Бұлшықет тіндері. Қаңқа бұлшықет регенерациясы. Жасқа және өмір салтына байланысты бұлшықеттердің өзгерісі. Журек бұлшықет тінінің регенерациялық мүмкіншілігі. Шығу тегі эпидермалды және нейралды бұлшықет тіндері


Жүрек бұлшықет тіні регенерациясының мүмкіншіліктері



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата02.10.2023
өлшемі3,58 Mb.
#112342
1   2   3   4
Жүрек бұлшықет тіні регенерациясының мүмкіншіліктері


Жүрек бұлшық ет тінінің жасушалық регенерациясы, яғни
кардиомиоциттердің митоздық бөліну арқылы калпына
келуі 
физиологиялық 
жағдайда 
да 
және 
де
зақымданғаннан кейін де мүмкін емес, себебі гистогенез
барысында 
кардиомиоциттер 
митоздық 
бөліну
қабілетінен қайтымсыз айырылған.
Жүрек бұлшық ет тіні жаңаруының жалғыз ғана әдіс-
амалы болып жасушаішілік регенерация қалады. Бұл
кезде, жойылған құрылымдардың орнына, синтездік
процестер есебінен жана органеллалар (митохондриялар,
ЭПТ, миофибрилдер және т.б.) құрылып отырады


Тегіс салалы ет тіндері мезенхималық, эпидермальді нейральді болып жіктеледі. 
Құрылысы. Тегіс салалы ет тінінің жасушаларын миоцит деп атайды. Миоциттердің ұзындығы
20-500 мкм, ал ені 5-8 мкм, жіп тәрізді жасушалар. Ядросы таяқша пішіндес болып келген
миоцит жиырылған кезде бұл пішіні өзгеріп майысып, бұралып та кетеді. Синтездеу
қабілетінің төмен болуына байланысты Гольджи комплесімен түйіршікті эндоплазмалық тор
нашар дамыған, ал митохондрияларға өте бай. Рибосомалары көбінше еркін орналасады.
Миоциттер бір – бірімен нексустар арқылы байланысады. Әрбір миоциттердің сыртын
базальді мембрана қоршайды.
Тегіс салалы бұлшықет тіні


ЭПИДЕРМАЛЬДІ ЕТ ТІНІ
Эпидермальді ет тінінің жасушалары миоэпителиоциттер. Бұлар эпидермадан бастау алады.
Миоэпителиоциттер тер, сүт, сілекей және көз жасы бездерінің құрамында кездеседі. Бұлар
базальді мембранаға бекінеді. Пішіні жұлдызша тәрізді, кейде себет пішіндес те болып келеді.
Регенерациясы аз маманданған жасуша түрінен қалыптасады. Миоэпителиоциттер без
жасушаларының сыртын себет тәрізді қоршап, механикалық қызмет атқарады. Құрамында
жиырылғыш элементтері болады, құрылысы жағынан миоциттерге ұқсас келеді.
НЕЙРАЛЬДІ ЕТ ТІНІ
Көз алмасының ішкі қабырғасының құрамындағы нерв тінінен дамыған миоциттер.
Миоциттердің денесі нұрлы қабық эпителиінің астында орналасқан. Бұл миоциттердің
өсінділері нұрлы қабыққа бағытталған, құрамында жиырылғыш аппараттары болады.
Өсінділерінің бағытына байланысты бұлар көздің қарашығына қарай перпендикуляр немесе
параллель бағытталғандықтан көз қарашығының кеңейтіп немесе
тарылтатын, миоциттер тобын түзеді.


Бұлшық ет талшығының ұзындығы және жуандығының өсуі есебінен жасөспірімдер мен
ересектерде бұлшық ет тінінің көлемі ұлғаяды. Егде адамдардың қаңқа бұлшық ет
тіндерінің ультраструктуралық өзгерістері талшықтың симпласттық та және жасушалық та
бөліктеріңде байқалады. Нақтылы айтқанда, базальді мембранасы қалыңдайды,
миофибрилдерінің (,құрылымдық ұйымдасуы бұзылады, олар көлденең жолақтылығынан
айырылады, жеке фрагменттерге ыдырайды, Z-сызық "ыдырап кетеді". Елеулі өзгерістерге
митохондриялар ұшырайды, олар сарколемманың астында жиынтықтар құрып,
гипертрофияға (көлемі ұлғаюы) немесе, керісінше, дегенерацияға (көлемі азаюы, құрылымы
бұзылуы) ұшырайды. Миосателлитоциттер бұлшық ет талшығының симпласттық бөлігінен
бөлініп шығып, жайылып өсіп келе жатқан дәнекертінді қабатшаға өтіп кетеді .
Қарастырылған жасқа байланысты өзгерістердің салдарынан бұлшық еттің регенерациялық
потенциалы азаяды, бұлшық еттердің тұтқырлығы және серпінділігі төмендейді, олар тез
шаршайтын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет