Сабақтың өткізілетін күні



Дата06.01.2022
өлшемі13,93 Kb.
#13019
түріСабақ
Байланысты:
метал


Сабақ жоспары .

Топ


ДІ-191/Б













Сабақтың өткізілетін күні.

03.04.2020













Пән аты: материалтану

Оқытушы : Адилов К

Сабақтың тақырыбы металдардың механикалық қасиеттері

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, ақпараттық дамытушылық тәсіл.

Пәнаралық байланыс : Физика, химия

Металдың (не басқа материалдың) сыртқы күштердің әсерімен өзгеру бағытын анықтайтын, сипаттайтын - оның механикалық қасиеттері.Механикалық қасиеттерге әлбетте металдардың (қорытпалардың) деформацияға қарсылығы (беріктігі) мен к‰йреуге қарсы кедергісі (пластикалық, тұтқырлық, сонымен бірге сызатты металдың қирамайтын қабілеті) жатады.Үлгінің к‰йреуі алдындағы ең үлкен күшке сәйкес кернеуді уақытша кедергі немесе беріктік шегі деп атайды:

σв = Pmax / F0 ,

мұндағы Pmax – күш, МН;

F0 – үлгінің көлденең қимасының ауданы, м2.

Сонымен қатар, созып сынау арқылы пластикалық сипаттары анықталады. Оларға салыстырмалы ±заруы,

δ = (lс – lб)100/ lс

және салыстырмалы тартылуы (сығылуы),

ψ = (Fб – Fс)100/ Fб ,

мұндағы, lс және lб – үлгінің соңғы және бастапқы ұзындығы, ал Ғб мен Ғс -үлгінің күйреуге дейінгі және кейінгі қимасына (көлденең) сәйкес ауданы.

Материалдың беттік қабатына жанаса әсер етуден туған пластикалық деформацияға қарсыласу қаттылық деп атайды. Көбінесе қаттылықты Бриннелдің (белгісі НВ), Роквеллдің (НRВ не НRС), Викерстің (НV) приборларында анықтайды.

Соққы т±тқырлығы деп, үлгінің кертік орнындағы көлденең қимасының ауданына соққы ж±мысының қатынасын айтады, Дж/ м2:

KC = K/ S0 ,

мұндағы К – үлгі қирауына жұмсалған жұмыс, Дж;

S0 - үлгінің кертік орнының көлденең қимасы, м2.

Морт сынғыштықтың бастауы бірдей температуралар үшін кесекті үлгілерді соғып майыстырумен сынағанда анықталады. Содан соң соғу т±тқырлығының сынау температурасына байланыстылығы қисығын тұрғызады.

Қайталанатын айнымалы кернеулердің металға ұзақ уақыт әсер етуі, тіпті σ0,2 төмен кернеулердің өзінде сызаттардың пайда болуы мен бұзылуына келтіруі мүмкін.

Циклдік күштердің әсерімен, сызаттар пайда болуымен күйреуге әкелетін ақаулардың металда біртіндеп шоғырлануын босаңсу деп, ал металдардың қажуға қарсыласу қасиетін төзімділігі деп атайды.



Түйіскен беттердің үйкелісінен тозуы орын алады, осыдан дене пішіні мен өлшемдердің біртіндеп өзгеруінен байқалатындай, қатты дене бетінен материал бөліну процесі және оның қалдык деформациясының үйкелісінен көбеюі болатынын түсінеміз. Материалдың тозу жылдамдығына кері шамамен бағаланатын, тозуға қарсы кедергісін - материалдың тозуға төзімділігі деп атайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет