Есту мүшесі:
Есту мүшесі 3 бөліктен тұрады: сыртқы құлақ, ортанғы және ішкі құлақ.
Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолы жатады. Сыртқы
есту жолы иірім жасай орналасқан шеміршекті және сүйекті бөліктерге
бөлінеді. Оның шеміршекті бөлігінде май бездері мен сарғыш түсті секрет –
құлық көп бөлінеді. Ал сыртқы есту жолындағы түктер қорғаныш қызметін
атқарады: шаң, тозаңды, ұсақ
жәндіктерді, микробтарды тұтып қалады.
Ортаңғы құлақ бір-бірімен жалғасып жатқан дабыл қуысы, есту түтікшесі
мен емізік тәрізді өсіндіден (өзінің үңгірімен) тұрады. Ортаңғы құлақтың
бұлшық еттері дабыл жарғағы мен дыбыс сүйекшелері тізбегінің қалыпты
тонусын сақтау, ішкі құлақты тыс дыбыстық шамадан тітіркендірулерден
қорғау, дыбыс өткізгіш аппараты толқынындағы дыбыстарға бейімдеу
қызметтерін атқарады.
Ішкі құлақ – “лабиринт” деп аталады. Ол шеміршекті және сүйекті
бөліктерге бөлінеді. Сүйекті лабиринт: кіре беріс, жартылай үш иірім өзектері
мен ұлулы денеден тұрады. Шеміршекті бөлігі сүйекті лабиринттің ішінде
орналасқан. Оның іші мөлдір сұйық эндолимфамен, ал осы екі
лабиринттің
арасы перилимфамен толған. Дыбыс дірілі перилимфадан эндолимфаға, ал ол
арқылы ұлуға беріледі. Есту жүйкесінің шеті орналасқан ұлудан дыбысты
қабылдайтын жүйке клеткалары бар есту жүйкесі шығады.
1 — завиток;
2 — балғашық;
3 — төс сүйекшесі;
4 — үзеңгіше;
5 — жарты шеңберлі өзектер;
6 — ұлу;
7 — кіреберіс;
8 — сыртқы есту жолы ;
9 — қалқанның шиыршығы;
10 — ішкі құлақ;
11 — ортаңғы құлақ;
12 — дабыл жарғағы;
13 — сыртқы есту жолы;
14 — қалқан бүртігі;
16 — құлақ шеміршегі;
17 — есту түтігі;
18 — сыртқы құлақ.
Достарыңызбен бөлісу: