11.3.4.5 - Blockchain технологиясының мақсаты мен жұмыс қағидасын түсіндіру
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
Blockchain дегеннің не екенін біледі;
Көптеген оқушылар:
Blockchain технологияларының мақсаты мен жұмыс істеу қағидаларын түсіндіре алады.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт
Педагогтың әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар дәптерлерді өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.
ҚБ: жұлдыз / 2 балл/
1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
4.Дәптерлерін өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.
5.Бағалайды.
Жұлдыз
2 балл
Жұмыс дәптері
Сабақтың ортасы
Сабақ мақсаттарымен таныстыру:
Blockchain дегеннің не екенін;
Blockchain технологияларының мақсаты мен жұмыс істеу қағидаларын;
Blockchain технологиялары қолданылатын негізгі салаларды;
Blockchain технологияларының даму болашағын білетін боласыңдар.
Оқулықпен жұмыс
Оқушылар кітаппен жұмыс істейді. «Білдім» деген екінші бағанды толтырады.
Толтырылған бағанды талқылайды, түсініксіз сәттерді нақтылайды.
Мұғалім тарапынан бағалау: ауызша мақтау, ынталандыру.
Жеке жұмыс.
№1 тапсырма: Blockchain анықтамаларын белгіле.
Деректерді беру әдісі.
Таратылған мәліметтер базасы.
Ақпаратты қорғау тәсілі.
Мәліметтерді сақтау тәсілі.
Хэш функцияларын қолдана отырып мәліметтерді түрлендіру тәсілі.
Деректерді сақтау технологиясы, оның негізгі құрамдас бөліктері – тең құқылы желілер,
консенсус механизмі және блокчейннің өзі.
Программалық қамтамасыз ету арқылы желідегі түйіндермен келісілетін ережелер жиынтығы.
№2 - Тапсырма: Ондық формада ұсынылған хат үшін екілік кодтағы «2-модуль бойынша қосу» хэш-
функциясының нәтижесін есепте: 70 73 76 69.
Шешуі:
Он алтылық жүйеге ауыстырамыз: 46 49 4С 45
2-модуль бойынша биттерді әр бағанға орналастырамыз (НЕМЕСЕ болмайды)
0100 0110
0100 1001
0100 1100
0100 0101
0000 0110
Дұрыс жауап: __________________
Білу және түсіну
1. Блокчейн деген не?
2. Блокчейннің негізгі ұғымдарын сипаттаңдар.
3. Биткоиннің негізін қалаған кім?
4. Блокчейннің көмегімен деректерді беру процесін сипатта.
Қолдану
Блокчейн – бұл бірегей жұмыс ұстанымы бар, деректерді және осы деректерді өңдеу туралы ақпаратты
сақтау технологиясы.
Деңгейлік тапсырмалар:
A деңгейі. Келесі хабарлама үшін оналтылық формада берілген «2 модулі бойынша қосу» хеш-
функциясының нәтижесін есепте: 2B 14 A9 5F E4.
В деңгейі. Келесі хабарлама үшін оналтылық формада берілген «2 модулі бойынша қосу» хеш-
функциясының нәтижесін есепте:
• 0A3 69 2C
• 82 0F B5
• 0DA 14 90
• 32 01 BF
• 9E A6 23
• 10 ВE 57
С деңгейі. Келесі Bloc хабарламасы үшін «2 модулі бойынша қосу» хеш-функциясының нәтижесін
есепте.