Бұл тұқымға Е. соІі жатады



бет5/8
Дата08.04.2023
өлшемі35,68 Kb.
#80681
1   2   3   4   5   6   7   8
Сальмонеллалар

Бұл энтеробактериялар туыстығына адамдар мен жануарларда ауру қоздыратын 2000 астам бактериялар жатады. Бұл ауруларды сальмонеллездар деп атайды. Сальмонеллалар морфологиялық, культуралдық, ферментативтік қасиеттері бойынша ұқсас, ал антигендік құрылымы бойынша өзгеше.


Сальмонеллалар 2 - ге бөлінеді:
1. монопатогенді
2. полипатогенді
Монопатогендіге іш сүзегі, паратиф А жэне паратиф В жатады. Бул аурулармен адамдар ғана ауырады.
Полипатогендіге адамдар мен жануарлар ауруларының қоздырғыштары жатады.
S.typhi алғашқы рет 1880 жылы Эберт іш сүзегінен өлген адамның мүшесінен анықтаған. 1886 жылы Ашар мен Баксад іш сүзегіне ұқсас аурудың іріңі мен зәрінен биохимиялық және серологиялық қасиеті өзгеше бактериялар анықтаған. Оларды S.paratyphi А және S.paratyphi В деп атаған. 1885 жылы ағылшын ғалымы Д.Сальмон шошқа тырысқағының қоздырғышын анықтады. Одан кейін көптеген ұқсас бактериялар анықталып, Сальмонелла туыстығына біріктіріп, сол ғалымның атымен аталған.
Морфология. Барлық сальмонеллалар ұсақ 1,0 - 3,0*0,6 - 0,8 мкм таяқшалар. Грам теріс. Қозғалмалы, перитрихтар. Спора және капсула түзбейді.
Культивирлеу. Сальмонелла - факультативті анаэробтар. Қоректік ортаға талғампаз емес. ЕПА жэне ЕПС 37 градус температурада (20 - 40 - қа дейін) және рН 7,2 - 7,4 (5,0 - 8,0 дейін) жақсы өседі. ЕПА - да нәзік, жартылай мөлдір, томпақ, жалтыр колониялар, ал ЕПС - де бірыңғай лайланған колониялар құрады.
Аурудан бірінші алынған материалдан (қан, зәр, құсық) өсім жәй болады. Оны көбейту үшін қоректік органы құнарландырады: селенитті сорпа, Мюллер ортасы, Кауфман ортасымен.
Сонымен қатар элективті орта да қолданылады: от (10 - 20 %), Рапопорт ортасы. Дифференциалды - диагностикалық Эндо, Плоскирев орталарында, түссіз колония түрінде өседі (себебі лактозаны ыдыратпайды). Висмут - сульфит агарда 48 сағаттан кейін қара түсті колония құрады.
Жаңа дайындалған S.paratyphi В культурасын термостатта 18-20 сағат инкубациялағаннан кейін және 1 - 2 тәулік бөлме температурасында ұстағаннан кейін колонияның шетінде шырышты белдік пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет