БүлдірШін жастаҒы балалардЫҢ физикалЫқ ЖәНе ПсихикалЫқ- әлеуметтік дамуЫ (0-5 Жас) (Оқу-әдістемелік құрал) астана, 2014



Pdf көрінісі
бет9/51
Дата16.06.2022
өлшемі13,03 Mb.
#36959
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51
Оқу-әдістемелік құрал
10
2 ЖастаН асқаН БалалардЫҢ деНе салмаҒЫН ӨлШеу
Ересектерге арналған таразы пайдаланылуы мүмкін. 
2 жастан асқан балаларды өлшеу алгоритмі мен 
техникасы
1. Бала шешінуге тиіс. Неғұрлым үлкендерінің ішкі киіммен 
тұруына болады.
2. Балалар өлшеп жатқан кезде қозғалмауға тиіс. 
3. Өлшеп жатқан кезде бала таразы алаңының ортасында тұруға 
тиіс. 
есте сақтаңыз! 
Балаларды киіммен өлшеуге болмайды — бұл баланың 
салмағын дұрыс көрсетпейді.
0-ден 2 жасқа дейінгі балалардың денесінің ұзындығын өлшеу 
Нәрестелердің және 2 жасқа толмаған балалардың ұзындығы 
(бойы емес) жатқан қалпында өлшенеді. Бойдың ұзындығы жыл-
жымалы аяғы бар бой өлшеуіштің көмегімен өлшенеді.
0-ден 2 жасқа дейінгі балалардың денесінің ұзындығын өлшеу алгоритмі 
мен техникасы
1. Аяқ киімді, ұйықты, бас киімді шешу қажет. 
2. Нәресте немесе сәби қатты, тегіс жерге арқасымен 
жатқызылады (жұмсақ жерге жатқызу нақты нәтиже бермейді).
3. Басын қатты, белгіленген, тік жерге тірейді. 
4. Басы, арқасы, жамбасы, аяқтары мен өкшелері өлшеу үстелінің 
бетіне тиіп жатуы тиіс. Баланың табанын жеңіл ғана тітіркендіру 
арқылы аяғын тіктейді (Бабинский с.).
5. Табандарын тік қалыпқа келтіреді (90.) және шәкілдің аяқ 
бөлігіне тірейді (қатты, тік, жылжытуға болатын жұқа тақтайша). 
Бұдан кейін баланың басы мен өкшесінің арасы өлшенеді. 


11
БҮлдірШіН ЖастаҒЫ БалалардЫҢ ФИЗИкалЫқ ЖәНе ПсИХИкалЫқ-әлеуметтік дамуЫ 
2 жастан асқан балалардың бойын өлшеу
2 жастан асқан балалардың бойы (ұзындығы емес) қайырмалы отырғышы немесе жылжыма-
лы антропометрі бар тік бой өлшеуіштің көмегімен өлшенеді. Бой өлшеуіштің тік тақтасына 2 
шәкіл салынған, біреуі – тұрған қалпындағы бойын өлшеуге, екіншісі – тұрқының ұзындығын 
(отырғандағы бойын) өлшеуге арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет