Бұл мақала жапон мен қазақ тілдері арасындағы сөйлесу әдебіндегі, соның ішінде екі тілдегі кешірім сұрау мәселелеріне арналған



бет4/4
Дата04.03.2023
өлшемі80,5 Kb.
#71467
1   2   3   4
Без коленных чашечек – изгибающиеся,
Без штанов голозадые,
С лицами, черными как клей.
С черными курчавыми волосами,
С косами, пять завитыми,
Бесстыдные, насмешливые,
С vulva-ми, как земная трещина,
С грудьями, как холмики,
Задницами влияющие,
Грудьями болтающие,
Девять черных дочерей Эрлика...
Налицо резкое противопоставление дочерей как праздных и любвеобильных бездельниц и сыновей Эрлика, защищающих людей наземных аулов от злых существ и потому почитаемых ими в качестве родовых покровителей [9, 203-204-бб].
Үркер қай аңызда болса да Жетіқарақшының қарсыласы болып табылады, бұл жерде ұрланған «үркерлік» қыз Үлпілдектің болу-болмауы негізгі емес, ол қыз тек мифологиялық антагонизмді түсіндіруге керекті салдар ғана. Ал «Үркер» деген сөздің мағынасына үңілу осы қарама-қарсылық жағдайында актуалды болып шығады. «Үркер шерік» сөзін «Үркер әскер» деп оқуға болады, яғни сөздің қандай да бір әскерге қатыстылығына сеніміміз арта түседі.Сөздің екі варианты да ежелгі мәнге ие, «үрк» - «үрей» - «өлген адамның жаны, аруағы, рухы», бұл осы күнгі «аруақ» сөзінің ежелгі түбірлес синонимі (аруақ – аруқ – арұқ – арқ және үрк), бүгінгі қазақ тілінде «қорқынышты» мәнге ие болған (үрейленді, үрейі ұшты, маңғыстаулық қазақтарда бұл сөз «аруақ» сөзінің орнына қолданылған, мысалы, «ата-бабаның аруағы» - «ата-бабаның үрейі»). Сонда «үр-кер», «өлген ата – баба әскері» деген мағына берсе, қазіргі мағынасы – «үрейлі, қорқынышты өліктер жасағы» болып шығады.
Сөз соңындағы «-ер» компонентін дей-түркілік көптік жалғау, бүгінгі түркі тілдеріндегі «- лер» (-лар, т.б) жалғауының бастапқы нұсқасы деп қабылдар болсақ, онда «үркер» сөзін «үркітер, рухтар», «үлкер» сөзін «үліктер, өліктер» деп оқыр едік, яғни алдынғы тұспалдық нұсқада айтылған тұжырым іс-жүзінде өзгермей қалады,- деп зерттеуші С.Қондыбай өзінің еңбегінде пайымдаған [2,394-б].
Бізге қазақ аңызынан белгілісі – екі қарулы жауынгерлер тобы – аспандық әскер бар, олар бір-бірімен жау, осы жауластықтың себепкері – қыз – Үлпілдек, осы есім бүгінгі қазақтың осы мәнге ие сөзі де болар (үлпілдек – пухлый, пышный, пушистый), бірақ осы жаңа мағына белгісіз ежелгі атауға сырттай ұқсас болғасын қойылуы да әбден мүмкін [2, 396-б].
Үркерлердің қазіргі мамыр (бұрынғы – көкек, наурыз айларындағы) жерге қонуын, егер біз Үркерлерді «өліктердің рухы» деп түсінер болсақ, өлген ата-баба рухтарының жер бетіне түсуі, ұрпақтарымен көрісуі деп қабылдауға, сондықтан көктемгі ата-баба рухтарына құрбандық беру шараларын осындай «ата-баба рухтарын қонаққа шақырып, ас беру ісі» деп түсіндіруге болады [2,398-б].


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. Сөздік-Словарь- 2005.

  2. Қондыбай С. Арғықазақ мифологиясы. Алматы - 2004.

  3. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Адам мен жұлдыздар арақатынасы. Қазақ тарихы. – А,1995.

  4. Әбішев Х. Аспан сыры.– А, 1966.

  5. Шыншыл мен суайт (Е 3-300).–Алматы.

  6. Орынбеков М. Предфилософия протоказахов.–Алматы, 1994.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет