Морфологиялық жазбаша талдату жұмысын түрліше жүргізуге болады
Сөздің бір формасын теріп жазады не астын сызып қояды немесе қандай сөз табы, қай форма екенін әр сөздің үстіне қысқартып жазып қоюға да болады. Осындай белгілермен сөйлем мүшелері де көрсетіледі.Берілген мәтіннен ең әуелі зат есімді, сонан соң басқа сөз таптарын табу.
Белгілі бір грамматикалық категорияға жататын сөздерді дайын таблица
бойынша айырып жазады. Мысалы: «өзеннің жағасына балалар келді» сөйлемінен зат есімге жататын сөздерді табу керек.
Сөз табы Сөйлем мүшесі Сұраулары Көпше Септік
Балалар Бастауыш Кімдер Көпше Атау
Өзенің Толықтауыш Қайда Жекеше Ілік
Балалар – зат есім, жалпы есім, көпше түрде берілген.
2.3 Бастауыш сыныптарға зат есімді басқа сөз таптарымен байланыстыра оқыту
Зат есімді етістікпен байланыстыра оқыту Етістік тақырыбына байланысты ендігі міндет – оқушыларға олардың негізгі және туынды болып бөлінетінін білдіру. Оқушылар түбір сөзден балаға етістік деп, ал түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістік туынды етістік деп аталатыны білуге тиіс.
Ой – ойла
Ем – емде.
Арқан – арқанда.
Үтік – үтікте
Бұл сөздерге сұрақ қою арқылы салыстыра отырып, нәтижесінде осы етістіктердің түбірі зат есімнен жасалып тұрғанын аңғартамыз. Немесе төмендегі кестені пайдаланып, негізгі етістіктер мен туынды етістіктерді салыстыру арқылы теңгереміз: