Бөж тақырыбы: «Физика есептері, олардың классификациясы және шешу әдістері.» Орындаған



бет4/4
Дата27.11.2023
өлшемі50,79 Kb.
#128876
1   2   3   4
Байланысты:
ZWKDGCHNELRT30102023212135

Эксперименттікк есептерді шығару әдістемесі
Эксперименттік есептер мәтінді есептерге қарағанда, дайындыққа және шешуге көп уақыт қажет етеді, сондай-ақ мұғалімдер мен оқушылар экспериментті тұрғызуға дағдылану керек. Бұндай есептерді физиканы оқытудың сапалық жағына оң әсерін тигізеді. Эксперименттік есептердің артықшылықтары:
Барлық эксперименттер сияқтыэксперименттік есептер оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін едәуір көтереді, логикалық ойлау қабілетін арттырады, құбылысқа анализ жасауға үйретеді, сабақта алған практикалық дағдысын ескере отырып оқушы терең ойланады. Эксперименттік есептерді шешу оқушыларды бірлікке ұмтылуға, өз күштерімен білімді игеруге, дүниені тануға құлшынып ұмтылуға тәрбиелейді.
Эксперименттік есептер оқушыларға шынайы білім алуға үйретеді, эксперименттік есептерді шеше отырып, оқушылар нақты мысалдарға көз жеткізеді, атап айтқанда, практикалық сұрақтарды шеуге өз мектептерінің білімі сай екендігіне, бұл білімнің көмегімен физикалық құбылыстарды байқауға, оның заңдылықтарымен физикалық құбылыстарды басқаруға болатындығын және т.б. Осылай теориялық және кітаптардағы болжамдар нақты шын мәнге ие болады. Эксперименттік есептерді шығару оқушыларға берік негізі бар білім алуға, бұл білімді практикада да өмірде де қолдануға үйретеді.
Эксперименттік есептерді шығару және шешімін тәжірибе жүзінде тексеру, оқушылар физикалық заңдардың объективтілігіне, алған білімдеріне әрқашан толық сенуге, практика мен тәжірибе теориялық білімнің критериясы екендігіне, практика жүзінде тексерілген білім адамға ең қымбат білім екендігіне көздерін жеткізеді. Қиын практикалық есептерді шығарғанда, қоршаған құбылыстарды тануғаэксперименттің үлесі жоғары.
Эксперименттік есептерді шешуде оқушылардың өз беттерімен жұмыс істеуі, оқушылардың іскерліктері мен дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Бұнда оқушылар есеп жоспарын құрып қана қоймай, сонымен қатар кейбір мәтіндерді есептеу жолдарын қарастыру, өз беттерімен құралдарды жинау зерттелетін құбылысқа сай құралдарды таңдап алу, конструкциялау керек.
Эксперименттік есептерде талдау оқушыларды өлшеу нәтижелерін дәлдікпен алуға жүргізілетін эксперименттердің берілгеніне мұқият мән беруге үйретеді. Практикада олар өлшеу нәтижелерінің әрқашанда жуық екендігіне және оларға әртүрлі себептер әсер ететіндігіне көз жеткізеді. Сондықтын, эксперимент жүргізгенде барлық зиянды нәрселерді болдырмау керек.
Эксперименттік есептердің ерекшелігі олар шын мәнінде берілімдері толық емес есептер болып табылады. Мұндай есептер, оқушылар өмірде кездестіре алатын құбылыстарға елеулі түрде жақын болып келеді.
Білімді игерудің нәтижелілігі таным процесіне адамның әр түрлі сезім мүшелерінің іске қосылуы және нақты заттар мен құбылыстарға бетпе- бет келгенде оны сезіну, көре білу және қабылдауы арқылы артады. Бұл жағдайда физикалық эксперименттің маңызы зор.
Эксперименттік есептердің шешу тәсілдері оларды шешудегі эксперименттік жұмыстың қойылуына тәуелді. Мысалы, есепті шешу үшін барлық шамалар берілсе және жауабын тәжірибеде тексеру қажет болса, онда есептің шешуін нұсқауларға сәйкес жазады.
Эксперименттік есептердің басқа түрлерінде есепті шешу және баяндау қажет болады. Егер есепті шешу үшін қажетті шамалар тәжірибе нәтижесінде алынса, онда экспериментті қою және өлшеулер жүргізу маңызды.
Есеп түріндегі эксперименттік тапсырмаларды шешу және жазу келесі элементтерден тұрады: есептің қойылуы, шарттарды талдау, өлшеулер жүргізу, есептеулер, тәжірибеде тексеру.
Есепті қойылуынан кейін бірден тәжірибені орындауға көшеді. Өтіп жатқан құбылысты бақылайды. Содан кейін оны теория жүзінде түсіндіреді[13].
Сандық есептерді шығару әдістемесі.
Күрделі сандық есептерді шығару сабақта әдетте мына элементтерден құралады: есептің шартын оқу, шартты қысқаша жазу және оны кайталау, суретін, схемасын немесе чертежін салу, есептің физикалык мазмұнын анализдеу және оны шығару жолдарын (тәсілдерін) айқындау, шешу жоспарын кұру және жалпы түрдегі шешуін орындау, шамалау және есептеулер, нәтиже анализі және шешуін тексеру.
Күрделі есептерді шығарудың келтірілген схемасы окушылардың оның мазмұны мен шығару барысын біртіндеп жан-жақты ойластыруын қамтамасыз етеді.
Келтірілген схема үлгі ретінде алынған. Әрбір есепті шығарған сайын барлық кезеңін қолдану міндетті емес. Мысалы, есеп-теу есептерін шығару кезінде шешуді жалпы түрде үнемі орындай бермейді; сұрақ-есептерді шығарған кезде есептеулердің қажеттігі болмай қалады.
Күрделі есепті шығару әдістемесінің кейбір кезеңдерінің сипатына қысқаша тоқталайық.
Есептің шартын оқу. Текст анық, мәнерлі, асықпай оқылуы тиіс. Көптеген жағдайларда есептің шартын мұғалімнің өзі_оқығаны жөн. Алайда тақтаға шакырылған оқушыларға да біртіндеп есептің шартын дауыстап оқуды үйреткен жөн. Мынадай әдіс те нәтижелі: мұғалім сыныпта шығаруға белгіленген есепті оқушылардың өздеріне зейін қойып оқып шығып, соңынан өз сөзімен мазмұнын айтып беруді ұсынады.
Есептің шартын оқыған соң, мұғалім жана терминдердің, қиын ұғымдардың мағынасын түсіндіреді (егер оның қажеттігі болса). Кейде мұғалім оқушылардан жаңа терминдерді олардың калай түсінетінін өздері түсіндіруін ұсынады. Талқылау нәтижесінде дұрыс түсінікке келеді. Осыдан кейін есептің шартының қысқаша жазылуын орындайды. Есеп шартының қысқаша жазылуы. Есептің толық тексін тақтаға да, оқушылардың дәптерлерінде де, әдеттегіше толық жазбаған жөн. (Есеп шартының жазылуы жөнінде кейінірек екжей-текжейлі айтылады.)
Есептің шартын қайталау. Есептің қысқаша жазылуы бойынша оқушылар оны қайталайды. Есеп шартын қайталау оқушылар есепті біле ме, онын шартын дұрыс түсіне ме, соны айқындауды мақсат етіп қояды. Ол үшін мұғалім кейбір оқушыларға оның мағынасын дәл жеткізе отырып, есеп шартының мазмұнын қайталауын ұсынады[14].
Осыдан кейін мұғалім, есептің шартын толық мағынасында түсінгендеріне көз жеткізу үшін, оқушыларға бірнеше сұрақтар қояды. Осыған байланысты оқушылар есепті шығару үшін суреттерді (схемаларды, чертеждерді) және таблицалық мәліметтерді пайдалану қажет пе, соны анықтайды.
Чертёжді, схеманы, суретті орындау. Көп жағдайларда есептерді шығарғанда чертёждер, схемалар немесе суреттер пайдаланылады. Бұл есептің шартын түсінуді және оны шешудің тәсілін табуды жеңілдетеді.
Шарттың анализі. Есепті талдау кезінде ен алдымен оның физикалық мәніне, берілген есептерде карастырылатын физикалық процестер мен заңдарды түсіндіруіне, физикалық шамалардың арасындағы тәуелділікке көңіл аударылады.
VІI-сыныптан бастап, қадам басқан сайын, шыдамдылықпен есептің дұрыс шешімін табу үшін есептің анализін жүргізу керек, өйткені бұл оқушылардың логикалық ойлауын дамытып, есептерді шығаруға саналы тұрғыдан карауға тәрбиелейді. Сабақта есепті талдауды көбінесе ұжымда түрде мұғалімнің оқушылармен әңгімесі түрінде өткізеді, оның барысында мұғалім өзара логикалық байланыста болатын мәселелерді талқылау нәтижесінде біртіндеп окушыларды есептерді шығарудың неғұрлым тиімді әдісіне алып келеді. Кейде бір ғана есептің бірнеше варианттарын қарастыру пайдалы, оларды салғастырып және неғүрлым ұтымдысын алу керек. Оқушыларға есепті өз бетінше әбден саналы және негізделген пайымдауларды талап ете отырып, анализдеуге өнебойы үйретіп отыру қажет.
Есеп шығару. Есептің шартын талдаған соң оны шығаруға көшеді. Есеп шығаруды кысқаша түсіндірулермен қоса жүргізу қажет.
Есептің жауабы айқын ерекшеленіп көрсетілуі керек, мысалы оның асты сызылады. Осынық бәрі оқушыларды айқындыққа және ұқыптылыққа үйретеді.
Жауабын тексеру және бағалау. Есептің шыққан жауабын тексеру кажет. Ең алдымен оқушылардың жауабының шындыққа сәйкес болуына назар аудару керек. Кейбір жағдайларда оқушылар есеп шығарғанда есептің шартына көбінесе сәйкес келмейтін, ал кейде қыйсыны келмейтін нәтижелер алады. Бұл мынадан шығады: есептеу процесінде олар есептің нақты шартымен байланысты үзіп алады. Осыдан қате шыққан жауаптың шалағайлығы оқушының назарьшан тыс қалады.
Бұл кемшілікті болдырмау үшін оларды алдағы күткен нәтижені «нобайлауға" немесе алдьш ала есептеуді пайдалануға, сондай-ақ шыққан жауаптың реалдығы тұрғысынан сын-анализ және шығарылып отырған есептің шартына нәтиже сай ма, осыларға сын-анализ жасауға үйрету пайдалы. Оқушыларды жауабын тәртібін сақтай бағалауды, тек математикалық тұрғыдан ғана емес, физикалық тұрғыдан да бағалай білуге үйрету қажет, мысалы мына сияқты жауаптардың мағынасыздығын оқушылар бірден көруге тиіс: қандай да бір механизмнің ПӘК 100%-тен артық, судың қалыпты жағдайдағы температурасы 0 С-тан аз немесе 100 С-дан көп, темірдің тығыздығы 78 г/см3.
Оқушылар есептің шешуінің дұрыстығын тексеру үшін оны басқа тәсілмен шығарып, нәтижелерді салғастырып, сондай-ақ физикалық шамалардың атау бірліктерімен операцияларды орындай отырып және жауабын есептеп шығура тиіс атауларымен салыстыра отырып тексереді.
Оқушылардың есепті шешудің атау бірліктеріне операциялар жасау жолымен тексеру методын қолдану дағдыларына машықтануына тиісті көңіл белу керек. Сабақта оны бірнеше қайтара пайдаланған соң тексерудің осы методының алгоритмін беруге болады.
Табылған шешудің жалпы түрде дұрыстығын тексеру үшін, шешуін өрнектейтін формулаға әріпті белгілеулердің орнына физикалық шамалардың атау бірліктерін қойып, оларға шамалармен орындалатын операцияларды жасаймыз.
Берілген әдіс есеп шешуінің дұрыстығын сенімді айқындаудың қажетті шарты, бірақ көп жағдайларда жеткіліксіз болып табылады. Мысалы, есептеулер барысында оқушы сандық коэффициентті жазбай кетсе немесе оны дұрыс жазбаса, нәтиженің атауына бұл нұқсан келтірмейді де, қате байқалмай қалуы мүмкін. Сондықтан берілген методты басқалармен үйлестіре қолдану керек.
2. Физика сабағында есептерді шығару классификациясы
Есеп шығару: зор күш- қуатты, энергияны, талмас- жігерді талап ететін жоғары деңгейдегі - ақыл- ой жұмысы. Ол тек жүйелі білімді ғана емес, түрлі іскерлік- дағдыларды, зор интуициялық ойлау қабілеттілігін талап етеді және бұл реттегі ең шешуші жәйт- осы қасиеттерді ұштап жетілдіреді, шыңдайды. Бұл ретте негізгі құралы математика болып табылатын- физика ғылымы есептерін шығарту - казіргі заман талабы- білім сапасын көтеруде зор роль атқарса, екінші жағынан қымбат құрал- жабдықтарды талап етпейтін, мұғалім қолындағы аса тиімді де, шешуші оқыту әдісі болары сөзсіз. Ал, эксперименттік есептерге келетін болсақ, олардың әрқайсысын оқушы үшін кіші- гірім зерттеу іс- әрекеті ретінде алуға болады.
Қазіргі кезде оқушының ой - өрісін көтеру, шығармашылық қабілетін дамыту, алған білімін практикада қолдана білуге баулу, әртүрлі ғылыми әдебиеттерді пайдаланып, өзінің білімін тереңдетуге үйрету мәселелеріне айрықша мән беріліп отыр. Себебі мемлекеттік стандартта орта білім беретін мектептерде әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оларды өз сұраныстарына, мүдделеріне сай оқыту мен тәрбиелеудің сан қилы үлгілерін қолдану керектігі көзделген. Бұл жағдайда оқыту технологиясын өзгертуді, оқушыларды өз бетінше білім алуға, өзін-өзі дамытуға, ұйымдастыруға үйрету мәселелеріне көп көңіл бөлуді талап етеді[16].
Осы міндеттерді атқару жолында басқа пәндер мен қатар физика пәнінің атқаратын рөлі де зор. Себебі физика жаратылыстану ғылымдарының тірегі, ал оның зерттеу әдістері қазіргі заманғы ғылыми танымның тұғыры. Дегенмен, қазіргі уақытта орта мектептегі физика пәніне бөлінген сағат қоры аздық етіп отыр. Осының салдарынан физика сабағында, бұрынғы кездегідей лабораториялық жұмыстар көптеп жасалмайды, есептер шығаруға уақыт жетіспейді.
Оқыту әдістемесінің ең тиімді, ұтымды тәсілдерін қолдану, берілген мағлұматтарды оқушының мейлінше аз уақытта терең жан-жақты игеруін қамтамасыз ету және физиканы оқытуды жандандыру әдістерін пайдалануға болады.
Физика есептерін мазмұны, берілу шарты және шығару тәсілдеріне сәйкес бірнеше топтарға бөлуге болады. Мазмұны жағынан ажыратылатын есептерге физиканың механикаға, электродинамикаға, оптикаға және т.б. бөлімдеріне арналған есептер жатады.Берілу шарты бойынша физикалық есептер сапалық, сандық, графиктік, эксперименттік топтарға бөлуге болады.
Физика пәнінен есеп шығару – оқу үрдісінен бөліп алуға болмайтын бір бөлігі болып табылады, себебі ол физикалық ұғымдарды қалыптастыруға, оқушылардың физикалық құбылыстарды оқып-үйренуіне, ойлау қабілетін дамытуға, білімдерін нақтылауға, оны практикада қолдана білуге үйретуде маңызы зор.
Есептер шығару физикалық заңдарды оқып- үйренуде, тереңірек және нақты білім алуға, алған білімдерін берік меңгеруге, логикалық ойлау қабілетінің дамуына, белсенді болуына, физика пәніне деген қызығушылығын арттыруға, алға қойған мақсатқа жетуде табаңдылыққа, өзіндік жұмыс істеу, өз бетімен білім алу дағдысына ие болуға көмектеседі. Есептер шығаруды мына жағдайларда қолданады:
а) проблемалық ситуация туғызуда;
ә) жаңа мәлімет беруде;
б) практикалық іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруда;
в) білімін(нақтылығын және тереңдігін) тексеруге;
г) бекітуге, материалды қайталауға;
д) техникалық құрылғылардың жұмыс істеу принциптерін түіндіруде;
е) оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіруде.
Физика есептерінің оқу үрдісін ұйымдастыруда алатын орны ерекше. Оқушыларға есептерді шығартып үйретудің мынандай тәсілдерін беруге болады.
1. Мұғалім есепті оқып, талдау жасап, әр түрлі сұрақтар беру арқьшы сыныпты есеп шығаруга жұмылдыра отырып, тақтаға есепті өзі жазып, берілгенін жазып көрсетеді. Мұндай тәсіл жаңа сабақты түсіндіріп болғаннаи кейін қолданылады. Мұғалім орташа қиындықтағы есепті таңдап алғаны дұрыс.
2. Есепке талдау жасап талқылау мұғалімнің басшылығымен бүкіл сынып болып талқыланып, одан кейін бір оқушыны тақтаға Ішығарьп, қалғандары орындарында шығару. Мұнда тақтаға орташа оқитын оқушыны шығарғаны дұрыс. Себебі жақсы оқитын оқушы есепті тез шығарады да, қалғандары оған ілесе алмайды, ал нашары тіптен шығара алмайды.
3. Мұғалім қандай есепті шығару керектігін айтады, оқушылар оны өзінше орындайды. Мұнда мұғалімнің әр есептің түріне қарай кететін қателерге кеңес беріп отырғаны жөн. Мұнда оқушыларға әр деңгейдегі есеп карочкаларын жасап, өздік жұмысты сол арқылы орындаса да болады.
Бұл үш тәсілден басқа есепті шығаруды сыныптан тыс уақытта физикаға қызығатын оқушылардың есеп шығару үйірмесін ұйымдастыру арқылы шығаруға болады.
Физика есептерін: мазмұнына байланысты; берілу тәсіліне қарай; шешу тәсіліне қарай классификациялауға болады .
Есептердің осы түрдегі классификациясының өзі шартгы түрде, кейде бірдей есептер классификациялау тәсіліне қарай түрлі топтарға жатқызылуы мүмкін.
Мазмұнына қарай физикада есептерді механика, молекулалық физика, электрдинамика т.б. больп бөлінеді. Олар мәтінмен, суретпен, графикпен және сапалық-сұрақ есептермен берілген. Бұл есептер физиканы оқыту әдістемесіндегі қолданылуына, қиындық деңгейіне қарай бөлінеді. Олар жеңіл (жаттығу), орташа және қиын, шығармашылық болып бөлінеді, Жеңіл есептер немесе жаттығу есептері деп бір немесе екі формула қолданып шығаратын, жеңіл тәжірибе жасау арқылы шығарылатын есептерді айтады. Бұл есептерді материалды бекіту үшін қолданады.
Орташа және қиындау есептер деп бірнеше формуланы, кейде бір тараудағы формулаларды немесе бірнеше бөлімнің формулаларын қолданып шығаратын есептер мен белгілі бір дағдыны керек ететін эксперименттік есептерді айтады. Мұндай есептерді толық тарауды немесе бөлімді қайталанған кезде, оқушылардың білімін нақтылап тереңдету үшін шығарған дұрыс.
Шығармашылық есептердің өзі іздену (яғни, неге деген сұраққа жауап іздейтін) есептер, конструкторлық (яғни қалай жасау керек) есептер болып болып бөлінеді.
Шығармашылық есептер есептер жинағында жұлдызша арқылы ерекшеленіп тұрады. Оларды сыныптағы физика пәнін жақсы оқитын оқушымен жұмыс істеген кезде, олимпиадаларға (мектептегі сынып аралық, мектеп аралық) қатысатын оқушыларға беріп, шығартып үйреткен кезде пайдалануға болады.
Есептер шығарылу әдістемесіне байланысты сапалық, сандық немесе есептеу-есептері, графиктік, эксперименттік болып бөлінеді. Мүндай бөліну қажетті және маңызды, себебі мұғалімнің оқушылардың математикалық дайындықтарына қарай есеп таңдауына көп септігін тигізеді.
Есептеу есептеріне тән қасиет берілген сұраққа жауапты ,тек математикалық амалдарды қолдана отырып табуға болады. Мұндаи есептерді көбінесе жоғарғы сыныптарда қолданады. Шығарылудағы математикалық тәсілдерді қолдануға байланысты есептер арифметикалық, алгебралық, геометриялық болып бөлінеді. Осылардың ішіндекөп қолданылатыны – алгебралық.
Есептеу есептері физикада жиі кездеседі. Соның ішінде шамалардың сан-мәнімен берілген есептер көп. Қазіргі кезде есептегіш құралдардың көптігін ескерсек, мұндай есептерді шығару көп қиындық туғызбайды. Әйтседе физика пәнінің мүғалімдері таза физикалық есептерді (шамалардыңщ сан-мәндері берілмеген есептер) уақыт үнемдеу үшін көптеп шығарылғаны дұрыс. .
Физикалық теорияда бұл шарттардың физикалық шешімдері бар. Олай болса кез-келген физикалық есепте оның жасырын түрдегі шешімі беріліп қойылады. Физикалық шарттарды «есепті шығарудың элементтері» деп қарауға болады.
Күрделі есептің шешімі бірнеше қарапайым есептің шешімінен құралады:
а) бірнеше физикалық құбылыстар;
б) бірнеше денені қамтитын бір физикалық құбылыс;
в) берілген жүйе күйлері үшін бірнеше шарттар қарастырылады.
Біріншіден қарапайым есептердің саны физикалық құбылыстардың санымен, екіншіден денелердің санымен, ал үшіншіден берілген жүйе күйлері табылатын шарттардың санымен анықталады. Осыған байланысты жоғарыда енгізілген «есепті шығарудың элементтері» ұғымын кеңейту мүмкіндігі туады. Енді бұл ұғымға есептің физикалық шартын білдіретін сөздер ғана емес, соған эквивалентті қатынастарды барлық қарапайым есептерде өзінің сан мәнін сақтайтын, физикалық шамалар мен есепті талдау үрдісінде пайда болатын қатынастарды да жатқызуға болады.

Қорытынды


Бүгінгі күні мемлекеттік стандартта орта білім беретін мектептерде әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оларды өз сұраныстарына, мүдделеріне сай оқыту мен тәрбиелеудің сан қилы үлгілерін қолдану керектігі көзделген. Бұл жағдайда оқыту технологиясын өзгертуді, оқушыларды өз бетінше білім алуға, өзін-өзі дамытуға, ұйымдастыруға үйрету мәселелеріне көп көңіл бөлуді талап етеді. Осы міндеттерді атқару жолында басқа пәндер мен қатар физика пәнінің атқаратын рөлі зор. Себебі физика жаратылыстану ғылымдарының тірегі, ал оның зерттеу әдістері қазіргі заманғы ғылыми танымның тұғыры.Техникалық мазмұны бар есептерді шығару арқылы оқушылардың ой-өрісін дамытудың негізгі құралы, алған теориялық білімді іс жүзінде қолданудың жолы. Олар физикалық құбылыстар мен заңдарды тереңірек және берік меңгеруге, логикалық ойлаудың дамуына, игерген білім негіздерін өзара байланыстырып қолдана білуге үйретеді.
Белгілі бір жүйеде іріктелген техникалық мазмұны бар біздің есептер, сондай-ақ оларды шешуге арналған әдістеме мұғалім үшін оқушылардың сабақтағы өзіндік жұмысын ұйымдастыруға пайдалы, сонымен қатар факультативтік сабақтарда қолдануға болады.
Дегенмен, қазіргі уақытта орта мектептегі физика пәніне бөлінген сағат қоры аздық етіп отыр. Осының салдарынан физика сабағында, бұрынғы кездегідей лабораториялық жұмыстар көптеп жасалмайды, есептер шығаруға уақыт жетіспейді.
Менің ойым бойынша, физикалық есептерді шығару әдістерін жетілдіру, ұйымдастырушы алгоритмнің үйрету функциясын күшейту бағытында жүргізілуі тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі;


1.Орехов В.П., Усова А.В. Физиканы оқыту методикасы.-А., «Мектеп»,1978
2.Кудайкулов М. «Орта мектепте физиканы оқыту әдістеме 1998ж Алматы,«Рауан».
3.Биғожа О.Д Механиканың кинематика тарауы бойынша есеп шығару жолдары. Оқу әдістемелік құрал. Ақтау: КМИжТУ, 2011
4.Акитай Б.Е. Физикадан есептер шығаруға арналған әдістемелік оқу құралы. Механика.Алматы,2000.
5.Анарбаева А.Т «Физика есептерін шығару тәсілдері» Алматы «Мектеп» 1987 жыл. 154
6.Өстеміров К.Қазіргі педагогикаылық технологиялар мен оқыту құралдары.-Алматы., 2007

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет