Жаңа ақпарат
Будақ бұлт – түтіліп, үйіліп жатқан жүнге немесе мақтаға ұқсайды. Жеке будақтар сұрғылт түсті келеді. Олар түнеріп, жаңбыр бұлтына айналады. Одан нөсер жаңбыр жауады.
Шарбы бұлт – өте үлкен биіктікте ұсақ су тамшылары қатып, мұзға айналуынан пайда болады. Ақ түсті, нәзік шілтерге ұқсайды. Шарбы бұлттан жауын-шашын жаумайды.
Қабат бұлт – тұманға ұқсас бірсыдырғы сұрғылт қабат құрайды. Қабат бұлт аспанды түгел торлап алады да, одан ұзаққа созылған ақ жауын жауады.
Ауа мен судың қандай қасиеттерін білесің?
– Ауа мен судың қандай ұқсас қасиеттері бар? Балалар өз бақылағандарын әңгімелеп береді. Оқулықпен жұмыс. Автор туралы.
Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин – қазақтың көрнекті жазушысы. 1894 жылы қазіргі Қостанай облысының Таран ауданында туған. Бір жасқа толмай жатып әкесінен, алты жасында шешесінен айырылған. Жетімдік зардабын шегіп, байларғажалданады.
Алғаш ауыл молдасынан оқып, сауат ашқан. 1-жаттығу. «Жау, жау, жаңбыр!» өлеңінің мазмұны бойынша жүргізілетін жұмыстар:
Мұғалім оқушылардың назарын өзіне аударады.
Өлеңді мәнерлепоқиды.
Мәнерлеп оқуға қойылатын талаптарды еске түсіртеді.
Жеке оқушыларғаоқытады.
Мазмұнына байланысты сұрақтарқояды.
Бұлт аспанда бірден пайда болама?
Жаңбыр жауарда ауа райы қалайөзгереді?
Жаңбырдың қандай пайдасыбар?
|
Ауа мен судың қасиеттерін айтады.
Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқиды. Қойылған сұрақтарға толық жауап береді.
|
.
ҚБ. «Отшашу» арқылы бір-бірін бағалау.
ҚБ.«Екі
жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау.
ҚБ. «Отшашу» арқылы бір-бірін бағалау.
|