Негізгі бөлім 1. Физикалық есептердің маңызы, түрлері, шығару әдістемесі
Физикалық есептер бұл оқушылардың физикалық құбылыстарды танып-зерттеу түсініктерін қалыптастыру, логикалық ойлауын және өзінің білімдерін практикада қолдану іскерліктерін дамыту үшін қолданылатын жаттығулар.
Есептер шешу мен шығару оқу процессінің ажырамайтын құрамды бөлігі болып келеді және еңбексүйгіштікті, ақылдың танымдылығын, пікірлердің дербестігін қалыптастырып, оқуға деген қызығушылықты тәрбиелейді, еркі мен мінезін шындайды, құбылыстарды талдай алу іскерлігін дамытып, мәліметтерді жалпылауы қалыптасады. Есеп шығару оқытудың политехникалық қағидасының жүзеге асуында үлкен роль атқарады және білімдерінің жүйеленуі мен тереңдеуін және кеңуін жүзеге асып дүниеге көзқарастарын жетілдіреді. Есеп шығару ғылым мен техниканың жаңалықтарымен және жетістіктерімен таныстырып физика курсын толықтай игеруге мүмкіндік береді.
Есеп шығару мақсаттары:
Физика пәні есептерін шығарудың жалпы заңдылықтары мен дұрыс
мәдениетін қалыптастыру.
Ұсынылған арнайы есеп шығару алгоритмі негізінде құбылыстардың
сыр- сипатын дұрыс және толық ұғынуға бағыттау.
Физика пәнінен жалпы теориялық білімдерінің тұрақты қолданыста
болып, сапалы игерілуін қамтамасыз ету
Өз бетімен жұмыс жасау- іздену дағдыларының, интуициялық ойлау
қабілеттіліктерінің қалыптасуына ықпал ету.
Физика есептерін шығару процесінде түрлі математикалық амалдарды
қолдана білу шеберліктерін шыңдау.
Физиканың қалған бөлімдерін оқып- үйрену мақсатында терең меңгерту.
Міндеттері:
Оқушының физика курсы жөніндегі теориялық білімі мен нақты
практикалық есептер мазмұны арасындағы табиғи бірлікті түсінуді қамтамасыз ету және оның негізі арқылы әр есеп жағдайында ОМ- тің физика курсының негізгі есебін шеше білуге жетісу.
Физикалық теорияны оқып- үйренуде, оның мағынасын терең деңгейде
меңгеруде физика курсы есептерін шығартудың ерекше мәнділігіне әр оқушының көзін жеткізу.
Орта мектептің аса маңызды міндеті - жеткіншек ұрпаққа ғылыми егіздерінен тереңде тиянақты білім беру,оларды практикада қолданудың дағдыларын қалыптастыру, білім беру мазмұнының политехникалық бағытын күшейту. Физика заңдарын меңгеру және оларды дұрыс түсініп қолдана білу оқушылардың ой-өрісінің дамуын, табиғатқа ғылыми көзқарасты қалыптастыруын қамтамасыз етеді.
Физикалық теорияны үйренуде оның мағынасын терең түсініп қолдану жолдарын іздестіруде оқушыларға жаттығу ретінде класта, үйлерінде өз бетінше түрлі есептер шығарудың мәні ерекше.
Физика есебі физикалық құбылыстар бойынша құрылған, шешуді қажет ететін қиындықтары әртүрлі проблемалар, сұрақтар.
Физика есептерінің түрлері де, оларды шығарудың тәсілдері де көп. Есепті шығару - күрделі процесс. Оқушы есептерді тақырып бойынша шығара алмайтын болса , ол физиканы терең түсіне алмайды. Сондықтан оқу программасын меңгеру үшін физикалық есеп жаттығулар керек- ақ.
Физика есептерін шығару үшін теорияны терең түсініп, іс жүзінде практикада пайдалана білуі керек,шығармашылық еңбек ете білуі және терең ойланып күрделі мәселелерді, құбылыстарды талдап, зерттеп шеше алатындай болуы керек. Есептерді шығару кезінде оқушылар көптеген құбылыстардың заңдарын анықтайды, теорияның маңынасын терең түсініп, өмірдегі ролін көреді, техниканың жаңалықтарымен танысады,олардың физикалық негіздерін анықтайды, жалпы білімдерін көтереді, политехникалық тәрбие береді.
Есеп шығару кезінде оқушылар физикамен бірге өздерінің матиматикалық дайындықтарын тереңдетеді. Физика есептері матиматиканы жандандырады, оның мағынасын артырады, оны шығаруда оқушылар түрлі электрондық есептеу машиналарымен жұмыс істеп, есептеу техникасын үйренеді.
Оқушылар есептерді өз бетінше шығаруға дағдыланып үйренсе, теориялық білімдерін практикамен ұштастыра алатын дәрежеге жетеді. Ол үшін оқушы мектепте, одан тыс үйде есептеген есептер шығару керек.Оқушылар есепті қызығып шығару үшін мұғалім әрбір сабаққа қажет есептерді таңдап,оның мазмұнынның өмірдегі таныс құбылыстарға сәйкес келуін, тартымды, проблемалық болуын қамтамасыз етуі керек. Есеп шығару сабақтары өте қызықты ұйымдастырып шығару сабақтарын ұйымдастырудың бірнеше тәсілдері белгілі. Әрбір сабақта жеке оқушылардың қаблеттерін ескерген жөн. Физикаға ереже қызығатын оқушылар үшін ұйірмелер ашып, олардың қаблеттерін жетілдіре түсіп, қиын есептерді ұсынып шығарту және де оларды физикалық олимпиадаларға қатыстыру керек.
Физика пәнінде есептер шығару негізінен: жаңа білімді хабарлау үшін; проблемалық жағдайларды туғызу үшін; практикалық іскерліктер мен дағдыларын қалыптастыру үшін; білімнің тереңдігі мен беріктігін тексеру үшін; материалды қайталау және бекіту үшін; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қолданылады. Есеп шығару әрбір сабақтың құрамды бөлігі болып табылады. Аралас сабақтарда оларды сабақ сұрау барысында және өткен материалды бекіту барысында бірнеше рет қолданамыз. Қайталауды ұйымдастыру үшін көбінесе аралас есептерді іріктеп аламыз. Есептер оқушылардың білімін қадағалаудың аса тиімді құралдарының бірі болып табылады. Есептер сипаттарына байланысты ерекшеленеді және мазмұндық сипатына байланысты: нақты, абстрактілі, техникалық, тарихи түрде; дидактикалық сипатына байланысты: жаттығу, шығармашылық, зерттеушілік, бақылау түрінде; шарттарына байланысты: мәтіндік, графикалық, эксперименттік, сурет есептер түрінде; күрделілігіне байланысты: қарапайым, күрделі, құрамалы, аса күрделі түрде; талаптарына байланысты: белгісізді табуға, дәлелдеуге, құрастыруға беріледі; шешу жолдарына байланысты: эксперименттік, есептеушілік, графикалық түрде болады [9].
Есептерді осылай жіктеу шартты түрдегі мәнге ғана ие, өйткені, әрбір есеп түрлі топтарға жатуы мүмкін. Есеп шығару барысында қандай логикалық операциялардың қолданылатындығына байланысты оны шешудің жолдары аналитикалық, синтетикалық және аналитикалық-синтетикалық болып келеді. Аналитикалық шешу жолы есепті бірнеше қарапайым есептерге бөлшектеуден көзге түседі. Шешуді ізделінетін шаманы табудан бастаймыз, соның нәтижесінде ізделінген шаманы табудың қажетті заңдылығы ашылады. Заңдылықтың құрамына өзге де белгісіздер кіретін болса, онда оларды есептің белгілі шарттарымен байланыстырамыз.
Синтетикалық шешу жолында шамалардың арасында байланыстар анықталып теңдеуге қажетті белгісіз шама табылғанға дейінгі іздестіру жүргізіледі. Аналитикалық және синтетикалық шешу жолдары қашан да бір бірімен байланысты жүзеге асырылады. Есеп шешуге математикалық аппаратты қолданудың мынадай жолдары бар: арифметикалық, алгебралық және геометриялық.
Арифметикалық тәсілде физикалық шамаларды теңдеу құрмай өзгертудің математикалық амалдары қолданылады. Алгебралық тәсілде теңдеуді құру физикалық формулаларға негізделіп ізделінетін физикалық шама анықталады.
Геометриялық тәсіл-есеп шығаруда фигуралардың геометриялық және тригонометриялық қасиеттерін пайдалану қажет болғанда қолданылады. Мұндай тәсіл-статика, электростатика, фотометрия, геометриялық оптика тарауларына есеп шығарғанда қолданылады
Алгебралық тәсіл-физикалық формулалардың негізінде математикалық теңдеулер құру арқылы шығарылады.
Графиктік тәсіл-есеп шығарғанда олардың жауаптары түрлі графиктерді талдау негізінде алынады.
Эксперименттік тәсіл-есептер эксперимент жүргізу негізінде шешіледі.
Әртүрлі типтегі есептерді шешудің өзіндік ерекшеліктері бар екендігіне қарамастан педагогикалық практикада есеп шығарудың мынадай жүйесі қалыптасқан:
Есептің шартымен, жаңа терминдер мен анықтамалардың мазмұнымен танысып, есеп шартын қайталау;
Есеп шартын қысқаша жазу, қажетті суреттер мен сызбаларды СИ бірліктерінде жасау;
Есеп шартын талдау;
Есеп шығаруға қажетті физикалық заңдар мен формулаларды еске түсіру;
Есеп шығарудың жоспарын құрау;
Ізделінетін шама және берілген шамалардың арасындағы байланысты формула түрінде жазу.
Теңдеулер жүйесін шешу;
Ізделінген шаманы есептеп шығару;
Алынған нәтижені талдау;
Есепті шығарудың өзгеше жолдарын іздеу және талдау.
Белгілі бір есептерді шығарудың барысында бұл жүйенің кейбір сатылары қолданылмауы да мүмкін. Қазіргі уақытта физикалық есептерді шығаруда алгоритмдік тәсілдер жиі қолданылуда.
Сабақ үстінде оқушыларды есеп шығаруға ұйымдастырудың нысандары мынадай болуы мүмкін:
Есепті тақтада оқытушының өзінің шығаруы. Мұндай тәсіл типтік есептің шығарылу барысын көрсету үшін болмаса күрделі есептерді шешу үшін қолданылады. Оқытушы оқушылардың белсенділігін арттыру үшін оларды есепті талдауға қатыстырады.
Есептің шешімін іздеу мен талдауды ұжымдық түрде жүзеге асырып, соңынан оқушылардың бірі шешімді тақтаға, қалған оқушылар дәптерге жазады. Тақтада күрделі есепті шығарған кезде бірнеше оқушы кезектесіп жұмыс жасауы мүмкін. Алайда, мұндай ұйымдастыру барысында оқушылардың дербестігі мен белсенділігі төмен болады.
Оқушылар ұжымдық талдаудан кейін есепті дербес шығарады. Оқушылардың дербестігі мен белсенділігі жоғары болғандығына қарамастан барлығы есепті бір мезгілде шығара алмайды. Соған байланысты бірқатар қиындықтар туындайды. Осыған орай оқытушы есепті шығарудың барысын үнемі қадағалап, оқушыларға кеңестер береді, кемшіліктері мен қателеріне көңілдерін аудартып, түзетулеріне көмектеседі.
Физика есептерін шығару әдістерін қарастыру алдында, қазіргі кезде қолданылып жүрген есеп шығарудың жалпы метадикасына тоқталайық.
Есептің шартымен танысу.
Оқушы есепте қарастырылып отырған мәселелерді толық ұғынып, қойылған сұрақтарды анық түсінуі керек. Есептің шартына байланысты берілген шамаларды, сұрақтарды, қосымша тұрақтыларды таңбалап жазу керек. Экспирменттік есеп болса, қажетті құрал-жабдықтарды алдын-ала түгелдеп, жұмыстың күйін тексеріп алу керек.
Есептің мазмұнын талқылау.
Есептің шартында берілген процестердің құбылыстардың қандай заңдарға бағынатынын анықтап, ол заңдарды сипаттайтын формулаларды жазу керек. Құбылыстар арасындағы байланыстарды анықтау қажет. Координаталар системасын ыңғайлы етіп алып, секторлы шамалардың бағыттарын, кеңістіктегі орнын анықтау керек. Есепті талдау үшін мүмкін болған жағдайда оқиғаның суретін салу, оның графигін сызу керек.
Есепті жалпы түрде шығару керек.
Есептің сұрауларына талдау беретін, проблеманы анықтайтын теңдеуді жалпы формула түрінде қорытып шығару керек. Барлық уақытта осылай шығару міндет емес, кейде есепті бөлшектеп, есептеулерді жүргізіп шығарған ыңғайлы болады.
Есептеу.
Есепте берілген шамалардың барлығын ХБЖ өлшемдеріне келтіріліп, қорытып алынған жалпы формулаға шамалардың сандық мәндерін қойып,математикалық есептеулер жүргізу керек. Мүмкіндігі болса, арифметикалық жұмысты микрокалькуляторларда, есептеу машиналарында жүргізген жақсы.
Есептің жауабын тексеру.
Есептің жауабы шындыққа жақын болуы тиіс. Көп жағайда сандық мәннің шамасы есептің дұрыс шықпағандығын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы кез келген дене жылдамдығы жарықтың вакумдағы таралу жылдамдығынан артық бола алмайды.
Есеп шығару физикалық заңдарды терең және берік меңгеруге, логикалық ойлаудың дамуына, ұғымпаз, инициативті, ерікті және қойылған мақсатқа жетуде табанды болуға септігін тигізеді, физикаға деген қызығушылықтарын оятады, өзіндік жұмыс дағдыларын бойына сіңіруге көмектеседі.
Физикалық есептер негізінен мазмұны, дидактикалық мақсаты, шығару тәсілдері, жеке тарауларына қарай тарихи, политехникалық, қызықты, шығармашылық және эксперименттік болып бөлінеді. Есептер берілу шарты бойынша текстік, графиктік, сурет-есеп сияқты салаларға бөлінеді. Дидактикалық мақсатта олар қарапайым жаттығу, күрделі есеп болады. Қарапайым есептер бір-екі формула мен заңдылықтарды, жеңіл эксперименттерді пайдалану арқылы шығарылады, ал қиын есептерді шығаруда бірнеше бөлімнің заңдылықтары мен формулалары, қорытындылары және эксперименттік дағдылары пайдаланылады.
Физикалық есептерді шығарудың маңызы: оқушылардың логикалық және физикалық ойлауын дамытады; физикалық ұғымдарды тереңірек қалыптастырады; әр сабақта проблемалық жағдай қойып, оны шешуге жәрдемдеседі; физикалық құбылыстар мен заңдарды және теорияларды талдауға, қорытындылауға, олардың арасындағы өзара байланыстарды анықтайды; пәнаралық байланысты орнатады.
Физикалық есептерді шығару арқылы оқытушы сабақта оқушылардың білімі мен дағдыларын тексеріп бағалайды, жаңа тақырыпты түсіндіреді және оны бекітеді, үйде өз бетінше жұмыс істетеді, олимпиада мен конкурстар ұйымдастырады
Жалпы, есептердің құрамы мынадай компоненттерден тұрады:
Есеп шарты-физикалық объект, ұғым, құбылыс, процесс және олардың күйі туралы мәліметтерден тұратын бөлім.
Анықтау бөлімі-есепті шешудің мақсаты, яғни шешудің нәтижесінде нені анықтау қажет екендігі көрсетілетін бөлім. Бұларға қосымша талдау және есептің шешілуі бөлімі бар. Талдау бөлімінде есепті шешудің жолдары көрсетіледі, яғни қорытқы формула қорытылып, талданып тұратын бөлім. Есептің шешілуінде шамалық мәндері қойылып, математикалық есептеліп, дәл нақты жауабын аламыз.
Физикалық есептер шығару әдістемесі қолдану нәтижелері :
1. Оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығының, ынтасының және физикалық білімдерінің деңгейі біршама артқандығын көрсетті
2. Оқушылар арасында жүргізілген физикалық бақылау жұмыстарының нәтижелері оқушылардың есеп шығару қабілетінің деңгейі 10-15%-ға жоғарылағандығын көрсетті.