2 тапсырма. Шәкерім әлемі.
«Шәкәрімнің ақындық әлемі»атты екінші бөлімде ақын поэтикасының рухани бастауларының мән-маңызы қарастырылады. Сонымен бірге бұл тарауда мәтіндік тұрғыдан өзгешелігі бар «Қорқыттың сарыны» сынды өлеңдері де сөз болды. Қорқыт сарынындағы өмірдің мәні мен адамды сүюге құлшынысын арттыратын күші – саналы адамның жүрегіне қозғау салар күшімен ғұмырлы дүние екендігі де қарастырылды.
Өмір мен өлім жайын толғау арқылы Қорқыт бабаның өмірді сүю философиясын Шәкәрім ақын кейінгіге үлгі етеді. «Мен өлсем, сарын жоғалар, Қимадым көміп тастарға» деп Қорқыт танымын өлең кестесіне салғанда да, ақын сопылық сипаттағы астарлы да, бейнелі сөз бен ұғымдарға бой ұрады. Шәкәрім «Қорқыт сарынында» адамды рухани жоғары деңгейге көтеретін, рухани тазару, дұрыстық, хақиқат жолы деген үлкен ізгілік танымы жатыр Қорқыттың өмір сүру философиясын таяныш еткен ақын өмір мәнін кетірер залалды мінездерге қарсы көзқарасын осы сарынмен білдіреді:
Басайын қобыз пернесін!
Монтаны талай мұңдар бар.
Нәпсіге ерген сұмдар бар,
Адамды аңша аулатқан.
Алдамшы, арсыз жандар бар,
Ондайлар маған келмесін
Шәкәрімнің өмірлік көзқарастарының қалыптасуында Шығыс дүлдүлі Хафиз тағылымының да орны зор. Шәкәрімнің «Иманым» атты топтама өлендерінде сопылық сарын мен сопылық таным қазақи жүйеге сай жүйеленген:
Кел, аяқшы, қымыз кұй,
Көпке бер де, маған бер.
Махаббат салды ауыр күй,
Жан кысылып, ақты тер
Осы өлеңнің соңында Шәкәрім Хожа Хафизден аударудың мәні бүгінгі қоғам қажеттілігінен туған рухани сұраныс екенін, арақты-қымыз деп т.б. сөздерді қазақ ұғымына сай алғанын жазады Осы үлгіде жазылған ақынның «Кел, аяқшы қымыз құй», «Кешегі басшы піріміз», «Қорқыт, Қожа Хафиз түсіме енді», «Көрініске шоқынған», «Мәжілісінде досыңның», т.б. «Қожа Хафиз сөзінен» деп берген топтама өлеңдері бар. Шәкәрім Хафиз өлеңдерін зерделей отырып Шығыс шайырының дүниетанымдық ой тереңдігін, хақты сүю, адамшылық, махаббат, дүние, ғалам жайлы ойлар желісінен өзіне жақындық, оның ішінде рухани үндестік табады. Өйткені Хафиз ғазалдарында Хаққа деген махаббатты, дүние жалған, адам жан дүниесінің күрделілігі, тазалық жолы, өмір, өлім, жан тазалығын жырлайды.
№
Достарыңызбен бөлісу: |