«БӨбек» Ұлттық Ғылыми- практикалық, білім беру және сауықтыру орталығЫ



бет8/9
Дата07.12.2022
өлшемі89,55 Kb.
#55640
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Негізгі етістіктер

Туынды етістіктер

Оқы, жаз, ки, ал, айт, көр, біл, қуан

Жырла, баста, ойла, алды



3-сыныпта қазақ тілін оқыту бағдарламасындағы етістік сөз табын оқытуда оқушылардың етістіктің болымды, болымсыз түрлерінің (жаз-жазба, ойна-ойнама, бар-барма т.б.) мағыналарын салыстырып байқатқаннан кейін бірден оқулықтағы ережемен танысуға болады.

Зат есім мен сын есімді байланыстыра оқыту
3-сынып оқушыларының сын есім туралы бұрын алған білімі мен түсінігі кеңейтіледі. Мұнда сын есімдерді жікке бөліп таныту, сын есімдерді зат есімдермен дұрыс тіркесе білу,негізгі, туынды сын есімдер айырту талабы қойылды.Сын есімді оқытқанда оған объекті болатын сөздері мол мәтіндерді пайдаланған жақсы нәтиже береді.
Мысалы: гүлдер, гүлдер, шоқ гүлдер, қызыл гүлдер, көк гүлдер...
Деген сияқты мәтінді алдық дейік, сонда осындағы гүлдер сөзіне қандай сұрақ қойылады? Ол қандай есім? Қандай тұлғада? Деген сұрақтарға жауап алғаннан кейін, екінші қатардағы гүлдер деген сөздің екі жерде екі түрлі сын айтылғанын оқушы аңғаратын болсын, соларды салыстырулары керек, қызыл, көк сөздерді заттың түсін білдіретін сын есімдер екенін айтсын. Заттардың түсін білдіретін тағы қандай сөздерді білесіңдер? деген сұраққа мүдірмей дұрыс жауап бере білген оқушы оған дейінгі сабақты дұрыс түсінген деп айтуға болады.
Үлгі бойынша берілген сын есімдерді оқушылар зат есімге қатыстырып айтуға тиіс. Тиісті зат есімдерді оқушылардың өздері айтады. Олар нақты заттар болғаны дұрыс. Сонымен, сол сын есімдер тіркесе алатын да, тіркесе алмайтын да заттар болатынын оқушы білуге тиіс.
Мысалы: семіз ешкі, семіз адам деуге болады, семіз кітап, семіз киім деуге болмайды, қалың кітап, қалың киім дейміз. Мұндай мысалдар ойшыл, сезімтал, талғампаз болуға итермелейді.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда, жас ұрпақтың рухани дүниесі мен ой-қиялын бірінші болып білім жарығымен нұрландыратын – бастауыш мектеп мұғалімі.
Қазіргі таңда қазақ тілі оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында мұғалімдер алдында қалай және нені оқыту керек деген сұрақтар тууы заңды. Білімді толығымен ендіру, бағдарламаны толық ұғындыру – әрбір мұғалімнің алдында тұрған мақсат. Сондықтан қазіргі кезеңде қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңа көзқарастары шығуда, соған орай жаңаша бағдарламалар жасалып, оқытудың бағыттары беріле бастады.
Қазіргі кезеңде қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңа көзқарастары оған жаңаша әдіс-тәсілдерді қажет ететіні белгілі. Бұл ретте алға қойылған бағдарламалық талаптарды бір-біріне бөле қарауға болмайды. Түпкі мақсат, тәрбиелік міндеттерге қоса, оқушылардың өз ойларын тұжырымды да тұшымды айтуға үйрету, сауатты да сындарлы жазып жеткізе алатын болуына қол жеткізу десек, ең алдымен олардың, сөздік қорын үнемі молайтып, тілдік түйсік-талғамын жетілдіре беруде бастауыш сынып мұғалімдерінің ететін еңбегі зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет