БҚму хабаршы №3-2016ж



Pdf көрінісі
бет29/44
Дата06.03.2017
өлшемі4,23 Mb.
#7949
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44

Әдебиеттер
 
1.
 
Маслова В.А. Введение в линквокультурологию. – М., 1997. – 208 с.  
2.
 
Олшаньский И.Г. Роль человеческого фактора в языке. Язык и картина мира. 
– М., 1988. – 216 с. 
3.
 
Кунанбаева С.С. Теория и практика современного иноязычного образования. 
– Алматы, 2010. – 344 с.  
4.
 
Антипов  Г.А.,  Донских  О.А.,  Марковина  И.Ю.,  Сорокин  Ю.А.  Текст  как 
явление культуры. – Новосибирск, 1989. – 197 с. 
5.
 
Қазақ тілінің сөздігі. – Алматы, 1999. – 775 б. 
6.
 
Манкеева Ж. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері.  – 
Алматы, 2008. – 356 б.  
 
 Есенова К.У. 
Значение научных трудов профессора Ж.А.Манкеевой в формировании 
субъекта межкультурной коммуникации 
 
В  данной  научной  статье  монография  «Қазақ  тіліндегі  этномәдени 
атаулардың  танымдық  негіздері»  профессора  Ж.Манкеевой  рассматривается  как 
фундаментальное  исследование  комплексно  рассматривающий  самобытность 
народа,  национальный  характер,  культурное  богатство  казахского  народа.  О  том 
что  данный  труд  является  избранной  работой,  внесшей  своеобразный  вклад  в 
лингвокульторологию,  историю  языка,  этнолингвистику,  лексикологию  и 
фразеологию,  теорию  наименования,  а  также  в  сферу  словообразования  родного 
языка. 
Ключевые 
слова: 
Языкознание, 
лингвокультурология, 
национальное 
мировоззрение, картина мира, этнолингвистика, лексикология, фразеология, теория 
наименования, словообразование. 
 
Еsenova K.O.  
Value of professor Zh.Mankeeva’s scientific works in the formation of the subject 
of cross cultural cummunication 
 
In this scientific article is considered with as fundamental research comprehensively 
considering  the  identity  national  character  and  cultural  richness  of  the  Kazakh  people  in 
the  professor    Zh.Mankeeva’s    monograph  ”Cognitive  basis  of  ethno-cultural  terms  of  Kazakh 
language”. This work is a selected  work which has made a unique contributionnot only to  linguo-
cultural  study,  but  also  to  language  history,  ethnolinguistics,  lexicology  and  phraseology,  the 
theory of terms, as well as to the sphere of word formation of the native language. 
Keywords:  Linguistics,  cultural  linguistics,  national  world  view,  worldview, 
ethnolinguistics, lexicology, phraseology, theory of naming unit, wordbuilding.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
212 
 
 
ӘОЖ: 811.111-26+811.512.162 
 
Саткенова Ж.Б. – филология ғылымдарының кандидаты, доцент,  
әл-Фараби  атындағы Қазақ ұлттық университеті 
Бисегалиева Н.Қ. – әл-Фараби  атындағы  
Қазақ ұлттық университетінің магистранты 
E-mail: b.nazira_102@mail.ru 
 
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ПОЭЗИЯЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАР ТІЛІ 
 
Аңдатпа.  Мақалада  балаларға  арналған  поэзиялық  шығармалардың  тілі 
туралы  сөз  болады.  Балалар  әдебиеті  –  қоғам  қажеттілігінен  өрбіген  әдебиеттің 
маңызды  бір  арнасы.  Оның  туу,  қалыптасу,  өркендеу  тарихын  жалпы  қазақ 
әдебиеті  тарихынан  бөліп  қарауға  болмайды.  Балалар  әдебиетінің  жас  ұрпақ 
тәрбиесіндегі  орны  айрықша.  Қазақ  балалар  поэзиясының  түп-төркіні,  бастауы 
қазақ  халық  ауыз  әдебиетіндегі  бесік  жыры,  мал  баласын  сүю,  санамақ, 
жаңылтпаш,  өтірік  өлең,  т.б.  жанрларда  жатыр.  Сәби  шыр  етіп  дүниеге  келген 
сәттен  бастап,  халқымыз  оған  артқан  үміт-арманын,  тілегін  әсем  жырға  қосып, 
сөз  өнерінің  қуатты  күшімен  тәрбиелей  бастаған.  Кішкене  кезден  сөз  өнерінің 
жарқын  үлгілерінен  сусындап  өскен  бүлдіршіндердің  адамгершілік  тәрбие  алумен 
қатар,  дүниетанымы  да  рухани-эстетикалық  жағынан  кеңейетіндігі  белгілі. 
Сондықтан  да  бүлдіршінді  жеке  тұлға  етіп  тәрбиелеп,  қалыптастыруда  балалар 
ақындарының өлеңдерінің маңызы мен тәлімдік-тәрбиелік мәні айрықша. 
Тірек  сөздер:  Балалар  әдебиеті,  балалар  поэзиясы,  бала  тәрбиесі,  балалар 
ақындары, балалар жазушылары, қазақ балалар әдебиеті. 
 
Қазақ балалар әдебиеті – өз даму кезеңінде өзіндік тарихы бар сала. Балаларға 
арналған әдебиет ұлт тарихында сонау ауыз әдебиетінен бастау алып, қазіргі кезеңге 
дейін  өзінің  тілдік,  стильдік  жағынан,  мазмұны  мен  құрылымы  жағынан  үлкен 
белеске көтерілді. Қазақ балалар әдебиетінің, оның ішінде балалар поэзиясының түп-
төркіні,  бастауы  қазақ  халық  ауыз  әдебиетіндегі  бесік  жыры,  мал  баласын  сүю, 
санамақ,  жаңылтпаш,  өтірік  өлең,  т.б.  жанрларда  жатыр.  Сәби  шыр  етіп  дүниеге 
келген сәттен бастап, халқымыз оған артқан үміт-арманын, тілегін әсем жырға қосып, 
сөз  өнерінің  қуатты  күшімен  тәрбиелей  бастаған.  Кішкене  кезден  сөз  өнерінің 
жарқын  үлгілерінен  сусындап  өскен  бүлдіршіндердің  адамгершілік  тәрбие  алумен 
қатар,  дүниетанымы  да  рухани-эстетикалық  жағынан  кеңейетіндігі  белгілі.  Қазақ 
әдебиетінің  тарихын  бағдарласақ,  мұнда  балаларға  арнап  өлең  жазбаған  қаламгер 
кемде-кем.  Мұның  өзі  қазақ  қаламгерлерінің  жас  ұрпақ  тәрбиесіне  ерекше  көңіл 
бөлгендігін  көрсетеді.Ұлттық  балалар  әдебиетінің  атасы  деп  А.Құнанбаев, 
Ы.Алтынсарин,  Б.Майлин,  С.Сейфуллин,  Ж.Жабаев,  І.Жансүгіров,  С.Бегалин,  т.б. 
ақын-жазушыларды  атасақ,  одан  кейінгі  кезеңде  жарыққа  шыққан  М.Әуезовтың  «Бала 
Шоқан» әңгімесінің ізін ала, қазақ әдебиетіндегі балалар тақырыбына жазылған шығармалар 
да  тақырыбы  мен  мазмұны  жағынан  ерекше  мәнге  ие  бола  бастады  Қазақ  жазба  балалар 
әдебиеті  өз  бастауын  Ы.Алтынсарин  шығармашылығынан  алады.  Әдебиеттің  күрделі  де 
қызықты  бұл  саласының  шын  мәнісінде  өркендеуі  мен  қарқынды  дамуы,  қайшылықтарға 
қарамастан, ХХ ғасыр, кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті кезеңінде болды. Аталмыш дәуірде 
Т.Жомартбаев,  Б.Майлин,  І.Жансүгіров,  А.Тоқмағамбетов,  Ө.Тұрманжанов, 
М.Әлімбаев,  Ә.Табылдиев,  Қ.Мырзалиев,  Ж.Смақов,  Ә.Дүйсенбиев  сынды  т.б. 
қаламгерлер қазақ поэзиясына айтарлықтай үлес қосты. 1931 жылғы мақаласында І. 
Жансүгіров:  «Бізде  «Балалар  әдебиеті»  -  жасалмаған  әдебиет.  Сондықтан  менің  бір 
ойым  –  осы  әдебиеттің  бізде  жасалуына  көмектесу  еді...  Енді  бұл  кетікке  кірпіш 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
213 
қалауымыз керек деймін» [1, 13 б.] деген пікірі біздің осы ойымызды қуаттай түседі. 
Өйткені,  бұл  дәуірде  Ыбырай  Алтынсарин  қаламынан  бастау  алған  қазақ  жазба 
балалар  әдебиетінің  барлық  салалары  дамып,  тың,  соны  ізденістермен  толықты.  Әрине, 
саясат жетегінде кетушілік балалар әдебиетіне де кері әсерін тигізбей қоймады. 
«Балалар  әдебиеті  –  қиын  әдебиет.  Оның  бірталай  өзіндік  ерекше  сипаттары 
бар. Балалар кітаптарында әрекеттің нақтылығы мен образдың көрнектілігі, лириктік 
сезімталдылық, характерлер мен оқиғаның динамикалық түрде дамуы, тіл тазалығы 
мен тартымдылығы қажет» [2, 74 б.] деген С.Қирабаев пікірі балалар әдебиеті сияқты 
әдебиеттің  жеке  бір  арнасының  өзіндік  ерекшеліктері  жайлы  мәлімет  береді. 
Шындығында  да,  балаларға  арнап  шығарма  жазу  –  қаламгерден  үлкен 
жауапкершілікті талап етері сөзсіз. Өйткені балалар ақыны жас ұрпаққа тәлім-тәрбие 
беретін, оның дүниетанымын кеңейтетін шынайы көркем шығармалар жазуы қажет. 
Қаламгердің  айтпақ  ойы  жас  оқырманның  көңілінен  шығып,  жүрегіне  жылы  тиюі 
шарт.  Сонда  ғана  ол  шығарма  балаларды  ізгілік,  адамгершілік,  әдептілік,  адалдық, 
еңбексүйгіштік,  инабаттылық  тәрізді  өзге  де  игі  қасиеттерге  баулып,  жалқаулық, 
көрсеқызарлық,  тентектік,  сотқарлық  пен  бұзақылық  сияқты  мінездегі  міндерден 
сақтандырады,  ал  қаламгердің  шебер  қиюластырған  сөз  өрнектері  бөбектерге 
эстетикалық  тәрбие  береді.  И.Лейбсон  «Өнер  неге  үйретеді»  еңбегінде:  «Иә,  өнер, 
оның ішінде поэзия  – тәрбиенің ең күшті құралы» [3, 13 б.]  дейді. Балаларға  арнап 
шығарма  жазатын  қаламгер  өзін  тек  сөз  зергері  ретінде  ғана  емес,  сонымен  қатар 
тәрбиеші, кеңесші және нұсқаушы ретінде де сезінеді. 
Алайда құрғақ уағыз балаға айтарлықтай әсер етпей, тез жалықтырып жібереді, 
сондай-ақ  өлеңнен  нәтиже  шығарып,  бір  тоқтамға  келуіне  кедергі  жасайды. 
Сондықтан  балалар  ақынынның  алдында  туындайтын  маңызды  мәселенің  бірі  – 
айтылмақ 
ойды, 
берілмек 
ақылды 
балалар 
түсінігіне, 
талғам-тілегіне, 
қызығушылығына сай етіп жазу. «Жетекші дарын, жемісті еңбек» атты мақаласында 
Қ.Ергөбек  ақынның  балаларға  арналған  өлеңдеріне  тән  он  екі  ерекшелікті  атап 
көрсетеді.  Солардың  бірі  –  олардың  юморлық  жылылығы  [4,  105  б.].  Балалар 
аудиториясы  юморды  ұнатады.  «Педагогтар,  -  И.Лейбсонның  пікірінше,  –  күлкінің 
тәрбиелеу құралы екендігін біледі. Жеткіншек, бала жазалаудан қорықпауы мүмкін. 
Алайда,  ол  бала  ешқашан  достарының  алдында  күлкілі  кейіпте  көрінгісі  келмейді. 
Күлкі  көмегімен  қалыптасып  қалған  міндерді  емдеп  қана  қоймай,  сонымен  қатар 
олардың алдын алуға болатындығын естен шығармаған жөн».  [3, 13 б.]. 
Сөзіміз  жалаң  болмас  үшін  бірер  мысалдар  келтірейік.  М.Әлімбаевта  мынадай 
өлең кездеседі: 

 
Шәкір! 
Көршіні шақыр. 

 
Мақұл! 

 
Шәкір! 
Тілге қой шатыр. 

 
Мақұл! 
... –  Шәкір! 
Бұл – біздің батыр. 

 
Мақұл! [5, 310 б.]. 
«Шәкір-мақұл»  деп  аталатын  бұл  өлеңінде  ақын  Шәкір  деген  баланың 
бойындағы жалқаулықты, берген тапсырманы орындауға құлықсыздықты, үлкендер 
сөзіне  құлақ  аспаушылықты  ойнақы  түрде  әжуалап  жеткізеді.  Шәкір  берілген 
тапсырманың  біріне  де  «жоқ»  деп  жауап  қайтармағанымен,  ешбіреуін  де 
орындамайды.  «Шәкір!  Бұл  –  біздің  батыр»  деген  уытты  кекесін  балаларды  еріксіз 
езу тартқызары сөзсіз. Өзінің Шәкір тәрізді еріншек құрбысын көз алдына елестеткен 
бала  оған  ұқсамауға,  ерінбеуге,  үлкендердің  айтқанын  екі  етпей  орындауға  бел  байлайды. 
Өйткені  Шәкір  бейнесінен  балалар  өздерін  танып,  бір  кездері  ерініп,  тіл  алмаған  сәттерін 
естеріне түсіреді және енді мұндай қателіктерді қайталамауға тырысады. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
214 
 
 
Белгілі балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиевтің өлеңінде жалқау бейнесі өзге қырынан көрінеді: 
Сен байқасаң, 
Ол әрқашан 
Батпақ-сатпақ, 
Себебі:  
Жақау –  
Жалқау, 
Самарқау.  
... Егінді ол еккен, 
Мал жеп кеткен, 
Тып-типыл [6, 303 б.]. 
Ақынның  Жақау  деген  кейіпкері  де  Шәкір  тәрізді  жалқау,  жатыпішер.  Бірақ 
оның Шәкірден бір ерекшелігі – мардымсыз болса да, жұмысқа араласуы, алайда сол 
жұмысты аяғына жеткізбей, тастап кетуінде десек болады. Жақау мінезінің бұл міні 
соңғы  шумақта  көрінеді.  Жалқаулыққа  салынып,  өзі  еккен  егініне  қарамай,  одан 
айрылған еріншек бейнесі балаларды бір жағынан, күлдірсе, екінші жағынан, ондай жағымсыз 
міннен  аулақ  болуға,  ерінбей  еңбек  етуге,  бастаған  істі  аяқсыз  тастамауға  үйретеді.  Демек, 
өлеңде  көтерілген  басты  идея  ұлы  Абайдың  «еңбек  етсең  ерінбей,  тояды  қарның  тіленбей» 
деген сөзімен үндес. Осыған орай С.Көбеевтің: «...еңбек тәрбиесіне де баса назар аудару керек. 
Еңбекке тәрбиелемей тұрып, балаға дұрыс тәрбие бердім деп айту екіталай», [7, 50 б.] – деген 
пікірі балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеудің маңызын ашады. 
Т.Жомартбаев  «Балаларға  жеміс»  атты  жыр  жинағында  бүлдіршіндерді  оқуға 
үндеп, теріс қылықтардан бойды алшақ салуға үндейді. Ол «Жалқау» атты өлеңінде: 
Сабаққа мойын бұрмайды, 
Кітаппен кеңес құрмайды. 
Мектепке ерте баруға, 
Ұйқысынан тұрмайды. 
Тұрса орнынан ырғалып, 
Киінбей  жылдам,  жырғалып  [8,  7  б.]  –  деп,  жалқау  баланы,  оның  оқуға, 
жұмысқа деген құлықсыздығын, еріншектігін әжуалайды.  
Сонымен  қатар  балалар  ақындары  өлеңдерін  жаңылтпаш,  жұмбақ  түрінде 
беріп, оларды ойландыруға, сөздік қорын молайтуға тырысады. Балалар поэзиясында көп 
қолданылатын  дәістердің  бірі  –  адас  атаулар  арқылы  өлеңдердің  берілуі.  Балалар  адас 
атауларды табу арқылы сөздік қорын молайтады және омоним, көп мағыналы сөздермен 
танысады,  әрбіреуінің  мағынасына  жете  мән  беруге  дағдыланады.  Бұл  әдіс  баланың  ана 
тілін жетік меңгеруіне, оның тереңіне үңіліп, тұнығына бойлауына жәрдемдеседі. 
Ас пісірсең, әрине, 
Табыламын әр үйден, 
Немесе 
Ата-жұрты татардың 
Ежелгі бір шаһармын [5, 531 б.]. 
Екі бөліктен тұратын және екі түрлі затты жасырып тұрған жұмбақтың шешуі – «Қазан» 
деген омоним сөз.  Бір сөздің  бұлайша  түрлі мағыналарды білдіруі  балаларды  қызықтырады. 
Бала өзі білмеген сөз мағыналарын есте сақтауға талпыныс білдіреді, мұның өзі бала танымын 
кеңейте түсері сөзсіз. Сондай-ақ мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер де жиі кездеседі. Мысалы: 
Жақсы болсаң, салмағың ауыр тартар, 
Жақыныңдай жатың да юауыр тартар. 
Біліммен жетіледі кісінің ебі, 
Үйренген үйрете алар кішілерді. 
Түздегі мінез үйдегіден өзгеше: 
Сыр берерсің қиындыққа төзбесең [5, 539 б.]. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
215 
Ақынның дидактикалық  сарындағы бұл өлең жолдарының тәрбиелік мәні зор 
болумен  қатар,  қарама-қарсы  мағынадағы  сөздердің  берілуі  бір  жағынан 
шумақтардың  әсерлілігін  арттырса,  екінші  жағынан,  балаға  «жақсы»  мен 
«жаманның» ара-жігін ажыратып, салыстырып, қорытынды жасауға жетелейді. 
Шумақтарда  қолданылған  «салмағың  ауыр  тартар»,  «сыр  беру»  деген  сияқты 
тұрақты  тіркестер  өлең  экспрессиясын  арттырып  тұрғаны  түсінікті.  Жекелеген  дыбыстық 
сәйкестіктер де айтылмақ ойдың көркем, ісері болуына игі ықпалын тигізеді. 
Қазіргі тілтанымның негізгі  бағыттарының  бірі тілдік құбылысты тек формалды  жүйе 
ішінде емес, әлеуметтік ортада қолданылатын қарым-қатынас құралы ретінде қарастыру болып 
табылады.  Осыған  байланысты  соңғы  жылдары  тілді  стилистикалық,  когнитивтік, 
социолингвистикалық  және т.б. жақтардан кешенді сипатты зерттеулер жүргізілуде. Соның бірі 
– көркем шығарма тілінің лингвистикалық ерекшеліктері болып табылады. Шығарманың тілідк 
ерекшелігі  автордың  өмір  сүру  ортасынан,  өмірлік  тәжірибесінен,  қоғамдық  ортадан 
алған  білімдер  жүйесімен  тікелей  байланысты  болып  келіп,  оның  барлығы  тілдік, 
тілдік  емес  ақпараттар  негізінде  шығарманың  тақырыбы  мен  мазмұнын  байытып 
тұрады. Мысалы, М.Гумеров шығармаларындағы: 
-Шорағай! Шорағай! – десті Бейсен мен Зипа даурығысып. 
-Ол қандай балық
 
-Бізде шортанның кішкентайын шорағай дейді [5, 165 б.]. 
«Турамша»  сөзін  Жоламан  соғыс  басталғалы  бері  ғана  естіп  жүр.  Бұрын 
ауылдағылар мол ғып ет асатын. Соңғы кезде жұрт етті ұсақтап турап, пісірген 
кеспе  мен  көжені  «турамша»  дейтінді  шығарды  [5,  10  б.].  Ол  да  дұрыс. 
Кооперативтің  түр-түрі  көп  десіп  жүр  ғой  білетіндер.  Е-е-е!  Енді  есіме  түсті. 
Атам ертеректе бірігіп  жұмыс істейтіндерді  жұрт  «мойынсерік» дегенін айтып 
отыратын  [5,  97 б.].  Аппақ әдемі шілтерден перде ілінген есіктей терезелерге таңдана, 
тесіле  қараймын.  Бір  жерде  кішкене  қаздар  «Шұңқыр  доп»  ойнап  жатыр  екен. 
Жұдырықтай  доптың  жартысы  сиятындай  бірнеше  шұңқыр  қазыпты.    Допты 
домалатып соларға түсіріп ойнайтын ойын ғой, баяғы. Сен допты алғыш, әйбат бала едің 
ғой.  Машина  жүргізуді  де  қой.  Қанат  шаршап  қалды.  Оны  жұмсама,  демалсын.  Өзің  де 
демал [5, 141 б.] т.б. сөйлемдерде берілген  шорағай, турамша, мойынсерік т.б. сөздердің 
астарында ұлттық болмысқа тән, бірақ көпшілікке белгісіздеу мәдени ақпарат бар.  
Бұл  тілдік  тәсілдердің  барлығы  да  көркем  шығармада  белгілі  бір  стильдік 
мақсаттарға орай қолданылатынын байқаймыз. Кез-келген жазушы кейіпкер бейнесі 
мен оның шынайы болмысын беруде тілдік көріктеуіш құралдарын қолданады. Бірақ 
жазушы  өзінің  стильдік,  тілдік  талғамына  сай  оларды  сұрыптап,  таңдап  береді. 
Әсіресе  жазушы  қолданысындағы  фразеологизмдер,  авторлық  қолданыстардың 
кейіпкер бейнесін берудегі қызметі ерекше. Көріктеуіш құралдар кейіпкердің мінез-
құлқын,  психологиялық  ахуалын,  эмоциясын дәл  беруге  жағдай  жасайды.  Сонымен 
қатар,  көріктеуіш  құралдардың  индивид  пен  ұжымның  қоршаған  ортадағы  сөйлеу 
мәдениеті мен адамның таным деңгейін ашып көрсетуде рөлі зор. Бұл айтылған мәселелер 
балалар  әдебиетінің  кейіпкерлерімен  тығыз  байланысты.  Себебі,  бала  тілінде  де  ұлттың 
рухани құндылығы ретінде ана тілінің бейнелі сөз оралымдары жиі қолданылады.  
Балалар әдебиетінде тағы бір атап кететін жайт Б.Соқпақбаев, М.Гумеров, М.Қабанбаев қазақ 
балалар  әдебиетінде  ерекше  қолтаңба  қалдырған  тұлғалар.  Аталмыш  жазушылардың 
шығармаларындағы  кейіпкерлер  мен  олардың  лақап  аттары,  жер-су  атауларының  мәні  ұлттық 
таным мен болмысқа, этнопсихологиялық танымға негізделген. Балаларға арналған әңгімелері мен 
повестерінде дүниені танудағы жас ерекшелік психологиясы мен танымның когнитивтік санадағы 
көрінісі айрықша рең беріп тұрады. «Осы мақсатта  жұмыс жасау үшін» дейді  М.Әуезов,   – ең 
алғашқы кездерде бала араласқан әңгімені, мүмкін болғанынша балалар қаһарман болған әңгімені 
алу керек». 
Сол себептен Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат», «Жекпе-жек», «Менің атым 
Қожа»,  «Аяжан»,  «Алыстағы  ауылда»,  «Өлгендер  қайтып  келмейді»,  М.Гумеровтың 
«Аңсау», «Шыңырау», «Қара дәптер», М.Қабанбаевтың «Екеу»,  «Бауыр»  «Армандастар» 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
216 
т.б. шығармаларының тілдік тұлғасын, жалқы есімдердің мінез бен оның логикаға сай дамуы, 
психологиясы мен дүниетанымы, тілдік ерекшелігі арнайы қарастыруды қажет етеді.  
Б.Соқпақбаевтың  «Менің  атым  –  Қожа»  әңгімесі  де  мазмұны  мен  стильдік 
ерекшелігі  жағынан  бітімі  бөлек  дүние.  Шығарманың  тілдік  жүйесі  Қожаның 
психологиялық  қабылдауы  мен  оның  когнитивтік  санасындағы  дүниетанымы 
деңгейінде  құрылған.  Шығарманың  басты  кейіпкері  Қожаберген  өз  есіміне  деген 
танымдық  көзқарасты  психологиялық  тұрғыдан  былай  көрсетеді:  Атымды  айта 
бастасам,  тілім  таңдайыма  жабысып  қалғандай  болады  да  тұрады.  Адамның 
атының  сүйкімді  болуы  да  зор  бақыт  па  деймін.  Мәселен,  Мұрат,  Болат,  Ербол,  бақыт 
деген  аттарды  алып  қараңдаршы.  Айтуға  да  ықшам,  естір  құлаққа  да  жағымды.  Әрі 
мағына  жағынан  да  қазақ  тілінен  сабақ  беретін  Майқанова  тәтейше  айтқанда,  бұлар 
жоғары идеялы есімдер... Шынын айтсам, бұл о баста Қожа емес, Қожаберген екен. Бірақ  
дүниеде не қилы ғажайып құбылыстар бола беретіні тәрізді, бертін келе «Қожабергеннің» 
құйрығы үзіліп түсіп қалыпты. Сонымен мен өзім ес білгелі Қожамын [4, 336 б.] 
Бұл – адам аттарын қоюда ислам дінінің әсері мен халықтың әдет-ғұрып, салт-
сана,  наным-сенімдерінің  ықпалы.  «Қожа»  -  Мұхамедтің  алғашқы  халифтерінің 
ұрпағы.  Ертеде  қазақ,  тағы  да  басқа  халық  арасында  мұсылман  дінін  таратып, 
уағыздаушы. Қожалардың арғы атасы Аюб ба Яминнен бастаады. Мұхамедтің туысы Әлидің 
баласы Хұсайыннан өрбіген қожаларды «Сайд қожалар» деп атайды. Олар Мекке, Мәдинені, 
ал бір тобы Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген. Қазақтар арасында қожалар Шәмші 
Ахмет және Шайқы Бұзырақ деген екі үлкен салаға бөлінеді [7, 7 б.]. 
Профессор  Т.Жанұзақ  көрсетіп  бергендей  сұлтан,  қожа,  төре,  мырза  т.б. 
күрделі  тұлғалы  есімдер  тарихи  сипаты  жағынан  архаизм  сөздер.  Қазақта  бұрын 
«қожаға  қол  бер,  төреге  жол  бер»  деген  сөз  болған.  Осындағы  қожа  қазақ  арасына 
сіңісіп кеткен арабтар да, төре – моғолдар да болған [7, 129 б.]. 
Бұл  жерде  Қожаның  пікірін  пайымдау  үшін  алдымен  оның  таным  деңгейін 
түсіне  білу  қажет.  Мұндағы  ең  басты  әсер  етуші  фактор  қоршаған  орта,  қоғамдық 
сана.  Егер  индивид  өзінің  жеке  ойы  мен  қабылдауын  әлеуметтік  сананың  пікірімен 
байланыстыра алмаса, онда мұндай логикалық құрылым болмаған болар еді. Бұл жерде автор 
ескі  көзқарас  пен  жаңа  қоғамдық  сананың  арасын  қожаның  өз  есіміне  байланысты  пікірі 
арқылы дәл көрсетеді. Бірақ жүре-бара құлағым үйреніп, дағдыланып кеттім. «Қара Қожа» 
дегендерге «әу» деп, жалт қарайтын болдым...Өскембайдың баласына  Тыңжыртар  деп ат 
қойған секілді, өзге қызу жұрт сол арада ду қосып, осы болсын, мұнан жақсы атты дүниені 
шырқ айналсақ та таптырмаймыз дескен [4, 336 б.]. 
Ұлттың  болмысына  қатыстыы  мұндай  құбылыс  жазушы  М.Гумеровтың 
«Ортаншы  ұл»  шығармасында  былай  суреттеледі:  Тақыр  бас  бала  тақылдап  біраз 
сөйледі.  Алмастың  ұққаны:  Өлместің  шын  аты  Өлкебай  екен.  Көршісіндегі  бір 
келіншек қайынағасының атын атамау үшін, оны ойнап жүрген балалардың көзінше 
ылғи  «Өлмес»  дей  беріпті.  Бұл  сөз  бірте-бірте  балалардың  құлағына  сіңіп,  ақыры 
олар оны «Өлмес» деп атай бастапты [5, 150 б.]. Мұндағы бір көрініс, қазақ халқындағы 
отбасына келіп түскен келіндердің жаңа түскен үйдегі адамдардың атын атамай, астарлап 
жеткізудің  әсерінен  болғанын  байқатса,  халқымыздағы  ырым-тыйым  сөздердің  пайда 
болуы туралы айта келіп, қарауында көп өлке, аймақ, алқап, тұрақ, мекен болсын, соларға 
үстем болсын деген тілекпен қойылған есім деп көрсетеді [7, 119 б.]. 
М.Қабанбаевтың  «Қала  және  қыз  бала»  әңгімесінде  де  адамға  ат  қоюдағы 
ырымға  сену  құбылысы  анық  байқалады.  Мысалы:  Елубір  деген  бала  ылғи  мені 
сыртымнан бағып жүреді  дедім ғой. Өзі  аппақ шөлмектей жүдеу, артқы партада 
отырады.  Әке-шешесі  ұзақ  жылдар  перзент  көрмей,  елу  бір  жасында  осы  бала 
дүниеге келіпті. Елубір  деп  сол себептен атапты [6, 25б.]. Мұның өзі  адамзаттың, 
оның  ішінде  қазақ  халқы  кей  кезеңде  өмір  сүрсе  де,  ұлттық  таным  мен  ойлаудың 
ежелгі  дәстүрлі  тәжірибесіне  сүйенетінін  байқатады.  Жалпы,  жалқы  есімдер  өз 
бойында  белгіі  бір  кезеңге,  тіпті  тұтас  бір  елдің  тарихына  қатысты  ақпараттарды 
жинақтай  отырып,  көркем  мәтіндегі  қолданыста  ерекше  маңызды  рөл  атқаруы  мүмкін.  Мұны 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
217 
ғалымдардың  «Жалқы  есімдер  көркем  мәтіннің  идеялық-эстетикалық  мазмұнын  ашатын 
концептуалдық және образдылық мәнге ие, сондай-ақ көркем мәтінде негізгі қызмет атқаратын тірек 
тілдік таңбалар ретінде тануымызға болады» [8, 26 б.] деген пікірлерімен сабақтастыруға болады. 
Баланың қабылдауы мен оған ықпал етуші қоғамдық сананың әсері контексте 
ерекше  көрінеді.  Шығармадағы  Қожаның  тәрбиесі  мен  дүниетанымына  әсер  етуші 
адамның бірі – анасы Милләт. Бұдан бір жыл бұрын Қаратайдың әйелі дүние салған 
екен. Дүниеде өзге әйел құрып қалғандай Қаратайдың есек дәме көңілі менің Миллат мамама 
ауатын сияқты. Бірақ мен Қаратайға іштей кіжінемін де, атаңның басы мамам тиер саған, 
деген сөзді айтамын. Кейде Миллат мамам әкемнің суреттерін ақтарып қарап отырады да, 
мұңға  батып,  бір  түрлі  егіліп  кеткендей  болады  [4,  338  б.].    Милләт  есімі  –  қазақ 
ономастикасында сирек кездесетін жалқы есім. Автордың бұл есімді таңдап алу себебі неде? 
Арабша-қазақша  түсіндірме  сөздікте  бұл  атаудың:  1)  ұлт,  халық;  2)  діни 
қауым;    3)  дінге  сену  деген  үш  түрлі  мағынасы  берілген.  Яғни  бұл  есім  автордың 
когнитивтік  санасында  елдің,  ұлттың  еңбекқор,  ісіне  адал,  жарына  сыйлы  қазақ 
әйелінің  моделін  жасауға  қажет  болды.  Себебі  автор  шығарманың  өн  бойында 
Милләт есімді әйелдің шаруақор, ізетті, сыйлы образын айқын, дәл көрсетіп береді. 
Соған сәйкес оның есімі де осы ұғымды ашып тұруға тиіс болды. Яғни аталмыш есім 
–  жоғарыда  көрсетілген  сапалық  ұғымдар  мен  ақпараттардың  барлығын  бойына 
жинаған  тілдік  бірлік.  Миладъ  атауы  Л.З.Будагов  сөздігінде:  -  рождение  Рождество 
(Христа)  годъ  Христіанский  деп  берілген.  Яғни  христиан  жылының  басталуы, 
дүниеге  келуі  деген  ұғымды  білдіреді.  «Ежелгі  заманға  тән  көне  жалқы  есімдердің  мән-
мағынасы, шығу төркіні бұл күні жалпы қауымға түсініксіз келеді. Сондықтан да олардың 
этимологиясын анықтап, ғылыми тұрғыдан зерделей зерттеудің орны ерекше» [9, 3 б.]. 
Жазушы  М.Қабанбаевтың  «Ескі  бәтеңке»  деген  әңгімесінде  бала  тәрбиесіне 
ерекше  талғаммен  қарайтын  Майсараны  автор  Бұл  әлек-шелекті  аңғарған  Мұрат 
жоқ,  ол  үшін  Майсара  –  Мұраттың  маңдайына  жазған  келіншегі,  үш  баланың 
анасы – Майсара [6, 163 б.] деп ана ретінде Майсараның жағымды кейпін суреттесе, 
М.Гумеров шығармаларында әйел образы былай талданады: Рас, келін ақылсыз емес, 
әрине.  Бірақ  сұлу  әйел  қанша  ақылды  болса  да,  оның  ақылы  өзінің  сұлу  екенін 
түсінуден,  жұрттың  өзіне  қызығатынын  ұғудан  әріге  бара  бермейді.  Әгәрки 
ақылдың тұрағы әдемілік болса, күллі ауылдың ақыл-ойы әйелден Алмаға қонақтаған 
болар  еді  [5,  68  б.].  Жоғарыда  талданған  кейіпкерлердің  арасында  Милләт 
жалғызбасты,  колхоз  шаруасындағы  әйелдің  образын  қамтыса,  Майсара  мен  Алма 
қызмет атқаратын және әлеуметтік тұрғыда отбасы толық әйелдер. Бірақ, үшеуі де ана ретінде 
бала тәрбиесіне, олардың оқу үлгеріміне ерекше талаппен қарайтыны сөзсіз. 
Б.Соқпақбаев  кейіпкерерінің  бірі  –  Сұлтан.  Сұлтан  шығармада  әлеуметтік 
ортадан  бөлек,  жағымсыз  әрекеттерге  бейім  образды  бейнелейді.  Соған  қарамастан 
Қожаның  айналасындағы  басқа  кейіпкерлерге  қарағанда  Сұлтанның  бойында 
ұйымдастырушылық  пен  лидерік  қасиет  басымырақ.  Мысалы:  Бір  атқа  екі  ер 
ерттеп мінген қазақты мен бұған дейін көрген жоқ едім. Сұлтанның мына ақылы, 
шынында да ойға қонымды, қызық көрініп кетті. – Әй көгермей кеткір, қу Сұлтан, 
сен  ғой  осыны  шығарып  жүрген...  Соның  бәрі  Сұлтекеңнің  арқасы.  Бір  де  бір  күн 
көліксіз  болып  көргем  жоқ.  Нелер  жорға-жүйрік  сәйгүліктерді  сол  тауып  әкеледі. 
Ертте мынаны дейді, ерттеймін. Кеттік дейді, - ілесіп кете берем. Қайда барамыз 
деп  сұрамаймын  да  [4,  370  б.]  деген  сөйлемдерде  осы  қасиеттері  айқын  көрінеді. 
Профессор  Т.Жанұзақ  адам  аттарының  шығу  тарихы  мен  этимологиясына  талдау 
жасай  отырып,  араб  тілінде  Сұлтан  есімінің  –  өкімет,  билеуші,  әкім  деген  мағына 
беретінін  айтады да, одан әрі  «Сұлтан сөзі түркі тілдеріне араб тілінен енген.  Араб 
тіліндегі  мағынасы  «әкім»,  «бастық».  Түркі  тілдес  халықтарда  XV  ғасырдан 
кездеседі. XV ғасырдың 40 жылдарынан бастап қазақ тілінде жұмсала бастаған. Бұл 
титул Қазақстанда феодалдық титулды өз есімдерімен қатар қолданып отырған. басқа 
сословиелік  титулдар  сияқты  бұл  да  кейіннен  кісі  аты  және  оның  құрамы  ретінде 
қолданыла  бастайды.  ол  дара  тұлғалы  әрі  біріккен  тұлғалы  кісі  аттарын  жасауға 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
218 
қатысып,  арқау  болған.  Мысалы:  Сұлтанғазы,  Сұлтанғали,  Сұлтанәлі,  Сұлтанмұрат, 
Жансұлтан, Ақсұлтан, Бексұлтан, Нұрсұлтан, т.б. Қазіргі кезде сұлтан сөзі историзм 
саналады, ал оның ескі мағынасы ұмыт болған. Қазіргі кісі аттары  компоненттеріндегі 
сұлтан сөзі ешқандай мағынаны бермейді» деген [7, 132 б.] пікір білдіреді. Ал шығармадағы 
Сұлтан беделді болмаса да, кез-келген адамды өзіне тарта білетін, жұмсай білетін қасиетімен 
дараланып тұрады. Мұны Сұлтан туралы шығармадағы Қожаның: Тани кеттім  – Сұлтан. Ол 
маған еңкейіп, үңіліп қарады да: - Ой, Қара Көжемісің? Не болды? Неғып дөңгелеп жатырсың? 
Қане,  мен  көрейін,  -  деп,  Сқлтан  қолындағы  жүгенін  жерге  қоя  салды  да,  менің  аяғыма 
жармасты. Сұлтан оңбаған мазақ етіп тұр: - Қайран қара Көжем-ай, ажалыңнан үш күн бұрын 
өлетін болдың-ау [4, 362 б.] деген сөздерінен де айқын аңғаруға болады.  
Қорыта  айтқанда,  бүлдіршін  мінезін,  өмірін,  жан-дүниесін  сөз  ететін  балалар 
ақынының өлеңдері шынайылығымен, юморлық жылылығымен, әрі шымырлығымен 
көз тартуы керек. Өйткеніюмор – ақынның балаларға арналған өлеңдерінің бұлжымас 
бір  шарты,  өзіндік  ажары  іспетті.  Демек  балалар  өлеңдеріндегі  юмор  кейіпкерлер 
бойындағы жағымсыз қылықтарды әжуалап, мысқылдап қана қоймай, балаларды мұндай 
қылықтардан сақтандырады, адамгершілікке, ізгілікке, еңбеккерлікке баулиды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет