Бұл тұқымға Е. соІі жатады



бет1/8
Дата08.04.2023
өлшемі35,68 Kb.
#80681
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сальмонелла


Эшерихиялар

Бұл тұқымға Е.соІі жатады.


Сонымен қатар биологиялық қасиеттері әртүрлі басқа да ішек таяқшалары болады.
Ішек таяқшасын 1888 жылы адам нәжісінен Эшерих анықтаған және соның есімімен аталған.
Е.соІі мекендейтін жері - ішек.
Ішек таяқшасы - адамның қалыпты микрофлорасы.
Тіршілік барысында Е.соІі ас қорытуға қабілетті ферменттер өндіреді, кейбір витаминдерді синтездейді (витамин В). Сонымен қатар патогенді микроорганизмдерге, яғни дизентерия, іш сүзегі, токсикоинфекция қоздырғыштарына қарсы әсер етеді. Тоқ ішекте ішек таяқшасының болмауы дисбактериоз ауруын қоздырады, яғни ішектің қалыпты мекендеушілерінің қүрамы өзгереді, протейлер, коккалар, саңырауқұлактар пайда болады.
Организмнің қорғаныс түрактылығы өзгерген кезде эшерихиялар басқа органдарға еніп, ауыр патологиялық процесстер тудырады. Сондықтан оларды шартты - патогенді микроорганизмдер деп есептеуге болады - қалыпты жағдайда олар сапрофиттер, ал өзгергенде ауру қоздырады.
Ішек таяқшалары нәжістермен сыртқы ортаға бөлінеді. Ішек таяқшаларының суда, топырақта басқа да объектілерде табылуы олардың нәжістермен ластанғанын, ал олардан ішек таяқшасының коли - титр, коли - индексінің анықталуы олардың санитарлық жағдайын көрсетеді.
Морфология. Ішек таяқшасы қысқа, шамамен 0,5 - 3,0*0,5 - 0,8 мкм таяқшалар. Грам теріс. Көбінесе қозғалмалы перитрихтар. Ішек таяқшаларының кейбір вариантары қозғалмайды, көптеген штаммалары капсула түзеді. Спора болмайды.
Культивирлеу. Ішек таяқшасы - факультативті анаэроб. Жәй қоректік орталарда 37 градус температурада рН 7,2 - 7,8 жақсы өседі. Адамның және жануарлардың ішінінен алынған штаммалар 43 - 45 градус температурада өседі, ал салқынқандылардың ішек таяқшалары бұндай көбеймейді. Ішек таяқшаларының бұндай айырмашылығы объектілердің санитарлық жағдайын анықтағанда маңызды, себебі адамдар мен жануарлардың ішек таяқшаларының анықталуы санитарлық жағдайдың нашар екенін көрсетеді.
Ет - пептонды агарда ішек таяқшасы шеті тегіс лайлы, томпақ, ылғалды колония құрады. Ет - пентонды сорпада тегіс лайланған колония. Капсуласы бар өсімдер шырышты колония түрінде өседі.
Эшерихияларды ажырату үшін дифференциалды -диагностикалық орталар қолданылады: эндо және эозинметилен көгімен олар (ЭМК) ішек таяқшасы Эндо ортасында металдай жалтыр кызыл түсті колония құрады, ал ЭМКагарда қара - күлгін колония.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет