11.5.3.4 - маркетингтік жарнама құру (инфографика, бейне)
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
Инфографика дегеннің не екенін біледі;
Көптеген оқушылар:
Маркетинг жарнаманы (инфографика, бейне) қалай жасау керектігін сипаттай алады;
Кейбір оқушылар:
Инфографика жасайды.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт
Педагогтың әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар дәптерлерді өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.
ҚБ: жұлдыз / 2 балл/
1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
4.Дәптерлерін өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.
5.Бағалайды.
Жұлдыз
2 балл
Жұмыс дәптері
Сабақтың ортасы
Ұсынылған материалды «ИНСЕРТ» әдісімен оқыңдар, меңгерген материал бойынша екі
нақтылаушы сұрақ қойыңдар. Топтағы көршілеріңе сұрақ қойыңдар.
Дескрипторлар:
1. Белгі қойып оқу
2. Екі сұрақ қою
3. Берілген сұраққа жауап беру (кері байланыс).
Тақырыпты талқылауына кіріскен кезде «Жеңіл» және «күрделі» сұрақтар әдісін қолданамыз.
Стартап пен жарнамаға байланысты екі «жеңіл» және бір «күрделі» сұрақ құрастырыңдар. Содан
кейін олар сұрақтарды қолданып, бір-бірінен сұрайды.
Білу және түсіну
1. Контент-маркетинг деген не? Стартаптың алға жылжуында ол қандай рөл атқарады?
2. Неге инфографика стартапты жарнамалауға арналған жақсы құрал саналады?
3. Инфографиканың қандай түрлерін білесің?
Қолдану
Ұсынылған ресурстардың бірін пайдаланып, «Стартапты алға жылжыту» инфографика
сценарийін жаса.
Жұптық жұмыс.
№1 тапсырма: Сипаттама бойынша инфографиканың түрін анықта: әртүрлі типтегі
әртүрлі ақпараттан жиналған инфографика, мысалы мәтін, кесте, сурет, бірақ ортақ
тақырып біріктірілген.
Дұрыс жауап: __________________________
Жоғарғы деңгейдегі дағдыларын дамыту
1. Инфографикаға қандай талаптар қоя аласың? Сол талаптарды негізде.
2. Деңгейлік тапсырмаларды орында.
А деңгейі. Интернет желісінен инфографиканың әр түріне мысал тап.
В деңгейі. Инфографика жасауға мүмкіндік беретін ресурстарды тауып,
оларды функционал, мүмкіндіктер, төлемнің болуы тұрғысынан сипатта.
С деңгейі. Инфографиканың бірнеше мысалын тап, инфографика
түрін анықта және оны дизайнға қойылатын талаптар тұрғысынан
бағала.
Топтық жұмыс
Топта дайын инфографика нұсқасын талдаңдар және осы инфографиканы қалай жақсартуға
болатындығына ұсыныстарыңды айтыңдар