Әдебиеттер:
1.
Бодуэн де Куртенэ И.А. Избранные труды по общему языкознанию. Т. 2. –
М., 1963. – 255 с.
2.
Алиференко Н.Ф. Спорные проблемы семантики. – М.: Гнозис, 2005. – 326 c.
3.
Маслова В.А. Когнитивная лингвистика: Учебное пособие. – Минск:
ТетраСистемс, 2004. – 255 c.
4.
Маслова В.А. Введение в когнитивную лингвистику. – М.: Флинта: Наука,
2007. – 296 c.
5.
Попова З.Д., Стернин И.А. Когнитивная лингвистика. – М: Восток-Запад,
2007. – 314 с.
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
204
6.
Исаева Ж.И. Дүниенің паремиологиялық бейнесі (лингвомәдениеттанымдық
аспект) / Филол. ғыл. канд. ... дисс. – Алматы, 2007. – 127 б.
7.
Серебренников Б.А., Кубрякова Е.С., Поставалова В.И. и др. Роль
человеческого фактора в языке. Язык и картина мира – М.: Наука, 1988. – 216 с.
8.
Манкеева Ж.А. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері // Тілтаным. –
2001. – № 4. – Б. 39-43.
9.
Жaмaнбaeвa Қ. Тiл қoлдaныcының кoгнитивтiк нeгiздepi: эмoция, cимвoл,
тiлдiк caнa. – Aлмaты: Ғылым, 1998. – 137 б.
10.
Аскольдов С.А. Концепт и слово // Русская словесность: Антология. – М.:
Academia, 1997. – 280 с.
11.
Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті / Филол.
ғыл. докт. ... дисс. – Алматы: Абылай хан атындағы ХҚжӘТУ, 2004. – 251 б.
12.
Әмірбекова А.Б. Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі
вербалдану ерекшелігі (М.Мақатаев поэзиясы бойынша) / Филол. ғыл. канд. дисс. –
Алматы, 2006. – 122 б.
13.
Карасик В.И., Слышкин Г.Г. Лингвокультурный концепт как единица
исследования // Сб. науч. тр. «Методологические проблемы когнитивной
лингвистики» / Под ред. И.А. Стернина. – Воронеж: ВГУ, 2001. – C. 75-80.
14.
Пищальникова В.А. Концептуальная система индивида как поле
интерпретации смысла художественого текста // Материалы Всероссийской науч.
конф. «Язык. Человек. Картина мира». В 2 ч. – Ч. 1. – Омск, 2000. – C. 45-51.
Хасанов Г.К.
Становление когнитивной семантики как наука в казахском языкознании
Данная статья посвящена развитию когнитивной семантики в казахском
языкознании. В статье описывается тесная связь когнитивной семантики с
когнитивной лингвистикой и мнения ученых об особенностях когнитивной
семантики. А также рассматриваются главные проблемы и важные вопросы
когнитивной семантики. Анализируются главные категории когнитивной семантики
как культурные константы, концепт, структура концепта, структурная модель,
сравнения, когнитивная метафора, бинармная метафора и т.д.
Ключевые слова: Концепт, когнитивная метафора, лексическая семантика,
фрейм, скрипт, сценарий, гештальт, концептуальное сознание, языковая сознания,
национально-культурное пространство, концептная модель, сравнения, бинармная
метафора национальная ментальность.
Hasanov G.K.
Formation as a science cognitive semantics in the Kazakh linguistics
This article focuses on the development of cognitive semantics in the Kazakh
linguistics. The article describes a close relationship with cognitive semantics and
cognitive linguistics opinions of scientists about the features of cognitive semantics. And
also discusses major issues and important questions of cognitive semantics. It analyzes the
main categories of cognitive semantics as a cultural constant, concept, the concept of
structure, structural model, comparison, cognitive metaphor, binarm metaphor etc.
Key words: concept, cognitive metaphor, lexical semantics, frame, script, script,
gestalt conceptual consciousness, linguistic consciousness, national-cultural space,
kontseptnaya model comparison, binarmnaya metaphor national mentality.
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
205
ӘОЖ: 929:811.512.122
Есенова Қ.Ө. – филология ғылымдарының докторы, профессор,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
E-mail: kalbike_65@mail.ru
ПРОФЕССОР Ж.МАНКЕЕВА ЕҢБЕКТЕРІНІҢ МӘДЕНИАРАЛЫҚ
ҚАТЫСЫМ СУБЪЕКТІСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Аңдатпа. Аталған ғылыми мақалада профессор Ж.Манкееваның «Қазақ
тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері» атты монографиясы
халқымыздың өзіндік болмысын, ұлттық мінезін, мәдени байлығын кешенді түрде
қарастырған іргелі зерттеу екендігін, лингвомәдениеттанымға ғана емес, тіл
тарихына, этнолингвистикаға, лексикология мен фразеологияға, аталым
теориясына, сондай-ақ тіліміздің сөзжасам саласына өзіндік үлесін қосқан сүбелі
еңбек екендігі туралы сөз болады.
Тірек сөздер: Тіл білімі, лингвомәдениеттаным, ұлттық дүниетаным, ғалам
бейнесі, этнолингвистика, лексикология, фразеология, аталым теориясы, сөзжасам.
Тіл мен мәдениет арақатынасына арналған зерттеулер қаншалықты көп болса,
оның толық шешімін таппаған тұстары да аз емес. Бұл бір жағынан аталмыш
ұғымдардың күрделі табиғатынан туындайды. Ғылыми әдебиетте мәдениет ұғымына
берілген анықтамалардың саны екі жүзге жуық екендігі осының дәлелі. Ал көп
қырлы тіл ұғымымен байланыстырғанда бұл мәселенің күрделене түсуі заңды.
Этностың тұрмыс-тіршілік қажеттілігіне орай жасалатын заттық ортасы қаншалықты
дамыған, жетілген болса, ондағы әрбір бұйым мен өнімге берілетін атаулар кіретін
тіл жүйесі де соншалықты ауқымды болмақ. Бұл халық тілінде көрініс табатын
заттық мәдениетке қатысты мәселе. Ал ұлттық дүниетаныммен ұштасатын рухани
мәдениет саласы бұдан да күрделірек, бұдан да ауқымдырақ болатыны аян.
Сондықтан осы екі феноменнің өзара байланысын және сабақтастығын қарастыратын
аралық ілім – лингвомәдениеттанымның қалыптасуы – ғылым дамуының бүгінгі
деңгейі талап еткен қажеттілік.
Әрине бір ғана шектес салада екі үлкен феноменге қатысты барлық
проблемалар шешімін таба қою – екіталай нәрсе. Дегенмен бұл тіл мен мәдениеттің
мәнін анықтаудағы негізгі бағыттар мен әдістанымдық тәсілдерді мөлшерлеуге
мүмкіндік береді.
Осы тұста тіл мен мәдениеттің арасындағы айырмашылықтарға тоқтала
кеткеніміз жөн. Өйткені бұл екеуінің ұқсас белгілерімен қатар айырым нышандары
да көп. Осындағы ортақ белгілер бұл екі феноменнің өзара әрекеттестігін біртұтас
әдістанымдық негізде қарастыруға жол ашады:
1-ден, мәдениет пен тіл жеке тұлғаның және халықтың дүниетанымын
бейнелейтін сана формалары;
2-ден, бұл екеуі өзара тығыз байланыста болады; өйткені сөзжұмсам субъектісі
мен адресаты қашан да мәдениеттің субъектілері болып табылады;
3-ден, екеуінің өмір сүру формалары индивидуалды немесе қоғамдық формада
болады, яғни мәдениет пен тілдің субъектісі үнемі индивид немесе социум немесе
тұлға, қоғам болады.
4-ден, тіл мен мәдениетке ортақ белгі – олардың нормативтілігі, яғни екеуінің
де белгілі бір қалыпқа түсірілген қағидалары болады.
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
206
5-ден, тарихилық тіл мен әдениеттің аса бір мәнді қасиеттердің бірі.
6-ден, мәдениеттің өзі халықтың өзіндік сипаты бар тарихи жады болып табылса, тіл
кумулятивті қызметінің арқасында ұжымдық жадты сақтайды және байытады.
Ал енді айырым белгілері:
1)
Тіл – коммуникация құралы болғандықтан онда жаппай бұқаралық
адресатқа ерекше мән берілсе, мәдениетте элитарлық бағаланады.
2)
Екеуі де таңбалық жүйе болғанымен мәдениет өздігімен ұйымдасуға
қабілетсіз.
3)
Тіл мен мәдениет әралуан семиотикалық жүйелер болып табылады.
Былайша қатар қою мәдениет пен тілдің құрылым жағынан ерекшелендіреді [1, 32 б.].
Тіл табиғаты мен мәні әдетте функционалды, жүйелік-құрылымдық,
салыстырмалы тарихи тіл білімімен, лингвосемиотика, психолингвистика,
социолингвистика және прагмалингвистика тұрғысында қарастырылады. Алайда
мәдениеттаным үшін маңызы зор ғылымдардың қай-қайсысы да жекелей алғанда тіл
мен мәдениет арасындағы нәзік астырт байланыстың мәнін толықтай ашу мүмкін
емес. Бұл жерде тілдегі Адам факторының әрекетін қамтамасыз ететін тетіктермен
байланысты тілдік құбылыстардың табиғатын ашатын лингвомәдениеттанымдық
теориялық қажеттілігі бой көтереді. Яғни мұнда тілдің қоғамдағы қолданысы ғана
емес, белгілі бір этнотілдік ұжымның тұрмыстық т.б. әрекетімен байланысты
дүниенің барлығын тіл арқылы жеткізудің тәсілдері мен құралдарына назар
аударылады. Осымен байланысты мәдениеттің жүйелік, антропологиялық немесе
гносеологиялық теориялары ғана емес, ақпараттық-қызметтік негізге сүйенген
мәдени концепциялар да айрықша маңызға ие болады. Әуел бастан мәдениеттің
дамуында тілдің орны ерекше болған. Себебі адамзат қоғамының ақпараттық-
қызметтік спецификасы ұжымдық жадта емес, ұжымдық ақпараттың жинақталу,
сақталу және жеткізілу жүйесінен көрінеді. Сондай жүйелердің маңыздысы ретінде
тіл жүйесі саналады.
Мәдениентке қызмет ететін бірқатар семиотикалық құралдардың ішінде тілге
жүктелетін айрықша рөль оның мәдениетінің пайда болуының алғышарты, өмір
сүруінің және ұғынылуы мен дамуының негізгі тәсілі екендігімен байланысты.
Мәдениеттің төмендегідей негізгі функцияларын атқаруының ең басты шарты да,
құралы да тіл болып табылады: 1. қоршаған ортаны игеру және жаңғырту;
2. коммуникативтік қызмет (әлеуметтік маңызды ақпарат алмасу); 3. ғалам бейнесін
тілдік (таңбалық) тұрғыдан модельдеу; 4. кумулятивтік (ақпаратты жинақтау және сақтау); 5.
реттеуіштік (адамдардың қоғамдағы мінез-құлқын реттеу); 6. директивтік немесе әсер
етушілік; 7. адаптивтік (этнотілдік қауымдастықтың қоршаған ортамен үйлесімділігін
қамтамасыз ету). Яғни адамзат болмысын жүйелеу және үйлестіру [2, 270 б.].
Қалай десек те адам қалыптастырған заттық орта оның санасымен байланысты
тілінде жан-жақты көрініс табады. Сондықтан мәдениеттің мәні ең алдымен тіл,
ондағы атаулар арқылы ашылмақ. Осымен байланысты ұлт тілінің сөздік құрамына
кіретін үлкен бір сала – мәдени лексика арнайы зерттеле бастады. Қазақ тіл білімінде
аталмыш мәселе ф.ғ.д., профессор Ж.Манкееваның еңбектерінде кеңінен
қарастырылған.
Ғалымның зерттеулерін тіл білімінің жаңа салалары – лингвомәдениеттаным,
когнитивті лингвистика, этнолингвистиканың дамып жетілуіне өзіндік үлес қосатын
құнды еңбектер деп тануға толық негіз бар.
Қазіргі ғылымда адам өмірі жөніндегі ақпарат 1-ші орынға қойылып отыр.
Онда көрініс табатын адамның психикалық, әлеуметтік, этномәдени ерекшеліктер
мен сипаттамалар көптеген пәндердің қарқынды түрде араласуына түрткі болды.
Тіпті, қазіргі ғылымда бұрынғы қатаң шектеу жойылып, гуманитарлық және
жаратылыстанымдық білімдер араласып кетті. Түрлі зерттеу бағыттарының ықпалы
мен ғылымдар тоғысында шектес пәндер пайда болды. Соның нәтижесінде бұрынғы
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
207
біртұтас тіл білімі сан-салаға тармақталып; социолингвистика, психолингвистика,
когнитивті лингвистика, этнолингвистика, паралингвистика, нейролингвистика,
лингвомәдениеттану сияқты қызықты да күрделі салалар пайда болып қалыптасты.
Адамзат қоғамында дербес орны бар және аса маңызды саналатын аталмыш екі
саланы тоғыстыра отырып зерттейтін ғылымның дүниеге келуі әлеуметтік-тарихи
қажеттілік
болды.
Ол
лингвомәдениеттаным
саласы
деп
аталды.
Лингвомәдениеттаным тілдік бірліктердің ұлттық-мәдени семантикасын олардың
бүкіл мазмұны мен реңктерін түсіну мақсатында зерттейді. Басқаша айтқанда,
лингвомәдениеттаным – тіл білімінің ұлттық мәдениетінің тілде бейнеленуін
қарастыратын бөлігі. Екінші жағынан, ұлттық маркерлі тілдік бірліктерді анықтап,
сипаттайтын болғандықтан семасиологияның бір арнасы ретінде де қарауға болады.
Тағы бір назар аударуды қажет ететін қыры – сөзжұмсамның немесе сөздің
мәдениетаралық коммуникация жағдайында түсінілуі проблемасын қарастыруы.
Сонымен лингвомәдениеттанудың мақсаты – белгілі бір халықтың мәдени кеңістігін
оның тілі, дискурсы және қатысым аясындағы мәдени фоны арқылы зерттеу және
сипаттау. Осымен байланысты лингвомәдниеттану тіл деректері арқылы және
солардың негізінде мәдениеттің базалық оппозицияларын айқындайды. Ол
оппозициялар тілде орнығады және дискурста көрініс береді. Сондай-ақ мұнда тілде
айшықталатын мәдени архетиптерге қатысты ежелгі түсініктер де назарға алынады.
Осыдан келіп тілдік тұлғаның шын мәнінде коммуникативтік тұлға дәрежесіне
жетуіне мүмкіндік беретін немесе жол ашатын жеке ұғым – мәдениеттанымдық
мәселе бой көтереді. Осымен байланысты профессор Ж.Манкееваның еңбектерінде
сөз болатын этномәдени атаулардың танымдық сипаты тіл үйренушілер үшін де
үлкен маңызға ие болмақ. Себебі, лингвомәдениеттанымдық біліктілік тіл
үйренушілердің сол тілде көрініс тапқан бүкіл мәдени құндылықтар жүйесіне
қатысты білім қорын жинақтайды. Сөйтіп, лингвомәдениеттанымдық біліктілік тілдік
формада болғанымен мазмұн жағынан анағұрлым тереңге кетеді. Мұндағы негізгі
бірлік – лингвокультуремалар табиғаты жағынан нақ тілдік және бейтілдік
мазмұндарды қоса қамтиды. Оларға лингвистикалық талдау жасағанда міндетті түрде
когнитивтік талдау қоса жүргізіледі.
Бір айда қай тілдің болмасын грамматикасын жаттап алуға болады. Алайда,
тілді қатынас құралы ретінде қолдану үшін, кеңірек мағынасында алғанда,
коммуникация барысында түсіністікке қол жеткізу үшін бұл аз. Толыққанды диалог
жүргізу үшін үйренілетін тіл иесі – халықтың салт-дәстүрінен, тұрмысынан,
әлеуметтік-мәдени ахуалынан барынша хабардар болуы тиіс. Сонда ғана
коммуникант тілдік қатысымды тиісті деңгейде жүзеге асыра алады. Басқаша
айтқанда, тіл үйренуші екі тілді ғана емес, екі мәдениетті тоғыстыратын тұлға
ретінде қалыптасуы қажет. Қазіргі кезде халық арасында материалдық мәдениет
саласына қатысты үлкен айырмашылық байқалмауы да мүмкін. Себебі қазақ болсын,
неміс немесе ағылшын болсын тұрмыстық жағдайлары ұқсас, тұтынатын заттары
бірдей (автомобиль, пәтер, жиһаз, киім т.б.). Айырмашылықты құрайтын ұлттық
нақыштағы заттар мен бұйымдар қазір негізінен, мұражай экспонаты іспеттес (киз
үй, кілем, түскиіз, музыкалық аспаптар т.б. тұрмыстық заттар). Ал рухани мәдениет
жөнінде сөз басқа. Мысалы, қазіргі қазақ қалыңдығы сәукеле немесе фата кигеніне
қарамастан той басталарда беті ашылып (беташар), отқа май құяды, үлкендерге иіліп
сәлем береді т.б. Демек, материалдық мәдениет неғұрлым өзгермелі сипатта болса,
рухани мәдениет соғұрлым тұрақтылыққа ие деп тұжырым жасауда негіз бар.
Осымен байланысты қазақ тілін 2-ші тіл ретінде оқитын мамандарды даярлау
барысында мынадай негізгі принциптерді бөліп көрсеткен жөн:
1)
тілді қоғам өмірінің түрлі салаларында (ғылым, техника, экономика,
жинақталған тәжірибесі мен мәдениетке қатысты аялық білімін түйістіре пайдалану;
2)
мемлекеттік тілді ғылымның түрлі салаларында қарым-қатынас құралына
айналдыру үшін кәсіби маман ретінде меңгертудің әдістерін дайындау және ғылыми
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
208
негіздеу. Бұл мәдениетпен, экономикамен, құқық қолданбалы математика т.б.
салаларымен байланысты жүзеге асырылады;
3)
ең маңызды принцип – тілді ол белсенді қолданылатын шынайы өмірі мен
байланысты оқыту. Демек, мемлекеттік тілді үйренуші қоғамымыздағы барлық
мүмкіндіктерді пайдаланғаны дұрыс. Әсіресе қазақы тілді адамдармен түрлі
орталарда (сауда орындарында, түрлі қызмет көрсету орындарында, мәдени
орындарда, қоғамдық көлікте т.б.) тікелей тілдесудің пайдасы көп. Сонымен, тілді
үйрену оның иесі – сол тілде сөйлейтін халықтың рухани әлемімен және
мәдениетімен тығыз бірлікте жүзеге асырылуы тиіс.
Ендеше халқымыздың материалдық және рухани мәдениетін танытатын
этнографиялық атауларды зерттеу тек теорияда ғана емес, практика жүзінде де құнды
болмақ.
Тіл – мәдениет – тұлға тізбегі бірнеше ғылым тоғысынан орын алатын таным
объектісі ретінде ғылыми талдау мен дидактикалық зерттелімге ортақ бірыңғай
нысан болып шығады. Бұған тіл мен мәдениеттің таным процесінің ажырамас бір
бөлігі бола отырып, тұлғаның қоршаған әлемді тілдік тұрғыдан жаңаша
концептуалдауын қамтамасыз ететін біртұтас кешен екендігі себеп болады.
Зерттеуші С.Құнанбаева болашақ «мәдениетаралық қатысым субъектісінің»
саналы түрде және белгілі бір мақсатта жүзеге асырылатын қызметін жаңа
когнитивтік-лингвомәдениеттанымдық кешендерді қалыптастыратындығын айтады.
Ол кешендер:
1.
Тұлғаның өзге тіл мен өз мәдениетті меңгеру дәрежесіне қарай оның жалпы
когнитивтік механизміне енгізіледі;
2.
Тұлғаның менталдық санасы мен білім қорына жаңа лингвомәдениетті
енгізілуі есебінен оның лингвомәдениеттанымдық кеңістігін кеңейтеді.
3.
Аталмыш кешендер негізінде тұлғаның «екінші когнитивтік санасын»
қалыптастырады.
4.
Өзге лингво және социомәдениеттің әлеуметтендіруші концептілер арқылы
тұлғаны біртіндеп бейнеәлеуметтендіреді.
5.
Тұлғаның мәдениетаралық коммуникативтік құзыретін қалыптастырудағы
мақсаты құзыретін қалыптастырудағы мақсаты ме түпкі нәтижесін анықтайды [3, 67-68 бб.].
Қай халықтың болмасын мәдениетіне тән ұлттық бояуы, нақышы айқын
құрамдас бөліктері болатыны белгілі. Оларды кемінде 5 топқа бөлуге болады:
1)
Мәдениеттің тұрақты элементі деп саналатын дәстүрлер, мәдениеттің
«соционормативтік» саласында дәстүрлер ретінде анықталатын әдет-ғұрыптар;
2)
Дәстүрлермен тығыз байланысты тұрмыстық мәдениет, мұны көбінесе
дәстүрлі тұрмыстық мәдениет деп те атайды;
3)
Күнделікті қимыл-әрекет нормалары, яғни белгілі бір социумда қарым-
қатынас нормасы ретінде қабылданған, дағдыға айналған әрекеттер. Мұндай
әрекеттерді қандай да бір лингвомәдениет қауымдастық өкілдері мимикалық және
пантомимикалық (кинесикалық) кодтар ретінде жұмсайды; (мысалы, қол беру
амандасу, күлімсіреу, иіліп сәлем беру, қолын кеудесіне қою т.б.);
4)
Бір мәдениет өкілдерінің ойлау жүйесіне тән ұлттық ерекшеліктерін,
қоршаған әлемді қабылдау спецификасын айшықтайтын ұлттық ғалам бейнелері;
5)
Этностың мәдени дәстүрлерін бейнелейтін көркем мәдениет [4, 77 б.].
Жалпы жер бетіндегі халықтарда бір-бірінен ерекшелендіретін белгілері
рухани мәдениеттен гөрі заттық мәдениетте басымырақ десек қателеспеспіз. Себебі
адамгершілік, ізеттілік, инабаттылық, тәрбиелілік т.б. рухани әлемді құрайтын
қасиеттер қай халықта болмасын кездеседі. Яғни рухани мәдениетті жалпы адамзат
баласына тән әмбебап сипаттағы дүние деуге болады. Ал әр халық мекендейтін
жердің жағдайына, тіршілік климатына сай бейімделетіндіктен тұрмыстық
қажеттілікке сай жасалатын заттық мәдениет өзге этностардан едәуір ерекшеленеді.
Сондықтан да атаулары екінші тілге аударуға келмейтін заттық мәдениет
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
209
элементтерін спецификалық сипатта деп тану қажет. Мұны бірегей заттық мәдениет
деуге болады.
Қазақ ұлтының түп бастауын тереңнен алатын заттық мәдениет саласы аса бай.
Осыған орай оған қатысты мәдени лексика да ауқымды болып келеді. Заманауи
талаптарға байланысты үлкен бір бөлігі қолданыстан шығып қалғанымен көне
мәдениет ескерткіштеріне айналған заттар әлемі халқымыздың ертедегі тұрмыс-
тіршілігінен хабар беретін ақпарат көзі ретінде құнды болмақ. Ал олардың
әрқайсысына берілген, бірін-бірі қайталамайтын атаулары төл сөздік құрамымыздың
қалың бір қабаты болып табылады.
Жалпы көзден таса болған дүниенің көңілде сайрап тұра беруі мүмкін де емес.
Алайда бұл тұжырым тілге қатысты алғанда өзгермелі сипатқа ие болады. Себебі
әрбір заттың ең ұсақ бөлшектеріне дейін атау беруде шеберлігімен танылған біздің
халқымызды дүниежүзіндегі өзге ұлттардан айрықшалайтын маңызды бір қасиет –
сөз өнерімен байланысты түсіндіріледі. Осылайша көзіне түскен кез келген затты
өлең етіп өре білген бабаларымыз сол дәуір игілігі болған дүниелердің қай-қайсысы
жөнінде де ақпарат қалдыра білген. Тұлпарды темір тұлпар алмастырған бүгінгі
заманда жас ұрпаққа «торсықтың» не екенін түсіндіру үшін алдымен «термосты»
алға тартамыз. Функциясы бір болғанымен жасалу технологиясы, материалы әр түрлі
бұл екі заттың тіліміздегі орны да екі түрлі. «Сусын құю үшін ысталған теріден
жасалған ыдыс» [5, 644 б.] пен сусынды белгілі бір температурада сақтауға арналып
түрлі металдар қоспасынан құйылған ыдыстардың айырмасы жер мен көктей. Осы
айырмашылық әсіресе тілдік тұрғыдан алғанда айқындала түседі. Мәселен,
тіліміздегі «шекесі торсықтай ұл» деген тіркестегі торсық лексемасын термоспен
алмастыру мүмкін емес. Бұл – тілдің кумулятивтік қасиетімен байланысты
түсіндірілетін күрделі мәселе. Осындай күрделі мәселені оңтайлы шешу міндеті
тілші ғалымдарға жүктеледі. Себебі «тіл этностың бүкіл рухани, мәдени байлығының
куәгері іспетті. Ол ұлттың барлық болмысы мен өмір тіршілігін, дүниетанымы мен
әдет-ғұрпын бойында сіңіріп, ата мұрасы, асыл қазынасы ретінде ұрпақтан ұрпаққа
жеткізіп отырады. Сайып келгенде, кез келген тілдің ономастикалық жүйесі сол тілді
тұтынушы этностың тарихына, мәдениетіне, шаруашылығына қатысты болады да,
олар туралы мол деректер беретіні сөзсіз Сондықтан да халқымыздың жүріп өткен
тарихындағы материалдық өндірісі мен рухани өмірінің деңгейін бейнелеген
этнографиялық атауларды зерттеу тілдің көбіне көлеңкеде қалып қоятын ерекше бір
қасиетіне тікелей қатысты» [6, 241 б.].
Осындай қалтарыста қалатын тұстарды аңғарып, олардың астарына үңіліп,
өзіндік сипат белгілерін анықтап, көпшіліктің тұтынуына ұсынау оңай емес. Бұл бір
жағынан, тілдік түйсіктің болуын талап етеді. Осындай күрделі міндетті алдына
қойған профессор Ж.Манкеева оны үлкен жауапкершілікпен орындай да білген.
Бұлай деуімізге ғалымның «Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық
негіздері» монографиясы негіз бола алады. Бұл – лингвомәдениеттанымға ғана емес,
тіл тарихына, этнолингвистикаға, лексикология мен фразеологияға, аталым
теориясына, сондай-ақ тіліміздің сөзжасам саласына өзіндік үлесін қосқан сүбелі
еңбек. Таратып айтар болсақ, тіліміздің сөздік құрамының ауқымды бір бөлігі
саналатын – мәдени лексика бірліктерін көркем шежірелерден, сөз маржаны
жинақталған фольклорлық шығармалардан іздеуі зерттеу дереккөздерінің бай екенін
көрсетсе, ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармаларына сүйенуі
зерттеу материалдарын дәйектей түседі.
Тарих қойнауына еніп үлгерген осындай мұраларды електен өткізіп бүгінгі
ғылым қажетіне жарата білу де аталмыш зерттеудің маңызын арттыра түскен.
Мәдени лексиканы құрайтын атауларды дәстүрлі зерттеу әдістерін қолдана
отырып ондағы сөзжасам мәселелеріне арнайы тоқталған. Қазақ тіліндегі
материалдық мәдениетке қатысты лексика түрлі тақырыптық топтарға бөлініп,
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
210
ондағы әрбір атаулардың этномәдени мәні ашылған бұл еңбектегі тілдік деректерді
бүгінгі лексикография тәжірибесінде тиімді пайдалануға болады.
Ғалым тарихи мұрағаттардағы фактілерді жинақтап қана қоймай, әрбір
атаудың тарихына, яғни жасалу жолына үңіліп, оған негіз болған уәждерді анықтап,
іштей былайша топтастырады: 1) мәдени номинацияның лексика-грамматикалық
уәждері; 2) мәдени номинацияның қалыптасуындағы сөзжасамдық уәждері;
3) семантикалық уәждер; 4) этнолингвистикалық уәждер және 5) этнографиялық уәж.
Осы классификация бойынша айқындалған әрбір атаудың уәждемесі тіл білімінің
этимология саласын да толықтыра түсетіні даусыз.
Сөздік құрамның тұшымды бір қабатын құрайтын – фразеологизмдер де ғалым
назарынан тыс қалмаған. Әрбір тұрақты тіркеске таңылған тілдік ақпараттың
этномәдени мәнін ашу зерттеудің сонылығын көрсететін ұтымды тұстарының бірі
деуге болады.
Жалпы аталмыш еңбектің тіл білімі ғана емес, қоғам өмірінің басқа салалары
үшін де маңызы зор деуге негіз бар. Атап айтқанда, бабалардан мирас болып қалған
мәдени мұраны тарих сахнасына шығару арқылы қоғамдық санамызды жаңғыртса,
әрбір атауға берілген лингвистикалық интерпретация кез келген қатардағы тіл
ұстанушының аялық білімін тереңдетеді.
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне байланысты қолданылу аясын
кеңейтуге, нақтырақ айтқанда, терминжасамның өнімді бір көзі ретінде де
пайдалануға болады. Сондай-ақ мектеп оқушылары мен студенттердің сөз
мәдениетіне қатысты орын алып отырған проблемаларды шешуде аталмыш еңбекке
сүйенуге болады. Демек, мәдени лексиканың бірліктері талдана ұсынылған бұл
зерттеудің педагогика және қазақ тілін оқыту әдістемесінде жас буынның тіл
байлығын арттыру үшін берері көп. Еліміздің тәуелсіздік алуымен байланысты
туындаған бір мәселе – оның мәдениеті мен әдебиетін, музыкасын, қолөнерін т.б.
шетелдерге таныстыру және дәріптеу болатын. Осы мақсатпен түсірілетін түрлі
деректі фильмдерде де аталған зерттеу материалдарын қолдану оң нәтиже бермек.
Дүниежүзілік додалардың қай түріне болмасын қатысатын үміткерлерімізді қажетті
құралдарымен қамтамасыз етуде де бұл монографиялардың материалдарын тиімді
пайдалануға болады. Демек, профессор Жамал Манкееваның «Қазақ тіліндегі
этномәдени атаулардың танымдық негіздері» атты монографиясы халқымыздың
өзіндік болмысын, ұлттық мінезін, мәдени байлығын кешенді түрде қарастырған
іргелі зерттеу деп санауға болады.
Тіл, сана, ойлау жүйесінің өзара қатынасы мәселесін белгілі бір этномәдени
кеңістікте қарастыру міндетін қойған зерттеушілер үшін де аталмыш бұл монография
таптырмас құрал болмақ. Себебі сана мен мәдениет біртұтастықта алынса, ол бірлік
қандай да бір формада тілде көрініс табады. Адам өзін қоршаған ортаны игеруде
белгілі бір білім қорына сүйенер болса, сол білімді жүйелеп, сақтау және адамдардың
іс-әрекеті мен рухани дамуының нәтижесі ретінде тану және бағалау ойлау жүйесінде
жүзеге асырылып, тіл арқылы жеткізіледі. Тіл мен ойлаудың және сана арасында
мұндай байланыстың болуы дәлелдеуді қажет етпейді. Осы байланыс тілдік
деректердің ойлау жүйесіне қатысын қарастыратын жаңа сала менталингвистиканың
қалыптасуына негіз болса, оның ары қарай дамуына жоғарыда талданған «Қазақ
тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері» сияқты еңбектер арқау болары
сөзсіз.
Түптеп келгенде, түрлі салалардың тоғысында тұрған лингвокогнитологиялық
аспектіде орындалған бұл еңбек келешекте көптеген іргелі зерттеулерге негіз болмақ.
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.
211
Достарыңызбен бөлісу: |