Нейрогимнастикалық жаттығулар жасайды. Екі қолмен ауаға өздері ұнатқан нәрсенің суретін салады. Дөңгелек пішінді заттардан бастайды. Өз саусақтарына назар аударады.
жаттығу. Берілген сызба нені білдіретінін сұрайды. Бірінші сызба неше сөзден тұратынын сұрайды. Сөйлемнің қандай әріптен басталып, сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылғанына назар аудартады. Сызба бойынша бірнеше балаға сөйлемқұратады.
Шығармашылық жұмыс. Шығатын не? Бататын ше? деген сұрақтар қояды. Осы сұрақтың барлығына бір ғана жауап беруге болатынын оқушыларға аңғартады. Сәйкес сөзді көп нүктенің орнына жазғызады.
Тәжірибе жұмысы
– Бұлт қайдан пайда болатынын білесіңдер ме? Ол үшін тәжірибе алаңына өтейік. Ыстық су құйылған ыдыстың бетін қақпағымен жабайық. Біраздан кейін қақпақ бетінде су тамшылары пайда болады. Тамшылар қайдан келді? Бұны қалай түсінуге болады?
(Балалардың жауабын тыңдау. Толықтыру.) Су бетінен көтерілген бу ауаға араласып, күн қызуымен буға айналады. Одан бұлттар пайда
болады. Бұлттар қайтадан жаңбыр күйінде жерге түседі.
|
Көркем жазу
Мұхит, теңіз сөздерін көркем жазады.
жаттығу. Жаттығуды дәптерлеріне жазады. Тақтаменсалыстырады.
жаттығу. Сызба бойынша бірнеше бала сөйлемқұрайды.
Сәйкес сөзді көп нүктенің орнына жазады.
Тәжірибе жасауға қатысады.
|
|