Жануарлар қабылдаушылығы. Эшерихиялардың кейбір серотоптары кейбір жануарларға патогенді, оларда ішек ауруларын қоздырады. Тәжірибелік жануарлардан Е.соІі - ге кроликтер, ақ тышқандар, теңіз свинкалары сезімтал.
Культураны енгізу түріне байланысты әртурлі аурулар қоздырады: тері астына енгізгенде - қабыну және абсцесс; тамыр арқылы енгізгенде - перитонит және сепсис.
Инфекция көзі.Ауру адам. Бактерия организмге сыртқы ортадан (экзогенді инфекция) сонымен қатар «іштен» (эндогенді инфекция) енеді.
Таралу жолдары. Инфекцияның экзогенді түрі тұрмыстық -жанасу арқылы таралары. Қоздырғыштар лас қолдар, ыдыстар, төсектер, ойыншықтар, тамақтар, шыбындар арқылы беріледі.
Патогенез. Эшерихиялардың қоздыратын ауруларын эшерихиоздар деп атайды.
Эшерихиоздардың дамуы қоздырғыштың ену түріне және серотобына байланысты. Ауыз арқылы енгенде ішек аурулары пайда болады. Адамдарда ауруды көбінесе О - тобының қоздырғыштары тудырады.
Бұл бактерияларды энтеропатогенді ішек таяқшалары (ЭПІТ) деп атайды. ЭПІТ - ның бірнеше тобы бар:
1 - топ - жас сәбилерде колиэнтерит қоздырғыштары (серотиптар 0111; 026; 055; 086 т.б.)
2 - топ - дизентерияға ұқсас аурулар қоздырғыштары (025; 0124; 0143; 0144 т.б.)
3 - топ - холераға ұқсас аурулар қоздырғыштары (01; 05; 06; 078 т.б.)
Ішек таяқшалары азық - түліктерге түсіп, көбееді. Токсикоинфекция ауруын қоздырады.
Эндогенді инфекция әртүрлі органдарды зақымдайды: өттің қабынуы (холецистит), қуықтың қабынуы (цистит), қанға жұғу (сепсис).
Иммунитет. Осы ауруды қоздырған серовариантқа ғана болады) шерихиялардың әртүрлі варианттары болуы иммунитетті тұрақты болдырмайды.
Алдын - алу шаралары. Санитарлы - гигиеналық режимді, жеке гигиенаны сақтау.
Арнайы алдын - алу шаралары жоқ.
Емі. Антибиотиктер: ампициллин, тетрациклин, т.б. Колипротеинді фаг жақсы нәтиже береді.
Микробиологиялық зерттеу.
Зерттеу максаты: ЭПІТ табу және ажырату. Зерттеу материалы: 1. Нәжіс, 2. Құсық.