Бөж тақырыбы: «Халықаралық дүниежізілік сауда ұйымы жəне Қазақстан» Орындаған: Тәңірберген Әсия Тобы: ээм-911-Ф


Дэвид Шарк, ДСҰ Бас директорының орынбасары



бет5/6
Дата13.10.2022
өлшемі33,55 Kb.
#42844
1   2   3   4   5   6
Дэвид Шарк, ДСҰ Бас директорының орынбасары:
Осы жылы Қазақстан Министрлер конференциясында алғаш рет Дүниежүзілік сауда ұйымының толыққанды мүшесі ретінде қатысты. Президенттеріңіз Нұрсұлтан Назарбаев осы ұйымның мүшесі болуларыңыз үшін көп жұмыс атқарды.
Өйткені, Дүниежүзілік сауда ұйымның мүшесі болу оңай емес. ДСҰ жасаған ережелерге сай болу көп мемлекеттер үшін қиын. Қазақстан үшін бұл күрделі болғанына қарамастан, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың дұрыс бастамалары бұл процесті жеңілдетіп, өз мақсаттарыңызға жеттіңіздер.

Еліміздің ДСҰ мүше болуына әлемдік деңгейдегі саясаткерлер мен шетелдік мамандар да оң бағасын берді.

Мики Ямада, Жапония Парламенті тағайындаған Сыртқы істер министрінің орынбасары:

Қазақстанның ДСҰ 162 мүшесі ретінде бүгінгі министрлер конференциясына қатысуы қуанышты жағдай. Қазақстанның ДСҰ мүше болуы сіздердің қарқынды дамуларыңызға жол ашады деп сенемін.
Биыл қазан айында Жапония Премьер министрі Синдзо Абэ 9 жылдан кейін алғаш рет Қазақстанға ресми сапармен барды. 11 желтоқсанда Жапония астронавты Кимия Юни Халықаралық ғарыш станциясынан Қазақ даласына табан тіреді.
Осының барлығы Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтады ғой, деп сенемін.


Бернадетт Герлингер, Австрия Республикасының Сыртқы экономикалық саясат вице-министрі:

Ең алдымен, Қазақстанды Тәуелсіздіктің 24 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін бұдан бөлек құттықтайтын тағы бір себеп пайда болды. 2 апта бұрын Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі болып қабылданды.
Сіздердің бұл ұйымның өте маңызды мүшесі екендіктеріңіз ақиқат. Сонымен қатар, осы сәтті пайдаланып, 2017 жылы Астанада өтетін EXPO көрмесіне Австрияның қатысатынын да айта кеткім келеді.
Австрия делегациясы Қазақстанға баруды асыға күтуде. Өйткені, Австрия үшін Қазақстан өте маңызды сауда серіктесі.


Аранча Гонзалес, ДСҰ Женевадағы сауда орталығының атқарушы директоры:

Кенияда өтіп жатқан Министрлер конференциясында да өте маңызды және ерекше күн. Өйткені, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі болды. ДСҰ Қазақстанмен әрдайым бірлесіп жұмыс істейді.
Өз ережелері бойынша ДСҰ Қазақстанның шағын және орта бизнесінің дамуына септігін тигізеді. Демек, елдің экономикалық жағдайы жақсарады, жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың тұрмыс деңгейі көтеріледі. Бұл мақсаттарды жүзеге асыруға сіздерде барлық мүмкіндік бар.

Екі жылда бір рет өтетін ДСҰ министрлер конференциясында негізінен ұйым ішіндегі қордаланған мәселелер талқыланады. Әр ел өзіне қатысты түйткілді жайттарды қозғайды.
Сондай-ақ, осы жиын аясында ұйымның жаңа мүшелерін қабылдау салтанаты да жүзе асады. Биылғы басқосуда Ауғанстан мен Либерия елдері ұйымға мүше болып қабылданды.
ДСҰ-ның оныншы министрлер конференциясының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды субсидиялауға тыйым салу және халықаралық азық түлік көмегін көрсету туралы декларация қабылданды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет