Бұл ұлпа құрылысы, қызметi және шығу тегiне орай жiктеледi.
Құрылысы мен қызметiне негізделген жiктелу бұлшық ет ұлпаларын көлденең жолақты және бiрыңғай салалы (тегiс) деп бөледi.
Көлденең жолақты бұлшық ет ұлпалары (textus muscularis striatus) жасушадан, талшықтардан тұрады. Актин және миозин миофиламенттерi өзара ерекше тәртiппен орналасып, көлденең жолақтық бередi. Бұған қаңқа және жүректiк көлденең жолақты бұлшық ет ұлпалары жатады.
Бiрыңғай салалы немесе тегiс бұлшық ет ұлпасы (textus muscularis nonstiatus) жасушалардан тұрады, көлденең жолақтығы болмайды.
Шығу тегiне негізделген жiктелу бұлшық ет ұлпасын үш түрге-денелiк, ұрықтың дене қуысы және мезенхималық деп бөледi.
Денелiкке қаңқалық көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы жатады, ол сомиттің миотомынан дамиды.
Ұрықтың дене қуысы (целом) жүректiк көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасын (миокард) құрады, ол спланхнотоманың iшкi жапырақшасындағы миоэпикардиальдi тақташалардан дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |