Бөж тақырыбы: «Физика есептері, олардың классификациясы және шешу әдістері.» Орындаған



бет1/4
Дата27.11.2023
өлшемі50,79 Kb.
#128876
  1   2   3   4
Байланысты:
ZWKDGCHNELRT30102023212135


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі Қожа Ахмед Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Физика кафедрасы


БӨЖ
Тақырыбы: «Физика есептері, олардың классификациясы және шешу әдістері.»

Орындаған: Садыкова М.
Қабылдаған: Шектібаев Н.
Тобы: ЖФЗ-111

Түркістан 2023ж

Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Физикалық есептердің маңызы, түрлері, шығару әдістемесі
2. Физика сабағында есептерді шығару классификациясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Физика есептерін шығару – физиканы оқытудың негізгі бір бөлігі болып саналады. Әрине, физика есептерін шығаруда оқушы математиканы саналы түрде қолданатын болады. Физика есебін шығаруда оқушының алдына ұсақ – түйек болса да, проблемалық мәселе қойылады, оқушылар жаңа ұғымдармен танысады.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңындағы өзгерістер орта мектептегі білім мазмұнының құрылымын әдістемелік жағынан толықтыру мен дамытуды қажет етеді. Осы орайда бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі мектеп оқушылардың ой өрісінің даму деңгейін көтеру, олардың ғылыми танымдық іс-әрекеттерін белсендіру, оқуға, білім алуға ынталандырудың тиімді әдістемесін жасау болып табылады.
Техникалық есептер арқылы оқушылардың шығармашылық потенциалын жүзеге асыру мен дамытудағы мән-мағынасының, маңыздылығының сыры ашылмай, назардан тыс қалып отыруы; оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерінің, көбінесе, сабақтан тыс уақыттарда, факультативтік сабақтарда жетілдіру әдістемесінің басым болуы; физика сабақтарында оқушылардың білімін техникалық есептер арқылы дамытуға арналған зерттеу жұмыстарының жеткіліксіз қарастырылуы. Тақырыптың мақсаты − техникалықлық есептер арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруды әдістемелік тұрғыдан негіздеу және ғылыми-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету бағытындағы материалдарды тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында сынақтан өткізу.
Осы мақсатқа жету және ұсынылған болжамның дұрыстығын тексеру үшін мынандай міндеттер анықталды:
− тақырып бойынша психологиялық-педагогикалық, әдістемелік, ғылыми көпшілік әдебиеттерге талдау жасау.
−оқытуда техникалық есептерді пайдалану арқылы оқушыларының физикаға қызығушылығын арттырудың әдістемелік негізін айқындау.
−физикалық техникалық есептердің жүйесіне, мәніне, мазмұнына талдау жасау және оларды шығару жолдарын жетілдіру шараларын қарастыру.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін мынандай әдістерді қолданылды.
Зерттеу болжамы – егер оқушылардың физикаға қызығушылығын арттыру шарты ретіндегі техникалық есептерді шығарудың әдістемесі жасалып, іске асырылса, онда мектепте физиканы оқытудың тиімділігі артатын болады, өйткені ондай есептер тұлғаның шығармашылық қабілеттіліктерінің дамуына және пәнге қызығушылығының дамуына ықпал етеді.
Тақырыптың практикалық маңыздылығы. Алынған мәліметтер мұғалімдерге техникалық есептерді пайдалану жолымен оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру бойынша нақты кеңестер ұсынуға мүмкіндік береді, оқушылардың техникалық есептерді шығаруға ынтасын қалыптастыруға жағдай жасайды. Орта мектепте физиканы қызықты оқыту негізінде алынған зерттеу мәліметтері және солардың негізінде алынған ұсыныстар келесі жұмыстарды іске асыруға қажетті қорытынды мәліметтер болып табылады: орта мектепте оқыту үдерісін ұйымдастыруда, оқу-ағарту саласы қызметкерлерінің біліктілігін көтеру семинарларында пайдалануда, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру бойынша жасалатын әдістемелік ұсыныстар мен бағдарламалар жасауда және т.б.
\



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет