Бөж пәні: «Білім беру менеджменті» Тақырыбы:«Мектептің педагогикалық ұжымын басқару» Орындаған: Тагайбек а фқӘ-012



Дата20.10.2023
өлшемі132,22 Kb.
#119836
Байланысты:
Менеджмент БӨЖ2


Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Филология факультеті

БӨЖ
Пәні: «Білім беру менеджменті»
Тақырыбы:« Мектептің педагогикалық ұжымын басқару»

Орындаған: Тагайбек А ФҚӘ-012
Оқытушы: Байкенже Н
Түркістан 2022 ж.

Мектептің педагогикалық ұжымын басқару
Мектептегi оқушылар ұжымының негiзгi қалыптастырушы күшi – оқушы балалардың қоғамдық қарым-қатынасы. Балалар арасындағы қарым-қатынас, мектеп оқушылар қауымының қоғамдық пiкiрiн қалыптастырады. Оқушылардың өмiрге және мектептегi педагогикалық ықпалдарға деген көзқарастары олардың жас ерекшелiктерiне қарай әр түрлi сипатта дамиды. Басқарудың және өзін-өзі дамытудың субъектісі ретінде қазіргі педагогикалық ұжым туралы ұғымдар орыс педагогтары В.А.Сухомлинский, Л. Н. Толстой, К. Д. Ушинский, Н. И. Пироговтардың оқыту мен тәрбиенің өзара байланыстылығы, оқушылар мен педагогтардың бірлесе жұмыс істеуі, педагогтардың өзін-өзі дамытуға ұмтылуы сияқты идеяларының ықпалымен қалыптасты.
Педагогикалық ұжым адамдардың әлеуметтік жөне кәсіптік бірлестігі ретінде ұжымға тән барлық белгілерді біріктіреді. Ерекше адамдар тобы ретінде мектеп педагогикалық ұжымына жинақылық, басшының болуы, топтасу, салыстырмалы түрде тұрақты және ұзақ мерзімде әрекет ету сияқты қоғамдық жене кәсіптік сипаттар тән. Педагогикалық ұжым сондай-ақ, оқушылар ұжымы да, оның құрамдас бөлігі болып ссептеледі.. Кез келген ұжым сияқты мектептің педагогикалық ұжымының өзіндік ерекшеліктері болады. Педагогикалық ұжымның ең басты ерекшелігі оның кәсіптік қызметіне байланысты, нақтылай айтқанда жас ұрпақты оқыту мен тэрбиелеуде. Педагогикалық ұжымның көсіптік қызметінің тиімділігі оның мүшелерінің педагогикалық мөдениетінің деңгейімен, тұлғаларының қатынас сипатымен, ұжымдық жөне дербес жауапкершілікті сезінуімен, ұйымшылдық, ынтымақтастық деңгейімен анықталады. Өзінің мәні педагогикалық, тәрбиелік болып табылатын оку орындарының ұжымы оқушьыарға үлкендердің ұжымы, олардың өзара қатынасы, бірлесе әрекет етуі туралы алғашқы түсініктерді қалыптастырады. Бұл жағдай педагошкалық ұжымды өзін-өзі ұйымдастыруға, үнемі өздігінен жетілуге ынталандырады.
Мұғалімдер ұжымның педагогикалық қызметі оқушылар ұжымымен өзара тығыз өрекеттестікте өрбиді. Сондықтан педагогикалық міндетті шешу оқушылар ұжымының тәрбиелік мүмкіндігі қай деңгейде, қаншалықты іске асырылуына тікелей тәуелді болып келеді. Басқару ілімінің категориясы ретінде педагогикалық ұжым басқарушы, ал оқушылар ұжымы басқарылушы болады. Ал қазіргі әрекет пен қатынастың субъектісі ретінде жеке тұлғаға баса назар аударылған жағдайда педагогикалық және оқушылар ұжымы басқарудың да, өзін-өзі дамытудың да субъектісі болып отыр. Мұғалімдер ұжымы езінің орасан зор интеллектуалдық, тәрбиелік күш-қуаты бойынша балалар ұжымына ғана емес, өз ұжымына қатыстылығына байланысты да тәрбие субъектісі ретінде әрекет жасайды.
Педагогикалық ұжымның басты ерекшслігінің бірі ретінде мұғалімдік кәсіп қызметінің көп қырлылығын атау керек. Қазіргі мұғалім пән мұғалімі, сынып жетекшісі, үйірме, студия жетекшісі, қоғамдық жұмыстар сияқты қызмсттерді атқарады. Бұндай көпқырлылық барлық педагогикалық ұжымға тән. Өзінің кәсіптік міндеттерін шешу барысында педагогикалық ұжым мектеп шегінен шығып кетеді. Қоршаған әлеуметтік ортаны педагогика-ландыру, яғни ата-аналар мен жұртшылық өкілдерінің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру түтас алғанда педагогикалық ұжымның ажырамас қызметіне айналады. Көптеген мұғалімдердің педагогикалық өрекетіне зерттеушілік қызметі тән. Қазіргі мұғалім-зерттеуші -нормативті қызмет жасымен яюктелмейтін, педагогика-лық жаңалықтың жетістігі мен кемшілігін тез аңғаратын, жаңа құндылықтар мен технологияларға баға беріп, игеріп және практикада қолдануға қаблетті педагог.
Педагогикалық ұжымның ендігі бір ерекшелігі оның жоғары денгейде өзін-өзі басқара алуында. Ұжымдағы мектеп кеңесі, әдістемелік комиссиялар, қоғамдық ұйымдар да қатардағы мұғалімдердің сайлану арқылы өкілеттік алуы ұжымда дұрыс қоғамдық пікір қалыптастырып дербестік пен белсенділік дамытады. Педагогикалық ұжым мүшелерінің, оның басшыларының қызметтік міндеттері, қызметтік нүсқаулары арқылы дәл айқын-далуы да ұжымның ұйымдасқандық сипатын нығайтады. Педагогикалық ұжымның келесі ерекшелігі оның қызметіыің үжьшдық сипаты мен нәтиже үшін ұжымдық жауапкершілігі. Егер жекелеген мұғалімдердің, әсіресс орта жөне жоғары сынып мұғалімдерінің іс- әрекетін өзге мұғалімдердің іс-әрекетімен сәйкестендірмесе, оқушы-лардың білімін бағалау, мектеп жұмысын ұйымдастыруда бірыңғай талап болмаса онда ол табысқа жеткізбейді. Мұғалімдердің біртүтастығы олардың құндылық бағдар-лары мен сенімдерінен көрінеді, дегенмен бұл жағдай педагогикалық технологияның бірсарындылығын білдірмейді. Балаға деген махаббат, оны оқытуға деген ынта, оқушы тұлғасына деген құрмет педагогикалық шығармашылық, оптимизм, жалпы және косіптік мәдениет мұғалімдердің іс-әрекетінің біртүтастығын материалдық негізін қүрайды. Педагогикалық ұжым өмірінің еркешеліктерінің қатарында белгілі бір педагогикалық еңбектің түрін атқарудан уақыт шегінің болмауын атауға болады. Бұл жағдай мұғалімнің шамадан тыс жұмыс бастылығына, рухани дүниесін байытьш, кәсіптік дамуын арттыруға уақыт таба алмауына себеп болады. Бақылау нәтижелері көрсеткендей соңғы жылдары материалдық жағдайға, уақыт жетіспеуіне байланысты мұғалімдірдің баспасөзге жазылуы, түрлі әдебиеттер сатып алуы, олардың кино-театрлар, мүражайлар мен көрмелерге қатысуы күрт төмендеп кетті.
Педагогакалық ұжымға тән өзіндік ерекшеліктердің бірі оның құрамында әйелдердің басым болуы десек, бұл жағдай ұжымдағы өзара қатыстық сипатына ықпал жасайды. Әйелдер ұжымы еркектер басым болып кететін ұйымдарға қарағанда тез әсерленгіш, квңіл күйі жиі алмасады, барынша дау-жанжалға бейім. Дей түрғанмен, әйелдер жаратылысынан тәрбие ісіне бейім, педагогикалык ықпал жасаудың әдістері мен.тәсілдерін таңдауда барынша икемді екендігін де есте ұстау керек.
Педагогикалық ұжымдарда әйелдердің басым болуы — жаңа проблема емес. Ол проблема материалдық сипаттағы себептерге байланысты педагогикалық ұжымдардан еркектердің басқа табысты салаларға көптеп ауысуына байланысты шиеленісе түсті. В. А. Сухомлинский, А. А. Захаренко сияқты педагогтар мектебінің төжірибесі педагогикалық ұжымда, әр жыныстың қажетті өкілеттілігінің болуы педагогикалық ұжымның үйлесім-ділігін, педагогикалық процестің біртұтастығын қамтама-сыз ететіндігін көрсетеді. Бұл проблема соңғы кезде өкесіз отбасылар көбеюіне байланысты маңызды бола түсуде. Дегенмен, педагогикалық ұжымдағы еркек пен әйелдердің барынша орнықты арақатынасын айқындау өте қиын. Ол әрбір нақты жағдайда өзінше шешім табуы тиіс. Бірақ қалай болғанда да мектептегі еркектердің жетіспеушілігіт оке, ата-аналарды, өндірістік ұжым мүшелерін сабақтаи тыс уақыттағы тәрбие жұмыстарына тарту арқылы толықтыру қажет. Ұжымдық құрылым белгілі дәрежеде педагогикальщ ұжым мүшелерінің әлсуметтік-демографиялъщ, дербестік-психологияльщ ерекшеліктеріне тәуелді тығыз іскерлік, тұлғааралық қатынастардың қолайлы негізі ұжымның жасына, біліміне, біліктілік деңгейіне, кәсіптік құндылықтары сияқты белгілері бойынша біртектілік екендігі даусыз. Бұндай ұжымдар топтасу, ұйымдасудың жоғары Деңгейімен ерекшеленеді. Дегенмен педагогикалық ұжымдар өзінің құрамы жағынан барынша әртекті болып келеді: оның құрамына біліктілік деңгейі әртүрлі жыныс өкілдерінен тұратын жас және тәжірибелі мұғалімдер енеді. Бүның барлығы әртүрлі бағыттағы бейресми топтардың құрылуына негіз қалайды. Мектеп басшылары педаго-ғикалық ұжымды ұйымдастырғанда және басқарғайда бұл жағдайды ескеруі тиіс.
Өзара қатынастың педагогикалық ұжымның тұрақтылығына ықпал екі жақты сипат алады. Бір жағынан ұжымішілік қатынас, ұжымның тұрақтылығын білдірсе, екінші жағынан педагогикалық ұжымдағы тұрақтылық педагогтардың өзара қатынасының сипатын айқындайды.
Ұжымның ұйымдық құрылымы ұжым мүшелерінің мүддесін, қажеггілігін, қавшальщты қанағаттаңдыруна да байланысты. Қанағаттану деңгейін анықтайтын бұндай факторлардың қатарында ұжымның беделі, достарының болуы, осы ұжымдағы өз еңбегінің мәнін сезіне білу, моральдық-психологиялық ахуал, ұжымның дәстүрлерін айтуға болады.
Ұжымдық ұйымдық құрылымының сипатын айқындауды оның көлемі де елеулі етеді. Психологияда шағын ұжымдардың мүшелері арасында байланыс біршама тұрақты, берік болып келетіндігі дәлелденген. Ұжым үлкейген сайын ұжым мүшелерінің арасындағы қатынас ресми сипат ала береді. 30 адамнан асатын педагогикалық ұжымда мүдде, қызығушылық ортақтьиы, бірге демалу сияқты түрлі себептермен бейресми топтар, бірлестіктер пайда бола бастайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет