Организмде ауырсыну жүйесімен катар, ауыртатын сезімді басатын аналгезия немесе антино-цицептік курылымдары болады. Аналгезия жуйесі нейрондар тобынан тұрады.Олар ауырсыну ақпаратын жеткізетін сезу жуйелерінің әртурлі деңгейнің іс-әрекетін тежейді немесе мүлдем жояды.Сондықтан ауырсыну түйсіктерін азайту немесе жою ушін клиникада көптеген арнайы заттарды (аналгетиктер,анестетиктер, наркотиктер) пайдаланады. Мұндай арнамалы заттардың көбі аналгезия жүйесінін талшықтары ұшында ағзалар мен тіндердін әрекеттері кезінде тузіледі.Олардың ішінде серотонин, норадреналин, дофамин орталық, ауырсыну жуйесінде нейрондарды байланыстырушы (нейротрансмиттері) ретінде әрекет жасайды. Осы сияқты мидың ауырсыну жүйелерінде тузілетін ацетилхолин, адреналин, глиции, және глютамат жүйке реттеуші (нейрорегулятор) болып саналады.
Аналезия жуйесінің өте белсенді заттары-нейропетптидтер табылды. Оларды ауырсынуға байланысты үш топқа бөледі. Біріншісі, мидың апиын кабылдарыштарымен әрекеттесетін - энкефалин, эндорфин, динорфин. Екінші топқа қантамырлары мен ішкі ағзалардың бірыңғай салалы еттеріне анық әсер ететін нейропептидтер жатады. Үшінші топ – гипоталамустың нейрогормондары -вазо-прес-син, окситоцин, соматостатин, нейротензиннен тұрады.
Бұл эндогендік (ішкітекті) аналгезия жуйелері басқа жуйелермен бірігіп әрекеттесіп, ноцицептік турткілердің жарымсыз әрекеттерін тежеп отырады. Сонымен бірге олар әртурлі ауырсыну рефлекстерін мидың эмоциялық және стресс әсерленісін қамтамасыз етеді. Сондықтан бұл заттар казіргі кезде жүйке-психика ауруларын нәтижелі емдеу ушін жиі қолданылады.
Ноцицепциялық рецепция
Ноцицепторлар-тері,буын,байлам және ішкі мүшелер рецепторлары,олар зақымдаушы тітіркендіргішке жауап береді.Ноцицепторлардың екі түрі ажыратылады:механоноцицепторлар,биологиялық мембрана зақымданғанда белсенеді және хемоноцицепторлар,тіндегі тотығу үдерісін бұзатын заттар әсер еткенде белсенеді.
"Ноцицепция" терминін Чарльз Скотт Шеррингтон тіндердің зақымдануындағы жүйке белсенділігінің физиологиялық сипаты мен физиологиялық ауырсынуға психологиялық реакция арасындағы айырмашылықты анықтау үшін енгізді.
"Ноцицепция" сөзі латынның nocere — зиян келтіру және capere — алу,қабылдау сөздерінен шыққан.