БүлдірШін жастаҒы балалардЫҢ физикалЫқ ЖәНе ПсихикалЫқ- әлеуметтік дамуЫ (0-5 Жас) (Оқу-әдістемелік құрал) астана, 2014



Pdf көрінісі
бет7/51
Дата16.06.2022
өлшемі13,03 Mb.
#36959
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51
БҮлдірШіН ЖастаҒЫ 
БалалардЫҢ даму 
мОНИтОрИНГі
Баланың дамуын бағалау оның емдеуге болатын проблемаларын ерте анықтауға мүмкіндік 
бере отырып, физикалық дамуын, ақыл-ой және әлеуметтік дамуын бағалайтын неғұрлым 
маңызды аспектілердің бірі болып табылады. «Физикалық даму» түсінігімен антропометриялық 
көрсеткіштер туралы түсінікті байланыстыру дұрыс деп саналады, ол баланың өсуі мен 
дамуының, тұтастай алғанда, оның денсаулығының жай-күйін бағалауда психомоторлық даму 
көрсеткіштерімен бірге пайдаланылатын негізгі көрсеткіштер болып табылады. 
Көрсеткіштердің бір ғана жалғыз өлшемі баланың осы белгілі бір уақыттағы жай-күйін көрсетеді. 
Баланың дамуын бағалау және оған мониторинг жүргізу үшін белгілі бір уақыт аралығында мы-
наларды:

денесінің салмағы мен оның салмақ қосу жылдамдығын;

бойының өсуін және өсу жылдамдығын; 

бас шеңбері және бас шеңберінің өсу жылдамдығын 

психомоторлық және ақыл-ой дамуын өлшеу қажет. 
1-кесте – Балалардың физикалық және психологиялық-әлеуметтік дамуын 
өлшеу жиілігі және мерзімдері 
Жиілігі
Мерзімдері
бірінші өлшеу
туған кезде
екінші өлшеу
1 ай
1 жасқа дейін
ай сайын
1 жастан 2 жасқа дейін
әрбір 3 ай сайын
2 жастан 3 жасқа дейін
әрбір 6 ай сайын
кейінгі жылдары
жыл сайын
Емшек сүтінің жеткілікті екенін анықтау қажет болған, сондай-ақ баланың дамуында 
ауытқушылықтар болған жағдайда баланың салмағын неғұрлым жиірек өлшеу қажет болып та-
былады. 
Баланы зерттеу нәтижелері әлі де рұқсат етілетін шекте болған кезде баланың бойының өсуіне 
мониторинг жүргізу арқылы оның бойының өсуі мөлшерден тыс ауытқу белгілері дамығанға 
дейін жеткіліксіз тамақтану немесе ауыру салдарынан тежелгенін не тоқтап қалғанын анықтау 
мүмкін болады. Оны осылайша ерте анықтау бізге баланың өсуіндегі бұзушылықты ерте түзетуге 
мүмкіндік береді. Баланың өсуіне монитоирнг жүргізу саламатты балалық шақты қамтамасыз 
етуге жағымды барынша ықпалын тигізетін медициналық іс-шара болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет