Бөж ағзаның ноцицепциялық және антиноципцециялық жүйелері


Ауырсыну және оның түрлері



бет2/6
Дата17.03.2023
өлшемі0,54 Mb.
#75104
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Нураййй

Ауырсыну және оның түрлері

  • Ауырсыну-организмнің ішкі немесе сыртқы зақымдағыш тітіркендіргішке,оны жою мақсатындағы жүйелік жауабы.Оған рефлекстік,эмоционалдық және психикалық компоненттер кіреді.
  • Ауырсыну турлері - ауырсынуды сомалық және висцеральдық, беткей және терең, бастапқы және кешеуілдеу деп жіктеуге болады.
  • Ауырсынудың 2 типі болады: протопатиялык жане эпикритикалык.
  • Протопатиялық ауырсыну -баяу сезіледі, локализациясы нашар, ұзақ жэне бейімделуі болмайды. Эпикритикалық ауырсыну -тез сезіледі, локализациясы жақсы, бейімделуі тез.
  • Эндорфиндер жэне энкефалиндер - эндогендік морфий тәріздес заттар,олар ми жасушаларында өндіріледі және ауырсыну сезімін туындайтын,мидың ноцицептивтік құрылымының белсенділігін төмендетеді.

Ауырсыну тудыратын факторлар

  • • қорғаныштық қызмет атқаратын қабық жамылғысы бүтіндігінің бұзылуы, ішкі орта тұрақтылығының бұзылуына және жеке мүшелердің зақым-дануына әкелуі. Осыған байланысты, ауырсыну теріс биологиялық қа-жеттілік болып табылады және ауырсыну сезімінен құтылуға бағытталған,мотивация қалыптасады;
  • • тіндік тыныс алудың оттегіне мұқтаждық деңгейі төмендейді. Тіндерде тотығу үдерістерінің бұзылуы немесе қан келуінің күрт төмендеуі,ауырсыну сезімін туындатады

Ауырсынудың орталық жүйесі

Ауырсыну сигналдарын қабылдайтын құрылымдар орталық жүйке жүйесінің әртүрлі деңгейінде орналасады. Алдымен ауырсыну сигналдарын миға өтпестен бұрын,жұлынның артқы ашасындағы жалпақ тіліктерінің(пластина) орталық нейрондары қабылдайды және өңдейді.

  • Ауырсыну сезімінің өткізгіш жүйелеріне жұлын-таламус,жұлын торлы құрылым,жұлын-орталық ми жүйкесі жолдары және орталық мидың проприорецептор жүйесі жатады. Бұлар арқылы өрлеме ауырсыну мәліметтері мидың бірнеше орталық құрылымында өңделеді.Олар: жұлын, торлы кұрылым, ортаңғы ми, сұр зат, таламус, гипоталамус, лимбия жүйесі, ми қыртысьның әртүрлі аймақтары.
  • Нейрофизиологиялык зерттеулер бойынша, ауырсыну тітіркенісі әсерінен жұлын арқылы қозғалыс және симпатикалык жүйке сигналдарының алғашқы рет өңделетіндігі дәлелденді. Сол сияқты торлы кұрылым ауырсыну апараттарын түйсінуде мол әрекет жасайтыны керсетілді.
  • Ол жұлын рефлекстерін қадағалайды, вегетативтік жүйкені кірістіреді (қанайналымы, тынысалу, т.б.). Ортанғы миға бағынатын күрделі қорғаныш рефлекстерін қатыстырады (ояну, сақтану, сезіктену т.с.с).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет