БҚму хабаршы №4-2016ж



Pdf көрінісі
бет9/45
Дата03.03.2017
өлшемі18,3 Mb.
#5471
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45

Әдебиеттер
1. Қазақстан  Республикасының  Президенті-Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  2012 
жылғы  27  қаңтардағы  «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту-Қазақстан  дамуының 
басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы (27 қаңтар 2012 жыл). – Астана, 2012. 
2. Ташимова  А.Л.  Болашақ  мұғалімдерді  заманауи  білім  беру  технологиялары 
негізінде  кәсіби  даярлаудың  теориялық  аспектілері  //  А.Яссауи  университетінің 
Хабаршысы. –  2010. – №2.– Б. 11-14. 
3. Қазақстан  жаңа  жаһандық  нақты  ахуалда:  өсім,  реформалар,  даму 
Қазақстан  республикасының  президенті
  – 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан 
халқына жолдауы (30 қараша 2015 жыл). – Астана, 2015.  
4. Аванесов В.С. Являются ли КИМы ЕГЭ методом педагогических измерений
// Педагогические Измерения. –2009. – №1. –  С. 3-26.  
5. Жадрина  М.Ж.  Дидактические  аспекты  дифференциации  содержания 
школьного образования. – Алматы: РИК, 2000. – 132 с. 
6. Каргин 
Ю.Н. 
Педагогические 
измерения 
в 
шкале 
отношений 
// 
Педагогические  Измерения. – 2012. – №2. – С. 14-17. 
7. Звоннников  В,И.,  Челышкова  М.Б.  Современные  средства  оценивания 
результатов  обучения:  учебное  пособие  для  студ.высш.учеб.заведений.  –  М.: 
Академия, 2009. – 224 с. 
8. Основы  научной  организации  педагогического  контроля  в  высшей  школе: 
учебное пособие. – М.: МИСиС, 2014. – 107с. 
9. Ефремова  Н.Ф.  Тестовый  контроль  в  образовании:  учебное  пособие.  –  М., 
2013. – 262 с. 
10.  Юдин Э.Г. Системный подход и принцип деятельности. – М.: Наука, 1978. – 391 с. 
11.  Avanesov  V.S.  Psychological  Tests  //  Soviet  Psychology.  A  journal  of 
translations. – 1979. – V. 17. – № 4. – P.86-101.   
12.  Караев  Ж.А.    Актуальные  проблемы  модернизации  педагогической 
системы на основе технологического подхода // Творческая педагогика. – 2007. – №1. 
– С. 29-37.  
13.  A  measure is  a  location  on a  line.  Measurement  is the  process  of constructing 
lines  and  locating  individuals  on  lines.  In:  Wright,  D.  N.  and  M.  H.  Stone.    Best  Test 
Design. – Chicago, 2013. – 126 p. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
62 
*** 
Айтжанова Р.М. 
Психолого-педагогическая сущность понятия формативного оценивания 
 
В  статье  рассматриваются  современные  педагогические  технологии, 
отражающие  содержание  учебного  процесса,  направленного  на  всестороннее 
развитие 
духовного 
мира 
подрастающего 
поколения 
и 
способствующие 
самореализации, раскытию его талантов. 
Ключевые  слова:  Педагогические  измерения,  формативное  оценивание, 
образование, 
информация, 
технология, 
компетентность, 
педагогическое 
мастерство, креативность, творческая деятельность. 
 
Aitzhanova R.M. 
Psycho-pedagogical essence of the concept of formative assessment 
 
The  article  considers  modern  educational  technology,  reflecting  the  content  of  the 
educational process, aimed at the comprehensive development of the younger generation of 
spiritual peace and promote self-actualization, disclosure of his talents. 
Keywords:  Pedagogical  measurements,  formative  assessment,  education,  technology, 
teacher of new formation, competence, pedagogical skills, creativity, creative activities. 
 
*** 
 
 
ӘОЖ 37.01:159.99 
Сардарова Ж.И. – педагогика ғылымдарының докторы, доцент,  
М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
Рахимжанова К.Н. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты 
E-mail: sardsar.Zh@mail.ru 
 
ТӘУЕКЕЛ ТОБЫНДАҒЫ ЖЕТКІНШЕКТЕРГЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СИПАТТАМА 
 
Аңдатпа.  Мақала  қазіргі  кезде  өзекті  болып  отырған  тәуекел  тобындағы 
жасөспірімдер  мәселесіне  арналған.  Мақалада  қиын  жасөспірімдердің  девиантты, 
делинквентті,  криминалды  мінез-құлық  ерекшеліктері  ашып  көрсетіліп,  оларға 
педагогикалық-психологиялық  сипаттама берілген. 
Түйін  сөздер:  Қиын  бала,  тәуекел  топ,  девиация,  девиантты  мінез-құлық, 
делинкветтілік, нашақорлық,  маскүнемдік. 
 
Қазіргі  қоғамда  тәуекел  тобына  енген  жеткіншектердің  жағдайы,  мінез-
құлқындағы ерекшеліктері, ондағы кездесетін қиыншылықтар көптеген ғалымдардың 
назарынан  тыс  қалған  жоқ.  Тәуекел  тобы  жеткіншектерін  ғылыми  зерделеу  үрдісі 
біршама  ұзақ  уақыт  бойы  жалғасуда.  Нашақорлық,  маскүнемдік,  суицид, 
қаңғыбастық,  жезөкшелік,  т.б.  сол  сияқты  жеткіншектер  мінез-құлқындағы  түрлі 
ауытқаушылықтардың  кең  етек  алуы  осы  тектес  негативизмнің  тегі,  оның  пайда 
болуының  уәждері, факторлары және жағдайлары туралы өмірде қызу  пікірталастар 
тудырды.  Мінез-құлықтағы  ауытқушылықтардың  әсерінен  болған  жеткіншек 
тұлғасының  өзгеруі  нәтижесіндегі  зардаптар  жеткіншектердің  өзі  мен  олардың 
айналасынадығаларды ғана емес, сонымен қатар жалпы қоғамды да қамтиды.  
ҚР  Денсаулық  сақтау  министрлігінің  деректері  бойынша  бүгінгі  таңда 
Қазақстанда  нервтік-психикалық,  соматикалық  аурулардың  орта  бала  жасындағы 
түрлі  сипаттағы  мінез-құлық      ауытқушылықтарының      жиілігі  27,2%  -ға  жетті,  
жеткіншектік жаста – 51%  

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
63 
[1, 34 б.]. Жасаруға беталып бара жатқан жастар арасындағы қылмыстың өсуі ерекше 
алаңдаушылық  тудырады.  ҚР  ІІМ  мәліметі  бойынша  жеткіншектермен  жасалған 
қылмыстың  өсу  қарқыны  соңғы  6  жылда  орташа  есеппен  42%-ды  құрады.  Өкінішке 
орай,  жеткіншектік  қылмыста  тек  қана  сандық  емес,  сонымен  бірге  пайдакүнемдік 
мінез-құлыққа 
бағытталған 
сапалық 
өзгерістер 
байқалуда 
(жеткіншектер 
қылмысының  бір  бөлігі  бүгінде  топтық  сипатқа  ие).  Сонымен  бірге  бүгінде  ПБЗ 
(психологиялық 
белсенді 
заттар) 
қабылдауға 
жеткіншектердің 
бейімділік 
проблемасы  өзекті  болып  отыр.  Оның  ішінде  темекі  тартқыштар  туралы  деректерді 
айтпағанда,  алкоголь,  есірткі,  токсикалық  заттарды  жүйелі  түрде  қабылдайтын  2,5 
мың  жеткіншек  есепке  алынды  (бүгінде  әрбір  екінші  жеткіншек  темекі  өнімдерін 
қабылдайды) [2, 66 б.]. 
Тәуекел тобына енген  жеткіншектерде келеңсіз жағдайларға  ұрынуы  басым 
болғандықтан,  осы  жағдайлардың  жеткіншектердің  психикалық  және физикалық 
денсаулығына  жағымсыз  ықпалы  айтарлықтай  зор  болған.  Балаларды  ұрып-соғу, 
олардың  қажеттіліктері  мен  қызығушылыктарын  ескермеу,  ата-аналарының 
жұмыссыздығы  -  осылардың  бәрі  девиантты  және  делинквентті  мінез-құлықты 
балалардың санының артуының себептерінің толық емес тізімі. 
Жеткіншек  жастағы  (9-13  аралығындағы)  баланың  «дүниетаным  көздері» 
(Ж.Ж.  Руссо)  енді  ғана  ашылып  келе  жатқандықтан  өзіндік  «Мен  тұжырымының» 
қалыптасуына  қоршаған  орта,  көрген  тәрбиесі  мен  алған  білімі,  күнделікті  тұрмыс 
жағдайының  маңызы  зор.  Сонымен  қатар  өзіндік  «Мен»  тұжырымының 
қалыптасуына  баланың  денсаулығы,  дене  бітімі  мен  зердесініңдамуы,  рухани  және 
материалдық  қажеттіліктері,  жүріс-тұрысынң  еркіндігі  мен  талаптарға  бой  ұсынуы 
т.б. ықпалы бар [3, 45 б.].  
Жеткіншек жас кезеңі «өтпелі кезең», «қиын жас», «пубертаттық жас» деген 
аттармен  аталып,  осы  кезде  балалардың  ересектіккке  өтуіндегі  проблемалары 
көрсетіледі. 
Бұл 
проблемалардың 
барлығы 
осы 
жас 
кезеңінде 
өтетін 
психофизиологиялық  өзгерістер,  жыныстық  жетілу  процестерімен  байланысты. 
Жеткіншек  жасындағыларды   көптеген  әдебиеттерде  «қиын»,  «өзгерілу»,  «ауысу 
жастары»  деп  атайды.   Соңғы  жағдайда  «ауысу  жасында»  жеткіншек  балалық 
кезеңдерден ересек жасына ауысады. Жеткіншек өзге жастарға қарағанда педагогтар 
пен  тиісті  әдебиеттерге  көп  әңгіме  болып,  жиі  көтеріледі.  Себебі  бұл  кезеңде  оның 
психикалық  даму  ерекшелігі  жас  баламен  ересектерге  қарағанда  әлде  қайда  өзгеше 
болады.  Бұл  кезеңге  тән  тағы  бір  ерекшелік  жеткіншек  барлық  нәрсені  өз  бетімен 
орындап,  үлкен  адамдардың  қамқорлығымен  ақыл  кеңесінен   құтылғысы  келеді.  
Жеткіншектің ересектен айырмашылығы тек үлкен адамдармен қатынасының өзгеше 
келетініндей  емес, сонымен қатар биологиялық дамуы (жыныс т.б жетілуі) жағынан 
кеңінен  өріс  алатынында.  Кейбір  жеткіншек  жастағылар  осы  кезеңде  бұрынғы 
қалыпынан  үлкен  адамдармен  қарым-қатынаста  болғанда  мейірімді,  сыпайы  келсе 
енді  өрескел  түрде,  яғни  тәртіп  бұзуға  икем  келеді.  Осы  мәселені  анықтаудан 
зерттеушілер арасында талас бар. Дегенмен психиканың бұл ерекшелігі жеткіншекте 
әлеумет  өмірінің  өзінің  ерекшелігінен  болар.  Жеткіншек  бәрін  өзім  істей  алам, 
«Сендер мені әлі бала деп ойлайсыңдар» деп наразылық білдірседе оның қолынан әлі 
де  көп  нәрселер  келе  бермейді.  Ересектерге  ұқсап  іске  ұмтылғанымен,  сол  істі 
орындаудағы  мүмкіншілігі  кіші  мектеп  жасындағылардай  басқаша  айтқанда,  бір 
жеткіншек істі игеру жағынан бала да, ал талап қою жағынан ересек. 
«Тәуекел  тобы»  деген  ұғымының  мағыналық  сипатына  тоқталсақ,  «тәуекел 
тобындағы балалар» – бұл өз өмірінің жағдайларына байланысты  ортаға бейімделуінің 
бұзылуына  себеп  болатын  қоғамдағы  түрлі  жағымсыз  және  криминалдық  әсеріндегі 
балалардың категориясы  [4, 53 б.]. 
Ресей  ғалымдарының    (Л.Я.  Олифренко,  Т.И.  Шульга,  И.Ф.  Дементьева,                      
Н.В. Власова, М.С. Певзнер, О.С. Газман, Т.Корнилова, Е.Григоренко) жалпылама түсіндіруі 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
64 
бойынша «тәуекел тобына» түрлi көрсеткiштер бойынша балалар және жеткіншектер енеді. 
Оларға келесі ерекшеліктері бар балалар жатады [4, 187 б.]: 
- туылғаннан бар мiндер мен генотиптік ерекшелiктер;  
-әлеуметтiк шарттар (жағымсыз әлеуметтік жағдайындағы балалардың тәрбиесі); 
- адам дамуының ерекшелiктерi; 
 -  жас  шамасына  байланысты  психикалық  және  жеке  ерекшелік  дамуының 
бұзушылықтары бар балалар мен әлеуметтiк қатерi бар жеткіншектер. 
Жалпы  ғылыми  еңбектерде  «тәуекел  топ  балалары»  ұғымына  бірнеше 
синонимдік  анықтамалар  беріледі:  «қиын  өмірлік  жағдайдағы  балалар»,  «ерекше 
ауыр  өмірлік  жағдайларындағы  балалар»,  «ата-анасының  қарауынсыз  қалған 
балалар»,  «қоғамдық  тәрбиені  қажет  ететін  балалар»,  «мемлекеттік  қолдауды  қажет 
ететін балалар» және т.б.  
Қазақстандық  ғалымдардың  түсіндіруінше  (Демеуова  М.Е.,  Локтионова  О.С., 
Котова  Е.В.,  Митинева  С.В.,  Соскин  О.С.)  «тәуекел  топқа»  енген  балалар  –  бұл 
қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тіршілік етуі бұзылған және бұл мән-жайларды өз 
бетімен немесе отбасының көмегімен енсере амайтын балалар [5, 70 б.].  
Тәукел  топ  балалар  тобы  туралы  ғылыми  әдебиеттерде  педагогикалық-
психологиялық  сөздікте  «Тәукел  тобы»  (группа  риска)  араласқан  ортасының 
нормасы  мен  талаптарына  сәйкестене  алмаған  түрлі  психикалық  және  әлеуметтік 
бейімсіз балалар тобы [5, 23 б.] 
Ал, А. Садвакасованың зерттеу бойынша тәукел топ балаларының пайда болу 
себептерін  –  ерте  маскүнемдік,  жыныстық  мінез-құлық,  темекі  тарту  және 
есірткілерді  қолдану,  суицидтік  мінез-құлық  көрінісі,  заңға  қайшы  мінез-құлық 
(тәрбиесіндегі  қиындықтар)  деп  байланыстырады  [5,  59-67  бб.].  Есею  кезеңі  терең 
психологиялық  проблемалардың  пайда  болуына  ықпал  етуі  мүмкін.  Жеткіншектік 
күзеліс  «тәуекелдікке»  туындайтын  ерекше  жағдай  ретінде  түсіндіріледі.  Бұл 
күйзелістің түпкілікті белгісінің бірі баланың өзіндік Менінің алыстауы, жалғыздық 
пен  әлемнен  бөлініп  қалуына  алаңдау  болып  табылады.  Осы  орайда  тәуекел  топ 
балаларының  пайда  болу  себептерін  әлеуметтік  педагог  А.  Садвакасова  бөліп 
көрсеткен болатын. 
Тәуекел  топ  балаларының  пайда  болуының  бір  себебі  –  отбасының  үйлесімді 
болмауы.  Үнемі  психологиялық  қысымда  жүрген  бала  тұйықталып,  сабақ  үлгерімі 
төмендейді,  сапа  құлайды.  Осы  кезде  педагог  өз  тәжірибесіне  сүйеніп,  балаға  дер 
кезінде  көмек  көрсетуі  тиіс.  Ол  үшін  арнайы  мамандар  –  психолог,  әлеуметтік 
педагог,  мектеп  инспекторы,  сынып  жеткшісі  бірлесе  жұмыс  жүргізуі  керек.  Екінші 
бір  себебі    –  ұзақ  аурулар  мен  жарақат  салдарынан  сабақты  жіберіп  алу.  Бұл 
жағдайда  балаға  көмек  беру  үшін  сыныптастарын  жұмылдыру  керек.  Өткізген 
сабақтарды  түсіндіруге  көмектеседі.  Тәуекелге  барудың  үшінші  себебі  – 
жеткіншектердің құрдастарымен келеңсіз жағдайдың орын алуы.  
Тәрбиелік  процестің  барлық  қатысушылары  түрлі  тәуекелдіктің  дер  кезінде 
анықталуы  және  олардың  профилактикасы  үшін  жеткіншектердің  денсаулығына 
рухани, физикалық тұрғыдан үлкен көңіл бөлу керек. Сонымен, тәуекел тобына енген 
балалардың  осы  категорияға  жатқызылуы    түрлі  әлеуметтік  негіздемелермен, 
жағымсыз этимиологиямен байланысты түсіндіріледі.  
Психология  ғылымдарының  кандидаты  К.С.  Бактыбаева  өзінің  диссертациялық 
зерттеуінде тәуекел тобының құрылымын төмендегідей сипаттап көрсетеді (1 сурет) [6, 23 б.]. 
 
 
 
 
 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
65 
                               Факторлық белгілер 
 
Медициналық – 
биологиялық топ 
               Әлеуметтік-
экономикалық 
Топ 
 
Психологиялық-
педагогикалық топ  
 
Жеткіншектердің 
мерзімді физикалық 
күй әсерлерінің 
жиынтығы 
 
Сыртқы ортаның 
мерзімді 
әсерлерінің 
жиынтығы 
 
Мерзімді 
психикалық  жүріс- 
тұрыс белсенділігі 
әсерлерінің 
жиынтығы 
 
-Физиологиялық 
ерекшеліктер (Денсаулық 
тобы) 
-Генетикалық 
ерекшеліктер 
-Психофизиологиялық 
ерекшеліктер (Психикалық 
және дене құрылысының 
өсіп- жетілуіндегі 
бұзушылықтар) 
-Баланың тууының 
шарттары. 
  - Көпбалалы және толық 
емес отбасы; 
- Кәмелетке жасы 
толмаған ата –аналар; 
- Ата-аналарының 
маскүнемдігі; 
- Адамгершілікке жат 
өмір сүру; 
- Әлеуметтiк теңсiздiк 
- Қаңғыру, жұмыссыздық 
және тағы басқалар. 
 
- Бала үрейлiлiгi; 
- Невропатиялық 
реакциялар, 
- Ұшқалақтық, 
психофизиологиялық 
сәйкессiздiк 
ерекшелiктері; 
- Терiс бағалардың 
басымдылығы; 
- Мектеп 
оқушысының түрiне 
сәйкессiздiк және 
тағы басқалар. 
 
 
 
 
 
 
                               
                          1 сурет – Тәуекел тобының құрылымы 
 
Жоғарда  қарастырылған  «тәуекел  топ»  балаларының  психологиялық-
педагогикалық,  физиологиялық  сипаттамаларына  сүйене  отырып,  осы  топқа  енген 
балардың сипатын келесі кестеде ұсынамыз (кесте 1).                            
      Ғылыми    тұрғыдан    зерттегенде,    дәл  осы    балалардың  оқуға    қызығуларының  
жоқ  екені,  олар  мектепке    де  сыймай,    үйге    де  сыйлы    болмай,    мұғалімдердің  
берекесін    кетіріп,  түптің    түбінде    олардың    басым    көпшілігінен    дайын    заң  
бұзушылар  мен  қылмыскерлер  шығатыны  бұрын да  дәлелденген [8, 165 б.]. 
«Тәуекел  тобына»  жатқызудың  жеткіншектердің  белгілері  ретінде  төмендегі 
сипаттамаларды  қарастырамыз,  яғни  жеткіншектерге  жағымсыз  психологиялық 
зорлық  көрсету,  осындай  зорлықтың  нәтижесінде  жеткіншектердің  құндылықтар 
жүйесінде үш басымдылық пайда болады.  
 
 
 
 
Тәуекел тобындағы 
жеткіншектер 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
66 
Кесте  1 – «Тәуекел тобындағы» балалардың сипаты 
Тәуекел тобының 
сипаттамалық 
типтері 
Себептері 
Шешу жолдары 
Ерте маскүнемдік 
-  үрейлік күйді сөндіру 
-  ұялшақтық  және  өзін-өзі 
қатаң 
-  бақылаудан арылту              
-  қарым-қатынасқа 
оңай 
түседі  және  тұйықтықты 
жеңуге көмектеседі 
-  өз 
мүмкiндiктерiндегi 
сенiмдiлiгiнiң 
сезiмiн 
тұлдайды 
Маскүнемдіктің зардаптары 
туралы 
видеороликтер 
көрсету,  сондай-ақ  музей, 
көркем 
табиғат 
суретін 
көрсету. 
Өзіндік 
сенімділігін 
арттыруға      бағдарланған 
жұмыстар  жүргізу.Қарым-
қатынас 
тренингі, 
өзін 
таныстыру тренгтері.  
Жыныстық мінез-
құлық 
-  өз  тәуелсіздігін  ересек 
көрсету 
-  жалғыздықты сезінуі 
-  өзіндік « Менін» бекіту 
Жыныстық  мінез-құлыққа 
түрткі 
 
болатындай 
факторларды 
анықтай 
отырып,    қалай  көмек 
көрсету 
жолдарына 
тоқталу.  
Агрессивті мінез-
құлық 
-  бастан  өткен  тiршiлiк 
сәтсiздiктеріне  ызалылығы 
нәтижесінде, 
өзіндік 
бағалауы төмендетiлген 
-  сәтсіздікке тап болуы 
Спорттық  секцияларға,  өзін 
қызықтыратын  үйірмелерге 
қатысу. 
Темекі тарту және 
есірткілерді  
қолдану 
-  қазiргi заманның 
әлеуметтiк-экономикалық 
шарттары, үрлейтiн 
құндылықтардың 
құнсыздануы, басқаға 
адамгершiлiктiк, 
парықсыздықтың 
нормаларынан шегiну; 
естиярлық сезімін сезiнуi 
Ересектер  назар  аударып 
тiлектес  болу,  қызу-ерiктi 
сала бойынша тренингтерге 
қатысу  
Суицидтік мінез-
құлық көрінісі 
тiршiлiк 
қиындықтар 
жолымен 
пайда 
бола 
бастағаннан 
өзi 
өмiрін  
қиюға 
рұқсат 
ету; 
құрдастар 
тарапынан 
бопсалау 
Жеткіншек 
жалғызсырамайтындай орта 
құру, 
өзін 
толыққанды,еркін 
сезіну 
үшін 
өзіндік 
бағалауын 
көтеру, 
Заңға қайшы мінез-
құлық(тәрбиесінде 
қиындықтар) 
 
педагогикалық 
назардан 
тыс 
қалу 
нәтижесінде, 
баланың 
дамуына 
кері 
әсерін тигізу 
 
Жауапты  істі  жүктеу,  оның 
орындалуына түрткі беру 
 
 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
67 
Атап айтсақ, олар: 
-  жеткіншектің  психологиялық  автономиясын  күшейтетін  өз  тұлғасына  деген 
эгоцентристік қызығушылықтың жоғары болуы;  
-  қарсыластық  көрсетуге  бейім  болу  басымдылықтың  күшеюі  қырсықтыққа, 
бұзақылыққа, авторитеттерге қарсы шығуға, жалпы қарсылық білдіруге себеп болады; 
-  романтиканың  басымдылығы  жеткіншектердің  белгісіз  нәрсеге  құмарлықтың 
пайда  болуына,  тәуекелшілдікке  баруға  итермелейді,  осындайда  жеткіншектер 
рұқсатсыз үйден шығып кетеді, саяхатқа шығады немесе жалпы қашып кетеді. 
«Тәуекел тобындағы» балалардың жалпыәлеуметтік  сипатындағы ерекшеліктері: 
материалдық  жағдайының  төмен  болуы,  жұмыссыздық,  саяси  тұрақсыздық, 
құндылықтық жүйесінің нақты болмауы.  
 Тәуекелшілдік факторлар:  
1-ден, қиын өмірлік жағдайындағы отбасылар (толық емес, көпбалалы отбасылар, 
ажыраған отбасылар, жағдайы төмен отбасылар, миграттардың отбасы және т.б.; 
2-ден,  ассоциалдық  ұстанымдардағы  отбасылар:  деструктивті  отбасылық 
қатынастар,  ата-аналардың  педагогикалық  сауатсыздығы,  отбасының  жағымсыз 
құндылықтары және т.б.;  
3-ден,  девиантты  бағыттағы  отбасылар:  ішімдікке  салынушылық,  нашақорлық, 
қатыгездік, зорлық-зомбылық көрсету, паразиттік өмір сүру стилі.  
Белгілі 
психолог 
А.В. 
Петровский 
«тәуекел 
тобындағы» 
баланың 
психологиялық  ауытқу  себептерін  отбасындағы  қатынастармен  сабақтай  келе,  бес 
типке бөледі. Олар мыналар [7, 33 б.]: 
1. Үстемдік  жағдайда  баланың  өз  бетімен  іс-әрекет  жасауына  жол  берілмейді, 
өзінің  өміріне  немесе  отбасына  байланысты  бірде-бір  мәселені  шешуде  үй  іші 
кеңесіне  қатыспайды. 
2. Қамқоршылық жағдайы – ол балаларды желге, күнге тигізбей, мәпелеп өсіру. 
Бұлай  өскен  бала  түрлі  қиыншылықытармен  кездескенде  дұрыс  шешім  таба  алмай, 
өмірдің шынжыр торына түстім деп үрейленіп, қайғыра бастайды. 
3. Қақтығысушылық  отбасы  мүшелерінің  арасындағы  қайшылықтан  туады. 
Отбасында бір-біріне наразылық білдіру, бірін-бірі  табалаушылық отбасы мүшелерін 
шиеленістіруге ықпал жасайды, олардың ауыз бірлігі бұзылады. 
4. Араласпаушылық жағдайда үлкендер мен балалар әрқайсысы өз беттерінше 
бір-бірімен  ақылдаспай  томаға  тұйық  өмір  сүреді.  Бұндай  отбасында  қатыгездік, 
селқостық сезімдер байқалады. 
5. Ынтымақтастық  үлкендер  мен  балалар  арасындағы  сыйласушылық 
принципіне сүйенеді. Мұндай отбасында балалардың пікірлері де тыңдалып, барлық 
мәселе  бірігіп  шешіледі.  Ынтымақтастық    отбасының  айырмашылық  белгілері  - 
әдептілік, сыпайылық, төзімділік, дау-жанжалдан ебін тауып, абыроймен құтылу. 
Кейінгі  жылдары әлеуметтік мәселеге айналып отырған «тәуекел тобындағы» 
жеткіншек  ұғымына    себепші  болатын  әлеуметтік-психологиялық  және  психо-
педагогикалық  факторлар  ғалымдар  назарынан  тыс  қалмай,  жан-жақты  зерттеле 
бастағаны  анық.    Осы  орайда  жеткіншектердің  психологиялық  дамуының 
бұзылуының бірнеше  себептерін атап өтейік: 
1. Мидың зақымдану зардаптары: 
-  сөйлеу, ықылас қою, есте сақтау, қабылдау, қарқынының кешілдеуі. 
2. Себептері мен механизмдері: 
-  анасының жүкті кезіндегі сырқаттануы; 
-  анасының алкогольді ішімдіктерді ішуі; 
-  шылым шегу, баланың тұншығып тууы; 
-  баланың жиі-жиі сырқаттануы; 
-  генетикалық нейробиологиялық факторлардың әсері. 
    Салдары мен белгілері: 
1. Ақыл-ой дамуы қалыпты, бірақ әлеуметік бейімделуі қиындау. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
68 
2. Кекештік, сөйлеудің бұзылуы, дәретін ұстай алмау, бастың ауруы, тамыр дистоиясы, 
мектепке бейімсіздену синдромы және негізгі белгісі – мінез-құлықтың өзгеруі. 
3. Гиподинамикалық қалып – сыбырлық, салғырттық, баяулық. 
4. Гипердинамикалық 
қалып 
– 
шамадан 
тыс 
мазасыздық, 
қозғалыс 
белсенділігінің арта түсуі. 
Осылайша,  барлығы  жеткіншектік  жас  мінез-құлықтағы  неше  түрлі 
ауытқуларға  толы,  және  осы  ауытқулар  ересектер  пікірі  бойынша  ақылға  сай  емес, 
қисынсыз және түсініксіз дегенге келіп саяды. Анығында, егер жеткіншектік жастың 
бұл  ерекшеліктерін  «нормалар-нормалар  емес»  тұрғысынан  бағалар  болсақ,  онда 
олардың  мінез-құлықтарындағы  нормативтік  еместікті  норма  ретінде  түсіну  керек, 
және  бұл  жағдайда  назарды  ауытқулардың  жекелеген  түрлеріне  шоғырландыру 
қажет,  олар,  біріншіден,  қоғам  мен  мемлекет  дамуының  белгілі  бір  кезеңдерінде 
ауырлық  және  таралуына  байланысты  қауіпті  болады,  екіншіден,  психотерапевтер 
мен  психокорректорлардың  зерттеу  заты  болып  табылады.  Сөз  жеткіншектердің 
жоғары  қызуқандылығы,  қатыгездігі,  қылмыстардан  көрінетін  әрекеттер  мен 
қылықтарының уәжделмегені, ақиқаттылықтан алшақтау т.б. туралы болып отыр. 
Тәуекел 
тобындағы 
балалармен 
әлеуметтік-психологиялық 
қызметтің 
қажеттілігі  қазіргі  уақытта  өте    нақты  әрі  айқын  сезіліп  отыр.  Қандай-да  бір 
жасөспірімнің  қиын  оқушы  немесе  тәуекел  тобындағы  жасөспірім  аталуының  өзі 
оған  психолог  көмегінің  қажет  екендігін  және  оған  қажет  көмек  дер  кезінде 
көрсетілмесе,  «дезадаптация»  процесінің  артуы,  яғни  адамның  әлеуметтенуі  мен 
қоғамға бейімделу процесінің бұзылуы мүмкін екендігін білдіреді.  
Тәуекел  тобындағы  балаға  айналуы  ол  көп  жағдайда  жүйке-психикалық 
бұзылу  белгілеріне  байланысты.  Жүйке-психикалық  бұзылу  белгілерін  кейде 
жасөспірім  шақта  кездесетін  жай  ғана  қиындықтар  ретінде  қабылдауымыз  мүмкін. 
Осы  екеуінің  айырмашылығын  білу  үшін  осы  қиындықтарға  негіз  болатын    басты 
факторларды атап кету қажет. Бірінші фактор -ішкі үйлесімі мен берекесі бұзылған 
отбасы. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, отбасындағы тәрбие тұлғалық қалыптасудың 
іргетасы  болып  табылады.  «Ұяда  не  көрсең,  ұшқанда  соны  ілесің»  деген  ұлағатты 
сөздің  айтылуы  тегін  емес  екенін  білеміз.  Кез-келген  адам  қиналғанда  сүйенішті, 
қолдауды  өз  отбасынан,  жақындарынан  іздейді.  Ал  ата-ананың  өз  арасында 
түсінбеушілік пен дағдарыс, кикілжің мен ұрыс-керіс болатын болса, біріншіден, сол 
отбасынан  шыққан  бала  сол  атмосферада  сусындап,  психикасы,  дүниеге  көзқарасы 
сәйкесінше  болып  шығады.  Отбасындағы  қиыншылықтар  себебінен  жеке  басында, 
достарымен қарым-қатынаста, өзіндік бағалауында қанағаттанбау сезімі пайда болған 
бала,  ондай  отбасынан  ешқандай  да  қажетті  көмек  ала  алмайды.  Осындай  кезде 
психологиялық  қызметтің  көмегі  де,  жалпы  мұғалімдердің  де  психологиялық 
білімінің  болуы  да  аса  маңызды.  Ал  ата-ана,  жалпы  жұбайлар  арасындағы  қарым-
қатынастың  үйлесімде  болмауы,  соның  ішінде  өте  қарапайым  себеп-әйел  мен  ер 
адамның  бір-бірінің  психологиясын  білмеуі.  Сонымен  қатар  отбасы  мүшелерінің 
бірінің  жүйке  ауруына  немесе  психикалық  ауытқуға  ұшырауы  және  де  химиялық 
тәуелділікке  ұрынуы,  яғни  ішкілікке  салыну,  құмар  ойыны,  нашақорлық  т.б.  өз 
себебін  тигізеді.  Басты  себептің  бір  түрі  -    бұл  отбасындағы  тәрбие  түрінің  дұрыс 
таңдалмауы.  Екінші  фактор  -  туа  біткен  немесе  басқа  этиологиядағы  соматикалық 
аурулар  мен  ауыр  травмалар.  Үшінші  фактор  -    жасөспірімнің    өз  құрдастарымен 
қарым-қатынасында кездесетін қиындықтар[ 8, 45 б.].  
Жеткіншектерге  және  айналасындағылар  үшін  белгілі  бір  қиындық  тудырып 
отырған  олардағы  мінез-құлықтық  ауытқулардың  ерекшеліктеріне  тоқталып  өтейік. 
Осыған  байланыстыайта  кететін  жәйт,  жеткіншектер  мінез-құлқындағы  алуан  түрлі 
бұзушылықтарды сипаттайтын көптеген ғылыми феномендер болады. Сондықтан да 
мынандай сұрақ туындайды: «Тәуекел  тобының жеткіншектері кімдер болды?». Бұл 
сұраққа  жауапты  белгілі  бір  проблемалары  бар  балалар  санаттарын  іздеуден 
бастаймыз. Бұл бағытта Л.Я. Олифренко, Т.И. Шульга  және И.Ф. Деметьев ұсынған 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
69 
санат  қызығушылық  тудырды,  оған  сәйкес  неғұрлым  қырағы  әлеуметтік-
педагогикалық  назарды  қажет  ететін  келесідей  негізгі  балалар  санатары  бөліп 
көрсетіледі:  мүгедек  балалар,  жетім  балалар,  құқық  бұзушы  балалар  және  тәуекел 
тобының  балалары.  Авторлар  пікірі  бойынша  балалардың  алғашқы  үш  санаты 
олардың  жағдайы  заңнамалы  және  нормативті  мемлекетмен  реттелетіндігімен 
сипатталады,  осындай  балаларды  анықтайтын  және  олардың  мәртебесін  белгілейтін 
арнайы  органдар  мен  ведомстволар,  сонымен  қатар  осындай  балаларға  арналған  арнайы 
мекемелер  бар.  Жағдайы  нашар  отбасындағы,  мектепте  үлгерімі  нашар,  мінез-
құлықтарындағы  бұзушылықтардың  түрлі  көріністерімен  сипатталатын  т.с.с.  балаларды 
жатқызатын тәуекел тобының балалары «бейресми» санат болып табылады [4, 121 б.].  
Осылайша, Л.Я.Олифренко мен оның авторластарының пікірін бөлісе отырып, 
тәуекел  тобының  жеткіншектерінің  түсінігі  психологиялық-педагогикалық  ғылымда 
нақты белгіленген шекарасы жоқ екенін айта кеткеніміз жөн. Біздің зерттеудің заты 
жалпы  қабылданған  нормалар  мен  ережелерге  толықтай  немесе  жартылай  сәйкес 
келмейтін  мінез-құлықтағы  кейбір  бұзушылықтары  бар  жалпы  білім  беретін 
мектептің жеткіншектері табылады. Сондықтан «тәуекел тобы» туралы айта отырып, 
біз  балалардың  осы  санатына  енгізілген  жеткіншектер  мінез-құлығының  шынайы 
орын алған зардаптарын айтамыз [4, 222 б.]. 
Сонымен,  мінез-құлықындағы  ауытқушылықтар  алуандығына  қарамастан, 
оларды  анықтау  қиын,  сондықтан  «тәуекел  тобы»  санаты  шартты  сипаттама  болып 
табылады  және  сондықтан  да  оларды  бағалауда  түрлі  пікірлер  тудырады.  «Тәуекел 
тобындағы  балалар»  –  бұл  біздің  тұжырымдауымызша,  түрлі  жағымсыз 
факторлардың әсеріндегі кризистік жағдайдағы балалар.  
Қорыта  келе,  ауытқыған  мінез-құлықтардың  пайда  болу  себептерін 
қарастыру  барысындағы  үш  түрлі  теориялық  тұжырымдарды  талдау  негізінде 
(физикалық типтер теориясы, психоаналитикалық және әлеуметтанушылық немесе 
мәдени теориялар) оның себептері мен факторларын айқындадық:   
-  дұрыс  тәрбиеленбегендерінің  себебінен  қажетті  білімдердің,  біліктердің, 
дағдылардың 
жоқтығы, 
мінез-құлқындағы 
жағымсыз 
топтардың  
қалыптасқандығынан    баланың,    жеткіншектің    өзін    дұрыс    ұстамайтындығынан  
туындайтын  әлеуметтік-педагогикалық олқылықтар; 
-  жайсыз  отбасылық  өзара  қарым-қатынастар,  жағымсыз    психологиялық  
ахуал,  оқудағы  жүйелі  сәтсіздіктер,  сынып   ұжымдарындағы  құрбылармен  өзара  
қарым-қатынастың    орындамағандығы,    ата-аналарының,    мұғалімдердің    сыныптас  
жолдастарының  дұрыс  емес (әділетсіз, дөрекі, қатал)  қатынастарынан  туындайтын  
терең  психологиялық   жайсыздықтар; 
-  психикалық  және    физикалық    денсаулығы  мен  дамуы    жағдайындағы 
ауытқушылықтар,  жас  ерекшелік  дағдарыстарындағы,  мінез  акцентуациясы  және  
басқа да  физиологиялық,  психоневрологиялық  ерекшеліктер  себептері; 
-  ішкі  және    сыртқы    белсенділігінің    саналы    көріністеріне,  өзін-өзі  
көрсетуіне    жағдай    жасалмағандығынан,    іс-әрекеттердің    пайдалы    түрлерімен  
айналыспайтығынан,    жағымды    және    маңызды    әлеуметтік,    сондай-ақ,    жеке  
өмірлік  мақсаттары мен жоспарларының болмауы; 
-  қараусыз    қалумен,    қоршаған    ортаның  кері    ықпал  етуімен  және  осының 
негізінде  дамитын  әлеуметтік-психологиялық  дезадаптациямен,    әлеуметтік    және 
жеке  құндылықтарының  жағымсыз түрде ауысуы және жағымсыз жайттар. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет