Медешова А.Б. – педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент, М.Өтемісов атындағы БҚМУ
E-mail: medeshovaa@mail.ru
Аймичева Г.И. – магистр, М.Өтемісов атындағы БҚМУ
E-mail:
aimicheva@mail.ru
Муратова Ж.М. – магистр, М.Өтемісов атындағы БҚМУ
E-mail: noreply@fotostrana.ru
Қасымова А.Х. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан
аграрлы-техникалық университеті
НӘТИЖЕГЕ БАҒДАРЛАП ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ТҮЛЕКТЕРДІҢ
БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Аңдатпа. Мақалада жоғары оқу орны түлектерінің кәсіби құзыреттілігін
қалыптастыруды білім берудегі сабақтастық арқылы жүзеге асыру баяндалған.
Шетелдік және отандық жоғары оқу орны студенттерінің оқу бітіргеннен кейінгі
жұмыспен қамтылу тәжірибелері қарастырылған. Түлектердің жоғары оқу орнында
сапалы білім алып, жұмыспен қамтылуы - қоғамдағы маңызды мәселенің бірі. Сапалы білім
берудегі жаңашылдық - нәтижеге бағдарлап оқыту. Мақалада нәтижеге бағдарлап
оқытудың түлектерді жұмыспен қамтудағы тиімділігі мен орны ашық көрсетілген.
Тірек сөздер: Нәтижеге бағдарлап оқыту, сапа, тұлға, сабақтастық, білім
бағдарламасы, құзыреттілік, жұмыспен қамту.
Қазақстанда білім беру қоғам мен мемлекеттің барлық саладағы
инновациялық-технологиялық даму стратегиялық бағамына сәйкес жүреді. Өйткені
қазіргі кезде жоғары білім беруді деңгейлеп жүзеге асыру (бакалавриат,
магистратура, докторантура, пост-докторантура) Болондық үрдіс аясында әлем
мойындайтын жоғары білікті маман болу мүмкіндігін туғызып отыр.
Н.Назарбаев: «Білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға
деген сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек,» - деп нақты мақсат қойды.
Бұл мақсаттың жүзеге асуы үшін кәсіптік білім саласы қажетті және бәсекеге
қабілетті маман даярлауға баса көңіл бөледі. Қазақстан Республикасы білім беруді
дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген
шараларға сәйкес жоғары оқу орындарын еліміздің индустраилды-инновациялық дамуы
мен еңбек нарығы талаптарын қанағаттандыратын деңгейге көтеруді көздейді [1].
Сапалы білім беруде (оқушы, жұмыс беруші, қоғам, мемлекет) сұраныс
берушінің қажетіне кәсіптік дайындықтың сәйкес болуы керек. Алынған білімнің
адекваттық проблемасы әлеуметтік өмір шындығында өте қатты алаңдатушылық
әкелді. Үздіксіз білім беру мен оның бір формасы ретінде қосымша кәсіптік білім
беру идеясын туғызды. Бұл жерде сапа - нарықтық категория, оны қоғам және тұлға
сияқты екі басты тұтынушылар тұрғысынан қарастырамыз. Қоғам тұрғысынан,
сапалы білім беру - қоғам талаптарын қанағаттандыратын, экономикалық,
әлеуметтік, саяси, мәдени прогресс мүмкіндіктеріне сәйкес келетін білім беру болса,
тұлға (студент, ата-ана) тұрғысынан - өздігінен білім алу, өзіндік даму икемділіктерін
иелену мен әлеуметтік бәсекеге қабілеттілік жетістігі [2].
М.Н. Скаткин білім сапасына толықтық пен тереңдік, нақтылық пен жалпылық,
ашықтық пен жабықтық, жүйелілік пен тұтастық, саналылық пен қатаңдықты жатқызады [3].
Кәсіптік білім беру жүйесінде құзыретті маман даярлауда мұндай тиімді форма Германия,
Австрия, Дания, Нидерланды, Швейцария елдерінде нәтижелі пайдаланылып келеді.
Швейцарияда жұмыспен қамтамасыз ету жаңа жолға қойылған. Жұмыс
берушілердің өздері бакалаврларды жұмысқа қабылдай отырып, жоғары білімнен кейінгі
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
80
оқуға (магистратураға) жолдама беріп, кейін кәсіби құзыреттілігі жоғары магистрдің
кәсіпорынға қайта оралуына аса мән береді. Сонымен қатар, бакалаврлар мен магистрларды
жұмысқа қабылдауда жұмыс берушілер үшін экономикалық тиімділік орын алған [4].
Германияда білім бағдарламаларына көп көңіл бөлінеді, себебі федералды
мекенге сәйкес ЖОО бағдарламалары бір-бірінен өзгеше. Олардың көлемі жалпы
бағдарламада 100%-ға дейін айрықшаланады. Вюрцбург қаласындағы университетте
инженерлік мамандық бакалаврлары кәсіптік білім мен икемділікпен қатар, жалпы
базалық білім саласындағы (жалпы білім беру, компьютерлік технология, шет
тілдері); коммуникативтік (презентация техникасын игеру, ауызша және жазбаша
сөйлеу құралдарын игеру, коммуникация мақсаттарына бағдарланған дағдыларды
игеру); әлеуметтік (кикілжіңді шешу, сынды қабылдау мен айту дағдысын игеру,
командада жұмыс істеу дағдысын игеру, клиенттің қызығушылығын ескеріп
проблеманы шеше білу); тұлғалық (орындалатын жұмысты ұйымдастыруды сауатты
жүзеге асыру, командада жетекші рөлін ойнау қабілеті), кәсіби (теория мен
практиканы ұштастыра білу), ақпараттық (ақпаратты айрықшалап, құрылымдай білу,
қажет ақпаратты таңдай білу) құзыреттіліктерге ие болуына аса мән береді [5; 6].
Ресейде мектеп және жоғары оқу орнындары (алдағы жерде «ЖОО» деп
беріледі) арасындағы мазмұндық, технологиялық сабақтастыққа баса назар
аударылады. Сабақтастық дегеніміз оқытуда пайда болып, дамитын үрдіс құраушыларының
бірлігі мен жеке тұлғаның өзіндік оқу іс әрекеті кезеңдеп жүретін педагогикалық үрдіс [7].
Жоғары оқу орны түлектерінің білім сапасына қарап, жұмыспен қамтамасыз етіледі. Жекелеген
түлектер жеке және орта бизнеспен айналысуы мүмкін.
Қазақстанда жоғары кәсіптік білім беруді жетілдіру оқытуды ұйымдастырудың
дәстүрлі тәсілдерін өзгерту қажеттігін айқындайды. Академиялық ұтқырлық, көп тілді
оқыту, жұмыс берушілер көмегімен студенттің оқу траекториясын анықтау, технологиялық
оқыту сияқты әлемдік тиімді формаларды оқу үрдісіне енгізу заман талабына айналды.
Соның бірі - оқыту уақытының көп бөлігі өндірісте, кәсіпорында өтетін, болашақ маман мен
мемлекеттің мүддесін біріктіретін нәтижеге бағдарлап оқыту моделі [8].
Hәтижеге бағдарлап оқытуды Қаақстан Республикасының «Білім туралы»
Заңында қарастырылған «кәсіби білім саласындағы әлеуметтік серіктестік» аясында
жүзеге асыруға болады. Ол студенттің жеке даму траекториясы бойынша жүреді [9].
Бәсекеге қабілетті, құзыретті тұлғаның қалыптасуы кәсіби тұрғыдан жетілудің
тек бір формада жүрмейтінін дәлелдейді. Егер студент теориялық оқуды
практикамен, тәжірибемен, ғылыми зерттеу жұмыстарымен ұштастырса, оның
технологиялық ойлау мен тұлғалық шығармашылық қабілеті шыңдалады.
Нәтижесінде өндірісте, экономикада, қызмет пен тұрмыста заманауи технологияны
қолдана алатын білімді студент бәсекеге қабілетті маман болып шығады.
Сөйтіп, технологиялық оқыту болашақ маманның іс-әрекеттік тәсілмен білім
алуына, кәсіби және тұлғалық икемділіктер мен дағдыларды практикалық-бағдарлы
меңгеруіне, алған білімін практикада пайдалана білуіне мүмкіндік туғызады. Міне,
бұл заман талабына жауап беретін құзыретті маман даярлаудың кілті болмақ [10].
Түлектердің жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру басты аспекті болып
табылады. Нарық сұранысын қанағаттандыратын маман дайындағымыз келсе, жұмыс
берушілер ЖОО-мен бірлесе қоғамдық қарым-қатынас негізінде осындай тәжірибені қолға
алғаны жөн. Сонымен қатар, өз мамандығын теориялық және практикалық тұрғыда толық
меңгерген түлектің жұмыспен қамтылу көрсеткіші жоғарылайды.
Нәтижеге бағдарлап оқыту педагогикалық сараман, арнайы пәнді оқыту
әдістемесі, тәрбие жұмысының әдістемесі сияқты пәндерді пән мұғалімімен, басқа
мұғалімдермен тікелей қарым-қатынас жасай отырып меңгереді.
Студенттер оқушылармен қарым-қатынас жасау икемділігі қалыптасады.
Мұның тағы бір жағымды тұсы, «Білім» тобындағы мамандыққа оқып жатқан
студенттердің мектептердегі жаңа оқыту технологияларын игеруге мүмкіндік туады.
Студенттердің мамандығы бойынша толық білім алуына ынтасы артады [11].
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
81
Нәтижеге бағдарлап оқыту студенттің практикалық кәсіби икемділіктерінің
жетілуіне көмектесуімен қатар, оның өнертапқыштық, робототехникалық, құрастыру, бизнес-
инкубатор, т.с.с. ғылыми-практикалық жоба жұмыстарына қатысуға жол ашады.
Болашақта нәтижеге бағдарлап оқытуға аса мән бере отырып, студенттердің
оқу жоспарына өзгерістер енгізу қажет. Атап айтқанда, аудиториялық оқытуда
пәндерді интеграциялаған жөн. Қазақ, орыс, шетел тілдерін немесе кәсіби шетел,
кәсіби қазақ/орыс тілдері салыстырмалы оқыту және мемлекеттік тілде іс жүргізу,
іскери қазақ тілі сияқты пәндерді модульдік технологияға негіздеп, бір модульге
енгізуге болады. Ал, кәсіптік пәндерді оқыту университет пен мектеп базаларында
өтуі керек. Студенттер ғылыми-зерттеу жұмысының тәжірибелік бөлімін өндірісте,
кәсіпорындарда, бизнесте орындайды. Орта және шағын бизнесте жүрген
түлектерімізбен байланыс аталмыш шараны жүзеге асыруға оң ықпал етіп отыр [12].
Болашақ информатика мұғалімдерін дайындауда колледждермен орнатылған
байланыс технологиялық оқытуды ендіруге мүмкіндік беріп отыр. Атап айтқанда,
студенттер колледжде оқыту ерекшеліктерін зерттейді, оқу үрдісіндегі кредиттік
және линейлік оқыту жүйесіне салыстырмалы талдау жасайды, әдістемелік
баяндамалар даярлауға үйренеді. Оқытушылар өзара ынтымақтастықта ғылыми-
әдістемелік бірлескен жұмыстарды бастады. Колледж оқытушыларымен ақпараттық
технологияны қолдану мәселесіне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
«ЖОО-мектеп» сабақтастығын пәндік деңгейде (пәндік-бағдарлы өзіндік
жұмысқа негізделген) нәтижеге бағдарлап оқытумен ұштастыра жүргізуді бастадық.
Орал қаласындағы №38 ЖОББМ базасында информатиканы оқыту әдістемесін өткізу
тәжірибесі жүргізілді. Пәннің дәрісі университетте, зертханалық жұмыс пен
ОЖСӨЖ, СӨЖ сабақтары мектепте өтеді. Студенттер сабақ өткізуге құлшына
кіріссе, әдіскерлер мен пән мұғалімі олардың мұғалімге қойылатын талаптарды талап
етеді. Студенттер оқушылармен тіл табысып, педагогикалық ұжымда жұмыс жасауға
үйрене бастады. Құжаттармен, оқушылармен қарым-қатынас жасауға бейімделеді.
Бұл туралы «Информатика» мамандығының студенттері былай деп ойларын тұжырымдады:
-
Нәтижеге бағдарлап оқыту бойынша Батыс Қазақстан мемлекеттік
университеті физика-математика факультетінің информатика 3 курс студенттері
«Информатиканы оқыту әдістемесі» (Медешова А.Б.) пәнін университетте және №38
орта мектепте өткен едік. Оқу барысында алған біліміміз, тәжірибеміз көп болды.
-
Мектепте жұмысты неден бастау керектігі жөнінде ойландым.
-
Мектепте
ұжыммен
жұмыстануды,
ұжымдағы
ынтымақтастық,
ауызбіршілікте жұмыстануды үйрендім.
-
Сынып жетекшісінің жұмыс жоспарымен, пән мұғалімінің сабақ жоспарымен таныстым.
-
Әр сабақтың жоспарын дәстүрлі, құзіреттілікке бағдарлап және Блум
таксоманиясы бойынша дайындауды үйрендім.
-
Әдістемелік әдебиеттермен жұмыс істеу, шығармашылық материалды
таңдау, тәрбие сағаттарына көрнекі құралдарды дайындаудан тәжірибе жинадым.
-
Сыныптағы оқушылардың психологиялық ахуалын зерттеп, мектеп
психологымен кеңестім
-
Сабақ пен сыныптан тыс шараларды талдауды меңгердім.
-
Өз іс-әрекетіме сын көзбен қарау үшін күнделік толтыруды үйрендім.
Нәтижеге бағдарлап оқыту туралы студенттер мен тәжірибелі оқытушылар
осындай пікірлер білдірді. Мұндай нәтижеге бағдарлап оқытуды оқу үрдісіне енгізу
сапаның жоғарылауына септігін тигізерін төмендегі сандық көрсеткіштер дәлелдейді.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 2014-
2015 - 80%, 2013-2014- 81%, 2012-2013 – 79% түлектер жұмыспен қамтылды.
Жұмыспен қамтудың жоғары көрсеткіште болуы бірнеше факторлармен анықталады.
Атап айтқанда, мектепте мұғалімге сағаттық жүктеме бойынша сұраныстың болуы,
заманауи гимназия, лицей сияқты жаңа тұрпатты мектептерде пәндердің көп тілде
(қазақ, орыс, ағылшын, түрік, неміс, тілдері) оқытылуы, жас мамандардың
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
82
инновациялық оқыту технологияларын жоғары деңгейде меңгеруі, студенттердің
жоғары оқу орнында көп тілді сапалы білім алуы, студенттердің өз таңдаған мамандығын
қосымша мамандандырылумен (12-14 кредит көлемінде) толықтыруы, т.с.с.
Жоғары оқу орнында 5В010900-Математика мамандығы бойынша оқып
жатқан студенттер физика, информатика, ағылшын тілі бойынша мамандандырылу
курстарын оқи алады. Нәтижесінде математика және физика мұғалімі, математика
және информатика, көп тілді математика мұғалімі бола алады. Біздің университетте
бұл дәстүрге айналған. Математика және ағылшын тілі немесе көп тілдегі математика
бойынша оқыған студенттер математиканы үш тілде оқытуға бағытталған шараларға
тартылады. Педагогикалық сараманды қазақ-түрік лицейінде, Назарбаев зияткерлік
мектебінде өтеді. Бұл олардың тілдік шеберліктерін дамыта түседі. Болашақта
мұндай түлектер кез келген мектепте математиканы үш тілде оқытумен, пәндік
құжаттарды аудармалаумен өз бетінше атқара алады. Ал, физика және информатика
бойынша оқитын студенттер алдағы уақытта шағын кешенді мектептердің
сұранысын қамтамасыз етуде таптырмайтын маман болмақ. Сонымен қатар,
студенттер қос дипломды білім алу мүмкіндігін пайдалана алады.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдік немесе отандық
басқа оқу орнында өз мамандығы бойынша белгілі бір анықталған мерзім ішінде оқи
алады. Біздің студенттеріміз Германияның Магдебург, Польшаның Ұлы Каземир,
Ресейдің халықтар достығы, Қалмақ мемлекеттік университеттерінде соңғы бір
жылда оқып келді. Олардың дүниетанымы кеңейді және ғылыми ортаға көзқарас,
тілдік ортаны қолдану деңгейі көтерілді. Өздеріне шетелдік жолдастар тапты.
Атқарылған шаралармен алға қойылатын жоспарлар ұштасып жатыр. Қалай
десек те біздің көздейтініміз оқытқан студентіміздің сапалы білім алып, оқу бітірген
түлегіміздің жұмыспен қамтылуы мен жоғары оқу орнында алған білімі мен
тәрбиесін өз кәсіби ортасында танытыуы, яғни құзыретті маман екендігін дәлелдей
алуы. Біз еңбегіміздің нәтижесін бірден көре алмаймыз, өйткені мұғалімнің еңбегі
тырнақтап жинайтын беделмен бірдей. Кейде бір құмалақ бір қарын майды
бүлдіретіндей жайлар да кездеседі. Ондай жағдайдың болмауын қалаймыз, сол себепті орта
мектепте, колледждегі біліммен сабақтастыра оқытуға бағдарланған білім бағдарламаларын
құрастырамыз. Білім мен тәрбие егіз дегендей әр сабақта, сабақтан тыс шараларда тәрбиелік
шараларды жүргіземіз. Нәтижесінде түлектеріміздің түгелге жуық еңбек майданына араласады.
Мысал ретінде, 5В010900-математика мамандығын түрлі мамандандырылумен бітірген
түлектердің сұранысқа ие екенін көреміз.
1-сурет. Түлектердің жұмыспен қамтылу көрсеткіштері
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
83
Диаграммадағы
5-7%
көрсеткішті
оқуын
шетелдік
магистратура,
аспирантурада жалғастырып жатырған, әскер қатарына шақырылғандар, бала
күтіміне байланысты демалыстағы жас аналар құрайды.
Болашақ информатика мұғалімдеріне қосымша компьютерлік жаңа
бағдарламалар бойынша курстар ұсынылады. Сонымен қатар, олардың қашықтан
оқыту технологиясын меңгеруіне аса көңіл аударылады. Олардың өздері вебинар,
талқылау, шеберлік сыныптары, көпшілікке арналған ашық онлайн курстарына
қатысып, интернеттің оқыту үрдісіндегі маңызын игереді. Интерактивті тақтамен,
демонстрациялық проекторен, ақпараттық киоскімен жұмыс жасау дағдыларын
бойына қалыптастырады. Университет қабырғасында әрбір информатика мұғалімінен
талап етілетін заманауи ақпараттық технологиямен қаруландырылады.
Жоғары оқу орнында техника және технология, жаратылыстану тобы
бағытындағы мамандықтар бойынша түлектердің жұмыспен қамтылуында
қиындықтар бар. Түлектер мекемелер мен ұйымдарда, кіші және орта бизнесте,
ғылыми және шығармашылық орталықтарда еңбек етуі тиіс. Бұл мәселеде жұмыс
берушілердің қазіргі нарық сұранысына сай келетін білім алуына бағдарланған білім
бағдарламаларын, студенттің жеке білім траекториясын құруына қатысты көптеген
іскер кеңестер мен ұсыныстар береді. Олардың кейбір пәндерді өз базаларында
немесе университетте оқытуы студенттердің бәсекеге қабілетін арттыра түседі.
Жұмыс берушілер тарапынан дәріс оқу ғана емес, ғылыми зерттеу жұмыстарына
кеңес беру, сараптама жасау, емтихандарда студенттердің білімін бақылау сияқты
шаралар да жүргізіледі. Ең бастысы, жұмыс берушілермен бірлесе құрылған білім
бағдарламаларын жүзеге асыру кезінде нәтижеге бағдарлап оқыту іске асырылып,
студенттер аудиторияда алған білімдерін өндірісте шыңдай алады. Бұл орайда Батыс
Қазақстан облыстық орта білімді ақпараттандыру орталығы, «Batys IT» ЖШС,
«Өрлеу» АҚ 5В070300-есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
мамандығы бойынша жұмыстанып отыр. Нәтижесінде былтырғы оқу жылының
түлектері біздің облысымызда ғана емес, басқа облыстарда да қызмет етіп жатыр.
Нәтижеге бағдарланған оқытудың тағы бір ерекшелігі - кәсіпкерлікке
баулынуында. Кейбір түлектер оқу бітірмей-ақ өз кәсібімен айналыса бастады, енді
бірқатары жастар практикасына тартылды, келесілері жол картасын пайдаланды.
Батыс Қазақстан облысында 2014 жылдың үш тоқсанында 768 жас тұрақты жұмысқа
орналасып, 1191 жастар практикасына жолданған. Оның ішінде біздің түлектеріміз де бар.
Қорыта айтқанда, нәтижеге бағдарлап оқытуды серіктестік арқылы, сабақтастық арқылы,
ішкі түйінді байланыстар арқылы, академиялық ұтқырлық арқылы жүзеге асыруға болады.
Болашақ түлектің кәсіби қалыптасуында теория мен практиканың бірлігі ерекше.
Әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 -
2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы / Қазақстан
Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы. –
http://adilet.zan.kz/kaz. Пайдаланған уақыты: 25.05.2016 ж.
2.
Что такое качество образования? / Под редакцией А.И. Адамского. – М.:
Эврика, 2009. – 272 с.
3.
Скаткин М.Н., Краевский В.В. Качество знаний учащихся и пути его
совершенствования. – М.: Педагогика, 1978. – 208 с.
4.
Грундер Г.У. Болонский процесс в Швейцарии: «новые концепции» обучения –
«новый тип» учения? // Высшая образование в России. – 2009. – №7. – С. 163-168.
5.
Болонский процесс: концептуально-методологические проблемы качества
высшего образования / Под науч. ред. д-ра пед. наук, профессора В.И. Байденко. – М.:
Исследовательский центр проблем качества подготовки специалистов, 2009. – 304 с.
6.
Байденко В.И. Болонские преобразования проблемы и противоречия //
Высшая образование в России. – 2009. – №11. –. С. 26-40.
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
84
7.
Бывшева М.В. Проблема преемственности в контексте непрерывности системы
образования // Педагогическое образование в России. – 2012. – №3. – С. 28-31.
8.
Туймебаев Ж. К образованию без границ // Казахстанская правда. – 2010. –
13 марта. – С. 3.
9.
Білім туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319
Заңы / Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат //
Егемен Қазақстан. – 2007. – 15 тамыз. – №254-256.
10.
Медешова
А.Б.
«Мектеп-ЖОО»
сабақтастығы
негізінде
кәсіби
құзыреттілікті қалыптастыру // «Ұлттық білім беру жүйесін жаңарту және адам
ресурстарының жаңа сапасын қалыптастырудағы оның рөлі» атты халықаралық
ғылыми-практ. конф. – Орал, 2009. – Б. 221-223.
11.
Медешова А.Б. «Мектеп-ЖОО» сабақтастығының студент құзыреттілігін
қалыптастырудағы маңыздылығы // «Қазақстан Республикасы жоғары оқу
орындарындағы академиялық ұтқырлық: тәжірибе және даму мүмкіндіктері» атты
халықаралық ғылыми-тәжіребелік конференцияның материалдары. – Орал: БҚМУ
РБО, 2011. – Б. 151-153.
12.
Имангалиев М.М. «Мектеп-ЖОО» сабақтастығы негізінде тұлға құзыреттілігін
қалыптастыру жолдары // БҚМУ Хабаршысы. – 2015. – №2(58). – Б. 72-76.
Медешова А.Б., Касымова А.Х., Аймичева Г.И., Муратова Ж.М.
Развитие компетентности конкурентоспособных выпускников с помощью
результативно-ориентированного обучения
В
статье
рассматривается
формирование
профессиональной
компетентности выпускников высшего учебного заведения с помощью
преемственности знания. Анализируется опыт работы зарубежных и
отечественных учебных заведений по трудоустройству выпускников. Одной из
важных
проблем
в
обществе
является
качественное
образование
и
трудоустройство профессионально компетентных выпускников. Качество в
образовании это и есть инновация, в данном случае инновацией считается
результативно-ориентированное обучение.
Ключевые слова: Результативно-ориентированное обучение, качество, личность,
преемственность, образовательная программа, компетенция, выпускник, трудоустройство.
Medeshova AB, Kasymova A.H.,Aymicheva G.I, Muratova J.M.
The development of competitive competence of graduates using effectively-based
learning
The article discusses the formation of professional competency of university
graduates with the help of the continuity of knowledge.
It also analyzes the experience of foreign and domestic educational institutions on
employment of graduates. One of the important problems in society is a high-quality
education and employment of professionally competent graduates. Quality in education is
an innovation itself. In this case, innovation is result-oriented learning.
Keywords: Result-oriented learning, quality, identity, continuity, education program,
competency, graduate employment.
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
85
ӘОЖ: 796.07
Достарыңызбен бөлісу: |