«Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллегент емес »


========================================================================================



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата09.01.2017
өлшемі3,4 Mb.
#1525
1   2   3   4

======================================================================================== 

«Ұлылардың ұлағаты» 

Ұлағатты  адамдардың сөзін ғана емес, кейінгі ұрпақтарға  қалдырған  ісін тану зор мәртебе. Қазақта халқы үшін тер 

төгіп, еңбек еткен азаматтар аз емес. Солардың бірі де, бірігейі – Мәшhүр Жүсіп  Көпеев.  

       М.  Ж.  Көпеевтің  қазақ  әдебиетіне  ғана  емес,  күллі  қазақ    жұртына  ислам  дінінің  жаңа  сатысы  –  адам  болмысын 

тану, адами құндылықтарды дәріптеу сияқты дара қасиеттерді дарытқаны барша қазақ қауымына аян. Ендеше осындай 

тұлғалық  ерекшелігі анық, салған сара жолы айқын тұлғаның басына барып тағзым ету  құптарлық іс. Менде өзімнің 

сыныптастарыммен,  ұстаздарыммен  бірге  әулие    Мәшhүр  атамыздың  басына  барып  қайттым.  Экскурсовод  апай  жол 

бойы  бізге    Мәшhүр  атаның  өмірі,  балалық  шағы  жайлы  көптеген  мәлімет  айтып,  фотосуреттерді  көрсетті.  Біздің 

бірінші аялдамамыз бұрын  Мәшhүр  Жүсіп  Көпейұлы тұрған үйінің орны болды. Қазір бұл жерде қасиетті бұлақ бар 

екен. Сол жерден бәріміз су іштік. Содан кейін Мәшhүр  Жүсіп  Көпейұлының кесенесіне келдік. Кесененің ішінде екі 

бөлме  бар.  Екінші  бөлмеде  біз  құран  бағыштадық.  Кесененің  жанында  көптеген  зираттар  бар  екен.  Бұл  зираттарда  

Мәшhүр  Жүсіп  Көпейұлының балалары, келіндері, немерелері жатыр. Сол жерде киіз үйде түскі ас іштік. Содан кейін 

жолға  шығып  Ақжол  ауылына  келдік.  Ақжол  ауылында    Мәшhүр    Жүсіп  атындағы    мешіт  пен  мұражайға  бардық. 

Мұражайда  Мәшhүр атамыз туралы өзіме көп мағлұмат алдым. Қайтар жолда оқушылар мен мұғалімдер өлең айтып, 

қуанышты көңіл – күймен үйге қайттық. Маған осы сапар қатты ұнады.                          

Амангелді Әсия 

10-сынып оқушысы 


 

 

 

 

 



 

 

 



Оқушылардың тәрбиеленетін білім ордаларының киелі орны әрине, мектеп. Бірақ оған нәр беріп, сән беретін  – 

мұғалім  және  оның  жылдар  бойғы  қиындығы  мен  қуанышқа  толы  жемісті  еңбегі.  Ұстаз  –  мектептің  жүрегі, 

оқушыларын рухтандыратын тірегі. Бұл - сөзіміз асып айтқан асылық емес. Оған дәлел - мектебімізде биылғы 11-сынып 

оқушыларының арнайы  ұстаздар қауымына  дайындаған  «Ұстаз  –  мектептің жүрегі» атты әдеби-музыкалық  кеші. Бұл 

кеш бұрынғыдан өзгерек, берер тәлімі де, алар асуы да  ерекше иілтипатқа бөленген «арнайы сый» болды. 

Алтын  ұямызда  ұстаздар  күні  мерекесінің  тойлануы  жылдан  жылға  қызығырақ,  көңілдірек  болып  келе  жатыр. 

Осы жылы да атаулы мерекеміз барша гимназия ұстаздары мен оқушыларын шаттандырып, қуанта білді. Бұл мерекені 

ұйымдастыру ісі 11-сынып оқушыларына жүктелді. Олар әрине, мерекенің жоғары деңгейде өтуі үшін тырысып бақты. 

Енді бұл есте қалар күннің барысына келер болсақ, мектеп алдында жиналған оқушылар мен сыңғырлаған домбыраның 

үні  мереке  иелерінің  жүзіне  қуаныш  ұялатты.  Ардақты  ұстаздарымызға  алғыс  ретінде  сыйлықтар  ұсынылды.  Мектеп 

директорының  қызметін  бұл  күні  Бакасов  Алмас,  ал  оқу  ісінің 

меңгеруші  –  Шаймерден  Мөлдір,  инспектор  қызметін  –  Муканов  Дияр 

атқарды.  Ал  «12-сынып»  оқушыларына  Есенгулова  Айгерім, 

Жасуланова  Жұлдыз,  Ағыбай  Даулен,  Байболат  Кәкім,  Жолдасова 

Жанар  және  Байболатов  Алижан  төрт  сабақтық  кестеде  білім  нәрімен 

сусындатты.  Сабақ  барысында  қызықты  ойындар,  жарыстар  мен 

мағыналы  шағын  кинороликтер  қолданылды.  Алайда,  қалған 

«мұғалімдеріміз» бей-жай отырмай, оқушыларға пәндер бойынша сабақ 

берді.  Балалардың  бұл  сабақтардан  алған  әсерелері  мәңгі  есте  қалады 

деген 


ойдамыз. 

Мереке 


соңы 

қызықты концертке 

ұласты.  Концертте  өнерпаздар  өз  өнерлерін  ортаға  салып,  би 

билеп, ән салды.   Ал мектебіміздің көңілді жастары –  «For kings» 

командасы көрермендерді әзілдерімен қарқ етті. 

      Мектептің  жүрегі  –  ұcтаздар  күніне  арналған  бұл  айтулы 

мереке  мәңгі  есте  қалады  деген  ойдамыз.    Құрметті  ұстаздар 

сіздерді  «Ұстаздар  мерекесімен»  шын  жүректен  құттықтаймыз. 

Алдағы  жылдары  жұмыстарыңызға  табыс  пен  шығармашылық 

жетістіктер тілейміз! 

Шәймерден Мөлдір 

11-сынып  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



«Дүниеде екі ұлы кәсіп бар,  

біріншісі – ұстаздық, екіншісі - дәрігерлік»  

Асқар Жұмаділдаев 

 

 



Мерекелік көңілді сәттер!  

 


 

 

 

 

 

 

 

«Ұстазым менің – ұстазым» 



Мінекей, араға жылдар салып, уақыт шіркін зымырап өтуде. Алайда, жемісті нәтижелі еңбек қашан да өз құнын жоғалтпайды. Мейлі, 

сан жылдар, ғасырлар өтсін «Менің еңбегім, өз бағасын алады, мен оған сенімдімін!»деген азаматтық позицияны ұстанған ұстаздар 

қауымының бір тобы өз еңбек өтілінде айтулы, айшықты күндерін атап өтті. Енді сол мұғалімдерді құттықтауға кезек берейік. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 



«Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға ...»  

Абай Құнанбайұлы 

 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 

 

Сламбекова Рымкеш Хамитқызы 



еңбек өтілінің айшықты белгісі – үлгілі 

шәкірттерімен қатар  берекесі мен мерекесі 

жарасқан ордасын басқарып отырғанына 

«40 жыл» толды. 

 

Ибраева Бақыт Шаймарданқызы 



еңбек өтілінің айшықты белгісі – білімді 

озық ойлы шәкірттер тірбиелеп, олардың алды 

шетелден білім алып, беделді қызметтер атқаруда 

Еңбек өтіліне «35 жыл» толып отыр.

 

Аманжолова Сәуле Ғалиқызы 



еңбек өтілінің айшықты белгісі – мектеп 

оқушыларына алғашқы жазу мен сызуды 

үйретіп, 

болашаққа дұрыс бағыт-бағдар беруімен 

ерекше. 

Еңбек өтіліне «30 жыл» толып отыр. 

 

Алькеева Зәуреш Бүкірқызы 



Еңбек өтілінің айшықты белгісі – оқушыларына  

математика пәнінен сабақ беріп, заманауи ең тиімді  

мамандықтарға жол ашады. 

Еңбек өтіліне «30 жыл» толып отыр.   

 

Давлятчина Сәлима Васильевна 



еңбек өтілінің айшықты белгісі – мектеп 

оқушыларына 

математика ғылымының қыры мен сырын 

меңгертіп, 

техникалық білім алуын әрі қарай шыңдайды. 

       Еңбек өтіліне «30 жыл» толып отыр.   

 

Оразғалиев Руслан Тоқанұлы



 

еңбек өтілінің айшықты белгісі – ел тарихы 

мен қазақ қоғамындағы қайраткелердің 

үлгілі қызметтерін насихаттайды. 

Еңбек өтіліне «20 жыл» толып отыр. 

 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Шаймарданова Назигүл Түсіпқызы 

еңбек өтілінің айшықты белгісі – мектеп 

оқушыларына рух беріп, адамгершілік құнды 

қасиеттер 

мен адам жанының нәзік иірімін сезінуге бағыт 

береді. 


Еңбек өтіліне «15 жыл» толып отыр. 

 

Атик Бибігүл Васильевна 



еңбек өтілінің айшықты белгісі – физика 

ғылымының тылсым сырын ашып, болашақ 

астрологтар мен инжинер-техниктерді 

дайындайды. 

Еңбек өтіліне «10 жыл» толып отыр. 

 

Баядилова Әсем Қанатқызы 



еңбек өтілінің айшықты белгісі – информатика 

пәні арқылы оқушыларға «компьютер тілін» 

меңгертуімен айрықша. 

Еңбек өтіліне «10 жыл» толып отыр. 

 

Зупар Жәнібек 



еңбек өтілінің айшықты белгісі – «Шынықсаң, 

шымыр 


боласың!» ұранын өскелең ұрпақ бойына дарытады. 

Еңбек өтіліне «5 жыл» толып отыр. 

 

Дембельбаев Нұржан Арыстанбекұлы 



еңбек өтілінің айшықты белгісі – «Салауатты 

өмір салтын ұстансаң, денің сау болады!» 

ұранын дене шынықтыру пәнінде үйретеді. 

Еңбек өтіліне «5 жыл» толып отыр.

 

Нұрғалиева Салтанат Еркінқызы 



еңбек өтілінің айшықты белгісі – 

«Әлемнің 

сырын білгің келсе, ағылшын тілін 

меңгер, 


ұтылмайсың!» позициясын жақтайды. 

Еңбек өтіліне «5 жыл» толып отыр. 

 

Құрметті ұстазадар! 

Сәздерді «Ұстаздар күнімен» шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы өмірде 

қуаныш пеш шаттыққа толы сергек көңіл, отбасыларыңызға 

бақыт пен татулық, дастархандарыңызға береке мен мереке тілейміз! 

Жұмыстарыңызда - озық ойлы шәкірттер мен шығармашылық шабыт 

тілейміз! 

 

Ізгі тілекпен: 

 Мектеп оқушылары мен «Балауса» баспасөз және радио-ақпарат  

орталығының мүшелері. 

 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



«Қариялы ел – қазыналы ел» 

 

6  қазан  күні  біздің  шаңырағымыз  гимназияда  «Қариялы  ел  –  қазыналы  ел»  атты  қарттар  күніне  арналған 



қайырымдылық  кеш  өткізілді.  Кештің  мақсаты  -  қаламыздағы  қарттарға  бір  күндік  болса  да,  қуанышты 

көңіл-күй  мен  әсем  ән  сыйлап,  олардың  біздің  қоғамдағы  орнының  маңызды  екенін  дәлелдеу  болды.  Біз 

сыйлаған көңілді кеште қарттар өздерінің жастық шақтарында салған әндері мен жырларын еске алып, риза 

болып қайтты.  Жүздеріндегі  қуанышты  олар  өздерінің жүрек жарды лебіздерімен  сабақтастырып, шынайы 

көңілмен тарқады.  

Ұйымдастырылған қайырымдылық кешке Ақсу қалалық орталық емханасының өкілі келіп, қарттарды бүгінгі 

айтулы  мерекемен  құттықтады.  Сонымен  қатар  Ақсу  қалалық  білім  бөлімінен  Роза  Ақболатқызы  мен 

Әлеуметтік  қамсыздандыру  орталығының  бас  маманы  -      Майра  Қасқырбайқызы  да  сөз  алып,  қарттарға 

өзінің  жылы  лебіздерін  білдірді.Мектеп  ұжымы  атаулы  кештің  себепкерлері  болған  қарттарға  шағын 

сыйлықтарды табыс етті.  

«Қарттар  күніне»  орай  біздің  мектептің  ұжымы  қаламызда  жыл  сайын  өткізілетін  қайырымдылық 

марафонына да қатысты.   

Ибраева Сая 

9-сынып 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мен қарапайым қарттарды сүйемін, 

Не деген керім еді! 

Не біледі осы жұрт, не біледі?! 

Бабалардың баласы – кәриялар 

Сиреп бара жатқандай көрінеді ... » 

Мұқағали Мақатев

 

 



Концерттік бағдарлама барысындағы сәттер

 


«Жасөспірімдер арасында өткізілген облыстық олимиадада 8-сынып оқушысы Қабылда Әлібек III орынды иеленді» 

7  қазанда  біздің  гимназиямыздан  бірнеше  оқушылар  Павлодар  облысында  алгебра  және  геометрия 

пәндері бойынша интеллектуалдық олимпиядаға қатысып қайтты.  

        Солардың  ішінде  8-сынып  оқушысы  Қабылда  Әлібек  III  орынды  иеленіп,  қуанышты  жаңалықпен  осы  жаңа  оқу  жылына  сәтті  қадам 

жасады. Енді осы олимпиада жүлдегері Қабылда Әлібекпен жүргізген сұхбатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз:  

-  Қайырлы  күн,  Әлібек!  Сені  жаңа  оқу  жылындағы  табысыңмен  шын  жүректен  құттықтаймыз!  Әлібек,  осы  олимпиадаға  қалай 



қатысып, нені үйреніп қайттың? 

-  Сәлеметсіз  бе!  Рахмет,    мен  осы  олимпиадаға  қатысу  барысында  әр  істе  тиянақты  болып,  әрі  өзіме  сеніп  тапсырылған  жұмысты  дұрыс 

орындау қажеттілігін түсіндім.  



- Ал, енді осындай жетістікке жету үшін кім көмектесті. Сол жайында айтып кетсең? 

 - Осы жетістікке әрине, менің ұстазым әрі сынып жетекшім – Алькеева Зәуреш  Букуровна ықпал етіп, маған математика әлемінің қыр-сырын 

түсінуге, оны өз тәжирбемде тиімді пайдаланып, осындай олжаға кенелуіме көмектесті. Сол үшін сүйікті ұстазыма көп рахмет айтамын. 



-Әлібек,  сенің  осы  пәнді  таңдауыңа  тек  мұғалімнің  көмегі    ғана  емес,  сонымен  қатар  өзіңді  қызықтырған  басқа  да  себептер  бар 

шығар? 

- Жалпы алгебра мен геометрия пәндері мені 5-сыныптан қызықтыра бастады. Сол қызығушылықтың арқасында осы пәннің қыр-сырын терең 

мегеруді  алғы  шарт  деп  таптым.  Сондай-ақ,  осы  8-сыныпта  Зәуреш  Букуровна  менің  таңдаған  пәнімнің  аясында  обылыстық  деңгейдегі 

жасөспірімдер арасында өткізілетін олимпиядаларға қатысуға шақырды. Бұл ұсыныс мені қатты  қызықтырып, мен еш қарсылықсыз келістім. 



- Әлібек, алдағы өмір жолыңды, өз болашағыңды математика ғылымымен ұштастырасыңба?   

 - Иә, мен болашақта осы мамандық аясымен тікелей байланысты қаржыгер болғым келеді. 

 - Жақсы, осы мақсатыңа жетуіне тілектеспіз. Біздің оқырмандарымызға өз тілегіңді арнасаң екен? 

-  «Балаусаның» оқырмандарына тілейтінім оқуларына белсене қатысып, алдыңғы жаңа оқу жылында мен сияқты жақсы жетістіктерге жетіп, 

олимпиядаларда жүлделі орындар алуын шын жүректен тілеймін! 

  -  Әлібек саған біздің де тілейтініміз биік шыңдардан көрініп, алға қойған мақсаттарына жете бер деген ізгі тілек білдіреміз!  

Ахмекенова Қымбат 

9-сынып 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Біздің оқушылар да ағылшын тілінен өткізілетін «Flex» олимпиадасына қатысып қайтты 

20 қыркүйек күні біздің гимназия оқушылары Павлодар облысында өткізілген «Flex» олимпиадасына қатысып қайтты. Бұл  – 

олимпиада ағылшын тілінен  оқушылардың білім деңгейін тексеріп, олардың бұл тілді меңгеруге деген құлшынысын арттыра түспек. 

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген ұстанымды серік еткен оқушыларымыз өз ана тілдерінің мәртебесін көтере отырып, 

қазіргі заман талабына сай өзге де тілді меңгеруді мақсат етіп отыр. Бұл  – жалпы жеке тұлғаның интеллектуалдық деңгейін әлемдік 

аренада шыңдай түсері күмәнсіз. Тіпті, кезінде ұлы ғұлама Әл-Фараби де  әлемнің жеті тілін меңгеріп, күллі әлемге өзінің танымдық 

ерекшелігімен әйгілі болды. Міне, осындай ғұламалар ұстанған мақсатты біз де өзімізге серік етеміз. 

Жалпы облыстық олимпиадаға аймағымыздың түкпір-түкпірінен өз білімін  сынауға көптеген оқушылар келді.  Жобаның басты 

мақсаты – ағылшын тілін терең меңгерген оқушыларға АҚШ-нда 1 жыл көлемінде оқуға мүмкіндік береді.  Сайыстың Қазақстандағы 

директоры – G. Tim. Ал аймағымыздағы ұйымдастырушы өкілдері – Валентин мен ЛаКриста деген азаматтар. «Flex» сайысы III турдан 

тұрады.  I туры 15 минуттық тесттен құрылса, II тур «Reading writing»  деп аталып, оған 3 сағат уақыт беріледі. Олимпиаданың келесі 

сатысы яғни, III турына өткен оқушылар арнайы Астана қаласына шақыртылады.  

Сайыстың нәтижесі сол күні 3 сағаттан кейінтолық  тексеріліп шығады. Сондықтан бұл сәтте әр аймақтың түкпір-түкпірінен 

келген  оқушылардың  қобалжуы  орынды.  Бірақ  сайыстың  аты  –сайыс,  жеңбек  бар  да  жеңілу  де  болары  анық.  Сонымен  қорытынды 

нәтиже бойынша біздің гимназия атынан қатысқан оқушылардың ішінен топ жарып алға шыққандар -  Сыздықов Адай, Михайленко 

Юлия, Ахметова Зәмира мен Амангелді Асия болды. Сайыстың келесі сатысына қатысқан оқушыларға сәттілік тілейміз!  

 

Өміржан Ақберен 



9-сынып  

 

 

 



 

«Айсара, жүлдемен оралды ...» 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жуырда  біздің  мектептегі  7

  «а»

  сыныбының  оқушысы  Ибрайкина  Айсара  Павлодар  қаласында  өткізілген  ғылыми-практикалық 



сайысқа қатысып жүлделі орынмен оралды. «Туған өлкені тану ғылымға жетелейтін жол» атты облысымыздағы әрісі әлем таныған 

жоғарғы  оқу  орындардың  бірі    -  «ИнЕУ-дің  20  жылдығына»  орай  жас  ғалымдарға  арнайы  ұйымдастырылып  отырған  ғылыми-

практикалық конференцияда I орынды жеңіп алды. Енді конференцияға қатысып қайтқан жүлдегеріміз ‒ Ибрайкина Айсараға сөз 

беріп, сайыстан  кейінгі әсерлерімен бөлісейік. 



‒Қайырлы  күн,  Айсара!  Сені  жаңа  оқу  жылындағы  алғашқы  жетістігіңмен  құттықтаймыз!  Айсара,  осы  ғылыми-

практикалық конференцияға қалай қатыстың, нені үйреніп қайттың? 

Сәлеметсіз  бе!  Рахмет,    мен  осы  конференцияға  қатысып  келгеніме  қуаныштымын.  Себебі,  менің  мақсатым  –  ата-анам  берген 

тәлім-тәрбиені ақтап, келешекте ұстаздарым берген біліммен әрі қарай  шыңдалу. Осыны басты нысанаға алып, сайысқа қатысуға 

бел байладым. Сонымен қатар осы ғылыми-практикалық конференцияға қатысуымның тағы бір сыры  – өздеріңіз білетіндей мен 

былтырдан  бері    5-7-сынып  оқушыларына  арналған  арналған    «Зерде»  ғылыми  жобалар  сайысына  қатысу  үшін  дайындалып 

жүрмін. Бұл конференцияға қатысу маған зор мүмкіншіліктер ұсына алады.  

‒Айсара, бұл аты затына сай жас ғалымдарды қолдауға арналған ғылыми-практикалық конференция ғой, ендеше бұған 

қатысан кімдер және олар қай жерлерден келді, сол жөнінде айта кетсең?  

‒Иә,  бұл  -  конференция,  сондықтан  бұған    ғылымға  бейім  балалар  қатыса  алады.  Атап  айтсам,  5-11-сынып  оқушылары  мен  екі 

студен қатысты. Барлығы – 32 қатысушы болды. Оқушылар аймағымыздың әр түрлі жерінен келді.  

‒Бұл конференциядағы бағытың қандай, жалпы  қай секцияға қатыстың? Таңдаған таырыбың қалай аталады? 

Мен лингвотодика секциясына қатыстым. Тақырыбым – «Линго культурный концепт – «путешествие-саяхат-тrеdl»  в англиской, 

казахской и в русской языковой картине мира» деп аталады. 



‒Рахмет,  Айсара  ,  жалпы  біз  сені  үлгілі  әрі  білімді  оқушылардың  бірі  деп  санаймыз.    Ал  сенің  осындай  жетістіктерге 

жетуіңе кім ықпал етуде? 

Сауалыңызға  рахмет,  әрине,  менің  осындай  жетістікке  жетуіме  ата-анамның  тікелей  себепші  болуы  орынды,  дегенмен  де  осы 

аталмыш  конференцияға  қатысуыма  өзімнің  сүйікті  ұстаздарымның  бірі,  әрі  ғылыми  жетекшім  –  Сабиғанова  Сания  Акашқызы 

ықпал етіп, бағыт-бағдар беріп, үлкен көмек көрсетті. Ұстазыма шексіз алғысымды білдіремін.  

‒ Айсара, өзіңмен білім додасында сынға түскен қатысушылар көп екен. Ал бұл - сайыс, сайыста жеңілісте, жеңуде қатар 

жүреді ғой, сендердің тырнақ алды еңбектеріңді кімдер бағалады? Әділ қазылар құрамы туралы да айта кетсең? 

‒ Иә, сайыста менімен бақ сынасқан оқушылар көп болды. Конференция барысы әр түрлі пәндерді құрайды, сондықтан да оқ бойы 

алға шығу қиындау болғаны анық.  Бірақ, ғылыми конференциядағы Ғайша Ертайызы басқарған қазылар алғасының тобы әр түрлі 

саладағы профессорлық құраммен қамтылғандықтан, әділ әрі ашық түрде өтті. Жарыс барысында I орынға бір оқушы, ал II орынға 

екі оқушы және де III орынға екі оқушы ие болды. 



‒Айсара,  оқушылар  үшін  ғылыми-практикалық  конференцияға  қатысу  оңай  жұмыс  емес,  сайыста  толқу  да  қобалжу  да 

болады, дегенмен де сайысқа қатысу сен үшін қандай тосын сыйымен есте қалды? 

Бұл  жарыс  маған  көп  әсер  қалдырып,  қызықты  сәттерімен  ерекше    есте  қалды.  Әсіресе,  қазылар  алқасының  оқушыларға  орын 

беріп  жатқан  кезі  ...  Өз  есімімді  күтіп,  қатты  қобалжыдым.  Үмітім  ақталып,  алға  озып  шықтым.  Ал  бұл  сайыстағы  тосын  сый  - 

менің алғашқы еңбегім арнайы Инеу-дің  жеке кітап қорына еніп, баспа бетінде жарық көреді.  

‒ Рахмет, Айсара. Еңбегіңнің жарыққа шығып, оқырмандар қауымының назарына ілігуі тамаша жетістік.  Сағаналдағы 

оқу  жылында  шексіз  табыс  пен  өмірлік  сәттіліктер  тілейміз.  Бізді  және  ата-анаңды  осындай  жетістіктеріңмен  қуанта 

беруіңе шын жүректен тілектеспіз!  

 

Сұхбаттасқан  Ғазиз Еңлік Ғазизқызы 



қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет