БҚму хабаршы №3-2016ж



Pdf көрінісі
бет23/44
Дата06.03.2017
өлшемі4,23 Mb.
#7949
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44

 
Әдебиеттер
1.
 
Абульханова К.А. Психология и самосознания личности.  – М.:  Московский 
психолого-социальный институт, 1999. –  224 с. 
2.
 
Брудный А.А. Понимание и общение. – М.: Знание, 1989. – 64 с. 
3.
 
Буева  Л.П.  Общественные  отношения  и  общение  //  Методологические 
проблемы социальной психологии. – М.: Наука, 1975.  – С. 136-150 с. 
4.
 
Гиппенрейтер Ю.Б. Общаться с ребенком. Как. – М.: МАССМЕДИЯ, 1995. – 238 с. 
5.
 
Давыдов В.В. Виды обобщения в обучении. – М.: Педагогика, 1986. – 240 с. 
6.
 
Дерябо С., Ясвин В. Гроссмейстер общения. – М.: Смысл, 2000. – 192 с.  
7.
 
Десен  Л.Н.  Некоторые  социально-психические  особенности  школьников 
юнешеского возраста // Вопросы психологии. – 1973. – №2. – С. 99-104. 
8.
 
Джакупов  С.М.  Экспериментальные  исследовния  этнических  предубеждений  // 
Межвузовский сборник научных трудов «Теоретические и прикладные проблемы социолизации 
личности». Часть ІІІ. / Под. ред. С.М. Джакупов. –Алматы, 2002. – 162. – С. 25-45.  
9.
 
Диллман Б. Результаты на мишени. – 
 
СПб.: Белый кролик, 1995. – 232 с.  
10.
 
Доценко  Е.Л. Механизмы  межличностной  манипуляции  //  Вестник 
Московского университета. Серия 14. Психология. – 1993. – №4.
 
– С. 3-12.  
11.
 
Зейгарник  Б.В.  Теории  личности  в  зарубежной  психологии.  –  М.:  Изд-во 
Моск. ун-та, 1982. – 179 с. 
12.
 
Кондратьева  С.В.  Межличностные  понимание  и  его  роль  в  общении  / 
Автореферат. дис. ... докт. психол. наук. – Л., 1979. – 36 с. 
13.
 
Майерс Д. Социальная психология. – СПб.: Питер, 1999. – 637 с. 
14.
 
Маралов  В.Г.  Основы  самопознания  и  саморазвития.  –  М.:  Издательский 
центр «Академия», 2002. – 256 с. 
15.
 
Немов Р.С. Практическая психология. – М., 1999. – 378 с. 
 
Жантуреева А.А., Ойлыбаева Л.Н. 
Философские  аспекты самопознания 
В статье дается анализ   теоретических исследований философских аспектов 
самопознания,  также    значимость  предмета  самопознание  в  воспитании  и 
развитии личности как гражданина своей страны. 
Ключевые  слова:  Личность,  воспитание,  ценность,  самопознание,  сознание, 
потребность, социум, возможности.  
 
Zhantureeva A., Oilybaeva L. 
Philosophical aspects of self-knowledge 
In article is given analysis to theoretical recearches about the philosophical aspects 
of  self-knowledge,  also  the  importance  of  a  subject  self-knowledge  in  education  and 
development of the personality as a citizen of the country. 
Keywords: 
Personality, 
education, 
value, 
self-knowledge, 
consciousness, 
requirement, society, opportunities. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
167 
ӘОЖ: 378.2:78 
 
Габбасова М.Т. – оқытушы, магистр,  
М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
                                            E-mail: meiramgul.gabbasova@mail.ru 
    
БОЛАШАҚ МУЗЫКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 
ДЕРБЕСТІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Аңдатпа.  Мақалада  болашақ  музыка  мұғалімдерінің  шығармашылық 
дербестігін  қалыптастырудың  мәселелері  қарастырылған.  Шығармашылық 
дербестікке  қатысты  оқу  мотивінің,  сұраныстың  рөлдері  көрсетіледі.  Болашақ 
музыка  мұғалімдерінің  шығармашылық  әрекетін  қалыптастырудың  жолдары 
айқындалады. 
Тірек  сөздер:  Жоғары  оқу  орны,  оқыту-тәрбиелеу  үдерісі,  студент, 
шығармашылық, шығармашылық дербестік, мотив, сұраныс.  
 
Тәуелсіз  Қазақстанның  алдағы  уақыттағы  дамуы  жан-жақты  дамыған, 
мамандығын  жақсы  игерген,  патриоттық  сана-сезімі  қалыптасқан  жас  ұрпаққа 
байланысты.  Осы  мақсатты  орындауға  байланысты  білім  беру  саласындағы  
реформалар білім беру жүйесін модернизациялаудың бағыттарын анықтауда. Осыған 
орай, ұлттық жоғары мектепте білім берудің әлемдік деңгейіне жету жөнінде шаралар 
қабылданды:  Қазақстан  Еуропалық  білім  кеңістігіне  енді,  Болон  Декларациясына 
қосылды [1, 9 б.]. 
Осындай шаралар Қазақстанның жоғары мектебі дүние жүзілік білім деңгейіне 
жетуге  және  бірыңғай  білім  беру  жетістігіне  енуге  мүмкіндік  беруде.  Алға  қойған 
мақсаттарға  жету  механизмі  Болондық  процестің  өлшемдерін  орындау  болып 
табылады.  1999  жылдан  бері  Еуропа  елдерінің  тегіс  қолдап  отырған  Болон 
декларациясының  басты  принциптері  еліміздің  жоғары  оқу  орындарында  жүзеге 
асырыла  бастады.  Атап  айтқанда,  жоғары  білім  берудің  үш  деңгейін  бекіту: 
бакалавриат,  магистратура,  докторантура;  оқыту  процесін  ұйымдастырудың  және 
оқыту нәтижесін бағалаудың еуропалық кредит жүйесін енгізу.  
Жоғары  білім  –  маманға  білім,  іскерлік  және  дағды  ғана  беріп  қоймайды,  ол 
жеке тұлға қалыптастырады. Бүгінгі таңда маман дайындаудың көкейкесті мәселелері 
–  әлемдік  білім  беру  кеңістіне  сай  бейімді  білім  алу,  кәсіби  қалыптастырудың 
сапасын  жақсарту,  біліммен  қамтамасыз  етудің  ғылыми-әдістемелік  жүйесін 
түбегейлі  жаңарту,  оқытудың  әдістері  мен  ұйымдастыру  түрлерін  қайта  қарастыру, 
алдыңғы  қатарлы  оқу-тәрбие  тәжірибелері  мен  қазіргі  қоғамның  сұраныстарының 
алшақтығын  жою,  білімдегі  жаңашылдықты  саралау,  білімді  жетілдіру  үдерісіндегі 
үздіксіздікті қамтамасыз ету. 
Мұндай  жағдай,  қазіргі  уақытта  мектептің,  жоғары  оқу  орнының  алдына  
қоятын  мақсаты  –  жаңаша  ойлайтын,  еркін,  жаңа  заман  талабына  сай  әрекет  жасай 
алатын, жоғары білікті, белсенді маманды даярлап шығару болып табылады. Болашақ 
мамандардың  ойлау  қабілетін  жетілдіру,  өзіндік  пікірінің  болуын  және  еркіндігін 
дамыту,  олардың  өздігінен  жаңа  ақпаратты  меңгеруге  деген  ұмтылысын 
қалыптастыру, алынған теориялық білімді практикамен  ұштастыра білу білігі, яғни, 
болашақ  маман  ретінде  қәсіби  біліктіліктерін  меңгерту  және  жетілдіру  –  жоғары 
мектептің  алдында  тұрған  мәнді  және  орындалуға  тиісті  мақсат  ретінде  болады. 
Еліміздегі  оң  реформаларға,  жан-жақты  жаңалықтарға  түсіністікпен  қарап  әрекет 
жасай алатын, пайда болып жатқан жаңа мақсаттарды жаңа технологиялармен  шеше 
білетін мамандарды даярлау талап етілуде. Қазақстан Республикасының білім беруді 
дамытудың 
2011-2020 
жылдарға 
арналған 
Мемлекеттік 
бағдарламасында  
оқитындардың өзін барынша көрсете білу және қоғам өміріне пайдалы түрде қатысу 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
168 
үшін  (құзыреттілік)  ақпаратты  өз  бетінше  табу,  талдау,  құрылымдау  және  тиімді 
пайдалану дағдысын бойына сіңіру әлдеқайда маңызды да күрделі деп көрсетілген [2]. 
Студент  өз  мамандығына  қатысты    пәндердің  мазмұнын  сапалы  игеріп,  
қажетті ситуацияда іс жүзінде пайдалана білуге, практикалық талаптарға даяр болуы 
тиіс.  Осыған  орай,  жоғары  оқу  орнында  оқыту  және  тәрбиелеу  үдерісінің    жаңа 
талаптарға  сай  жүргізілуі,  онда  әдістемелік  және  ғылыми-практикалық 
жаңалықтардың  қолданылуы  міндетті  түрдегі  қажеттілік  болып  отыр.  Заман 
сұраныстарына  сай  білікті  мамандарды  даярлаудың  негізі  жоғары  оқу  орнында 
жүргізіледі, сондықтан ондағы оқыту және тәрбиелеу үдерісінің маңызы зор болады. 
Жоғары оқу орнында кредиттік оқыту технологиясына дейін студентке басым 
түрде  ойлауды,  өздік  жұмысты  көп  талап  етпейтін    оқу  жадығатын  беріп  келді. 
Мұның өзі оның танымдық сұранысы мен білімге деген ұмтылысының қалыптасуына 
толық мүмкіндік бермеді. Ал жұмыс орындарының жаңа талаптары бойынша студент 
өзінің  дербестігінің,    ойлай  білу  функциясының,  творчестволық  жұмыстануының 
қорытындысында  мамандығы  бойынша  шеберлікке  бастама  болу  керек.  Қоғамның 
өзгеруіне  байланысты  білім  жүйесінде  демократиялық  және  гуманистік 
ұстанымдарын  қолдана  бастауына  сәйкес  оқыту  процесіндегі  оқытушы  -  студент 
байланысындағы  қарым-қатынас  жаңа  сипатқа  ие  болды.  Осының  нәтижесінде 
студент  оқыту-тәрбиелеу  үдерісінің  жаңа  статусына,  яғни  субъект  ретінде 
қарастырыла бастады.  Оқытушылар ұжымы студенттің танымдық белсенділігін мен  
мотивациясын  пайдаланып,  оны  болашақ  қызметіндегі  керекті  білімдермен, 
іскерліктермен  және  дағдылармен  таным  жарақтандыруы  қажет.  Студенттің 
дербестігі  артқанмен  практика  оқытушының  ролінің  кемімегенін  көрсетіп  отыр. 
Сондықтан да, педагог және студент - оқу үдерісінің екі жақты белсенді субъектілері 
болып  табылады.  Осыған  орай,  соңғы  жылдары  оқыту  үдерісіне    қолдана  бастаған 
оқыту технологиялардың, оқытудың техникалық жабдықтары (электронды кітаптар, 
компьютерлік  оқыту  технологиялары,  дистанциялық  білім  беру)  қолдануы  
студенттің  жекелік  білім  алу  процесін  сапалы  жүргізуге  мүмкінлік  пайда  болды.  
Осыдан  жоғары  мектептің  оқыту  пәндерінің  және  технологияларын  студенттің 
мүмкіндігін,  меңгеріп  жатқан  мамандығына  қызығушылығын,  талпынысын  есепке 
алу, оқыту процесіне кредиттік оытудың талаптарын ескеру, оқытудың практикалық 
жағына мән берудің ролі артты. 
Практика  студенттерге білім беруде, білік, дағдыларды қалыптастыруда, ойлау 
және таным қабілеттерін дамытуда оқытудың жалпы психологиялық заңдылықтарын 
білуі  қажет  екендігін  көрсетті.    Осыған  орай,    студенттердің  оқу  үдерісіндегі 
әрекеттеріне көңіл бөлудің жан жақты мәні бар. 
Мұғалімнің  кәсіптік  іс-әрекетінде  «музыкалық  білім  беру»  ұғымы 
«шығармашылық  дербестік»  ұғымымен  байланысты  болғандықтан  ерекше  мәнге  ие 
болады.  Болашақ  музыка  мұғалімінің  кәсіптік  даярлығына  қойылатын  негізгі 
талаптардың  бірі  –  оларда  шығармашылық  өзін  -  өзі  жүзеге  асыру  білімдерін, 
іскерліктерін  және  дағдыларын  қалыптастыру  болып  табылады.  Осыған  орай, 
болашақ  музыка  мұғалімінде  шығармашылық дербестікті  қалыптастыру  үшін  өзін  - 
өзі танудың, өзін- өзі жүзеге асырудың, өзін- өзі өзектендіретін міндеттерін шешуге 
бағытталған педагогикалық үдерісті тиімді ұйымдастыруға назар аудару керек. 
Қазіргі  қоғамның  жоғары  музыкалық-педагогикалық  білім  жүйесінің  алдына 
қойған  кәсіптік  өсу  мақсаты  болашақ  мұғалімдерді  жан-жақты  дамыту  мен  кәсіптік 
дайындықтың  жетілдіруін,  музыкалық  және  толықтай  орындаушылық  қызметте 
шығармашылық дербестікті және кәсіпқойлықты қалыптастыруды талап етеді. Олай 
болуының  себебі  болашақ  музыка  мұғалімінің  шығармашылық  дербестігі  мен 
орындаушылық  шеберлігінің  қалыптасу  деңгейі,  оның  болашақ  кәсіптік  еңбегіне 
дайындығының  жалпы  деңгейін  айтарлықтай  көрсетеді.  Осыған  байланысты, 
болашақ  маманның  орындаушылық  шеберлігін  қалыптастырудың  жолдары  мен 
әдістері  жоғары  мектептің  теориясы  мен  практикасында  қарастырылады,  бірақ 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
169 
тәжірибе  осы  мәселеге  қатысты  біраз  маңызды  сұрақтардың  шешімі  табылмай 
келетінін  көрсетіп  отыр.  Музыкалық-педагогикалық  мамандықтағы  кәсіби  білімнің 
басты  мақсаттарының  бірі  –  болашақ  музыка  мұғалімінде  шығармашылық 
дербестікті, ойлауды, қабілетті тудыру және кәсіптік педагогикалық шындықты қайта 
құру болып табылады. Осыған байланысты жоғары оқу орнындағы оқыту-тәрбиелеу 
үдерісі болашақ мамандарда шығармашылық дербестікті, өзін өзі дамытуға және өзін 
өзі  жетілдіруге,  мамандығына  керек  білімді,  іскерлікті  және  дағдыны  меңгертуге 
бағытталуға тиісті.    
Болашақ  мұғалімнің  шығармашылық  потенциалын  қалыптастырудың  және 
дамытудың  мәселесі  О.Г.  Сущенко,  И.А.  Полунина,  В.П.  Королевтың,                              
С.Л.  Рубенштейннің,  В.А.  Сластениннің  және  т.б.  еңбектерінде  қарастырылды.  Ал, 
Г.М.  Цыпин,  Н.А.  Горлинская,  Л.Г.  Арчажникова,  Н.Л.  Белая,  Л.А.  Рахимбаева,                        
Б.М. Бекмухамедов Г.М. Мамыкова және т.б. жоғары оқу орнында аспаптық даярлық 
үдерісінде болашақ музыка мұғалімдерінің шығармашылық дербестігін зерттеді. 
Онда  авторлар  шығармашылық  іс-әрекетті  қарастырады,  соның  ішінде 
болашақ  музыка  мұғалімдерінің  шығармашылық  дербестігін  екі  астарда  қозғайды: 
қалыптастыру позициясынан (С.Л. Рубинштейн, В.А. Сластенин, Л.Г. Арчажникова, 
Г.М.  Мамыкова  және  т.б.)  және  дамыту  позициясынан  (Г.М.  Цыпин,                                  
Н.А. Горлинская, Л.А. Рахимбаева, Б.М. Бекмухамедов және т.б.). 
С.И.  Ожеговтың  сөздігінде  «қалыптастыру»  ұғымы  «белгілі  бір  форма  беру, 
аяқталғандық,  тудыру»  деп  беріледі,  ал  қазіргі  түсінік  бойынша  «қалыптастыру»  – 
бұл жасау, құру, ұйымдастыру, тудыру [3, 853 б.]. Біздің пікірімізше, қалыптастыру – 
бұл  тұқым  қуалаушылықтың,  ортаның  мақсатты  бағытталған  тәрбиенің  және  жеке 
адамның  өзінің  белсенділігінің  объективті  әсерінің  нәтижесіндегі  жеке  адамның 
құрылуының процесі. 
Шығармашылық  дербестікті  қалыптастырудың  негізіне  ең  алдымен 
мотивациялық  аяны  дамыту  жатады.  Ең маңызды  мотивтердің  бірі  –  қызығушылық 
болып  табылады.  Белгілі  бір  әрекетпен  айналысу  көпшілік  жағдайда  оған  деген 
қызығушылығының болуымен байланысты. Ол өз кезегінде, студенттерде білімдерін, 
іскерліктерін  және  дағдыларды  жетілдіруге  мүмкіндік  береді.  Осы  мәселемен 
айналысатын  ғалымдардың  тұжырымдамасы  бойынша  қызығушылық  туа  біткен 
сапалық  қасиет  емес, ол  тұлғаның  қалыптасуының  және  дамуының  нәтижесі  болып 
табылады. 
Жоғары оқу  орнындарында  болашақ  мұғалімдерді  даярлау  үдерісінде  оқудың 
мотивтері  білімді  меңгерудің  және  ақыл-ой  дамуының  маңызды  шарты  болып, оқу-
шығармашылық  әрекетінің  сипатына,  білімнің  тереңдігіне  және  беріктігіне,  білімді 
кеңейтуге  және  жаңғырту  сұранысына  тікелей  әсер  етеді.  Оқудың  мотивтері, 
шығармашыл тұлғаны дамытудың ішкі қозғаушы күші ретінде болып, сонымен бірге 
психикалық әрекетке де жалпы стимулдаушы әсер етіп болашақ музыка мұғалімінің 
даярлау сапасына оң септігін тигізеді. 
Сұраныс  туралы  әңгіме  болғанда  А.В.  Ениннің  пікірінше,  шығармашылық 
немесе  эстетикалық  сұраныстарды  тек  жаңаны,  шындықты  ашумен  немесе 
әсемдікпен 
әсерленумен 
қанағаттанбайды. 
Оларды 
қанағаттандыру 
үшін 
шығармашылық  белсенділік  қажет,  ол  өз  кезеңінде  эмпирикалықты  немесе 
сезімталдықты  күту  процесін  әлдеқайда  күшті  және  көпқырлы  қылады.  «Күту 
процесінің»  өзі  шығармашылық  белсенділіктің  көрінісінің  формасы  ретінде  болып, 
сұраныстарды  толық  қанағаттандырудың  механизмі  ретінде  болады,  яғни 
қанағаттанған  сұраныстар  ғана  дамиды  [4,  37  б.].  Әрі  қарай  А.В.  Енин  мынадай 
қорытынды  жасайды:  сұраныстардың  қанағаттандық  дәрежесі  және  олардың  дамуы 
ең  алдымен  тұлғаның  шығармашылық  белсенділігіне  пропорционалды  тәуелділікте 
болады  [4,  38  б.].  Осы мәселеге  байланысты А.И.  Ковалев  мынадай  пікір  білдіреді: 
осындай  функцияны  шығармашылық  және  қарым-қатынас  сұраныстары  да 
орындайды. 
«Болашақ 
музыка 
мұғалімінің 
шығармашылық 
дербестігін 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
170 
қалыптастырудың негізгі көздері – тұлғаның шығармашылыққа және кәсіптік қарым-
қатынасқа  деген  имманетті  сұраныстары  болады,  олардың  ашылуына  және 
қанағаттандырылуына  жоғары  оқу  орнының  оқыту-тәрбиелеу  үдерісі  бағытталуы 
тиіс»  [5,  7  б.].  А.И.  Ковалев  шығармашылық  және  қарым-қатынасқа  сұранысын  оң 
эмоциямен тығыз байланыстың басты белгілері ретінде сипаттайды. Шығармашылық 
және  қарым-қатынас  сұранысы  адамның  жоғары  сұраныстарына  жатады  және  олар 
белсенділікті қанағаттандыруда көрінісін табады [5, 8 б.]. 
Шығармашылық адамның жасаушы  іс-әрекеті  ретінде, оның көрінісі әр алуан 
болады.  Осыған  байланысты  А.В.Торопова  мынадай  пікір  айтады:  көріністері 
шығармашылық  әрекеттен  шешімді  іздеу  процесінен  кейін,  оның  нәтижесі  ретінде 
жаңаның пайда болуы, ерекше шығармашылық қабілеттен шығармашылық әрекеттің 
дағдысына дейін болады [6, 105 б.]. 
Оқытудың  кредиттік  жүйесі  оқытушы  педагогикалық  іс  -әрекетте  жүріп, 
міндетті  түрде  шығармашылық  нәтижесі  көрініс  табатын  инновациялық  процеске 
түсуді  талап  етеді.  Шығармашылық  нәтиже  тұлғаның  өзгеруінен  көрінеді  және 
инновациялық іс-әрекет үш деңгейлі құрылымнан тұрады. Оның негізін рефлексия – 
өзіндік  іздену,  шығармашылық  іс-әрекетін  ой  елегінен  өткізу,  креативті  –  қайта 
өзгертетін іс-әрекет және біріккен шығармашылықты құрайды. 
Шығармашылық  деген  сөздің  сырына  үңілсек,  «шығармашылық»  сөзінің 
төркіні  –  «шығару»,  «іздену»,  «ойлап  табу»  дегенге  келіп  саяды.  Ол  тарихи  және 
қоғамдық  мәні  бар,  жаңалық  ашатын  адамның  әрекеті.  Шығармашылық  –  адамның 
мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сұранысы 
мен ізденісінен құралып, ақыл ой мен сезімнің, қиялдың ерекше бітімінен көрінеді. 
Шығармашылық  –  бұл  адамның  өмір  шындығында  өзін  өзі  тануға  ұмтылуы, 
ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді 
шешімдер  қабылдай  білуге  үйренуі  керек.  Адам  бойындағы  қабілеттерін  дамытып, 
олардың  өшуіне  жол  бермеу  адамның  рухани  күшін  нығайтып,  өзін-  өзі  табуына 
көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Адамның өз 
болмысын  тануына  көмектесіп,  тереңде  жатқан  талап  тілегін,  қабілеттерін  дамыту, 
сол  арқылы  оған  толыққанды  өмір  сүру  үшін  жаңа  рухани  күш  беру  білімнің  ең 
маңызды мақсаты. 
Шығармашылық  –  жаңа  рухани  және  материалдық  құндылықтарды  жасау 
жолындағы  адам  әрекетінің  нәтижесі,  жемісі.  Шығармашылық  тек  адамға  ғана  тән 
құбылыс. 
Шығармашылық  іс-  әрекеттің  негізгі  белгілері  адамның  жемісті  тіршілігін 
қамтамасыз  ете  отырып,  оның  қабілеттіліктеріне  негізделеді.  Тұлғаның  белгілі  бір 
әрекетке  қабілеттілігі  қаншалықты  жоғары  болса,  соншалықты  оның  бойында  сол 
әрекетке қызығушылығы көп артады. 
Шығармашылық  –  бұл  нақты  іс-  әрекет  барысында  жүзеге  асырылатын  өз 
бастауы,  өту  барысы  және  нәтижесі  болатын  үрдіс.  Бұл  үрдіс  үш  кезеңнен  өтеді: 
дайындық,  ізденіс,  орындау.  Осы  деңгейлерге  сәйкес  шығармашылық  қабілеттердің 
құрылымын  анықтайды,  өз  бойынан  оларды  талдайды,  бағыттай  отырып  дамытады 
және жетілдіреді. 
Шығармашылық  бастапқы  дайындау  деңгейінде  ізденіс  объектісі  алынып, 
проблема  қойылады,  шешімін  табу  үшін  міндеттер  белгілейді  және  т.б.  Педагог 
әрекетінде бұл сұрақтар, проблемалар, міндеттер әрдайым болып тұрады. Дегенмен, 
интеллектуалды дамыған адамның шығармашылық тұлғадан басты айырмашылығы – 
оның  алдына  өзгелер  қойған  міндетті  шешетін  болса,  шығармашылық  тұлға  – 
проблемаларды  өз  бетімен  қойып,  оның  шешімін  өзі  табады.  Қорыта  келгенде, 
шығармашылық  рухты  оқу  үдерісіне  енгізу  мұғалімнің  кәсіптік  даярлығына, 
азаматтығына, шығармашылығына байланысты болады. 
Болашақ  музыка  мұғалімінің  шығармашылық  дербестік  әлуетін,  оның  кәсіби 
дайындығында  дамыту  студенттерді  оқытудың  нақты  әдіс-тәсілдерінің  ішкі 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
171 
механизмдері  мен  құралдарының  мақсатының,  мазмұнының  бірлігі  негізінде  алға 
қойылған міндеттерді табысты түрде жүзеге асыруға деген саналы, мақсатты түрдегі 
күш салуларына негізделген оқыту үдерісін талап ете отырып, қайта құру бастамасы 
үшін маңызды ынталандыру болып табылады. 
Болашақ  музыка  мұғалімдерін  оқытудың  және  тәрбиелеудің  мақсаты  ретінде 
шығармашылық  дербестікті,  бастамашылықты,  танымдық  белсенділікті  дамытуды 
қарастыра 
отырып, 
қөптеген 
ғалымдар 
педагогикалық 
үдерістің 
басты 
психологиялық  механизмдеріне  шығармашылық  қызметінің  өзінің  көрініс  табуын  – 
өзінің бағыты бойынша шығармашылық болып табылатын кәсіби мәселелерді талдау 
мен  шешуде  жетекші  құралдар  ретінде  әрекет  ететін  алдын  алуға,  болжауға, 
болжамдар  ұсынуға,  баламаларды  талдауды  іске  асыруға,  үлгі  жасауға  және  т.б. 
мүмкіндік  беретін  ойлардың,  ұстанымдардың,  қатынастардың,  бағалаудың, 
сезімдердің  субъективті  жаңашылдығын  жатқызады.  Нәтижесінде  болашақ  музыка 
мұғалімін  даярлаудың  оқушылардың  шығармашылық  қызметін  ынталандыруды, 
дамытуды  қамтамасыз  ететін  объективті  –  сапалы  жаңа,  іздеуші-жасаушы  нәрсені 
құру  үдерісі  ретіндегі  әдістемелік  жүйесі  қалыптасады,  ол  өз  бетінше  қызметтің 
көптеген  түрлерінің  бірі  болып  табылмай,  тек  оның  сан  алуан  түрлерінің  қоғамдық 
мазмұнын ғана қамтиды. 
Жалпы және музыкалық педагогикада болашақ мамандарды дайындаған кезде 
шығармашылық дербестікті дамытудың жеткілікті дәрежедегі түрлері мен әдістерінің 
жинақталғанын  тәжірибе  көрсетіп  отыр.  Қолда  бар  педагогикалық  тәжірибенің  қай 
үздігі болашақ музыка мұғалімінің шығармашылық қызметінің негізінде бола алады, 
әрі  болуы  керек.  Бұл  жағдайда  студенттің  жеке  тұлғасының  шығармашылық 
қасиеттерін  ынталандыруға  және  дамытуға  айтарлықтай  тиімді  ықпал  ететін  оқыту 
әдістерінің жүйесін әзірлеу маңызды орын алатыны сөзсіз. 
Болашақ музыка мұғалімін кәсіби даярлау үдерісі осы дайындықта жеке тұлға 
мен ұжымның қалыптасуына ықпал ететін барлық нәрсені қамтитын педагогикалық 
үдеріске  қатысушылардың  белсенді  ынтымақтастығын  ұйғаратын  жеке  тұлғалық-
шығармашылық ыңғайға басты орын берілетіндей ұйымдастырылуы керек.       
Мұғалімнің музыка-педагогикалық дайындығындағы ең маңызды астарлардың 
бірі,  біздің  пікірімізше,  шығармашылық  дербестікті,  бастамашылықты,  айтарлықтай 
нәтижелерге  қол  жеткізуге  деген  талпынысты  көтерудегі  шығармашылық  еркіндік 
болып  табылады.  Болашақ  музыка  мұғалімі  кәсіби  тұрғыдан  маңызды  білімдер  мен 
икемділіктерді алған кезде еркін таңдау жағдайларында болу керек.  
Педагогиканың  және  музыкалық  білім  берудің  әдіснамалық  астарлары 
бойынша, егерде тұлға адамдармен, жағдайлармен, құбылыстармен ерекше қатынаста 
болса,  онда  музыка  мұғалімі  әлдеқайда  үлкен  мүмкіндіктерге    және 
артықшылықтарға ие болады екен. 
Біздің  музыкалық-педагогикалық  аяда  музыканттың  оптимальды  «тірі» 
қозғалыс  актіні 
құруда  мысалға  келтіруге 
болады,  онда  организмнің 
шығармашылығы жаңа тезникалық және көркемөнер міндеттерді Н.А. Бернштейннің 
айтуынша, «қайталау қайталаусыз» сәйкесті орындаушы қозғалыстар арқылы толық 
жүзеге  асады.  Педагог-музыканттардың  пікірінше,  шығармашылыққа  үйретуге 
болмайды,  бірақ  шығармашылықпен  жұмыс  істеуге  үйретуге  болады,  ол  үшін 
шығармашылық  өзін  өзі  жүзеге  асырудың  ішкі  кедергілерді  еңсеретін  жағдайларды 
жасау қажет. 
Ғалым-зерттеушілер  қандай  ішкі  импульстар  тірі  күштерді  жасауға,  іске 
асыруға  ұмтылдырады  деген  сұрақты  қарастырып,  бүкіл  тірінің  үздіксіз 
шығармашылығының мәні жанамалау деген қорытындыға келеді. Сонда бұл не деген 
құбылыс? 
Жанамалау  –  бұл  адамның  өмірлік  әрекетінің  психофизиологиялық  және 
психологиялық  механизмі.  Ол  арқылы  қажетті  мақсатты  «айналмалы»  жолмен 
орындайды, яғни субъекті мен объектінің арасына қандайда бірді салу арқылы жүзеге 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
172 
асады.  Көркемөнер  шығармашылығында  ойлар  және  сезімдер  көркемөнер 
белгілерімен және құралдарымен жанамаланған, яғни сөздермен, бояулармен, дыбыс-
интонациямен (ноталық белгілер), қозғалыстармен. 
Музыка мұғалімінің кәсібі педагогика және музыка өнерінің ажырамас бірлігі 
болып  табылады,  бұл  өз  кезегінде  жалпыпедагогикалық  және  арнайы  қабілеттердің 
кең  кешенін  талап  етеді.  Музыкалық-педагогикалық  іс-әрекетте  музыкалық-
шығармашылық қабілет қажетті әрі міндетті компонент болып табылады. 
Болашақ  музыка  мұғалімінің  шығармашылық  дербестігіне  субъектінің 
(студенттің) таным объектісіне (оқу жадығатына) өзгертетін қатынас тән. Аспаптық 
даярлық  процесінде  осындай  өзара  әрекет  барысында,  тек  қана  объект  өзгеріп 
қоймай, оның нәтижесінде музыкалық шығармашылықты өзіндік интерпретациялау, 
оның  орындалуы,  шығармашылық  сипаттағы  өзіндік  жұмыстың  жүзеге  асуы, 
өздігінен  білім  алуы.  Оқытудың  мақсаты  үшін  маңыздысы  өзара  әрекеттің 
субъектісінің өзі, яғни студент өзгереді. 
Болашақ музыка мұғалімін шығармашылық процеске қатыстыру нәтижесінде, 
оларда жаңадан пайда болатыны – музыкалық-шығармашылық қабілеттері, оған қоса 
музыкалық-шығармашылық  іскерліктері  мен  дағдылары,  олардың  сапалық 
көрсеткіштері  музыкалық-шығармашылық  қабылдау  болады,  бұлар  өз  кезегінде 
белсенді  музыкалық-практикалық  әрекетпен  көрініс  табады.  Осыған  орай,  Л.Г. 
Арчажникованың  пікірінше,  жоғары  оқу  орнында  аспаптық  даярлау  процесінде 
болашақ  музыка  мұғалімінің  шығармашылық  әрекеті  әртүрлі  шығармашылық 
сатылардан  тұрады:  шығармашылық  қабылдау,  шығармашылық  орындау  және 
зерттеу, әрекетінің түрі ретінде [7, 119 б.]. Бұл пікір Б.В. Асафьевтің ойынан қолдау 
көріп  отыр,  яғни  музыканы  музыкалық-шығармашылық  қабылдау  практикалық 
әрекетпен ұштасып, олар музыкалық аспаптар арқылы орындауы тиіс [8, 81 б.]. 
Музыкалық-орындаушылық  әрекеттің  шығармашылық  дербестігінің  өзіндік 
ерекшеліктері  бар.  Атап  айтқанда,  олар  шығарманың  мазмұнына  өзіндік  бір 
көркемөнер-ассоциативтік 
тұрғымен 
байланысты. 
Педагогикалық 
әрекеттің 
стратегиясы  мен  тактикасында  оқушы-музыканттың  шығармашылық  потенциалын 
байытуға және дамытуға деген бағыт маңызды орын алуы керек. 
Осы  айтылғандардан  шығаратын  қорытынды:  жоғары  оқу  орнында  аспаптық 
даярлаудың  білім  беру  процесінде  болашақ  музыка  мұғалімінің  музыкалық-
шығармашылық  қабілеттерін  және  шығармашылық  дербестігін  дамытуға  мол 
мүмкіндік бар.                   
Болашақ  музыка  мұғалімдерін  оқытудың  және  тәрбиелеудің  мақсаты  ретінде 
шығармашылық  дербестікті,  бастамашылықты,  танымдық  белсенділікті  дамытуды 
қарастыра 
отырып, 
қөптеген 
ғалымдар 
педагогикалық 
үдерістің 
басты 
психологиялық  механизмдеріне  шығармашылық  қызметінің  өзінің  көрініс  табуын  – 
өзінің бағыты бойынша шығармашылық болып табылатын кәсіби мәселелерді талдау 
мен  шешуде  жетекші  құралдар  ретінде  әрекет  ететін  алдын  алуға,  болжауға, 
болжамдар  ұсынуға,  баламаларды  талдауды  іске  асыруға,  үлгі  жасауға  және  т.б. 
мүмкіндік  беретін  ойлардың,  ұстанымдардың,  қатынастардың,  бағааудың, 
сезімдердің  субъективті  жаңашылдығын  жатқызады.  Нәтижесінде  болашақ  музыка 
мұғалімін  даярлаудың  оқушылардың  шығармашылық  қызметін  ынталандыруды, 
дамытуды  қамтамасыз  ететін  объективті  –  сапалы  жаңа,  іздеуші-жасаушы  нәрсені 
құру  үдерісі  ретіндегі  әдістемелік  жүйесі  қалыптасады,  ол  өз  бетінше  қызметтің 
көптеген  түрлерінің  бірі  болып  табылмай,  тек  оның  сан  алуан  түрлерінің  қоғамдық 
мазмұнын ғана қамтиды.       
                                              
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет