Бөж саяси ойлар тарихындағы басқарудың «дұрыс» және «бұрыс» формалары


Алғашқы кзең бұл саяси ойдың қалыптасу кезеңі деп айтуымызға болады. Бұл кезеңді жырлар, аңыздар негізінде танимыз. Мысалы, Гомер жырларында



бет3/3
Дата07.03.2023
өлшемі257,03 Kb.
#72439
1   2   3
Байланысты:
Б ж саяси ойлар тарихында ы бас аруды «д рыс» ж не «б рыс» форм

Алғашқы кзең бұл саяси ойдың қалыптасу кезеңі деп айтуымызға болады. Бұл кезеңді жырлар, аңыздар негізінде танимыз. Мысалы, Гомер жырларында
(“Иллиада”, “Одиссея”) Зевс шындық үшін күрескер ретінде көрсетілген. Осы жырлардагы “дике” және “темис” уғымдары грек құрылысын дәл сипаттайды. “Дике” шындық, ал “темис”дәстүрді білдіреді.


Грек саяси ойының қалыптасу кезеңінде “жеті данышпандардың”алатын орны ерекше. Олар б.э.д. VII- VI г.г. өмір сүрген —Фалес, Питтак, Биант, Солон,
Клеобул, Хилон, Периандр. Олар полистік өмірде шыншыл заңдар үстемдік етуі қажет идеясын негіздеген.


Қоғамдық саяси —құқықтық тәртіптерді өзгерту идеясымен танымал Пифагор мен Гераклитті айналып өтуіміз мүмкін емес. Олар демократияны сынға алып, аристократиялык идеалдар билік етуі керектігін негіздеді.
Бұлжерде “ең жақсылардың”, яғни оқыған адамдардың басқару қажет деп есептеген.
Пифагор “сан” әлемнің бастауы мен мәрі деп білген. Ол алғаш рет “теңдік” ұғымын қалыптастырған. Пифагор мен оны жақтаушылардың идеалы - шыншыл заңдар үстемдік еткен мемлекет. Олардың пікірінше, құдайдан кейін, ата-ана мен заңды сыйлау қажет. Басқарудың ең тиімсіз формасы ретінде анархияны көрсеткен.


Қорытынды
Мемлекеттің дұрыс жəне бұрыс түрлері – ежелгі грек ойшылы Аристотель өзінің «Саясат» еңбегінде қалыптастырған түсінік. Бұл еңбегінде Аристотель Платонның «Мінсіз мемлекет» ілімін сынға алады. Платоннан өзгеше ол алдыңғы орынға мемлекеттің «шексіз жақсы» үлгісін ұсынады. Платон ұсынған мүлік, əйел, бала ортақтығы мемлекетті жояды деп түсінеді. Аристотель мемлекет билеушілерінің алға қоятын мақсаттарына байланысты мемлекеттік құрылымның дұрыс жəне бұрыс түрлерін ажыратады. Дұрыс түрлеріне ол басқарушының санына қарамай (біреу ме, бернешеу ме, əлде, көпшілік пе) ортақ игілікке ұмтылатын мемлекеттік құрылымды жатқызды. Дұрыс түрлері: 1) монархия (бір адамның билігі); 2) аристократия (азшылықтың билігі); 3) полития (көпшіліктің билігі). Ал, бұрыс түрлеріне – билеушілердің өздерінің жеке мүдделерін көздейтін мемлекеттік құрылым жатады. Бұрыс түрлері: 1) тирания; 2) олигархия; 3) демократия. Осылайша, Платон «мінсіз мемлекетті» іздеді, ал Аристотель, шынайылыққа бір табан жақын тұрып, «ортақ мүддені көздесе, кез келген басқару түрін қабылдауға» келісті.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Нұрымбетова Гүлшат Рамазанқызы
Саяси ілімдер тарихы: Оқу құралы. - Алматы: ҚазҰпу,


Саяси және құқықтық ілімдер тарихы. А., 2002. Саяси ой тарихы. А., 2003.


Жамбылов Д.
Саясаттану: Окулык. — Алматы: Жет1 жаргы, 2003. —
288 бет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет