НЕГІЗГІ БӨЛІМ
АДАМ ЖӘНЕ ҒАЛАМ
АДАМ-ЗАТТЫҢ ҚЫСҚА ҒҰМЫРЫ
ТӘН ЖҮЙЕСІ
18-ҒАСЫР ФРАНЦУЗ АҒАРТУШЫЛАРЫ ФИЛОСОФИЯСЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ Адам болмысы туралы мәдениет, философия тарихында ілімдер, тұғырнамалар, ойлар аз болған жоқ. Ежелгі Қытай, Үнді, Грек одан бергіде араб елдерінде, нақтылы айтсақ, мұсылман философиясында, Жаңа заман философиясында, кешегі әлемнің жартысында үстемдік етіп, жаңа "дінге" айналған маркстік - лениндік ілім ауқымында да адам туралы біршама тұжырымды пікірлер айтылды. Кеңес заманында адамды негізінен екі-ақ арнаға салып қарастыру дәстүрге айналған еді, олар: адамның табиғи - биологиялық және әлеуметтік - таптық болмысы. Осы методология негізінде көптеген кітаптар жазылды, әдебиет пен өнерді түсінуде де осы қағида негізге алынды. Құдайға шүкір, ол заман да тарихтың "архивіне" айналып артта қалып барады. Бірақ, адам болмысын толығырақ зерттей бастағанда, олардың екі түрлі мәнде қолданылатынын мойындауымызға тура келеді. Абай "өлсе өлер табиғат, адам өлмес" дегенінде адамның заттық табиғатының жойылып, оның рухани болмысының мәңгілігін айтқан. Мәңгі өлмейтін адамның идея формасындағы шындығы, олар: ақыл мен жан. Адамның идеялық шындығы ақылмен түсіндірілмейтін, оның тылсымдық болмысы. Адам туралы идея Адам - Зат тарихын танудың кілті. Адамдық өлшем жоқтың және бардың өлшемі, яғни, адамдық өлшемдер рухани және заттық болып бөлінеді
НЕГІЗГІ БӨЛІМ Араб тіліндегі философияда (фәлсафада) және сопылық дүниетанымдағы әдебиеттерде субстанцияны "зат" - дейді. Олардың зат дегені материалдық және рухани қасиеттер тұтастығын білдіретін ұғым. Осы мәнде, Адамзат дегенде, оның таза заттық қасиеттерімен қоса (тәні, нәпсісі), оның рухани қасиеттерін (жанын, санасын, көңілін, рухын және арын) бірге айтамын. Бүл тірілерге ғана қатысты айтылған мәселелер. Адамзат туралы әңгіме осы жалған дүниедегі адам болмысы туралы сөз. Абай кезінде "ғұмырдың өзі ақиқат " деген. Біз білетін және де білгіміз келетін ақиқат, осы дүниенің санасы. Біз мәселенің басын ашып алу үшін, екі тарихтың болғанын мойындауымыз керек: Адам тарихы және Адам - Зат тарихы. Адам-Ата жаратылғанынан басталады, яғни, тән мен жанның бірлігі. Адам тарихына келсек, Адам-Ата жаратылғанға дейін адамның тәпі туралы соз жоқ, ол тек рух ретіндегі мүмкіндік болған. Адамның жаны, рухы болғанымен, тәні, яғни, заттық табиғаты болмаған.
АДАМ ЖӘНЕ ҒАЛАМ Адамзат тарихын иудей, христиан, ислам діндері және соларға сай мифтер Адам-Атадан бастайды. Мифтік идеяға сүйенсек, адамзаттың Адам-Атаға дейінгі тарихы болмаған. Адам-Атаға дейінгі тарих туралы дерек жоқ. Ғылымда бұл проблема гипотеза төңірегінде. Сондықтан біз, адам кенеттен пайда болған деген тұжырымға айналып соға береміз. Онымыз да дәрменсіздік белгісі. Адам бір заманда, өзінен-өзі пайда болған, не оны бір Құдірет жаратқан, Адамзат тарихы дегендегі бар білетініміз осы. Бірақ, бұл да соншама місе тұтпайтын аз білім емес. Адамның пайда болғанын (өздігінен), не жаратылғанын мойындау аса күрделі проблеманы анықтау. Адам-Зат тарихының басталуы - шындық, ол рас болған іс, оның нақтылығы Адам - Заттың барлығында. Растың растығы, оның барлығында. Міне, осылай ой өрбітсек, Адам - Зат тарихының басталуы тек қана мифтік немесе, діни қағида емес - шындық. Оның дәлелі Адам-Атаның жаратылуы. Осы тұсқа жеткенде мынандай сұрақ туады. Адам-Ата жаратылғанға дейін Адам туралы тарих болған ба?