Литература
1. Лосев А.Ф. История античной эстетики (эллинистически-римская эстетика
1-2 веков). Т. 5, кн. 2. – М.: Мысль, 2002. – 278 с.
2. Сочинение великих итальянцев 16 века / Под ред. Л.М. Брагиной. Пер. с
итал. – Санкт-Петербург: Алетейя, 2002. –377 с.
3. Коменский Я.А. Учитель учителей: Избранное. – М.: Карапуз, 2008. –35 с.
4. Джон Локк Педагогические сочинения. – М.: Учпедгиз, 1939. 221 с.
5. Педагогические идеи Роберта Оуэна: Избранные отрывки из сочинений Р.
Оуэна. – М.: Учпедгиз, 1940. – 176 с.
6. Кабалевский Д.Б. Воспитание ума и сердца: Книга для учителя. 2-е изд.,
испр. и доп. – М.: Просвещение, 1984. – 206 с.
Амреева Т.М.
Хореографиядағы тәрбиенің орны
Жазылған мақалада мәдени, тарихи және отандық тәрбиені кеңейтудегі
хореографияның орны ауқымды түрде ашып көрсетілген. Мақала мазмұны
хореографияда білім алушылардың қоғамдағы қалыпты тәрбиесімен, тәртібімен,
ұйымдастырудағы адалдығымен, жауапкершіліктерімен тығыз байланысын көрсетеді.
Тірек сөздер: Хореография, тәрбие, өнер, эстетика, хореографиялық өнер,
халық биі, музыкалық тәрбие, би өнері.
Amreeva T.M.
Education role of choreography
This article reveals the role of choreography in the expansion of cultural
and historical education of students, their spiritual and physical development, moral and
patriotic education. The content of the article shows a connection of choreography with
standards of pupils behavior in society, development of self-discipline, with sense of duty,
integrity, organization and responsibility.
Keywords: choreography, education, art, aesthetics, choreographic culture, folk
dance, choreographic art, music education,art of dance, harmony of dance.
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
150
ӘОЖ: 37.03
Сариева Р.Д. – аға оқытушы, магистр,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
E-mail: rsarieva@bk.ru
ДАРЫНДЫ ЖӘНЕ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫ ҚОСА АЛҒАНДА,
ТҮРЛІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН ЕСКЕРУ
МАҚСАТЫНДА ОҚУДЫ САРАЛАУ СТРАТЕГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУ
Аңдатпа. Бұл мақалада үздіксіз білім беру жүйесі өмірге жан-жақты
дайындалған, еңбексүйгіш, ынталы, шығармашылықпен ойлайтын, ақыл-ой және
адамгершілік тұрғысынан бай, жоғары білімді, жоғары жетістіктер потенциалын
меңгерген жеке тұлғаны оқытып-тәрбиелеу қажеттілігін дамытуды сипаттайды.
Тірек сөздері: Оқыту, сабақ, топтың жұмысы, дарынды, бағалау.
Дидактикада оқытудың негізгі формасы-сабақ болып танылады. Сабақтың
қойылған мақсатына жетуі алдымен педагогтың теориялық нақты білім мен
практикалық біліктілігіне, педагогикалық шеберлігіне, АҚТ қолдана білуіне, әртүрлі
әдістемелерді жете меңгеріп, әрбір сабақта қолдана білу шеберлігі нақты білімге
негіз болады. Оқыту процесінде бірлескен топтық жұмыс – әр студенттің
белсенділігін, жас, жеке ерекшелігін ескере отырып жүргізілетін жұмыс түрі. Топтық
жұмыстарда студенттердің жеке, жас ерекшелігі, қабілеттері белсенділігі, икемділігі,
психологиясы ескеріле отырып, топта ынтымақтастық ахуалын қалыптастыруға
ынғайлы жағдай жасайды. Топтық жұмысты бастамас бұрын жұмыстың мақсаты
түсіндіріліп, төмендегідей түйінді мәселелер шешімін табады. Атап айтқанда, а) әр
студенттің өз ойын еркін, айқын,нақты жеткізу мүмкіндігі пайда болады. ә) топтық,
яғни ұжымдық ерекше қасиеттер, қабілеттер қалыптасады б) топтағы түрлі рольдік
әрекеттерді атқаруға бейімделеді. Мысалы: бір сабақта студент басшы функциясын
атқарса, екінші сабақта толықтырушы болуы мүмкін в) топтық жұмыс барысында
барлық студентті қатыстырып, инклюзив жүзеге асырылады [1, 20 б.].
Бірлескен топтық жұмыс идеялары өзара байланысты 7 модуль аясында
қарастырылады. Менің ойымша, жаңа сабақты игерту барысында мәтінмен жұмыс
жүргізуде Джиксо тәсілі тиімді әдістің бірі болып табылады. Күрделі мәтінді
меңгертуде мәтінді бөліктерге бөліп, әр топтың игерілуіне беріледі.Күтілетін нәтиже
- топтың күрделі мәтінді, оның мазмұнын толық, әрі жан-жақты меңгерілуін
қамтамасыз етеді. Дәлел ретінде 8 желтоқсан күнгі 3 курс (Дене шынықтыру,
Алғашқы әскери дайындық, Шетел тілі, Екі шет тілі) мамандығында «ШКМ оқыту
әдістемесі» сабағында өткізген топтық жұмыстарды келтіруге болады. Сонымен
қатар, белгілі бір тақырыпты және тарауды қорытындылауда да пайдалы жұмыстың
бірі болып табылады. Нақты айтқанда 9 желтоқсанда 5В012300 (Әлеуметтік педагог
және өзін-өзі тану), мамандығы 3 курс студенттеріне «Оқытуды басқарудағы
көшбасшылық» атты тақырыпта топтық жұмыс өткізілді.
Жұмыстың алғашқы кезеңінде жаппай сұрақтар қою арқылы әр топтың
теориялық білімдері тексерілді. Ынтымақтастық ахуалын қалыптастыра отырып, әр
топ мүшелері келіспеушілікті құрметпен білдіре алады. Сабақты қорытындылау
кезінде білімді жинақтауға бағытталған алты қадамның (Блум таксономиясы) 3
сатысын, яғни білу, түсіну, қолдану сатыларын меңгере алды. 1-сатыда студенттер
мағлұмат пен деректерді еске түсірді, жатқа айтты. 2-түсіну сатысында
интерпретация жасай алды, негізгі идеяларды мағыналарын сақтай отырып,
трансформация жасай алды және анықтамаларды өз сөздерімен тұжырымдай алды. 3-
қолдану сатысында ұстаздың көмегінсіз жұмыстың ретін көрсете білді. Келесі
талдау, жинақтау және бағалау сатылары дарынды және талантты балаларды оқыту
модулінде қолданылып, инклюзивтілік оқыту жүзеге асты. Бұның дәлелі ретінде
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
151
мәтінді терең өңдей алады, өз мамандықтары бойынша сабақ элементтерін көрсете
алады, негізгі идеяны таба отырып өз ойын қорытындылай білді. Сонымен қатар өз
ойларын, идеяларын мазмұндап логикалық жүйелілікке, дәйектілікке негізделді.
Бірлескен топтық жұмыстардың өту барысында студенттер төмендегідей ережелерді
орындауға тырысты:
- кезекпен сөйлеу;
- белсенді тыңдау;
- өз ойларын еркін айту;
- ой тұжырымын жасай білу;
- бір-бірін тыңдау қалыптасты.
Сонымен қатар сабақ барысында бағалау процесі барысында студенттердің
жауаптарын талқылап,бағалауда көптеген қиындықтар болды,уақыт қорын жеткілікті
пайдалануда кейбір жоспарға сыймау кезеңдері болды. Келешекте бұлардың алдын –
алып,жетілдіру,деңгейлік оқытуды әріптестермен үнемі әр сабақта қолдану. Сабақ
жоспарында уақытты тиімді пайдалану. Филлердің «Бойыңда білімнің бар екен,онда
басқаларға өз шырақтарын жағып алардай жағдай туғыз»деген қағида бүгінгі күннің
жаңашыл,жаңа форматты мұғалімдеріне арналған қағида деп білемін. Мұғалім-
оқудың негізін қалаушы ,ал мұғалімнің рухани ішкі жан дуниесі өзгерген кезден
бастап, білім беру де түгелдей өзгеріске енеді дегім келеді. Алдағы уақытта
нақтылық
болса
сабақтың
әрбір
сұрағына
берілетін
уақыт
айқын
жоспарланса,еңбегіңізге жеміс,шығармашылық табыс болатынна толық сенемін.
Білім беру технологиялары – білім сапасын арттырудың тиімді құралы.
Мұғалім - мектептің жүрегі демекші,мұғалім еңбегі тоқтаусыз жүретін ұзақта,сан
қырлы, болашаққа бағытталған қызмет [2]. Барлық мұғалімдер балаларға білім
беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға
тырысады.Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл-ойлауды,талқылауды
және мұқият жоспарлауды талап ететін едәуір күрделі мәселе. Әртүрлі теориялар мен
стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама
шеңберінде қолданылады.Тәжірбиеге жасалған талдау оқушылардың қажеттіліктерін
қанағаттандыруда мектеп бүкіл оқушылар үшін мектеп стандартын күрделендіре
отырып,бастауыш буын деңгейінде «жалпымектептік саясатты» және орта буын
деңгейінде «кеңейтілген» мектеп тәсілін құрған жағдайда анағұрлым жоғары
нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетті.
Талантты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып бастауыш мектептердің
мұғалімдері өздерін «дарынды бақылаушылар» ретінде көрсетуге тиіс.Сондықтан,
дарынды және талантты студенттерді саралай отырып оқытуда инклюзивтілікті
жоспарлай отырып қолдану қажет.Ол сабақтың өте жоғары меңгерілуіне жол салып,
жоғары нәтиже береді.Мұғалімдер (тренерлер) жоспарлау үдерісінде үш топқа назар
аудару керек,үлгерімі төмен,үлгерімі орташа және үлгерімі үздік оқушылар.
Үздік оқушылар (дарынды студенттер және таланттты студенттерге
теңестіріледі,үлгерімі
төмендер
осы
оқуға
қатысты
дамудың
бастапқы
кезеңіндегілер)студенттердің жас ерекшеліктері.
ШКМ оқыту әдістемесі пәні сабағында қолданылған SMAPT мақсатқа
байланысты осы дәріс сабақта барлық топтың студенттері инклюзивтілік
байқатты.Оны
әр
топ
жұмысында
атқарылған
тапсырмалардан,кубизм
әдісінен,джигсо әдістеріндегі тапсырмалар арқылы инклюзивтілік жүзеге асты.
Мысалы: А тобы барлық студенттер үшін «Көш басшы және басқару»ұғымына
ассоцация жасаулары; Б тобы кейбір студенттердің басым бөлігі осы тақырыпқа
инсерт әрекеттерін жасауын айтуға болады. С тобының студенттері өз мамандықтары
бойынша тобының атынан мамандықтары бойынша,слайдтардың көмегімен
пәндерінен сабақ фрагменттерін көрсетеді.
Ең көңіл аударатын мәселе «сенің қолыңнан бәрі келеді», «сен қабілеттісің»,
«сен істей аласың» деген сияқты студенттің еркін билеп, сенім білдіруші,
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
152
марапаттаушы немесе қолдаушы сөз тіркестерін пайдалану, оқушының кішкене
жетістігі болса да, жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеудің аса қажеттілігін
түсіндім. Педагог студенттің дарынды немесе талантты екенін қалай анықтайды?
деген сұраққа жауап іздесек бұл төмендегідей: Студенттер бір пәннен емес бірнеше
академиялық пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгей көрсетуі мүмкін:
мысалға,әртістік,спорттық,музыкалық
және
басқа
таланттарымен
танылуы
ықтимал.Сонымен қатар олар бір салада дарынды болса,басқа салада қиындыққа тап
болуы мүмкін;олар дамудың бір кезеңінде өте қабілетті болса,келесі кезеңдерде
қабілеттерін танытпауы мүмкін. Бұл дарындылық пен қабілеттіліктерді
мұғалімдер,ата-аналар,топтың басқа мүшелері немесе балалардың өздері айқындай
алады. Балалардың қабілеттіліктерін,біліктілігін,әлеуетті мумкәндіктерін көрсету
үшін оларға жағдай туғызу қажет және де бұл ерте жасында олар үшін өте қиынға
соғуы мүмкін. Британдық оқыту және оқу академиясы талантты және дарынды
балаларды дамыту тәжірбиесінен алынған жағымды мысалдарды көрсететін көптеген
кейс-стади әзірленген және тәжірбиеде қолданылып,оң шешімін тапқан. Мен
өзімнің тәжірибелік сабақтарымда дарынды және талантты балаларды анықтау үшін,
кең ауқымды әртүрлі әдістерді мүмкіндігінше қолдануға тырыстым. Мысалы
білімгерлер аудиториясына топтық жұмыс арқылы автор орындығы, джигсо тәсілі,
«Бірге ойлаймыз», эссе жазу, сөйлемді аяқтау, сұрақ-жауап сияқты әдіс-тәсілдерді
қолдану арқылы сабағымды тиімді өткіздім.
Сабақтарымда джигсо тәсілі, «Бірге ойлаймыз», эссе жазу әдістері сабақ
барысында студенттердің белсенділігін оятуда өте әсерлі болды. Балалардың
шығармашылық жұмысы сәтінде өз тарапымнан құптаушылық көзқарас білдіру,
сезімдері мен көңіл-күйін бақылау, қамқорлық таныту сияқты әрекеттерім
олардың бойындағы сөйлеу ерекшеліктерінің, бейімділіктерінің, қабілеттерінің,
қызығушылықтары мен ынталарының дамуында алға жылжуға септигін тигізгеніне
көзім жетті. Мұғалім дарынды балалармен жұмыс істеу барысында білімдердің нақты
жиынтығын берумен ғана емес, оларға жеке қорытындылар мен жаңалықтар ашуға
көмек беруі қажет. Мұндай бағытта мұғалім дұрыс жауап эталонын анықтамайды,
студенттер бір-бірімен пікір таласқа түседі де, әр түрлі жауаптар мүмкіндігін
бағалайды.
Жеті модульдің барлық тәсілдерін қолдану менің білімімді дамытып қана
қоймай, тәжірибемде оң әсерін тигізді. Mысалы, caбақ бaрысында, жаңа сабақты
бекіту кезінде қалыптасқан бірсарынды жүйені топпен жұмыс жасау барысында
өзгерте отырып, олардың диалогтық, топтық жұмыс арқылы бір-бірімен әңгіме
айтып, ортаға тасталған мәселені жұптасып шешуі, сыни тұрғыдан ойлануына
мүмкіндік беріп, салыстыру, іздену, табу. Студенттер тобындағы балаларды
үлгерімі бойынша анықтай отырып, қабілеттері бойынша араластыра оқыту
студенттердің белсенділігін және қызығушылығын арттырады, сондықтан оқу
үлгерімі мен сапасы жақсарады.
Meн іc-тәжіpибе жүpгізу бapыcында oқушылapдың физиoлогиялық,
пcихологиялық epeкшеліктepіне сәйкес тақырыптар бере отырып, олардың сол
тақырыпты қабылдауы, түсінуі, есте сақтауына мән бердім. Бұл жерде байқағаным әр
бала ақпаратты әртүрлі деңгейде қабылдайды екен. Балаларға тапсырма беру
барысында, олар берілген білімді автоматты қабылдайды ма, әлде саналы түрде ме
деген сұрақ туындайды. Күнделікті сабақта өтілген материалдарды сұрау барысында
студенттердің кейбірі автоматты түрде түсінетініне көз жеткіздім. Яғни, мен үшін
бұл алда жұмыстанатын сабақ бөлімі болатындығына көзім жетті.
Әсіресе,
АКТ-ны
сабақта
қолдану
студенттердің
белсенділігін,
қызығушылығын арттырады, сыни ойлауға, басқалармен ой бөлісуге, өз тәжірибесін
шыңдауға, АКТ пайдалану машықтарын арттыруға көмектеседі. Аудиторияда білімі
төмен немесе селқос білімгерлер де білімін шыңдауда осы АКТ-ның қосар үлесі мол
болды. Визуалды және ауызша түрдегі негізгі ақпарат студенттердің тәуелсіз
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
153
ойлауына және олардың ой қорыту, өзіндік түсініктеме беру қабілетіне ықпалын
тигізеді. Сындарлы және ашық диалогке қатысу студенттердің өз идеясын сенімді
түрде білдіруіне, түрлі көзқарастарға көңіл бөлуге және оларды бағалауға мүмкіндік
береді. Сонымен қатар, студенттердің жауабын бақылау, жазып алу мен талқылау
сауатты оқытуға ықпал етеді.
Мен өз тәжірибемде дарынды балалармен жасалынатын жұмыс түрлері
нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткізуге болатына нық сенімді болдым:
- біріншіден, дарынды оқушының интеллектуалдық, эмоционалдық және
әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктері өзіндік көзқарас тұрғысынан дамиды;
- екіншіден, жан-жақты ақпаратты қабылдауы, сол ақпараттар негізінде өз
ойын жеткізіп, өмір ағымына сай көзқарасы пайда болады;
- үшіншіден, дарынды оқушының шығармашылық әлеуеті деңгейі дамып, кез-
келген ортады өзін еркін ұстау мүмкіншілігі арта түседі;
- төртіншіден, дарынды оқушының қоршаған ортаға «өзін-өзі жарнамалау»
деңгейі яғни өз білімін көрсете білуі дұрыс жолға қойылады.
Дарынды балалармен жұмыс істеу барысында қисынды ой әрекеті нақты
қызметтермен өзара байланысқан, бір-біріне ауысып отыратын ойлардың әрқилы
әдістері – талдау, біріктіру, салыстыру, жоққа шығару, нақтылау және
қорытындылауы жүйелі қалыптасқан студенттердің бұрынғы дәстүрлі оқыту
тәсілінен қарағанда Кембридждік білім беру факультеті ұсынған оқыту
стратегиялары арқылы олардың сұранысын толық қанағаттандыру мүмкіншілігі
туатынына да нақты көз жеткіздім.
Филлердің «Бойыңда білімің бар екен,онда басқаларға өз шырақтарын жағып
алардай жағдай туғыз» - деп айтқанындай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз
мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін мен
жақсы түсінемін және өмір бойы ізденушілікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық
екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болатынын да нық сенімді
болдым.
Қазіргі үздіксіз білім беру жүйесі өмірге жан-жақты дайындалған,
еңбексүйгіш, ынталы, шығармашылықпен ойлайтын, ақыл-ой және адамгершілік
тұрғысынан бай, жоғары білімді, жоғары жетістіктер потенциалын меңгерген жеке
тұлғаны оқытып-тәрбиелеу қажеттілігін дамытуды көздейді. Сыныптағы бағалау
тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою
арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана
обьективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандартттар
ғана емес,сонай-ақ баланың дамуы,оқуы және ынтасы туралы түсінік,сонымен қатар
өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және куш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты
құндылықтар жатады [4, 15 б.].
Бағалау-одан арғы оқу туралы шешім қабылдау мақсатымен оқытудың
нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін
қолданылатын термин.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау арасындағы айырмашылық 1960
жылдардан бастап белгіленген,бірақ берілген екі терминнің мәнін нақты
анықталмаған.
Іс жүзінде нақты баға қою және есеп беру үшін өткізілетін оқуды бағалау мен
нақты мақсаты бағалауды оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың
бөлігі ретінде қолдану болып табылатын оқу үшін бағалау арасында анығырақ
айырмашылық жүргізілген.
Оқытуды, оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді жақсарту мүмкіндіктерін
және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін анықтауға бағытталған бағалау
қалыптастырушы немесе оқу үшін бақалау (оүб) деп аталады.Мұғалімдерді және
әдістеме жасаушыларды ақпараттандыру мақсатымен 1989 жылдан бастап жұмыс
жүргізілген Ұлыбритания академиктерінен құралған Бағалауды Реформалау Тобы
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
154
1999 жылы «Оқу үшін бағалау»(ОүБ) деген кітапша жариялады. Соның нәтижесінде
оқу үшін бағалау ұғымы дербес тұжырымдама ретінде кеңінен тарала бастады.
Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға
жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса,онда өзінің функциясы
бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп
атайды. Жиынтық бағалау оқушының, мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне
немесе болашағына ықпал ететін (яғни,анықтайтын мәнге ие) шешім қабылдау үшін
қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек,яғни бұл
ақпараттың мазмұны мен оның қандай жағдайларда жиналғанын қатаң қадағалау қажет.
Бағалаудың мақсаты неде? дейтін болсақ ол төмендегідей:
Әрбір мұғалім бағалау әдістемесін білуге тиісті,яғни бұл ретте:дәрісханада тек емтихан
өткізуді ғана емес,сонымен бірге емтихан неге кім үшін өткізілетінін білуге тиісті.
Бағалаудың негізгі мақсаттарының тізбесі төменде қысқаша айтылады.
1. Оқудағы қиындықтарды анықтау. Орта мектептерде мысалы ,сауаттылық
және арифметика саласындағы проблемаларды анықтау үшін тестілер өткізілуі
мүмкін; одан кейн өзіндік түзету және тестілеу жұмыстарын қайталап өткізуге болады.
2. Жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс(оқушылар,мұғалімдер мен
ата-аналарға ұсынылған).Мұндай кері байланыс бейресми түрде ауызша бағалаудан
бастап ресми жазбаша тестілерге дейін түрленуі мүмкін ,бірақ негізгі мақсат
оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму,мысалы, білім, түсіну және дағды
туралы хабар беру болып табылады.
3. Уәж.Кері байланыс көбінесе уәж түрінде көрінеді.Ынталандыру ретінде
тестінің немесе емтиханның өткізілуі әдетте кейбір оқушылар мен мұғалімдерді
ойларын жинақтап,әрекет етуге итермелейді.Мұндай сыртқы ынталандыру оқуға
шабыттанып кірісуге түрткі болуы мүмкін,бірақ мұқият бақылау жүргізілмесе,
мәжбүрлеу құралына айналуы да ықтимал.
Шығармашыл мұғалімдер білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол
жеткізу үшiн балаларға қолайлы орта жасауға тырысады. Менің тәжірибелік
сабақтарыма қатысты міндеттер – білім саласында ойлауды, талқылауды және
мұқият жоспарлауды балалардан талап ету, бірақ бұл едәуір күрделі мәселе.
Оқу материалдарының мәнісіне тереңдеп бара алмай, оларды жәй жаттап алып,
өз бетінше пікір айтуда шорқақтық танытатындар да бар. Осындай үлгерiмi ортaша
студенттер өз достaрынaн қaлaй оқу керектiгiн, өз ойлaрын қaлaй дәлелдi жеткiзуге
болaтындығын, топ iшiнде өз пiкiрлерiн ашық aйтуды, достaрының aлдындa пікірім
қате болмай ма немесе ойымды ашық әрі анық жеткізе алам ба деген ойдан арылып,
өз ойлaрын қысқа да нұсқа жеткізе бiлуге үйрендi. Әрине, бұл жетістіктер алғашқы
сабақтарда бірден бола қойған жоқ. Студенттердің жетістікке жетуіне менің де
бірінші сабақтарда жіберген қателіктерімді қайталамауға тырысып, сабақтарымда
жүйелі сұрақтар мен тапсырмалардың реттілікпен ұйымдастыруыма байланысты
болды. Қате ой немесе бұрыс жасалған жауаптарға өз тарапымнан ынталандырушы
тілектер айтылған сәттерде білімгерлердің тосылып қалмай, ары қарай жауаптарын
нақтылауға ізденіп, шешім қабылдағандары да байқалды. Нәтижесінде студенттер
бір-бірінің пiкiрлері мен ойларына құрметпен қaрaп, кез-келген тaқырыптa берiлген
сұрaқтaрғa өздерiнiң құнды ойлaрын қосa aлaтындығынa көз жеткiздi.
Мен өз сaбaғымдa формaтивтiк бaғaлaуды оқыту үшiн бaғaлaу ретiнде
қолдaнудың өте мaңызды екендiгiне көз жеткiздiм. Студенттердің сaбaқ aйту
кезiндегi жiберiлiп жaтқaн кемшiлiктерiне қaрaмaстaн, олaрдың еңбегiн, ынтaсын
мaқтaп отыру аса қажет екен. Кемшiлiктердi, яғни қaйсыбiр қaтелiктердi өз
беттерiмен aнықтaуынa тaлпындырдым. Ол үшiн түрткi сұрaқтaр берiп, олaрдың әрi
қaрaй терең ойлaнa жaуaп берулерiне, жaн-жaқты iзденулерiне бaғыт-бaғдaр берiп
отырдым. Екiншi сaбaғымдa студенттердің сaбaқты толық игергендiгiне көз
жеткiзуiм үшiн постерлерді пaйдaлaндым. Студенттердің көбiсi бәрi түсiнiктi деген
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
155
постерлерді көргенде өзiм де осы курстaғы оқып үйренген тәсiлдердi
пaйдaлaнғaнымa риза болдым.
Оқуды бaғaлaу үшiн, яғни студенттерге жиынтық бaғa қою үшiн бaғaлaу
критерийлерiне сүйендiк және жиынтық бaғa aшық түрде қойылды. Ол үшiн бaғaлaу
критерийлерiне сүйендiк. Мысaлы, студенттерге «5» деген бaғa aлуы үшiн
тaпсырмaның мaзмұны aшылу керек, жүйелi бaяндaлу керек, жaуaп нaқты болуы
керек. Егер белгiленген өлшемдердiң бiрi орындaлмaсa – «4» деген бaғa, екеуi
орындaлмaсa – «3» қойылaтындығы сaбaқ бaсындa келiсiлдi. Бұл бaлaлaрдың әдiл
бaғaлaнуының кепiлi екендiгiне оқушылaрдың дa көзi жеттi. Сaбaққa қaтысқaн 15
студенттің төртеуi – «5», төртеуi – «5», екеуi – «2» деген бaғa aлды. Әрине сaбaқтың
оң нәтижеге жетiп, тaбысты болуы үшiн мұғaлiм құзыры жоғaры дәрежеде болу
керек. Ол үшiн мұғaлiм бойындa Шульмaн «мұғaлiмнiң үш көмекшiсi» деп aтaғaн
қaсиеттер мiндеттi түрде болу керек. Шульмaн көздеген кәсiби түсiнiк пен оқытудың
тәжiрибелiк дaғдылaры мұғaлiмнiң бaсты құрaлы болып келгенi дәлелдеудi қaжет
етпейтiн aксиомa. Aл жүрек жылуын бaсшылыққa aлaтын Шульмaнның үшiншi
көмекшiсi – кәсiби деңгейлiк тұтaстық. Мұғaлiмдер ұстaз мaмaндығының этикaлық
және морaльдық құндылықтaрын ұстaнып, бaлaғa мейiрiм және құрмет көрсете
бiлетiн әдiл жaн болa бiлгенде ғaнa, шәкiрт сенiмiне ие болып, өзi де жaсaнды емес
құрметке ие болa aлaды. Осылaйшa оқытудың жaңa тәсiлiн қолдaнa отырып, өткiзген
сaбaғымнaн өзiмде кiшкене болсa дa прогресстiң болғaнын сезiндiм. Сабақтың
соңында Керi бaйлaныс пaрaғынa оқушылaр сaбaқтың қызықты өткендiгi турaлы
жaзыпты. Бағалау жай ғана техникалық қондырғы емес. Mұғалімдер студенттің
қабілетін баға мен сөздің көмегімен бағалайды. Oлардың қандай тәсілді
қолданғанына қарамастан, олардың артында жай объективті және жартылай
объективті нормалар мен стандарттар ғана емес, балалардың дамуы, оқуы мен
ынтасы туралы болжамдар; құндылықтар – жеке қадір-қасиетін сезіну, қабілеттер
мен күш-жігердің маңыздылығы да тұрады. Cондықтан сабақ барысында төмендегі
бес мақсатты назарға алдым.
- біріншіден, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу тиімділігін арттыру;
- екіншіден, жеке, жұппен, топпен жұмыс жүргізу;
- үшіншіден, ойлау қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар беру;
- төртіншіден, оқушылардың сауаттылығына баса назар аудару;
- бесіншіден, айтылған ойға сыни көзқарас таныта білуді меңгерту және
оқушылардың өз жұмысына рефлексия жүргізе алу мүмкіндігін беру [3,77 б.].
Mұғалімнің еңбегі үнемі шығармашылық ізденісті, әдістемелік шеберлігін
жетілдіруді талап етеді. Сондықтан кез-келген пәнді оқыту барысында студенттердің
таным белсенділігі мен ойлау қабілетін, ізденісін дамыту үшін, сабақтың әр түрлі
типтерін ұйымдастырып, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданып
отыру керектігін түсіндім. Тәжірибелік сабақтарымдағы жеті модуль түрлері өте
тиімді, балаларға өте қызықты және тапсырмалардың оңай орындалуына бағыт
беруім және «өзін-өзі бағалауы» мен стикер арқылы бүгінгі сабаққа пікір білдіріп,
ұсыныс айтуы өзіме де студенттерге де қызықты болды. «Екі жұлдыз,бір тілек» жазу
сабақ мақсатына жеткендігі жөніндегі бағаны беру арқылы, алдағы қажетті
әрекеттеріме бағыт алдым.
Шәкірттің білімді меңгеруі, мұғалімнің сабақ оқытуы, екеуі де – «сабыр түбі-
сары алтын» дегендей өте үлкен шыдамдылық қажет етеді. Мәселен, мұғалім балаға
бұрыннан таныс нәрсені ығыр қылып айта берсе, осы жағдай онда ақыл-ой
керенаулығын, кейде тіпті оқудан жиренушілікті туғызуы мүмкін. Сондықтан ұстаз
әркез шәкірттің рухани тілектерін, таным белсенділігін шөліркетпей, оны ұдайы
қанағаттандырып, оның табиғатты, өмірді, адамдар еңбегін білуге құштарлығын
түртпектеп дамытып отыруы қажет деп ойлаймын.
Қорыта айтқанда, ескі элитаның орнын жаңа буын алмастырады. Олар жаңаша
ойлап,тантаурын болған сүрлеумен емес,соны соқпақтармен журуі қажет.Сонда ғана
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
156
жастар білімнің тұғырына жетіп,нұр үстіне нұр жаудырар еді және «жоғары оқу
орнында білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын заман ағымында алынған
терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі
дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер
қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп атап көрсетілгенін естен
шығармауға тиіспіз. Бүгінгі білім алушы-ертенгі маман.
Достарыңызбен бөлісу: |