Қоршаған орта факторына төзімділігі. Сальмонеллалар тұрақты. 100 градус температурада бірден өледі, ал 60 - 70 градус температурада 10 - 15 минуттан кейін өледі. Олар салқын температурада, таза суда, мүзда бірнеше ай сақталады. Кептірілген және тұздалған етте - 2 айға дейін сақталады. Кептіруге шыдамды, шаңда көпке дейін сақталады
Таралу жолдары: Ауру қоздырғышы адам ағзасына сальмонеллез жұқтырылған және дұрыс термикалық өңделмеген тамақ өнімдерін пайдаланған кезде түседі (ет, сүт өнімдері, жұмыртқа).
Ауру белгiлерi: Жасырын кезеңі -жұқтыру кезеңінен аурудың клиникалық белгілерінің пайда болуына дейінгі мерзім 2-6 сағаттан 2-3 күнге дейін құрайды.
Ауру негізінде жіті басталады, бастапқы кезеңде улану (интоксикация) : әлсіздік, бас ауруы , дене қызуының 39 градусқа дейін және одан да жоғары көтерілуінен, қалтыраудан, бас және бұлшық ет ауруынан басталады. Кейіннен жүрек айнып, лоқсу, құсу, бірнеше рет нәжісінің сұйықтанып, патологиялық қосындалармен бірге жасыл түсті болуын байқауға болады. Бұл аталған белгілер пайда болған жағдайда міндетті түрде дәрігерге қарану керек!
Науқастардың жалпы жағдайы ем алғанан кейін 4-5 тәулікте жақсарады, дене қызуы қалпына келіп, асқа тәбеті пайда болады. Үлкен дәреті қалыпқа келе бастайды.
Емі: - асқазанды жуу, тазарту клизмасы, емдәм №4.