Негізгі бөлім. А) Қазақстанда Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Қазақстанда Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Солай бола тұрса да бізде қазір
көптеген қазақтар үй ішінде, сыртта, қоғамдық орындарда орысша сөйлеп,
қазақ тілінің сөйлеу өрісін тарылтып, қолданылу аясын әлсіретеді, тіпті
жоғарғы жақтағы басшылардың өздері орыс тілінде сөйлейді, қазақша
сөйлегеннің өзінде шұбарлап сөйлейді. Басты кемшілігіміз – осы.Қазір көптеген
жастар ана тілін дұрыс білмейді. Ауылдық жерде жақсы, қалалық жерлерде тіл
құнарлылығы сұйыла түскен. Қазақ тілінің жанашыры болған сатирик ақын
Шона Сымаханұлының бір шумақ өлеңінде осындай жағдайды сипаттайды:
Қазіргінің баласы,
Көп білем деп көкиді.
Әкесінің жазғанын
Аудармадан оқиды.
«Ұлттың тілі – ұлттың ділі » демекші, қандай ұлт пен ұлыс болмасын ең
басты байлығы – ана тілі. Тілін жоғалтқан халықтың жеке мемлекет болып басқа
елдермен терезесі тең дәрежеде тұра алмайтындығы тарихтан белгілі.
Сондықтан сан ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп,
егеменді ел болып жатқан сындарлы кезеңде мемлекетіміздің нышаны ана
тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түп қызығына айналдыру – әрбір ұлтжанды
азаматтың басты міндеті.Ата-бабамыздан қалған асыл қазына тілімізді
сақтаудың тиімді жолы – отбасында ана тілінде сөйлеп, айналадағы дүние
туралы сол тілде айтып, сол тілде қуаныш ренішіңді бөлісіп, өзіңді, өзгені
жұбату болып табылады . Бұл — ана тілінің қадір-қасиетін арттыра түсері
даусыз.
Қазіргі кездегі қазақ тілінің қолданылатын қоғамдық салалары – әртүрлі, әр
деңгейлі. Тілдік қолданыстың қоғамдық қызметін зерттеушілердің айтуынша,
қазақ тілі: білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, оның ішінде қоғамдық-
гуманитарлық ғылымдар салалары бойынша біршама кеңірек қолданылады.
Алайда, қазақ тілі мен орыс тілі арасындағы қызметтік (функциялық) шекара
күні бүгінге дейін әлі нақтылана қойған жоқ. Сол себептен, оның қандай
деңгейде екені туралы әлеуметтік-лингвистикалық зерттеулердің қажеттілігі
қазір бізде жетекші орынға шықты. Әсіресе, қазақ-орыс қостілділігінің біздің
қоғамдық өмір салтымыздағы бүгінгі функциясын айқындау туралы
еңбектердің маңызы зор болып отыр. Сонымен қатар жастарымыздың ауызынан
түспейтіні дилаект сөздер мен балағат сөздер. Көшеде болсын, қоғамдық
орындарда болсын жастардың өз араларында дилаект сөздер көп қолданысқа ие.