Бөж тақырыбы: «Физика есептері, олардың классификациясы және шешу әдістері.» Орындаған



бет3/4
Дата27.11.2023
өлшемі50,79 Kb.
#128876
1   2   3   4
Графиктік есептерді шығару әдістемесі.
Физиканы оқытуда графикалық әдістің маңыздылығы өте жоғары. Графиктердің пайдаланылуы оқу материалын саналы түрде меңгеру, физикалық заңдарды анығырақ түсінуді үйрену үшін қажетті шарт болып табылады деп тұжырымдауға да болады. Физикалық үдерістерді графикалық түрде бейнелеу оны көрнекірек етеді және қарастырылып отырған құбылыс түсінігін жеңілдетеді, абстрактілі ойлау қабілетінің дамуына, сараптама жасау және салыстыру қабілетін дамытуға, тапсырманы орындаудың тиімдірек тәсілін табуға себептеседі. Графиктерді пайдалану туралы мәселе күннен күнге өзекті болып бара жатыр. Сонымен қатар, графикалық тәсілді пайдалану физиканың математикамен байланысын бекітуге себептеседі, абстрактілі математикалқ заңдылықтарды нақты физикалық мазмұнмен толтырады. Толықтай жүйені құрайтын графиктермен жұмыстың келесі әдістерін атап өтуге болады: ұсынылған графиктермен жұмыс, график тұрғызу, тапсырмаларды графиктік тәсілмен орындау, зертханалық жұмыс немесе практикум жұмыстарын орындау кезінде есептеу жұмыстары нәтижелерін графикалық бейнелеу.
График бойынша берілген есепке керекті шамаларды анықтап шығаруға болатын есептерді айтады. Графиктік есептерді шығару үрдісінде графиктерді салу, графиктерден қажетті шамаларды тауып, есептеулерде қолдана білуге дағдыланады. Графиктерді салу, тұрғызу кезінде оқушылар физикалық шамалар арасындағы функциялық тәуелділікті түсінуге, ұқыптылыққа үйренеді, яғни олардың танымдық және политехникалық мәні өте зор. Оқушылардың техникалық қабілетін дамытуда, оларды теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйретеді, алған нәтежелері мен анықталған мәселелерін талдауда графиктік есептердішығарту өте пайдалы. Оқушылар өздері есептеу нәтижесінде алған графиктерін қадағалай отырып, ол нені түсіндіретінің, осы жалғыз (қисық па, әлде түзу ме) сызықтың сыр-сипатында қаншама сыр жатқанын ұғатындай дәрежеге көтерілуі керек. Шынында, бір сызықтың сыры соншалықты мол екенін, оның әрбір нүктесі тұнып тұрған өзгерістер мен процестер екенін оқушылар өздері біліп, өздері сезгені дұрыс. Оның үстіне графиктің ең кем дегенде физикалық екі шама арасындағы функциялық тәуелділікті көрсететін кескін сурет екенін, есептерді де, қарастырылатын қағиданы да оңайлататынын ескеру қажет. Графиктік есептерді шығаруда қарастырылатын физикалық шамалар арасындағы функциялық шеберліктерін дамытады: интеллектуалдық (салыстыру қабілеті, негізгіні ажыраты білу, зерттеу, эксперемент нәтижелерін жазу және қорытындылау), пәндік (теорияны практикамен ұштастыру шеберлігі, физикалық білімдерін құбылыстарға анализ жасауға қолдану, көптеген үй аспаптары мен құралдарының жұмыс істеу принципін түсіндіру), ұйымдастыру-танымдық (құрал-жабдықтардың функционалдық міндеттерін анықтай білу, техникалық құрылғылармен жұмыс істеген техника қауыпсіздігі мен пайдалану ережелерін сақтау), еңбек ету (қол құралдарымен жұмыс істеуді үйрену дағдысы, ұсталық, т.б.).
Графиктік есептер - есептің берілу шартындағы графиктерді талдау жасау арқылы оны шығаруға қажет шамалар анықталатындай етіп қарастырылады. Графиктік байланыстар физика құбылыстардың динамикасын ашып айқындауға көмектеседі оның көнекілік жағын күшейтеді. Есептелуді жүргізу кезіндегі пайдаланылған матиматикалық аппаратқа байланысты физика есептерін шығарудың арифметикалық алгебралық және геометриялық тәсілдері практикада қолданылады[11].
Сапалық есептерді шығару әдістемесі.
Сапалық есептер ауызша шығарылады. Оқушыларда сапалық есептерді саналы тұрғыда шығару дағдысын тәрбиелеу үшін, мұғалімнің олармен белгілі бір жұмыс жүйесі және ойластырылған оқыту методикасы болуы керек. Есепті дұрыс таңдап алудың маңызы да аз емес. Есептің алғашқы кездерінде оқушылардың өз тәжірибесінен белгілі құбылысқа немесе фактілерге түсінік беру ұсынылатын есептер дұрыс болады. Бұлардан оқушылар өмірмен байланысты көреді.
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту мақсатында VII сыныптан бастап-ақ есептердің шартына оқушылар үшін жаңа деректерді, техникалық мәліметтерді енгізген жөн. Есептерді таңдап алуда мектептің айналасындағы өндірістің сипатын және жергілікті жағдайларды ескерудің маңызы зор.
Сапалық есептерді шығару үш кезеңнен тұрады: шартын оқу, есептің анализі және шешуі.
Есеп мазмұнын анализдеу кезінде ең алдымен оқушыларға берілген тақырыптан белгілі ортақ заңдылықтарды пайдаланады: осыдан кейін есептегі айтылған құбылыс нақты қалай түсіндірілуі тиіс екенін айқындайды. Сапалық есептерде шарттың анализі негізделген керекті жауаппен тығыз байланысты.
Сапалық есептер сабақта және сабақтан тыс тапсырмалар бергенде қолданылады. Сапалық септерді шешу – физиканы оқытуда қазіргі кезде көп қолданылады. Мұнда қызығушылықтың пайда болуы – табысты оқытудың қуатты факторы болып табылады. Проблеманы шешу үшін өз білімін пайдалану оқушылардың оқуға деген қызығушылығын туғызады, ал ынтасын туғызу оқытудың негізгі нақты мақсаты болып табылады.
Мысалы мынадай типтегі есептер жиі кездеседі. «Қайсы жылдамдықтар үлкен, 15 м/с па әлде 72 км/сағ па?». Бұл есепті былай айтсақ қызық болар еді. «Қасқырдың жылдамдығы 15 м/с болса, онда ол жылдамдығы 72 км/сағ киікті қуып жете ала ма?».
Мүмкіндігінше сабақта осындай шешкен өте тиімді. Есептерді құрастырғанда әдеби кітаптар, кейбір тарихи деректер, аңыздар, ертегілер, ғылыми жаңалықтарды ескерген дұрыс. Ол біздің күнделікті әлеміміз, ол жер, су, еліміз, мәдениетіміз, әдебиетіміз, тарихымыз. Міне осының бәріне біз өзіміздің махаббатымызды білдіреміз[12].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет