«БӨбек» Ұлттық Ғылыми- практикалық, білім беру және сауықтыру орталығЫ


Бастауыш сыныпта зат есімді оқыту әдістемесі



бет6/9
Дата07.12.2022
өлшемі89,55 Kb.
#55640
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ермек Лаула курстық жұмыс

2.2 Бастауыш сыныпта зат есімді оқыту әдістемесі


Оқушыларға белгілі біp меңгеру жолдарын үйреткенде, олардың психологиялық ерекшелігін ескеру керек және де оқушыларға ең алдымен, түсінудің жолдарын үйретіп дағдыландыру қажет




Бірін-бірі бағалау, бір-біріне проблемалық сұрақтар қою, іздендіру, мәтін құрау- мұның бәрі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауының негізі, үлкен мәні бар мәселелер

Оқушы мұғалім сөзіне зер салып, бар ынтасымен тыңдай білуі керек. Жазбаша жұмыстар бастағанда алдымен суретке қарап, сөйлем құратып, жаздырудан басталады. Әдебиеттен оқыған шығармаларын зат есімді табуға тапсырма берсе болады.




Бұл тек сөз табын білдіріп қана қоймай, жазбаша тіл дамытудың алғашқы жүзеге асатын іс-шаралары. Бұны ары қарай дамытудың маңызы, оқушының тіл байлығын дамыту.

Анықтамаларда әрбір категорияның негізгі мағыналарынан басқа формалық белгілері де көрсетіледі. Мысалы: зат есімнің көпше түрін жасау үшін оның түбіріне –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер жалғаулары жалғанады. Мұндай формалы белгілерін көрсететін түсіндірмелер анықтамалардан кейін беріледі. Әсіресе бастауыш сыныптарға арналған оқулықтарда көпшілігіне негізгі мағыналары мен сұрақтары басты белгілері ретінде көрсетіледі.


Зат есімнің тәуелденуі. Бұл тақырыпты зат есімнің тәуелдік жалғауын түсіндіруден бастаған жөн. Кейбір сөздерді көрнекілік ретінде пайдаланып, кейінгі сөздерді оқушылар өз беттерімен орындауы үшін үлгі ету қажет. Мысалы:
I Менің жолдасым
II Сенің жолдасың
II Сіздің жолдасыңыз
III Оның жолдасы
Осы тақырыпқа жалғастыра «жалқы есім мен жалпы есімде» өткен дұрыс. Жалпы зат есім тақырыбын оқытуда біртұтас теориялық логикалық жүйенің сақталуы, әрі оқушылардың қабылдауына да қиындық келтірмес үшін бұл тақырыпты «зат есімге» жалғастыра оқытқан тиімді. Сонымен «Жалқы есім мен жалпы есім» тақырыбын оқытқанда оқушыларға кісі аттары, жер-су, үй жануарларының аттарын білдіретін сөздер жалқы есім деп аталатынын, олардан басқа заттардың атауы жалпы есім екенін ұғындырып, жалқы есімнің емлесіне баса назар аударған жөн.
Негізгі және туынды зат есімдер. Төменде сызықшамен бөлінген негізгі және туынды зат есімдер берілген:
Орын – орындық
Жол – жолаушы
Ән – әнші
Осыларды салыстыру арқылы зат есімдердің де негізгі және туынды болып бөлінетінін аңғартамыз. Осы үлгімен тағы да бірнеше мысалды салыстырып талдатқан жөн:
Ұш – ұшқыш
Сыз – сызғыш
Жақсы – жақсылық



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет