Бөж Менеджменттің қалыптасу тарихы Орындаған: Берікбай Меруерт


А.Файольдың әкімшілік басқару мектебі



бет2/3
Дата16.12.2023
өлшемі3,18 Mb.
#140239
1   2   3
А.Файольдың әкімшілік басқару мектебі.
Ғылыми басқару өкілдері өздері зерттеген өндіріс орындарын басқаруды нысанаға алады. Олар басқару деңгейінен төменгі сатыдағы еңбек өнімінің артуымен шұғылданып, әкімшілік мектебі пайда болды. Кейінен мамандар басқаруды ұдайы жетілдірумен
әкімшілік қызметті ұйымдастыру принциптерін ойластырды. Бұл мәселелер А.Файольдің есімімен тікелей байланысты. А.Файольдің әкімшілік басқару мектептің көрнекті ғалымы деп есептелді. А.Файоль басқарудың бір бөлігін және техникалық, компаниялық сатып алу, қорғаныстық, бухгалтер, әкімшілік әкімшілік функцияны талдайды.
А.Файоль әкімшілік басқаруды 5 элементке бөліп көрсетті:
1) жоспарлау;
2) ұжымдастыру;
3) басшылық ету;
4) үлестіру;
5) бақылау.
А.Файоль әкімшілік басқарудың бір қатар принциптерін ойластырды.
Оның пікірінше олар кез келген ұйымға қолдануға жарайды. Менеджменттің
осындай әмбебап принцптері менеджерді өз қызметтерін қалай орындау
екендігін көрсетеді
Қазақстанда басқару ғылымының дамуы мен қалыптасуы
Х-ХІІ ғасырларда басқару саласындағы алғашқы ойшылардың бірі ӘбуНасыр Әл Фараби (870-950 ж.ж.) болды. Ол жұлдыздар мен басқа табиғи құбылыстарға қарай отырып, мемлекеттің, шаһарлардың болашағы мен бағыныштылардың тағдырын болжамдаған әміршілердің жалған көріпкелдігін ғылыми негізде дәлелдеді. Оның адамзат қоғамының шығуы, мемлекеттік құрылыс және басшыға талап қою туралы идеялары ерекше қызығушылық тудырып отыр. Қазіргі кезде Қазақстан ғалымдары әл-Фарабидың ғылыми мұраларын терең зерттеу мақсатында Отырар қаласының орнында қазба жұмыстарын жүргізуде.
Қазақстанда XVII ғасырдың соңында Тәуке хан (1680-1715 ж.ж.) әмірлік
құрған дәуірде «Жетi жарғы» деп аталатын заң жинақтарында мемлекетті
басқару жөніндегі өз пікірлерін мазмұндады, мұнда орта ғасырлық қазақ
қоғамындағы негізгі принциптер мен құқық нормалары бекітілген.
ХІХ ғасырда Қазақстанның көрнекті мемлекет қайраткерлерінің арасында ғалым-ағартушы Ш.Уәлиханов (1835-1865 ж.ж.) маңызды орын алды. Ол орыс ағартушылары мен революцияшыл-демократтарының алдыңғы қатарлы идеяларын қабылдады. Сонымен бірге патшаның отаршылдық саясатын айыптап, олардың қоғамдық-мәдени артта қалуын орыс мәдениетінен сусындау жолында жеңу үшін күресті, қазақтардың отырықшылық пен егін шаруашылығына көшуін насихаттады. Ш.Уәлиханов ағарту ісі мен жеке реформалардың рөлін асыра бағалай отырып, басқару саласындағы үкімет шаралары көшпенді ауылдар өмірінің қайта құрылуына ықпал етуі мүмкін деп жорамалдады. Ш.Уәлихановтың мемлекетті басқару жөнінде ұсынған демократиялық идеяларын қазақтың басқа да ағартушы-демократтары Ы.Алтынсарин (1841-1889 ж.ж.) мен А.Құнанбаев (1845-1904 ж.ж.) әрі қарай дамытты.
Қазақстанда менеджмент пәні бойынша алғашқы қазақша оқулық профессор К.Ғ.Ахметовтың «Менеджмент негіздері» (1993 ж.) кітабы болды. Ол қазақстандық менеджмент мектебінің негізін қалаушылардың бірі болып табылады. К.Б.Бердалиевтің «Менеджмент негіздері» (1994ж.), «Қазақстан экономикасын басқару негіздері» (2001ж.) еңбектерінде қазақстандық кәсіпорындарды басқару ерекшеліктері мазмұндады. Қазақстанда кадр менеджментінің мәселелерін алғаш рет ғалым Р.С.Каренов зерттеді. Ол «Өндірістік менеджмент» (1996ж.), «Инновациялық менеджмент» (1997ж.) атты еңбектерінде нарықтық экономикасы жағдайындағы кадрлармен жұмыс жүргізудің отандық тәжірибесін қорытты және біздің еліміздің кәсіпорындарында шетел тәжірибесін тиімді пайдалану жөнінде кейбір пікірлерін ұсынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет