  бекер  айтылмаған.  Себебі,  тіліңді  қалай  жақсы  көрсең,  оны  жете  түсінсең  –  өзіңнің 

шешендігіңді және ақылдылығыңды, парасатты, дүниетанымың жоғары адам екеніңді көрсетесің. 

Өз тіліңде жақсы сөйлесең, басқа тілдерді де тез игеріп кетуге болады.  

 

Хамитов Ілияс 



«А»


 сыныбының оқушысы

 

«Ер жігіт елі үшін туады»



 

1941-1945  жылдапы  арасындағы  болған  Ұлы  Отан  соғысының  жауға  қарсы  шайқасып,  үпрақ  болашағын  фашизмнің  шыпмауынан 

қорғап  қалған  жауынгерлер  саны  жыл  сайын  азайып  бара  жатса  да,  олардың  қиындықты  жеңе  білген  өміп  жолы,  неміс 

басқыншыларының алпауыт соғыс машинасын тас-талқан еткен ерлігі, біз үшін мәңгі өнеге үлгі болмақ. 

Ұлы  Отан  соғысы  –  тек  Кеңес  халқы  үшін  ғана  емес,  бүкіл  азаматты  фашисттік  тепкіден  құтқарды.  Осы  соғыста  да  біздің  батыр 

бабаларымыз “ Қазақ ” деген халықтың қайсарлығын дәлелдеп берді. Оған аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы, Рейхстагқа 

тұңғыш жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаев,  Мәншүк пен Әлия есімді аға-апайларымыздың ерлігі дәлел.  

“Ер өлсе де, аты өлмейді” деп осы жөнінде айтылған.   

 

Манат Розагүл 



«А»


 сыныбының оқушысы 

«Белсенді оқушы»

 

         Менің ең жақын досым әрі сыныптағы қайырымды жандандардың бірі-Дильнара. Дильнара әрдайым үй жұмысын 



тиянақты орындап өзінің алғырлығын көрсетеді. Осы үшін мұғалімдер оны жақсы көреді. 

      Бір күні мен онымен бірге қоғамдық жұмысқа дайындалу үшін оның үйіне бардым. Бөлмесіне кірсем, бөлменің іші 

мұнтаздай тап-таза әрі әп-әдемі еді,осыған мен таңқалдым. Біз қоғамдық жұмысқа дайындалу үшін көп жұмыс істеп, тер 

төктік.  Міне,  мейрам  кездері  жақындай  бастады.  Жұмысымызды  қорғағаннан  кейін  «белсенді  оқушы»  деп 

атанып,мақтау қағазын алдық. Сол кезде менің кеудемде мақтаныш сезімі ұялады. Ал Дильнараның ата –анасы осыған 

қуанған еді. Сол үшін менің оған деген ризашылығым шексіз.  

 

Аманжолова Камила 



«А»


 сыныбынығ оқушысы

 

«Ана тілі -ардағым» 

Қазақ  тілі  –қазақ  халқының  ана  тілі.  Тілдің  ең  негізгі,  яғни  бірінші 

қызметі – адамдардың бір-бірімен сөйлесу, бір нәрсе жайында пікір алысу үшін 

қызмет етуі. Екінші қызметі – адамдардың қоршаған орта жөніндегі өз ойларын 

тіл арқылы жеткізуі. Үшінші қызметі – адам өзінің бір нәрсе туралы көзқарасын 

күйініші мен сүйінішін, жақсы көру, жек көру сезімдерін тіл арқылы білдіруі.  

Ана тілі – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. 

Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылса, сөйлеуде де сондай қиын күйге түсер 

еді.  


«Ана тілім – ардағым, 

Ғасырлар бойы қорғаным. 

Баз дүниеге паш ету, 

Көсегесін кеңейту. 

Ойымдағы арманым»,-  

деп қазақ халқы бекер айтпаған. Жазумен дүниенің бір шетінен екінші шетіндегі 

адаммен сөйлесе алады. Сондыұтан да сөйлей білу қандай керек болса,  жаза да 

білудің  керектігі  одан  да  артық.  Ана  тілімізді  құрметпен  қастерлеп  өтуі    керек  

деп ойлаймын. 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                            Карибаева Малика 

 

                       Ақылбекова Диляра 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аршабаева Айша, 6 

«Ә»

 

сынып оқушысы 

 

 

Аршабаева Айша, 6 

«Ә»

 сынып оқушысы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абылгазина Жанна, 6 

«Ә»

 сынып оқушысы 

 

 

 

 



 

«Шахмат ойындары - адамның  ойлау қабілетін 

жоғарылатып, ой-өрісін кеңейтеді. Сол себепті 

мен осы турнирге қатысып отырмын». 

         Павлодар қаласы, № 25 мектеп оқушысы 

Жаңатұрмысов С. 

«Сайыс маған өте ұнады. Барлық командалар 

өздерінің деңгейін жоғары көрсетуде». 

Павлодар қаласы, № 19 мектеп оқушысы  Хасенов Д. 

 

 

 



 

 

«



Мектебімізде облыстық шахмат турнирі өтті» 

 

29 қазанда мектебімізде «Тәуелсіздіктің 20 

жылдығы» қарсаңына орай облыстық деңгейдегі 

шахмат  турнирі  өткізілді.  Сайысқа  барлығы 

Павлодар  және  Ақсу  қаласы  мен  ауылдық 

аймақтан 9 команда қатысты.  

Павлодар  қаласынан  №  35,  №25,  №  19 

және  қаламыздағы  №  1,  №  2,  №  4,  №  8  мектеп 

оқушыларымен  ауылдық  елді  мекеннен  «Үштерек  орта 

мектебінің»  оқушылары  және  біздің  мектептің  сайып 

қырандары бақ сынасты.  

Шахмат  турнирінің  ашылу  салтанаты  гимназия 

директоры  -  Сламбекова  Рымкеш  Хамитқызының  құттықтау  сөзі  мен 

Аймақтық дене тірбиесінің әдіскері  – Матаев Серік ағамыздың келген 

сайыскерлерге сәттілік тілеген сөзімен ашылды. 

Турнир  қорытындысыбойынша  №  19  мектеп  оқушылары 

жеңіске  жетіп,  I  орынды  қанжығасына  байлады.  Ал  мектебіміздің 

атынан  қатысқан  сайыскерлеріміз  де  жеңісті  қолдан  жібермей  II 

орынды, ал III орынды № 8 мектептің оқушылары жеңіп алды.  

Гимназиямыздың  атын  қорғап  шыққан  10-сынып  оқушылары 

Мұхитов  Қасымхан  –  I  орынды,  Катенбаев  Арсен  II  орынды  қанағат 

тұтса,  келесі  қыздар  арасындағы  тартысты  ойында  7-сынып  оқушысы 

Қабылбекова Айым III орынға ие болды. Мектеп оқушыларын жүлделі 

жетістіктерімен құттықтаймыз! 

Лайықов Бауыржан 

9-сынып  



«Денсаулық фестивалі -2011» 

 

Өткен  айда  мектебімізде  10  қыркүйек  денсаулық  күніне  орай  «Денсаулықфестивалі  -2011»  атты  мерекелік  іс-



шара өткізілді. Әр сынып жетекшілері – «Денсаулық – зор байлық» тақырыптарында арнайы сынып сағаттарын өткізді. 

Бұл  шара  тек  біздің  мектеп  деңгейінде,    ғана  аталып  қоймай,  сонымен  қатар  қалалық  деңгейдегі  іс-шаралармен 

байланыстырыла өткізілді.  

Мектеп  оқушылары  5-7-сынып  оқушылары    қыздар 

арасындағы  пионербол  және  осы  жастағы  ұлдар  арасындағы 

мини-футбол  мен  дойбы,    нысанаға  оқ  ату,  ал  мұғалімдер  мен 

жоғары сынып оқушылары арасындағы волейбол ойындарымен 

жалғасын  тапты.  Сондай-ақ,қалған  оқушылар  қалалық 

деңгейдегі  скейт,  веложарыс  сияқты  спорттық  сайыстарға 

қатысып  қайтты.  Бұндағы  сайыстардан  9-сынып  оқушысы 

Ғабдуллин  Б  мен  8-сынып  оқушысы  Жұмағұл  Ә,  5 

«а» 


сыныбынанГомарова М   I орындарды жеңіп алды.  

Жалпы  бұл  фестиваль  аясындағы  барлық  іс-шараларға 

мектеп  оқушылары  мен  мұғалімдер  белсенді  түрде  қатысып  

«Шынықсаң,  шымыр  боласың»  ұстанымы  -  салауатты  өмір 

салтын  қалыптастырудың  негізі  екеніне  тағы  бір  мәрте    куә 

болды. 

Жансагимов Азамат 



9-сынып оқушысы 

 

 



 

«Жарыс жоғарғы деңгейде өтуде. Балалардың 

дайындығы ерекше екені айқын көрініп тұр, осындай 

дарынды оқушылар еліміздің туын тек биіктен 

желбірете берсін!».  

Аймақтық дене тәрбиесінің әдіскері – Матаев Серік 

 

 


 

 

 

 

Сөзжұмбақ 

Құрметті,  гимназия  оқушылары  -  сіздердің  назарларыңызға  «Балауса» 

редакциясының  арнайы дайындаған сөзжұмбақ ұсынылып  отыр.  «Ойнайық та, 

ойлайық!»    айдарында  беріліп  отырған    сөзжұмбақтың  жауабын  алғашқы 

шешкен  үш    оқушы  редакциямыздың  арнайы  жүлделі  сыйлығына  ие  болады. 

Сондықтан гимназия оқушылары барлығыңызды осы бәйге жарысына белесене 

қатысуға шақырамыз. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СҰРАҚТАР 

1) Қиялға толы сан қилы оқиға, әңгіме түрі? 

2) А.Байтұрсұновтың «балықшы мен балық»туындысын кімнен аударды? 

3) Соғыс туындысының авторы? 

4) Сәбит Мұқановтың өмір мектебі романының үзіндісін ата? 

5) Ақкістанның  балапаны қалай аталады? 

6) Қазақстандағы дөңгелек көл? 

7) Тұмау сөзін орыс тіліне аудар? 

8) 1999 жылы Азиада қайда өтті? 

Рамазанов Дархан  

9-сынып оқушысы 

 

 

 

 



 

 

 



Г 

 

 



 

 

 



И 

 

М 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Н 



 

 

 



 

А 

 



 

 

 



З 

 

 



 

 

 



 

И 

 



 

 

 



 

 

Я 



Ойлан, тап! 

 

Қанатты сөздер 

 

   Маған  жақсы  мұғалім  бәрінен  де  қымбат,  өйткені 

мұғалім – мектептің жүрегі. 

Ыбырай Алтынсарин 

  Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан болады. 



Абай Құнанбаев 

  Мұғалімнің  ұдайы  жақсы  оқитын  балаларға  ғана 

сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес. 

Мұхтар Әуезов 

   Оқушы  жастардың  ең  сенімді  ұстазы,  сыр  жасырмай 

ашық айтатын адамы – мұғалім. 

Ғабит Мүсірепов 

   Мұғалім  өзінің  білімділігімен,  жүріс–тұрысымен, 

жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де 

оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді. 



Мәлік Ғабдуллин 

Данышпан да, дана да оқып сенен, 

Атақ-даңқын асырды бар әлемнен. 

«Ұстаз» деген аяулы, асыл жанды, 

Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең! 

Мәриям Хәкімжанова 

Ұстаз болу – жүректің батырлығы, 

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, 

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, 

Азбайтұғын адамның алтындығы. 

Ғафу Қайырбеков 

   Ұстаз  деген  ұлағатты  атауды  естігенді,  күні  бүгінге 

дейін өзімді шәкірттей сезінемін. 

Серке Қожамқұлов 

 

Ой өрнектері 

 

Өмір адамды тойғызған емес, 

Құмарлығын өзіне қойғызған емес. 

*** 


Уақыт-шалғы,адам-шөп, 

Бәріміз оған куәміз, 

Өмірдің заңы осылай:өлу үшін туғанбыз. 

*** 


Өмір біркелкі болмайды, 

Толқын бір жерде тұрмайды. 

*** 

 

Табиғат пен адам,айтатыным саған, 



балам, 

Үйрене бер солардан,болам десең-маман. 

*** 

Адам өмірі жаратылыс 



толқыныда қысқа екен. 

Жерден ұшып,құлап түскен құсқа тең. 

*** 

Табиғаттың бұл сырын кім біледі? 



Таң атарда,таң қараңғысы түседі. 

*** 


Табиғат өз ортаң ғой таң қалдырған, 

Дұрыс қой үлес қосып,із қалдырсаң. 

*** 

Әсемдікті жасауда ақылға сүйен, 



Шеберлікті табиғаттың өзінен үйрен. 

*** 


Ай мен Күнге,Күн мен Түнге, 

Өзгеріс жасайтын күш жоқ бізде. 

*** 

Қорқыт атам түс көрген, 



Түсінен кейін жол жүрген. 

*** 


Ашық аспан,таза ауа, 

Таңнан жұтсаң,сол дауа. 



Оралбек Қожанов. 

 

 



1. Аққу баласы-көгілдір 

2.Жылқы баласы-құлын 

3.Ешкі баласы-лақ 

4.Шошқа баласы-торай 

5.Құндыз баласы-құнай 

6.Марал баласықодыға 

7.Қой баласы-қозы 

8.Қасқыр баласы-бөлтірік 

9.Түлкі баласы-мыршай 

10.Сиыр баласы-бұзау 

11.Ит баласы-күшік 

12.Құс баласы-балапан 

13.Бүркіт баласы-түлек 

14.Аю баласы-қонжық 

15.Тауық баласы-шөже 

16.Киік баласы-құралай 

17.Есек баласы-қодық 

18.Түйе баласы-бота 

19.Қоян баласы-көжек 

20.Бұғы баласы-бұғышық 

21. Әңгі-есек 

22. Жолбарыс баласы - шөнжі 



 

 

Бес өсиет 

1.

 



 Топасқа сенбе 

2.

 



 Жауға иілме 

3.

 



 Әрқашан сақ жүр 

4.

 



 Аш үйге қонба 

5.

 



 Жарлыдан сый алма 

 

Алты асқар 

1.

 



 Ақыл 

2.

 



 Білім 

3.

 



 Жомарттық 

4.

 



 Әділдік 

5.

 



 Шыншылдыұ 

6.

 



 Кеңпейіл 

 

Үш ғажайып 

1.

 



Ажал ғайып 

2.

 



Қонақ ғайып 

3.

 



Несібе ғайып 

 

 

Үш қасиет 

1.

 



 Өліде - арқақ 

2.

 



 Майда – кие 

3.

 



Аста – кепиет 

 

 

Төрт кітап 

1.

 



 Тәурат – Мұсаның кітабы 

2.

 



 Зәбүр – Дәуіттің кітабы 

3.

 



 Інжіл – Исаның кітабы 

4.

 



 Құран – Мұхамедтің кітабы 

 

 

 

Төрт тұлға 

1.

 



От 

2.

 



Су 

3.

 



Жел 

4.

 



Жер 

Бес жаратылыс 

1.

 



Күн 

2.

 



Ай 

3.

 



Жұлдыз 

4.

 



Күндіз 

5.

 



Түн

 

Үш арыс 

1.

 

Сәкен Сейфуллин 



2.

 

Бейімбет Майлин 



3.

 

Ілияс Жансүгіров 



Үш биік 

1.

 



Билік 

2.

 



Дәулет 

3.

 



Даналық 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Соқыр теке 

«Соқыр  текенің»  тікелей  аудармасы  соқыр  ішек  дегенді 

білдіреді. Соқыр теке ойыны мынадай. Балалар жиналып, бәрі 

жерге  аяқтарын  созып,  қатарласып  отырады,  оның  үстіне 

әрбір  бала  өзінің  аяғын  ысқылай  бастайды,  сөйтіп,  бәрі  де 

дауыспен: «уқала, уқала»,  яғни, «ысқылаңдар, ысқылаңдар!» 

деп  қайталай  береді.  Содан  соң,  бәрі  аяқтарымен  ұшып 

түрегеледі,  ұшып  түрегелгенде  кімнің  тізе  тамырлары 

сықырласа,  соның  көзін  байлайды  да,қалған  балалар 

шашырай  әр  жаққа  қашады.  Көзі  танылған  бала  жүгіріп 

жүргендерді қуып, ұстап алуға тырысады; мұның сәті түскен 

кезде,  ол  ұстап  алған  баланың  атын  атауға  міндетті,  егер 

тапса, ұсталған бала «соқыр текеге» айналады; ол баланың да 

көзін  байлайды;  ол  да  алғашқы  баланың  істегенін  қайталап 

шығады. 

Түйе-Түйе 

Түйе-түйе - бұл түйе болып ойнайтын ойын. Бұл ойын былай 

болады.  Балалар  екі  топқа  бөлінеді,  оның  үстіне,  бөлінген 

кезде  балалардың  шағын  тобы  бір  жағында  қалады.  Осы  

соңғы  топ  басшысы  аналық  болатын  түйелерді  бейнелейді. 

Белгіленген  сәтте  бірінші  топтың  балалары  бірін-бірі  қуалай 

жүгіріп, түйелерді бейнелеп тұрған үшінші топты бұзады да, 

бір  баланы  ұстап  алып:        -  «ботаны,  яғни,  түйенің  баласын 

ұстап алдық»,- деп қайталай береді. Осылайша жүгіру аналық 

түйеде тек бір бота қалғанша қайталана береді.  

Осындан  соң  балаларынан  айырылған  ене  түйе  қайғыға 

батып,  көз  жасын  көлдете  Жаратқанға  жалбарынып,  намаз 

оқиды.  Осы  кезді  пайдаланып,  балақайлар  шешесінің  соңғы 

ботасын да ұрлап кетеді. Намаз аяқталған соң, аналық түйе өз 

ботасының  жоқ  екенін  байқаған  соң,  боздап,  шеңберді 

айналып, жүгіре бастайды, ол жерде екінші топ оны да ұстап 

алады. 

Бұдан  соң  бүкіл  балалар  бір  шоғыр  болып  қосылады.  Осы 



кезде  оларға  ойынға  қатысушылардың  бірі  –  қолына  қу 

шыбықтар  ұстаған  бала  келіп,  ойнаушының  әрқайсысының 

қасынан  өте  бере,  оған  не  керек  екенін  сұрайды.  Әрбір  бала 

сұрақ қоюшыға өз талабын айтады. Біреу мылтық, енді біреу 

шапан,  тағы  біреуі  таяқ,  тағы  біреуі  –  етік,  -  бір  сөзбен 

айтқанда,  әркім  ойына  не  келсе,  соны  сұрайды,  Сөйтіп,  әлгі 

бала  әркімнің  талабын  қанағаттандырып,  әрқайсысына  қу 

шыбықтан  беріп:  «Міне,  саған  былтық,  міне  саған  шапан, 

етік»,-  дегендей  және  басқаларын  айтып,  қайталай  береді. 

Осымен түйе болып ойнау аяқталады. 



Көк сиыр 

«Көк  сиыр»,  яғни  сұр  сиыр  болып  ойнау  былайша  болады: 

балалар  жиналып  қатарласып  отырады.  Осы  кезде  сұр 

сиырды бейнелеуші бала оларға келіп: 

-Мен бұзауымды жоғалтып алдым,- дейді. 

-Оны  ит  жеп  қойған,  аулақ  кет!  Өйткені,  сендер,  сиырлар 

сүзесіңдер,- деп жауап береді балалар. 

-Ал  сендердің  түйелерің  тапыраңдаған,  аттарың  тебеген 

келеді... 

-Ағайындар, айтыңдаршы, мынау өзеннен қалай өтемін?- деп 

сұрайды сиыр. 

-Қарғып өт!- деп кеңес береді балалар. 

-Қиялдағы өзеннен қарғып өткен сиыр балаларға келеді. 

-Мені  киіндіретін  қызым  жоқ,  менің  тері  қалта  тігіп  алатын 

бізім жоқ, маған анаусын да, мынаусын да бер,- деп сұрайды 

сиыр. 

Балалар  бұзаудың  қайда  екенін  білгенмен,  бірақ  сиырға 



ундемейді. 

Сиыр  осылай  өз  бұзауын  таба  алмай,  кете  береді.  Оның 

соңынан  балалар:  «міне,  сенің  азықтарың»,-  деп,  бөріктері 

мен шапандарын беріп, бұзауды жібереді.Бұзау үйге келгенде 

сиыр:  «мен  іздеген  кезде  сен  қайда  болдың?»-деп  бұзауды 

өзінен қуып жібереді. 

Бұзау ойнап жатқан балаларға келеді, оның соңынан сұр сиыр 

болып  жүрген  бала  шауып  келіп,  барлық  балалардың 

бастарын тырнай бастайды. Ойын осымен аяқталады. 

 

 

 

 

«Тәуелсіз елдің –ақиық қырандары» тақырыбындамектепішілікең үздік 

шығармалар мен төл туындылар (өлең жазу) байқауын жариялайды. 

 

Назар салыңыздар, жүлделі сыйлықтардан қапы қалмаңыздар! 



(Байқауға жіберілетін туындылар желтоқсан айының 1-не дейін редакциямызда қабалданады.  

Байқау шарттары бойынша барлық сұрақтар әдебиет бөлімі жетекшілеріне жіберілсін.) 

 

Құрметті оқушылар – «Балауса» радио-ақпараттық, орталығының мүшелері - өздерінің айшықты 



белгісі болып саналатын  

эмблема үлгісіне 

конкурс 

жариялайды. 

 

 

 


 

 

 



 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

БАС  РЕДАКТОР – Рахимжанова Рахила 

Бас редактордың орынбасары – Рамазанов Дархан  

Редакция алқасы: 

Бөлім меңгерушісі – Садуов Еламан 

Жауапты хатшы – Шаймерденова Әсия, Ибраева Сая 

Дизайнер /фотограф/ - Арынов Диас 



Тілшілер тобы:  

Қоғамдық-әлеуметтік жаңалықтар бөлімі – Ахмекенова Қымбат 

Мәдениет бөлімі – Айтпекова Дана 

Әдебиет бөлімі – Сатпекова Әлемгүл 

Спорт бөлімі – Әміров Асыл 

Біздің мекен-жайымыз: Әуезов көшесі, 58., тел/факс: 5-06-25, 6-42-94. Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған    мамандандырылған  



гимназиясы 

                                                     E-mail: aksu–gimnazia   @ yandex. ru 

Мектеп баспасөзі  және радио-ақпараттық орталығының жетекшісі – Ғазиз Еңлік Ғазизқызы 

Құрылтайшысы: Гимназия әкімшілігі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет