Торлы
қабықша
Тамырлы
қабықша
Нұрлы
қабықшы
Кірпікті
дене
Меншікті
Тамырлы
қабықша
Шыны тәріздес
дене
Көз бұршағы
Көз алмасының
сұйықтығы
Таяқшалар
Колбашалар
1 — қасаң қабық;
2 — көз алмасының алдыңғы
камерасы;
3 — нұрлы қабықша;
4 — көз алмасының артқы камерасы;
5 — көз бұршағы;
6 — кірпікті дене;
7 — конъюнктива;
8 — кірпікті дене;
9 — көздің шеткі тік б/е;
10 — көздің ішкі тік б/е;
11 — меншікті тамырлы қабықша;
12 — шыны тәрізді дене;
13 — склера;
14 —торлы қабықша;
15 — көру жүйкесігнің дискісі;
16 — кру жүйкесі
Көздің құрылысы:
Көз (Opthalmos oculos)- көру мүшесі, көру анализаторларының шеткі бөлігі,
рецепторлы қызметін атқаратын көздің торлы қабығындағы нейрондар тізбесі.
Дамуы. Көз ұрықтың әртүрлі жапырақшаларынан бастау алады. Көздің торлы
қабығы мен көру нерві нерв түтігінен дамыса, көз бұршағы экстродермадан
дамиды. Көз бокалын қоршаған мезенхимадан қан тамырлы қабық пен
склера дамиды. Склераның алдыңғы бөлігі біртіндеп көп қабатты жалпақ
эпителийге ауысып, көздің қасаң қабығына айналады. Көз бокалы ішіндегі
мезенхима мен эмбриональді торлы қабықтан көздің шыны тәрізді денесі мен
нұрлы қабығы дамиды. Көздің қарашығын (диаметрін) қысатын бұлшық еттері
нейральді түрде дамып жетіледі.
Көздің жарық сындырғыш және аккомодациялық және рецепторлы
аппараттары болады.
• Көздің жарық сындырғыш аппараттарына: қасан кабық, көз бұршағы, шыны
тәріздес дене, көздің алдыңғы және арткы камераларындағы сұйыктық
жатады.
• Аккомодациялық аппараттарына: көздің нұрлы қабығы, кірпікшелі дене
(кірпікшелі белдеу тәрiздi есiндi) жатады.
• Ал рецепторлы аппаратына: торлы қабықты жатқызамыз.
|