ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДА СТУДЕНТТЕРДІҢ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Аңдатпа. Бұл мақалада шет тілі сабақтарында студенттердің
мәдениетаралық құзыреттілігін қалыптастыру мәселелері қарастырылады.
Мәдениетаралық құзыреттілік ұғымы, құрылымы мен мазмұны қарастырылған.
Оқытушы сабақ барысында мәдени материалды, интерактивті технологияларды,
сондай-ақ, студенттердің өзіндік жұмысын пайдаланғанда студенттердің
мәдениетаралық құзыреттілігін қалыптастыру мүмкін екендігі көрсетілген.
Тірек сөздер: Мәдениетаралық қарым-қатынас, құзыреттілік, мәдениет,
оқытудың интерактивті әдістері, шет тілі.
Жаһандануға түбегейлі бет бұрған бүгінгі қоғамда әлемдік аренадағы өзара
экономикалық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік қатынастармен қатар ұлтаралық,
мәдениетаралық қатынастар да аясын кеңейтіп, нығаюда. Осы бір әлемдік үдерістен
кеш қалғысы келмегендер бүгінде ел игілігіне еңбек ету мақсатында шекара асып
білім алып, тіл меңгеруде. Қоғамда өз орнын тауып, өзге ұлтты тереңірек білу үшін
тек оның тілін біліп, сол тілде сөйлей білу жеткіліксіз екендігін өмір өзі дәлелдеді.
Мұның өзі лингвистикадағы антропоцентристік парадигма аясында қарастырылатын
жаңа лингвомәдениеттану және мәдениетаралық коммуникация бағыттарының
қалыптасуына алып келді.
Мәдениетаралық қарым-қатынас екі құрамдастастан – тіл мен мәдениеттен
тұрады. Қазіргі коммуникативтік кеңістік күрделі жүйеден тұрады, онда негізгі
орындардың бірі қарым-қатынастың әр түрлеріне тиесілі. Себебі адам өзін әр түрлі
жағдайларда түрліше ұстайды, сөйтіп әрбір жеке жағдайда басқа адамдармен ерекше
қатынас орнатады. Сонымен қатар қарым-қатынастың сипаты мен ерекшеліктері
ақпарат беру құралдарымен, тәсілдерімен, коммуникация субъектілерімен,
мақсаттарымен және басқа көптеген себептермен анықталады. Қарым-қатынастың
төмендегі түрлерін атап көрсетуге болады: этника аралық, іскерлік, әлеуметтік,
халықаралық, тұлғааралық, бұқаралық, мәдениетаралық және басқалары.
Мәдениетаралық қарым-қатынас теориясының негізгі зерттеу объектісі-әр
түрлі ұлт, халықтардың мәдениет ерекшеліктеріндегі айырмашылықтар болып
табылады. Мәдениетаралық қарым-қатынастағы маңызды айырмашылықтардың
қатарына тіл, вербальды емес кодтар, дүниетаным, рольдік өзара қатынастар, ойлау
моделі секілді параметрлер кіреді. Мәдениетаралық қарым-қатынас өзара түсінушілік
пен қарым-қатынастың, кейбір сөйлеу амалдарының (жөнсіз, орынсыз,
кешірілмейтін) қиындықтарының себептері мен факторларын, аудармашылардың тіл
ерекшеліктерін, сондай-ақ қарым-қатынастың вербальды және вербальды емес
құралдарына дейінгі меселелерді де қамтиды.
Мәдениет деген ұғымның түп тамыры адамның мінез-құлқы мен адам мен
қоршаған ортаның (әлеуметтік, географиялық, мәдени, өндірістік және т.б.)
арасындағы өзара байланысты зерттейтін социология, психология, антропология
сияқты ғылымдармен ұштасады. Мәдениет әмбебап және белгілі бір ұлт үшін
бағдарламаның айырықша үрдісі ретінде қарастырылады.
«Мәдениет» ұғымының қалыптасуы көп сипатталған. Латын тектi cultio және
culteсi сөздер ежелгi Рим құжаттарындағы сөздер өңдеуді бiлдiретiн және ауыл
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.
110
шаруашылығында қолданылатыны белгiлi. Этимологиялық жағынан латын тілде
ежелгi colere- етiстiгiнің бастапқы мәні «жер өңдеу» болған, ал кейін – «сыйлау»,
«қадыр тұту» деген ұғымға ие болды. Римдiк мемлекеттiк қайраткерлерде мәдениет
жаңа мағыналармен ауқаттана кеңи түсті. Келесi ғасырларда топырақтың өңдеуi
туралы ғана емес, ақылдың дамытуы, бiлiм және сенiмнiң артуы туралы ендi сөз бола
бастады. Пұтқа табынушылық ұлы дiндерiндегi адамның мүмкiндiгiн жанды және
қабiлеттiлiкті құдайға махаббат тәрбиесіне ауыстыру деген ойымен сипатталды.
Философия және теология мәдениетке кiредi, оны жұтады, онымен жұтылады.
Мәдениет ұғымына кейін civils –азаматтық, мемлекеттік латын терминiнен шыққан
өркениет (цивилизация) ұғымы қосылады [1, 15 б.].
“Мәдениет” терминінің жаңа түсіндермесіне XVII ғасырда неміс заңгері
Самуель Пуфендорфтің ролі ерекше, ол “О праве естественном” еңбегінде
цицерондық қолданыстан алшақтап, тұңғыш рет мәдениетті адамды мерейлендіретін
жаңа мінездерінің жиынтығы, сыртқы және ішкі табиғатын байытатын адамның өз
қызметінің нәтижесі ретінде сипаттады. Мәдениет ұғымы барлық еуропа, соның
ішінде қазақ тілінде осы мәнінде қолданылады.
Ғылым қазiргi мәдениеттер терминнiң көп анықтауларының негiзгiлерін атап
өтуге мүмкiндiк бередi. Мәдениет бұл – адамның қоршаған ортаны өзгерту
қабілетімен байланысып, осы өзгертулер барысында пайда болатын заттардың
жасанды әлемі, символдар, адам арасындағы қарым-қатынас адамның тағдыр
характеристикасы болып табылады. Адам арқылы жасалынған және оған байланысты
болатын барлық заттар мәдениет болып табылады.
Ал әлемдегі халықтар мен мәдениеттердің өзара қарым-қатынас орнатып
түсінісуі мәдениетаралық коммуникация теориясының пайда болуына негіз болды.
Бұл туралы ғалым Н.Н. Алиева мынадай дерек келтіреді: «Әр түрлі халықтар мен
мәдениеттер байланысы мен өзара түсінісу мәселелерін зерттеудің айқын қажеттілігі
жаңа бір ғылыми бағыттың - мәдениетаралық қарым-қатынас теориясының (алғашқы
атауы cross-cultural communication – ағылш.) пайда болуына әкеп соқты.
Мәдениетаралық қарым-қатынас теориясының негізін қалаушы, мәдениет және
коммуникация арасындағы байланысты алғашқылардың бірі болып «коммуникация
– бұл мәдениет, мәдениет – бұл коммуникация» (Hall 1959, 1981, 1982) деп
дәлелдеген Э.Холлды атауға болады [2, 23 б.].
Мәдениетаралық қатысым теориясы өз бастауын 1954 жылы, Э.Холл мен
Д.Трагердің «Мәдениет және коммуникация. Талдау моделі» («Culture as
Communication») атты еңбегі жарық көрген кезеңнен алды деген ұғым қалыптасқан.
Бұл еңбектің авторлары «мәдениетаралық қатысым» терминін адамдар арасындағы
қарым-қатынастың ерекше нүктесін білдіру үшін қолдануды ұсынған екен. Э.Холл
бірнеше жылдар бойы, 1946 жылы АҚШ-та құрылған, мемлекеттік қызметкерлерді
шет елдердегі қызметке даярлау Институтын басқарған. Институттың басты мақсаты
әртүрлі мәдениет өкілдері арасындағы қарым-қатынас проблемаларын қарастыру,
мәдени ерекшеліктерінен туындауы мүмкін конфликттерді болдырмауға қатысты
тәжірибелік ұсыныстар жиынтығын жасап шығару болған.
Кейіннен, 1959 жылы басып шығарылған «Мылқау тіл» («The Silent
Language») атты еңбегінде Э.Холл мәдениетаралық қатысымды жеке пән ретінде
қарастыруды ұсынған екен.
Е.Н. Нұрахметов “Тіл – мәдениеттің тарихын, салт-дәстүрін сақтап, ұрпақтан-
ұрпаққа беру арқылы белгілі бір ұлтты құрайтын ең негізгі және ең күшті қару” деген
ойымен тілдің мәдениеттегі орнын анықтап берсе, Құнанбаева С.С. тілді жалпы
адамзат мәдениетінің трансляторы ретінде қарастырады. Яғни тілді оқытуда тілдің
мәденитанымдық және когнитивтік- коммуникативтік қызметтеріне баса назар
аудару қажет [3, 30 б.].
М.Қ. Тулекова «Мәдениетаралық қарым – қатынастағы тіл мен мәдениет
ұғымы» мақаласында тіл мен мәдениеттің байланысын төмендегідей сипаттайды:
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.
111
Тіл-мәдениеттің айнасы, онда адамның маңайындағы нақты әлем ғана емес,
халықтың менталитеті, ұлттық мінезі, әдет – ғұрпы, салт – дәстүрі, моралі, нормалар
мен құндылықтар жүйесі, әлем суреті көрінеді;
Тіл-мәдениеттің қамбасы, себебі белгілі халықтың жинақтаған барлық білімі,
шеберлігі, материалдық және мәдени құндылықтары оның тілдік жүйесінде –
фольклорінде, кітаптарында, ауызша және жазбаша сөздерінде сақталған;
Тіл-мәдениетті жеткізуші, себебі ол ұрпақтан ұрпаққа тіл арқылы беріледі.
Балалар инкультурация үрдісінде ана тілін үйренумен қатар алдыңғы ұрпақтың
жинақтаған тәжірибесін де меңгереді;
Мәдениет-әлемді қабылдау құралы, сондай – ақ сол әлемнің құрылымы. Онда
әр халықтың тарихының өзгешелігін танытатын бірегей, айрықша сипат бар [4].
Тілдік қатынас (коммуникация) әр түрлі қоғамдық қатынастардың нәтижесінде
адамдарға тән ойлау арқылы жарыққа шыққан сөйлесімнің тіл арқылы жүзеге асуы,
яғни адамдардың аса маңызды қатынас құралы болу – тілдің негізгі және елеулі
функциясы. Ал мәдениетаралық коммуникация жай қатынас құралы емес, түрлі
мәдениет иелерінің арасындығы қатынас құралы ретінде қарастырылады, бұл -
коммуникация үрдісіне культурологиялық көзқарас тұрғысынан қарауды қажет етеді.
Ол түрлі тілдік қауымдастықтар өкілдерінің арасында өзара түсіністікті қамтамасыз
ететін болғандықтан олардың тілдік және мәдени деңгейлерінің өзара тең дәрежеде
болмаса да шамалас болғаны абзал. Түрлі мәдениет өкілдері арасындағы
мәдениетаралық коммуникацияның тиісті деңгейде өтуі көбіне жағдаяттық контекске
байланысты болады. Ұлттық мәдениет, ұлттық мінез-құлықтыңкөріністері
коммуникацияның арқасында өрнектеледі. Коммуникацияның ауызша және ауызша
емес символдары белгілі бір халықты, оның сипаттарын, мәдениетін, салт-дәстүрін
айқын сипаттап береді. Мәдениетаралық коммуникацияда мәдени шекараның болуы
негізді. Мәдениетаралық қарым-қатынасқа түскен әрбір коммуникант өзін және
әңгімелесушісін «өзінікі» және «бөгде» деп қарастырады. Мәдениетаралық
қоммуникацияда коммуникант өзін еркін сезіну үшін өзімен тілдік қарым-қатынасқа
түскен өзге ұлт өкілінің тек тілін ғана емес, сол ұлттың (елдің) мәдениетін, салт-
дәстүрін, ұлттық мінез-құлқын білуге тиіс.
Қазіргі коммуникативтік кеңістік күрделі жүйеден тұрады, онда негізгі
орындардың бірі коммуникацияның әр түрлеріне тиесілі. Себебі адам өзін әр түрлі
жағдайларда түрліше ұстайды, сөйтіп әрбір жеке жағдайда басқа адамдармен ерекше
қатынас орнатады. Сонымен қатар коммуникацияның сипаты мен ерекшеліктері
ақпарат беру құралдарымен, тәсілдерімен, коммуникация субъектілерімен,
мақсаттарымен және басқа көптеген себептермен анықталады. Мұның өзі
коммуникацияның мынадай түрлерін ажыратуға мүмкіндік береді: этникааралық,
іскерлік, әлеуметтік, халықаралық, тұлғааралық, бұқаралық, мәдениетаралық және
басқалары. Аталған түрлердің ішінен бұл мақалада мәдениетаралық коммуникация
қарастырылады.
Мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілігін мамандардың кәсіби әрекеті
тұрғысынан қарастырсақ, «мәдениетаралық қарым-қатынас» ұғымы өзге мәдениет
өкілдерінің көзқарастары мен пікірлерін түсіне алу біліктілігі, өзінің іс-әрекетін
түзету, қарым-қатынас барысында дау-дамайды болдырмау не шешу, түрлі
құндылықтар мен нормалардың өмір сүруге құқы бар екенін мойындау [5, 17 б.].
Осының бәрі заманауи маман алдында тұрған талаптар. Ол кәсіби мобильдіктің,
өмірдегі түрлі өзгерістерге дайындықтың негізі болады, маман иесін дүниежүзілік
жетістіктердің стандарттарына ұмтылуды қамтамасыз етеді, коммуникативтік пен
толеранттылықтың негізінде кәсіби өзін-өзі белсендіруге, дамытуға мүмкіндік береді.
Сонымен, мәдениетаралық коммуникативті құзыреттілік – қалыптасқан, толыққанды
әлеуметтік, кәсіби, жағдаяттық тұрғыдан шетел тілінде мәдениетаралық қатысымға
өзге мәдениет өкілімен түсе алу біліктілігі.
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.
112
Мәдениетаралық құзыреттілікке Бирам келесідей анықтама береді: “... the
ability to interact effectively with people of cultures other than one’s own”. Ғалым
М.Бирам әзірлеген мәдениетаралық құзыреттілік моделі әртүрлі қасиеттері,
қабілеттері мен жеке дағдылары енген ең толық құрылым болып табылады. Осы
модельге сәйкес мәдениетаралық құзыреті келесі бес элементтен тұрады: қарым-
қатынас жасай алу (savoir apprendre/ faire), білімі болуы (savoirs), түсіндіре және
салыстыра алу (savoir comprendre), ашық-жарқын және өзара әрекетке дайын болу
(savoir etre), мәдениетке сыни көзқарасы немесе саяси білімі болуы (savoir s’engager)
[6, 11 б.].
1. Ұстанымы (қызығушылығы және ашықтық, өзге және өз мәдениеті туралы
теріс түсінік қалыптастырмау).
2. Білімі (әлеуметтік топтар, олардың сипаттамалары және өз елі мен
әңгімелесуші еліндегі қызметі, әлеуметтік және жеке өзара іс-қимыл жалпы
процестері туралы түсінік).
3. Талдау жасау және өзара байланыстыру түсінігі (басқа мәдениетте құжатты
немесе құбылысты түсіну және түсіндіре алу немесе өз мәдениетімен байланыстыру
қабілеті).
4. Өзара әрекеттесу және мағлұмат алу дағдылары (мәдениет және олардың
практикада қолданылуы туралы жаңа білімді сіңіру үшін, сондай-ақ нақты
жағдайларда өз білімін, ұстанымы мен дағдыларын қолдана білу).
5. Мәдени және саяси жағдайлардан хабардар болу (өз және басқа мәдениетте
іс-шаралар мен нәтижелерін белгілі бір өлшемдерге негіздеп сыни тұрғысыдан
бағалау қабілеті).
Ресей ғалымы Г.Д.Томахин тілді және мәдениетті оқу барысында мынадай
лексиканы меңгеру аса маңызды деп біледі:
1) реалиялар, белгілі бір мәдениетке тән тілдік бірліктер, бұл бірліктерде
ұлттық мәдениет ерекшелігі айқын көрініс тапқан, мұндай тілдік бірліктер басқа
тілдерде болмайды:
- топонимдер /географиялық атаулар/;
- антропонимдер /адамдар есімдері/;
- ең алдымен тарихи және мемлекеттік қайраткерлер аты-жөндері;
- этнографиялық реалиялар: азық-түлік, киім-кешек атаулары, мейрамдар,
көлік түрлері, ақша т.б.;
- қоғамдық-саяси реалиялар;
- білім беру жүйесінің реалиялары;
- мәдениетке, яғни театрға, киноға, әдебиетке, музыкаға, сурет өнеріне
байланысты реалиялар.
2) коннотативті лексика, яғни мағынасы бойынша сәйкес келетін, бірақ мәдени
ассоциациялар жағынан өзгеше лексика;
3) түпкі лексика, салыстырылып отырған тілде аналогы бар, бірақ ұлттық
ерекшеліктері бар ұғымдар [7].
Мәдениетарлық қарым-қатынас білктілігінің талаптары заман ерекшелігіне
байланысты келесі практикалық мақсатпен анықталады.
1. Мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйрету барысында материалдар шынайы
өмір талаптарына сәйкестендіріліп, тақырыптар өмір тәжірибесіне сай іріктелуі тиіс.
2. Мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйрету жасанды орта жағдайында
жүргізіледі. Сондықтан нақты білім дағдыларды қалыптастыру мақсатында бөтен ел
бейнесі шынайы сомдалу үшін жаңа түрлі әдіс-тәсілдер қолданылуы талап етіледі.
3. Өз мәдениетінің құбылыстарын жетік түсіне білу керек. Сонда өзге
мәдениетті өз мәдениетімен салыстырмалы түрде түсінуге тырысу, ұқсастықтарын
табу, саралау.
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.
113
4. Білім беру стандарттары өз кезегінде тілдік материалдардың аутенттілігін
талап етеді. Аутентті материал негізінде тілді мәдениет элементтерін қанық меңгере
аламыз.
Педагогикалық құбылыс ретінде «мәдениетаралық қарым-қатынас» ұғымының
ерекшелігі білім беру мазмұнының өзгеруін, оқыту үрдісін ұйымдастыруда
проблемалық, мәдени бағытталған формаларды қолдануды талап ететін білім берудің
мәдениетаралық бағытымен байланысты және студенттердің жеке және кәсіби
қабілеттерін дамытуға көмектесетін субьектілердің педагогикалық қарым-
қатынасының оқытылатын тіл нормаларына сәйкес диалогтылық деңгейін дамытады.
Тілді мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде студенттердің оны түрлі
жағдайяттарда дұрыс қолдана білу біліктілігін қалыптастыру маңызды болып
табылады.
Ең алдымен мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың тиімділігі
оқыту үрдісінде түрлі әдістемелік амал-тәсілдерді ұтымды пайдалану білу өзегінде
жатыр.
Бүгінгі ағылшын тілі пәнінің басты міндеті студенттердің мәдениетаралық
коммуникативтік біліктілігін дамыту. Мәдениетаралық қатысым теориясы шет
тілінен білім берудің қазіргі парадигмасын жүзеге асырушы концептуалды
практикалық тұғырнама ретінде когнитивтік-лингвомәдени әдіснамаға негізделеді,
түрлі кәсіби шынайы жағдаяттарда мәдениетаралық қатысымды қамтамасыз ете
алатын «мәдениетаралық қатысым субъектісін» қалыптастырып әдіснамалық теория
сипатына ие болады. Осы орайда студенттерді жан-жақты терең білімді,
интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оларға
білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру [8, 48 б.].
Мәдениетаралық
қарым-қатынас
біліктілігін
қалыптастыра
оқытуда
интерактивтік тәсілдер, ойындар, пікірталастар, ақпараттық, инновациялық
технологиялар, интернет, компьютердің көмегі орасан. Оқытудың ақпараттық
технологиясы ақпаратпен жұмыс жасау тәсілдері, бағдарламалық және техникалық
құралдар (кино, аудио, видеоқұралдар, компьютер, телекоммуникация желілері).
Шеттілдік білім бере отырып студенттің мәдениетаралық қатысымдық
құзыреттілігін қалыптастыру мына параметрлер бойынша іске асуы тиіс:
1) басқа мәдениет өкілімен қарым-қатынас барысындағы тілдік қарым-қатынас
ерекшеліктерін білу;
2) эквиваленттік және эквиваленттік емес лексиканы меңгеру;
3) мәдениеттанымдық мағлұматтарды білу;
4) шет тілінде ана тілінің реалияларын түсіндіре алу.
Мәдениетаралық қатысым жағдайларында мәдениетаралық қатысымдық
құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында қолданылатын жаттығуларды неміс
зерттеушілері Хойсерман мен Пипо (1996) мынадай топтарға бөледі:
a) қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жаттығулар
ә) тілдік рефлексия қалыптастыруға бағытталған жаттығулар
б) мәдениеттерді салыстыруға бағытталған жаттығулар және
в) мәдениетаралық қатысым жағдайларында мәдениетаралық қатысымдық
құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған жаттығулар.
Мәдениетаралық құзыреттерін дамытуға мүмкіндік беретін коммуникативтік
мен ғылыми-зерттеу сипатындағы жаттығулар болуы тиіс. Бұл жаттығулар
төмендегідей сипатқа ие:
Нақты ел мәдениетіне мүмкіндігінше жақын диалогтық жағдайларда тілдік
бірліктерді және грамматикалық құрылымдарды пайдалану (мысалы, әуежайда,
мейрамханада, дүкенде);
Қажетті техникалық құралдар бар болғанда шетелдік мәдениет өкілдерімен
байланысу (электронды пошта арқылы, чатта, форумда хат жазысу, Skype арқылы
сөйлесу және т.б.);
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.
114
Зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми және шығармашылық жобалар, осы
ақпаратты іздеу және ұсыну, соның ішінде ақпаратты лингвомәдени талдау;
Аутентті материалдарды – баспа материалдарынан бастап фильмдер мен
оқытылатын тіл елдерінің ұлттық арналардада берілетін жаңалықтарға дейін
лингвистикалық және лингвоелтанулық талдау.
Ағылшын тіліне оқытуда мәдениетарлық құзыреттілікті қалыптастыру үшін
интернеттің алатын орнына тоқталсақ, студенттер электронды пошта арқылы хат
алысып, виртуалды қатынас клубтары, конференцияларға қатыса алады. Интернет
шетел тілін үйренушіге аутентті мәтіндерді қолдану, сол тіл өкілін тыңдау, олармен
қарым-қатынас жасауда табиғи тілдік ортаны қалыптастырады.
Студенттер бойында мәдениетарлық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың
тиімді әдістеріне ойын технологиясын, проблеммалық оқытуды жатқызуға да
болады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындыласақ, қазіргі заманауи техникалық
құралдардың мүмкіндіктері мен инновациялық мүмкіндіктерін ұштастырып оқыту
мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін үйретуді ұйымдастырудың ұтымды
тәсілі болмақ.
Әдебиеттер:
1. Алиева Б. Мәдениетаралық қатысым жағдайында студенттердің
айтылым дағдысын қалыптастыруда ақпараттық технологияны қолданудың
жолдары / Маг. дис. – Алматы, 2010. – 85 б.
2. Амиржанова Г.Е. Мәдениетаралық қатысымның жанама формасы ретінде
тыңдап түсінуге Интернет ресурстарын пайдалану / Маг. дис. – Алматы, 2010. – 78 б.
3. Құнанбаева С.С. Қазіргі шеттілдік білім берудің теориясы мен
практикасы. –Алматы: ҚазХҚжӘТУ, 2010. – 324 б.
4. Тулекова М.Қ. Мәдениетаралық қарым – қатынастағы тіл мен мәдениет
ұғымы. – file:///C:/Users/Admin/Downloads/m-denietaraly-arym-atynasta-y-til-men-m-
deniet-ymy.pdf Пайдаланған уақыты: 18.01.2016 ж.
5. Жанұзақова З.О. Студенттердің мәдениетаралық коммуникативтік біліктілігін
қалыптастыруда интернетті қолдану / Маг. дис. – Алматы, 2011. – 91 б.
6. Byram M. Assessing intercultural competence in language teaching //
Sprogforum. – 2000. – №18(6). – Р. 8-13.
7. Молдабаева К.Е. Мәдениетаралық қатыcымдық құзіреттілікті
қалыптастыру жолдары. – file:///C:/Users/Admin/Desktop/12.pdf. Пайдаланған
уақыты: 18.01.2016 ж.
8. Свиридон Р.А. Формирование межкультурной компетенции будущего
специалиста в области мировой экономики средствами делового английского языка
// Сборник научных трудов II Международной летней школы для молодых
исследователей «Инновационные образовательные технологии в преподавании
иностранных языков». – Томск, Изд–во ТГПУ, 2005. – с. 72– 84.
Кисметова Г.Н., Тургалиева Э.М.
Формирование межкультурной компетенции студентов в процессе
обучения иностранному языку
Данная статья посвящена проблеме формирования межкультурной
компетенции студентов на занятиях по иностранному языку. Рассмотрены
понятие, структура и содержание межкультурной компетенции. Показано, что
формирование межкультурной компетенции студентов при обучении иностранному
языку возможно при условии готовности преподавателя к использованию на уроках
культурологического
материала,
интерактивных
технологий,
а
также
самостоятельной работы обучаемых.
Ключевые слова: Межкультурная коммуникация, компетенция, культура,
интерактивные формы работы, иностранный язык.
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.
115
Kismetova G.N., Turgaliyeva E.M.
Forming intercultural competence of students in the process of teaching a foreign
language
This article is devoted to the formation of students’ intercultural competence at
foreign language classes. It considers the notion, the structure and the content of the
intercultural competence. The author shows that the intercultural competence forming is
possible if a university teacher is ready to use cultural material, interactional technologies
as well the independent students’ work in foreign language teaching.
Keywords: Intercultural communication, competence, culture, interactive forms of
work, foreign language.
***
ӘОЖ 372.851
Достарыңызбен бөлісу: |