БҚму хабаршы №3-2016ж


Хасанов Г.К., Курманиязова Р



Pdf көрінісі
бет31/44
Дата06.03.2017
өлшемі4,23 Mb.
#7949
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44

Хасанов Г.К., Курманиязова Р. 
Семантическая особенность слова-символа «голубой» казахского языка 
Главной проблемой  статьи является семантическое развитие слова-символа 
«голубой» и его  структурное развитие, а также  сфера употребления в структуре  
словосочетания. Эти проблемы в свою очередь  охватывают целый ряд вопросов, раскрывающих 
семантическую природу слов-символов «голубой» на конкретных языковых фактах.  
Ключевые  слова:  Слова-символы,  семантические  особенности,    словосочетание, 
грамматика, цветообозначения. 
Hasanov G.K., Kurmaniazova R. 
Semantical feature of symbolic world «blue» in Kazakh language 
The  article  is  devoted  to  the  problem  of  colour  designation  of    ‘blue’  in  Kazakh 
language.  Mainly  the    objects  of  article  were  three  aspects  of  the  given    phenomenon:                    

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
224 
1) semantic development of colour designation of  ‘blue’; 2)  structural development of this 
colour designation; 3) use of this colour designation in the structure of set expressions 
Keywords:  Symbolic word, semantical feature, grammar, word-combination, colour designation. 
ӘОЖ: 821.512.122.0 
Шакирова Қ.М. – аға оқытушы, Ы.Алтынсарин атындағы  
Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты 
Е-mail: Katira_1971@mail.ru 
 
ҚАПАН САТЫБАЛДИННІҢ «МАХАББАТ МАШАҚАТЫ» 
ПЬЕСАСЫНДАҒЫ «МІНЕЗ» БЕН «ЖАҒДАЙ» МӘСЕЛЕСІ 
 
Аңдатпа.  Мақалада  драматург  Қапан  Сатыбалдиннің  шығармасындағы 
«мінез» бен «жағдай» ұғымдарының мәні мен қызметі  және олардың тұтас жүйе 
екендігі  аталып  көрсетілді.  «Жағдайдың»  көркемдік  –  эстетикалық  ерекшелігі 
толық  айқындала  қоймаған  әдеби  категория  ретіндегі  сипаты  анықталып, 
мағыналық  ара  –  жігін  ажыратуға  қатысты  пайымдаулар  жасалды.  «Мінездің» 
«жағдайды»  өзгертетін  ықпалы  және  «мінез»  бен  «жағдай»  байланысы  көркем 
туындыдағы  шындықты танудың, игерудің нәтижесі ретінде көрсетілді. 
Тірек  сөздер:  Көркем  шығарма,  мінез,  жағдай,  мінез  мәселесі,  ұлттық 
әдебиет,  тартыс,  ұлттық  проза,  драматургия  жанры,  драматизм  табиғаты, 
әдеби мінез. 
 
Ұлттық әдебиеттің тарихи дамуынан көрініс беретін адамның рухани өмірдегі 
әр түрлі драмалық дағдарысқа ұшырап отырған өзгерістері әдеби үрдістегі өзгермелі 
жағдай  ұғымының  аясында  талданғаны  жөн.  «Эстетикаға  кіріспе»  еңбегінде  Ю. 
Борев:  «Суреткердің  шеберлігіне  бағынбайтын,  одан  тәуелсіз  адам  характері  мен 
жағдайдың болатындығы дау туғызбайтын жайт. Характер мен жағдайдың өнердегі 
байланысы өмірдегі шындықты танытудың нәтижесі», – дейді [1, 28 б.].  
Сонымен қатар өмірдегі жағдай мен өнердегі тартыстың арасындағы алшақтық 
жөніндегі айтылған мына бір пікірлер назар аударарлық: «Өнердегі тартысты жағдай, 
біріншіден,  адамтану  мәселесіне  негізделген.  Сондықтан  оның  өмірлік-танымдық 
жағы  көркем  шығарма  идеясына  негізделген.  Екіншіден,  өмірлік  тартыс  белгілі  бір 
адамдар  тобы  арасында  ғана  болса,  ал  өнердегі  тартыс  адамзаттың  қаламгердің 
мықтылығы  көркем  туынды  жазу  кезінде  өмірдегі  тартыспен  байланысы  бар 
жағдайларды  дәл тауып, көркемдік шешім ұсына білуінде» [2, 83 б.]. 
Автордың  алға  қойған  мақсаты  кейде  тәжірибе  жасау  алаңы  сияқты.  Ол 
өмірдегі  жағдайды  дәл  сол  күйінде  қайталамай,  жаңа  көркемдік  жағдай  ұсынады. 
Сонымен  қатар  өмірдегі  шындық  әр  кезде  жазушының  ұстанымымен  сәйкес  келе 
бермейтіні де бар ғой.  
Тартыс  табиғатын  оның  басталуы,  аяқталуы,  айырылуына  қатысты  
айқындауда  бірізділік  бар,  болмыстың  өнердегі  тартыс  дәрежесіне  жетілуі  үшін  әр 
түрлі авторлық өңдеуден өтетіндігі жөнінде айтылған мына пікірге де назар аудару 
орынды  сияқты:  «Көркем  шығарманың  драмалық  сипаты  бастау  алу  үшін  өз 
кезегінде  белгілі  бір  сатылардан  өтеді.  Қарапайым  «айырмашылық»  қарама-
қайшылыққа  ауып,  ол  жағдай  дәрежесіне  көтеріледі.  Жағдай  белгілі  бір  сәт 
(ситуация) әсер еткенде айқындала түседі. Ал коллизия (ала-ауыздық, талас) белгілі 
бір нақты сәтте дамитын қарама-қайшылықтың ашылу формасы. Ал драматизм болса осы 
ұғымдардың барлығын біріктіріп көркемдік  дәреже бере алатын негізгі күш» [3, 41 б.].  Өз 
кезегінде  бұл  ұғымдар  драматизм  табиғатын  ашатын  оның  ең  бір  негізгі  көріну 
түрлері  ретінде  айқындалады.  Соңғы  кездегі  ғылыми-теориялық  еңбектерден 
драматизмнің  мағынасын  «тәртіп  параметрі»  тұрғысынан  бағалау  көрініс  беретінін 
байқауға  болады.  Драматизмді  әдеби  тектермен  өзара  байланыста  қарастырып, 
олардың  бір-біріне  тигізер  ықпалы,  көркемдік  ауыс-түйістері  сөз  етіліп,  осы 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
225 
құбылыстың белсенді мүшесі драматизм ұғымының табиғаты жайында талқыланған 
ғылыми еңбектер де бар [3]. 
Мінез  бен  жағдайдың  байланысу  деңгейлерін  зерделегенде  оған  әдеби 
процестің қаншалықты әсері болғанын анықтау қажет, өйткені  бұл байланыстардың 
әдебиеттану ғылымындағы өзіндік орнын нақтылайтыны белгілі. 
Жиырмасыншы  ғасырдың  басындағы  әлеуметтік-қоғамдық  жағдайдың  әдеби 
үдеріске  әсері  айтарлықтай  болды.  Ғасырдың  алғашқы  жылдары  қазақ  прозасында 
негізінен  мінез  бен  жағдайдың  байланысының  мынадай  түрлері  байқалады.  а) 
Қалыптаса бастаған жағдайды өздері өзгертуге мүдделі жігерлі мінездер (мысалы,  ауылды 
сауаттандыру, колхоздастыру, т.б.). 
ә) Қазан төңкерісінен кейінгі орнаған кеңестік жаңа жағдайларды қабылдағысы, өзінің 
бұрынғы мұратына адал, көзқарастарын өзгерткісі келмейтін бейнелер. 
б) Кейбір шығармаларда қалыптасқан жағдай мінездерге пәрменді әсер ете алмайтын 
болғандықтан, бұл ретте мінезді жан-жақты ашу үшін жасанды жағдайлар жасылынды. 
«Жағдай дегеніміз – адамның сезімдері, ойы, іс-әрекетімен бірге өзі өмір сүріп 
отырған ортаның  барлық  саяси,  экономикалық,  экологиялық  сипаттарын  өз  бойына 
сіңірген тарихи ортасы», – дейді А. Иезуитов [4, 32 б.]. 
«Адам  мінездерін  жағдай  жасайды.  Сондықтан  көркем  шығармада  геройдың 
мінездерін  беталды  ойша  қарастыруға  болмайды.  Автор  адам  мінездеріндегі 
кездейсоқ жайларды теріп, немесе кейіпкердің сырт  бітімін  күлкілі етіп  көрсетумен 
адам мінездерін жасай алмайды, бұл үшін өмір шындығына терең бойлап белгілі бір 
әлеуметтік  ортаға  тән  сипаттарды  жинақтап,  образ  арқылы  көрсету  керек»  –  деген 
Нығымет Ғабдуллин пікірі жанды [5, 65 б.]. 
Драматургия  шарттары  тұрғысынан  келгенде  Қапан  Сатыбалдин  пьесаларының 
көркемдік, шеберлік шешімі туралы да нақтылы саралау қажеттілігі айқын. 
Қапан Сатыбалдиннің «Махаббат машақаты» атты үш перделі күлдіргі пьесасы 
автордың өз уақыты, замандастар өмірінен алынып жазылған шығарма. 
Шығарманың  қатынасушылар  туралы  берген  дәстүрлі  таныстырылымының 
өзінде-ақ автор көпшілік кейіпкерінің мінез-құлқын, өмір дағдысын біршама ұтымды 
ашып кетіп отырғанын көреміз. 
Бұл таныстыру спектакльді қою, әртістердің ойын шартына елеулі ықпалы бар 
таныстыру.  Осы  азғана,  елеусіздеу  көрінетін  фактінің  автордың  шығармашылыққа 
немқұрайды қарай алмайтын сергектігін де, жанр шартын әбден сіңірген сезімталдық 
жауапкершілігін де, қаламгерлік шеберлігін де аңдатып жатыр. 
Манар  –  автор  айтуында  биыл  ғана  мектеп  бітірген  өткір  мінезді,  ақылды, 
әдемі  қыз.  Осы  сипаттау  жалпылама  сөздерден  құралған  сияқты  көрінгенімен,  көз 
алдыңда  өзі  әдемі,  өзі  мінезді  жас  бойжеткен  тұлғасы  елес  беріп  өтеді.  Манардың 
шешесі  қалбалақтаған  аңқаулау  Ұмсынай  кемпір  де  таныс,  бейтаныс  бейне. 
Аудандық милиция бөлімінің тергеушісі Керейдің мінез-құлқын айтып, айтып келіп, 
автор мынадай елең еткізер ерекшелігін дөп басқан. Расында да жауапты қызметтегі кісіге 
осындай болмаса да болмайды ғой деп, түсіне қалатын тапқырлық. «Арқа-басы кең, кісілігі 
мол, нағыз сегіз қырлы, бір сырлы, жайдары жігіт, ретімен байсалды, ретімен қатал». 
Иә,  «ретімен  байсалды,  ретімен  қатал»  мінезді  адамдардан.  Алатау  –  болған, 
толған адамның ұлы, менмен, өркөкірек. Мұндайды да білеміз. Әкесі Дүзелбайдың да 
іштей толғанатын, салмақты, еңселі адам екендігі көкейге қона кетеді. Бурыл шашты 
ел  ағаларының  бірі  ғой.  Кісіне  иықтап,  баса-көктеп  сөйлейтін  мінез,  әрине,  үлкен 
адамның  бәйбішесі  Теңге  тәтейге  әбден-ақ  сыйымды.  Қушыкештеу  сатушы  да, 
намысты  жас  Нұртай  да,  көлгірсіген  атбекет  те,  күлегеш  дәуқарын  Тезекбай  да  – 
қаламгердің дәуірі, заманы туғызған замандас бейнелер.  
Қапан  Сатыбалдин  –  драматургия  заңдылығын  аса  сезімталдықпен  меңгеріп, 
игерген  қаламгер.  Оның  пьеса  болмысын  ашар  әр  сәт,  әр  қимыл,  әр  детальға, 
кейіпкер  портреті  ме,  айтылған  сөз  бе,  күйзеліс,  қуаныштың  үнсіз,  ым-ишарамен 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
226 
ашылар сәті ме – шығарма қаңқасын құрайтын барлық «ұсақ-түйектің» жайына қалт жібермей 
қарайтыны қай шығармасы болсын, қандай жағдайға қатысты болсын көзге ұрып тұрады. 
Автор  үшін  пьеса  прологының  өзіндік  жүгі  мәні  өз  алдына  бір  көркемдік 
қағидалар  болғандығы  осы  «Махаббат  машақаты»  пьесасында  да  айқын  көрінген. 
Сахна  ашылғанда  көше  көрінісін  көрсету  –  ұтымды.  Әлденеге  елегізіп  жүгіріп 
шыққан Алатау атты қалаша киінген жігіт пен алашапқын алөкпе кейіптегі Сандыбай 
атты жігіт неге алаңдаулы? 
Сахналық  әрекетке  драматург  сақ  қарайды.  Әр  қимыл,  әр  ишараның 
арқалайтын жүгін сезінтіп отырып жазылған драматургиялық туындының бірі  – осы 
«Махаббат  машақаты».  Комедия  жанрының  өзіндік  ситуациялары  бар.  Сахна 
ашылған  сәттегі  көріністің  өзі  езуіңе  күлкі  үйірген.  Алашапқын  болып  жүрген 
Алатау мен Сандыбайдың аузынан шыққан әр сөзі күлкілі жайға мегзеп жатыр. 
«Сандыбай  (Алатаудың  алшаң  адымына  азар  еріп  келе  жатыр).  Ту,  енді 
ақырын жүрсейші. Кететін жеріне кетіп қалған шығар ол қыз.  
Алатау. Мен кетпейді деген соң кетпейді.  Бас аяғыңды. 
Сандыбай. Не деп еді өзі? Беті бері  қараған бірдеңе ме мұның. Әлде тұлыпқа 
мөңіреп жүрмісің? 
Алатау. Ой, қыздың сөзін білмейсің бе? Интернатты бітірейін деген әуелі [6, 149 б.]. 
«Тегі  тілі  нашар  шығарма  өрге  баспаса,  тілі  нашар  пьесаға  тіпті  күн  жоқ. 
Себебі  шұрайлы  тілсіз  характер  көріне  алмайды,  характерсіз  конфликт  соқтығысы 
жоқ, ол екеуінсіз әрекет жоқ, қимыл жоқ. Қысқасы, сахналық шығарма жоқ», – дейді 
Рымғали Нұрғалиев [7, 81 б.].  
Қапан Сатыбалдин – халық тілінің қатпар-қатпар қабаттарын шығармаларында 
молынан  қолданған,  тілдік  қоры  аса  бай  қаламгерлердің  бірі  болғандығы 
драматургтың қай шығармасында да көрініс беріп тұрады. 
 «Махаббат машақаты» пьесасындағы жағдай болып-толған кісінің баласының 
көзі түскен  қызды қайткенде қолға түсіру амал-әрекеттеріне орай өрбиді. Пьесаның 
қатынасушыларының барлығы да осы жағдайға ұштасып жатқан әрекетке тартылған. 
Қапан  Сатыбалдин  пьесаға  қатысушыларды  атап  өтіп  отырып,  олардың  сырт 
болмыс,  мінез-құлқынан  хабарлама  жасап  қояды.  Мәселен,  Манар  –  орта  мектеп 
бітірген  өткір  мінезді,  әдемі,  ақылды  қыз.  Оның  шешесі  Ұмсынай  –  қалбалақтаған 
аңқау  кемпір.  Ретімен  байсалды,  ретімен  қатал  мінез,  арқабасы  кең  милиция 
қызметкерлері.  Әрқайсысына  әжептәуір  мінездеме  алғашқы  ақпарда-ақ  берілген. 
Кейіпкер болмысын осының өзінде біршама аңғарып қаласың. Адамға сүзе қарайтын 
өркөкірек,  менмен  Алатау  атты  жігіттің  айналасында  өрбіген  оқиға  аудан 
орталығының оқшаулау бір көшесінде басталып кетеді.  
«Сахна,  бір  есептен,  аудан  орталығының  оңашалау  көшесі  тәрізді.  Әр  жаққа 
созылған басқа көшелер көрініп тұр. Алатау мен Сандыбай әлденеге елегізіп жүгіре 
шығады.  Алатау  қалаша  әдемі  киінген.  Сандыбайдың  киімі  сәлдеу,  үстіне  костюм, 
аяғына етік киген, қолына домбыра ұстаған» [6, 149 б.]. 
Екі  бозбала  жігіттің  алақ-жұлақ  етіп,  асығыс  іздеп  келе  жатқаны  –  бойжеткен  қыз 
Манар. Алатаудың дәмесі Алатаудай. Қыз сөзін беріп еді, интернатты бітірейін деген дейді. 
Келесі  көріністе  көк  базардан  келе  жатқан  Тегене  жеңгей  мен  Қарғабай 
жолығып қалады. Қарғабай – дүкен меңгерушісі, бас пайдасын қуған, қушыкеш адам. 
Тегенені көре жалпаңдайды. Қолындағы дорбаларын алып көтеріліп әбігерге түседі. 
Мына  жүгіңіз  ауыр  ғой,  сіздің  үйге  бір  келін  керек-ау  деп  жаны  ашығансиды. 
Бұлардан  соң  Нұртай  мен  Қарғабай  жолығып  қалады.  Бірі  –  оқушы  студент  жігіт, 
келесісі адвокат. Мінезі көлгір адам. Алатау үйіне қатысты жөн сұрасып, өтіп кетеді 
де, сахнаға Сандыбай мен  Алатау шығады. Екеуі  әбден шаршаған сыңайлы. Қызды 
таппай  жүр.  Жағдай  шиеленіскен.  Алатау  ашулы.  Қыз  Тескен  тау  асып  кетсе  де, 
менен  құтылмайды  деп  өрекпиді.  Осы  сәт  қолында  кітаптары  бар,  рюкзак  асынған 
Манар көрінеді.  Асығып кетіп  бара жатқан қыздың алдынан алатау кес-кестеп тұра 
қалады. Жағдай жаңа бағыт алады. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
227 
 
 
Алатау (ысқырып). Хэлло, Манаржан. 
Сандыбай  (Манарды  көргеннен-ақ  есі  кетіп,  жүрегіне  қызғаныш  оты  түсіп, 
Алатаумен  жарыса  өзіне-өзі  күңкілдеумен  болады.  Пай-пай-пай-пай,  айдын  көлдің 
аққуы екен мынау қыз» [6, 151 б.]. 
Алатау  тың  жерге  тартып  барамын  деген  қыз  сөзінен  шоршып  түседі.  Уәде 
қайда  деп  дегібірін  қашырады.  Қыздың  әзіл  сөзді  түсінбедіңіз  бе  деп  жуып-шайған 
жайдары  қалпы  жағдайды  ушықтырып  жіберсін.  Алатау  шамданып,  шамырқанып, 
түйіле түскен. Әзіл емес, мазақ десеңші деп тіксіне қалады. Қыз енді-енді мән-жайды 
ұғына  түсіп,  бой  тартып,  сақтана  бастаған.  Алатау  қызға  ешқайда  бармайсың, 
жүрегім сенде, тілегім сенде! Мен сені аламын деп өрекпиді. 
«Манар. Алғаны қалай? Мен немене соншама, нәрсе ме екем, кім көрінген ала салатын! 
Алатау. Ол райт! Сен қызсың, қызыл гүлсің, Манаржан. Гүлді кім бұрын көрсе сол 
жұлады. Мен сені жақсы көрем, жақсы көрем (Сүймек болып Манарға ұмтылады). 
Манар (Алатаудың құшағынан сүйгізбей босанып шығып). Ха-ха-ха! Адамша емес, 
қасқырша жақсы көреді екесіз сіз бірақ! Мен жек көрем, жек көрем! Түсінікті ме?! 
Сандыбай. Ой, қой, қарындасым, ойбай-ау, бұл Алатау ғой, Дүзекеңнің баласы ғой. 
Манар.  Е,  мейлі,  маған  десе  құдайдың  баласы  болсын  (Қайтсе  де  кетпек 
болады.  Бірақ  былай  барса  былай,  алай  барса  алай,  Алатау  мен  Сандыбай  алдын 
тосып жібермейді). Сіз де осындай ма едіңіз? 
Алатау (міз бақпай). Мен сондаймын, Манаржан. Тойды қашан жасайын? 
Манар. Ешкінің құйрығы көкке жеткенде жасарсыз» [6, 152 б.]. 
Алатау  аяқ  асты  қыздың  «махаббат»  деген  ұғымды  түсіндіріп  беріңіз  деген 
тілегін хош көріп, сабасына түсе қалған, Сандыбай аң-таң. 
Сырттан  жүгіріп  кірген  Алатау  шешесіне  үйленем  деп  қуанышын  жеткізеді. 
Оқиға әрі қарай өрбуде. Алатау Қуаныштан жүрегі жарылғандай болған апасын одан 
әрі масаттандырып, тап ертең кешке келіп түсіремін деп салады. 
Зарипа  атты  ауыл  келіншегі,  базаршы  әйел  келеді  үйге.  Тегене  одан  «Алғабас» 
ауылындағы кемпірдің бойжеткен қызының жайын сұрайды. Зарина қызды мақтайды.  
Бұл  пьесада  ел  өмірінде  болып  жататын  келеңсіздеу  бір  жайдың  себебі, 
салдары  қамтылып  баяндалған.  Шығармада  бірнеше  жағдай  бар.  Алғашқысы  – 
Алатаудың өрекпіп сұлу  қызды дегеніне көндірмек болуы. Келесі жағдай  –  Алатау, 
Сандыбай,  Қарғабай,  Зарипа,  Тегене  тобының  қызды  алып  қашу  жоспарын  құруы. 
Үшінші жағдай– қыз алып қашып бара жатқандардың қолға түсіп қалып, Манардың 
милицияға  арыз  беруі.  Әрі  қарайғы  жағдай  – Тегененің  баласын  құтқармақ  әрекеті. 
Бұл  шараның  өзінде  бірнеше  жағдай  өрбиді.  Қарғабай,  Зарипалар  бас  сауғалайды. 
Сандыбай  кінәні  өзі  көтеруге  келісіп  қалады.  Алатау  есі  ауысқан  болып  күлкіге 
ұрынады.  Дүзелбай  қатқыл  мінезімен,  илікпей,  қайрылмай,  білім  жетілдіру  оқуына 
кетіп қалады. Керей кешірім сұрап келгендерге илігер емес. Қыздың анасы Ұмсынай 
кемпір келеді, қызымның арызын қайтып аламын дейді. Манар мен Алатау арасында 
өткен әңгіме қыздың биік мұраттарға ұмтылған, жаны таза жас екендігін, Алатаудың 
аты биік болғанымен, заты аласа екендігін көрсетеді. Пьеса тың жерге жұмысқа кетіп 
бара жатқан Манардың кісіге кесірім тимесін деген қайырымды ісімен аяқталады. 
Пьеса  моралі  –  баланы  өбектеудің,  әсіре  махаббаттың  машақаты.  Автор 
пьесаға екіұшты мағынаны білдіретін атауды  белгілі  бір мақсатпен қойған. Жігіттің 
әсіре,  көрсеқызар  махаббатының  машақаты.  Анасының  балаға  деген  артық 
өбектеуінің машақаты.  
Пьеса  өз  уақытының  өзекті  мәселелерін  романтикалық  желіде,  жеңіл  күлкіге 
ауыр астар әдіптеп отырып қозғаған. Шығармада есте қаларлық образдар даралығы 
бар. Ойнақы, орынды сөзбен өрілген ықшам да нақты тіл кестесі бар. Қилы мінезге 
автор  елеулі  көркемдік  жүк  артады.  Кейіпкер  мінезі  оның  ішкі  рухани  кеңістігі, 
жағдай  үстінде  ашыла  түсіп  отырып,  жасалады.  Адам  мінезін  де  өзі  өмір  сүріп 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
228 
отырған ортаның, уақыттың, дәуірдің барлық басты сипаттары көрініс тауып отырды. 
Мінездің ұлттық сипаты бар. Мінездің әр түрлі жағдайда көрінетін ерекше белгілері 
тұрғысынан келгенде «Махаббат машақаты» пьесасындағы әр бейненің өз мінезі бар. 
Тегене жағдайға қарай қырық құбылады. Құбылысы көп Қарғабай, Зарипалар 
бар.  Сандыбайды  тым  әккі,  сұм,  қу  демесек  те,  жадағай,  жайдақ  мінезі  қылмысты 
біресе мойнына алып, біресе тайқып шыға келгенде көрініп қалады.  
Автор  жағдайдың  көркем  шығармадағы  спецификасын  ұдайы  есте  ұстап 
отырғаны байқалады. «Жағдай» – әдебиеттануда табиғаты күрделі, сан қырлы міндет 
арқалаған ұғым, өзгеше бір категория есебінде танылады. 
Драматургияда жағдай ұдайы қозғаушы күш күйінде міндетті түрде шығарма 
арқауында өзіндік мәнге ие. Қапан Сатыбалдиннің «Махаббат машақаты» пьесасында жағдай 
жанр табиғатына орай тартыс туғызады. Немесе тартыс аясында жағдай жасалады. 
Шығарма  нақты  бір  орта  аясында  жазылады.  Сол  ортаға  тән  ерекшеліктер 
жағдайда  да,  жағдай  туғызған  тартыс  жағдайында  да  көрінуі  тиіс.  Осы  тұрғыдан 
келгенде, Қапан Сатыбалдиннің аталған пьесасында ауыл өмірінде болып отыратын 
келеңсіз  бір  оқиғаның  нақтылы  бір  аудан  көлемінде  өткен  фактісі,  сондағы  адам 
мінездері шынайы көркемдік шешім тапқан.  
Осы тұрғыда аталған пьесада драматург Қапан Сатыбалдин күлкілі жағдайды 
өмір шындығынан шығарып жасайды. Қыз алып қашуы үшін баласы қамауға алынып 
отырған  Тегененің  тергеушіге  «Олай  болса,  алдымен  әкесін  соттаңдар.  Ол  да  мені 
алып қашқан», – деп мәлімдеме жасауы – күлкілі. Әр сәт әр қырынан көрінген таныс, 
бейтаныс Тегене мінезіне сай жағдай.  
Көркем  туындыда  қаһарман  жасау  –    аса  күрделі  теориялық  негіздемелерге 
арқа сүйейтін үрдіс. Тұлға жасау, бейне ашу, мінез болмысын көрсету толып жатқан 
көркемдік тәсіл-амал арқылы жүзеге асырылады. 
Қапан  Сатыбалдиннің  «Махаббат  машақаты»  пьесасында  тартыс  жағдайы 
нақты  бір  сәт  арқылы  көрініп  отырады.  Жағдай  ұғымының  астарында  мінездің 
ашылуына қатысты тартыс, сәт, оқиға ұғымдары болатыны айтылып жүр. 
Көркем  туындыда  мінез  бен  жағдайдың  тоғысар  жері  –  тартыс.  Тартыс  –
шығармадағы  бүкіл  оқиға  мен  мінездің  дамуын  қозғалысқа  келтіретін  негізгі  күш. 
Тартыста  негізгі  өлшем  мінездің  қоғамдық  бейнесін  анықтайтын  ішкі  рухани 
сапасына  байланысты.  Тартыс  сын  сәтте  көрінетін  ішкі  рухани  адамгершілік 
сапасын,  бойындағы  көмескі,  кейде  мән  беріле  бермейтін  белгілерін  жинастырып, 
мінездің ашылуына септігін тигізетін қасиетке де ие. «Тартыс» (латынша conflictus – 
қақтығыс,  айқас  кейде  colliso  –  ала-ауыздық,  талас)  –  өмірдегі  қайшылықтардың 
өнердегі көрінісі, адам тіршілігіндегі түрліше қарама-қарсылықтардың, адамға тән әр 
түрлі  көзқарастағы,  идеядағы,  сенімдегі,  нанымдағы,  іс-әрекетіндегі  мақсат-мүддеге 
кереғар құбылыстардың өнер туындысындағы жинақталуы, суреттелуі [8, 42 б.]. 
Жағдай тартыстың объективті заңдылығын анықтауда елеулі орын алады. 
Шығарма  қаһарманының  мінез-құлқын  ашуда  жағдайдың,  тартыстың, 
сюжеттің,  сәттің,  коллизия,  драматизм  ұғымдары  елеулі  жүк  көтереді.  Әдебиет 
зерттеу еңбектерде бұл ұғымдардың аражігін ашып қарастыру жағы кемшін. 
Өмірдегі  тартыстың  өнерде  көрсетілуі  аса  күрделі  шығармашылық  процесс. 
Жекелеген  зерттеушілер  тартыс  категориясын  көркемдік  таным  тұрғысынан 
зерделеуге  қатысты  мынадай  ойлар  айтады:  «...  тартысты  өз  алдына  жеке  катеория 
ретінде  зерттеу  артық  нәрсе.  Өйткені  тартыс  пен  сюжет  кейіпкердің  характерін 
ашуда  бір-бірімен  де тығыз байланысты. Ол екеуін мінезден жеке қарастыру дұрыс 
емес» [9, 161 б.]. 
Әдеби шығармадағы тартыстың сюжет пен құрылымға қозғаушы күш мәнінде 
әсер етеді. Өмірдегі тартыс пен өнердегі тартыстың өзіндік қырлары туралы айтатын 
болсақ, өнердегі тартыстың тәрбиелік, адам болмысына бойлау міндеті бар. Өнердегі 
тартыс өмірдегі тартыстың мәнін, мағынасын ашуға бағытталады. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
229 
«Көркем шығарманың драмалық сипаты бастау алу үшін, өз кезегінде белгілі 
бір  сатылардан  өтеді.  Қарапайым  «различи»  қарама-қайшылыққа  ауып,  ол  жағдай 
дәрежесіне  көтеріледі.  Жағдай  белгілі  бір  сәт  (ситуация)  әсер  еткенде  айқындала 
түседі.  Ал  коллезия  (ала-ауыздық  талас)  белгілі  бір  нақты  сәтте  дамитын  қарама-
қайшылықтың  ашылу  формасы.  Ал  драматизм  болса  осы  ұғымдардың  барлығын 
біріктіріп көркемдік дәреже бере алатын негізгі күш [10, 41 б.]. 
Қапан  Сатыбалдиннің  «Махаббат  машақаты»  пьесасында  кейіпкерлер 
арасындағы қарама-қайшылық, келіспеушілік  жағдай аясында, Манар атты мектепті 
жаңа бітірген қыздың алап қашылуына байланысты туындаған жағдайда өрбиді. Бір 
қарағанда барлығы тілектес, ниеттес көрінген кейіпкерлер жағдай ушыға бастағанда 
тартысқа  түседі.  Дүзелбай  бәйбішесі  Тегене  мен  баласы  Алатауға  қарсы.  Керей 
тергеуші қылмысқа қатысқан топ мүшелерінің барлығына қарсы жақта тұр.  
Пьесада автордың мораль, тәрбие мәселесін көтере отырып өмірлік жағдайдың 
сабағын  сахналық  көрініс  арқылы  көрсету  мақсаты  көркемдік  шешім  табады. 
Кейіпкерлер мінезі  – дара, айтылған сөз, қимыл-әрекет  те бірін- бірі  қайталамайды. 
Тегене – бас пайданы ғана ойлайтын, барын бұлдаған бәйбіше. Кезі келгенде қырық 
құбылып, жағдайдың құлы бола қалады. Алатау – әке-шешенің еркесі, жас та болса, 
мастану, масаттану дертіне шалдығып үлгірген. Манар– таза жүрек, тура, бірбеткей, 
адал  жан.  Жақсыға  құштар.  Дүзелбайдың  да  өз  мінез-болмысы  бар.  Іске  шындап 
кіріспегенімен, Тегененің де тізгінін тартпайды. Астыртын бір құпия ойларына құрық 
бойлатпас салқын қалпын бұзбаған әккі адам. 
Әдебиеттану,  әдебиет  теориясында  мінездің  жағдайды  өзгертетін  ықпалы 
айтылады.  Расында  да  жағдайды  туғызатын  адам  мінезі.  Ал  жағдай  өз  тарапынан 
мінезді  ашады,  көрсетеді.  Бұл  өзара  сабақтас  тіршілік  иірімдерін  көркемдік 
кеңістікте, соның ішінде драматургия жанрында көрсетудің өзіндік шарттары бар.  
Драмалық туындыда жағдай – мінез арақатынасы ширыға түсіп, ықшам, жедел 
көрсетіледі.  Пьеса  барысында  жағдай  туғызған  мінез-құлық  кереғарлықтары  тұтас 
көрініс табады. Яғни тартыс шарықтау шегіне, шешіміне жетеді. 
Сәттер  жиынтығы  мінезді  тұтас  бейне  деп  танытуға,  оны  әдеби  органикалық 
бірлік  есебінде  қабылдауға  түрткі  болады,  мұнда  ХХ  ғасырдағы  қазақ  әдебиеті 
адамды  қалыптастырушы,  бағыттаушы  әлеуметтік  жағдайлар  –  тұрмыс  әрекеттері 
мен  еңбекке,  өмірлік  мұрат-мақсатқа,  идеялық  ықпал  етуге  арқа  сүйеді.  Әдеби 
бейнені  жасайтын  көркем  шығарма  кейіпкерінің  ерік,  жігері,  құлшыныс, 
құштарлығы,  елігу  мен  шабыт  сияқты  күрделі  құбылыстардың  тоғысуы.  Автор 
идеялының  тартыс,  мінез  мәселесінде  өзіндік  орны  бар.  Осы  орайды  Қапан  Сатыбалдин 
жаны жақсыға құштар Маржан, Нартай сынды жастар болмысын үлгі етеді. 
Жағдай  мен  мінездің  түйісу  тұсы  көп  жайдың  басын  ашып  тастайды.  Бұл 
көркемдік құбылыс «Махаббат машақатында» ұтымды берілген. 
Тартыс  үстінде  жағдай  күрт  өзгеретін  сәттер  бар.  Адамның  бұрын  байқала 
бермеген қырларын көрсету үшін шығармада жағдай сипаты мақсатты түрде ауысып 
отырады.  Осы  тұрғыда  «Махаббат  машақатында»  тәп-тәуір  нәтижеге  қол  жеткізген 
жазу тәсілдері, көркемдік әдіс аз емес. 
Ұлттық  прозада,  драматургия  жанрында  жағдай  мен  мінездің  қалыптасқан 
тұрақты байланыстар туралы айтылады. Мәселен, ХХ ғасырдағы күрделі қоғамдық-
әлеуметтік төңкерістер адамның мінез-құлқының өзгеруіне жаңа жағдайлар жасады. 
Көркем  шығармада  тұлға  тұғырында  бейнеленген  кейіпкерлер  жағдайды 
өзгертуде  ықпалды  болды,  соған  құлықты  болды.  Өзіне  қалаған,  қолайлы  жағдай 
жасау  үшін  әрекет  етті.  Өмірлік  жағдайларды  қабылдамай,  қарсылық  білдірген 
мінездер  туа  бастады.  Мінез  бен  жағдай  арақатысында  өзара  бейімдеу,  ықпалдасу, 
синхронды өзгеру үрдісі байқалды.  
Тартыс  табиғаты  өмір  алға  озып,  әлеуметтік  тұрғырлар  жаңғыруына  орай 
өзгеріске түсіп отырады. Жалпы қазақ әдебиетінің қай жанрындағы туындының да болмысын 
тартыстың мінез бен жағдайға қатысы туралы іргелі, күрделі зерттеулер жоқтың қасы. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
230 
50-60-жылдары  қазақ  прозасында  мінездің  өмірлік,  әлеуметтік  жағдайларға 
іштей  қарсылығы  айқын  көрсетіліп,  жазыла  бастады.  Әдеби  туындыда  характер 
белсенділігі  арта  түсті,  автор  идеясына  мінез  бойындағы  ынсап  пен  ындынның 
арақатынасы  мазмұн  болды.  Замана  бағытындағы  күрделі  адамгершілік  меже,  биік  
моральдық  сапа  мінез  дамуы  үшін  өнімді  жағдай  жасағанмен,  өмір  ағысы,  тіршілік 
ақиқаты  адам  жанын  кереғарлықтармен  қаумалады.  Адамгершілік  қолдап  биік 
мұраттар  өріс  таба  алмай,  тұсалып,  тежелді.  Осы  кезең  қаламгерлері  тұрмыс  пен 
болмысты  әр  қырында  тануға,  ашуға,  адамның  өзіндік  ұстанымын  айқындай  түсуге 
ден  қойды.  Экстремальдық  сәттер,  рухани  дағдарысқа,  әлеуметтік  қарама-
қайшылықтарға толы жағдайдағы мінездің ішкі бұлқынысы мен сыртқы іс-әрекетіне, 
имплициттік,  эксплециттік  сырларына  үңілу  арқылы  қаламгерлер  бейне  ашуда  тың 
көркемдік  барлауларға  барып  отырды.  Осы  кезеңнің  әдеби  дамуындағы  рухани-
адамгершілік  иірімдер  ықпалы  Қапан  Сатыбалдин  туындыларында  да  айқын. 
Адамның қалыптасуы, даму сәттеріне мұқият мән бере қарау, оның бойындағы адами 
сезім-қасиеттердің  орнығу  себептерін,  ерік-жігер,  сенімнің  әрбір  көрінісін  шынайы 
жағдайларда  бақылау, 
бағалау,  ұғындыру 
сияқты  қазақ  прозасы  мен 
драматургиясындағы бағыттар аясында Қапан Сатыбалдин шығармашылығы да бар. 
Өмір мен ортадағы жалғандық, көлгірсу, көзбояу, бойкүйездік, т.б. келеңсіз, кереғар 
құбылыстармен келіспеушілік сарыны «Махаббат машақаты» пьесасында да айқын. 
ХХ  ғасырдағы  қазақ  прозалық  туындыларының  ендігі  бір  парасында  мінез 
жылжымалы,  өзгермелі,  ауыспалы  жағдайларға  әсер  етеді.  Күнделікті  күйбең 
тіршілік,  дағдылы  ортада  мінездің  ішкі  сырын,  жасырын  арманын,  құпия  мақсатын 
ашып  көрсету  мүмкін  бола  бермегендіктен,  қаламгерлер  адамды  кездейсоқ  сәт, 
парадокске толы оқиғаға араластыра отырып, оның басты қасиеттерін, басым өмірлік 
ұстаным  мен  дүниетанымының  терең  қабаттарын  ашуды  авторлық  мақсатқа 
айналдырады,  яғни  басты  көркемдік  нысана  –  жағдай  арқылы  мінездің  болмысын 
анықтау, айқындау. Бұл тұрғыдан келгенде, мәселенің екінші қыры – бағыттау жайы 
бас көтереді.  
Өмірлік ситуациялар ашылуының арғы астарында тәрбиелеу, бағыттау мүддесі бар. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет