Бөж тақырыбы



бет2/4
Дата07.11.2022
өлшемі68,2 Kb.
#48220
1   2   3   4
Байланысты:
ЖОСПАР (1)

АДАМ-ЗАТТЫҢ ҚЫСҚА ҒҰМЫРЫ
Адам - Заттың қысқа ғұмыры, оның өзін - өзі тануға мүмкіндік бермейді. Мүмкін адам осы қысқа ғұмырда біраз нәрселерге қанық болар еді, егер оның жасының көп мөлшері сәбилік, балалық дәуірлерге және біраз мөлшері қариялыққа кетпесе. Адам еркіндігіне тұсау тек туу мен өлу ғана емес, оның сәби - балалығы және қуат кеміген қариялығы. Бұл адамның еркін шектеуші жағдайлары. Адам - Зат тарихы дегенге тағы қосарым, оның тәні өлгенімен, жанының мәңгілігі. Мәңгілік жанның өзіне тән тарихы жоқ деп қалай айта аламыз. Егер жан мәңгілік болса, ол қандай формада өмір сүрмек. Дантенің "Құдіретті комедиясында" тамұққа түскендер жан өлімін аңсауда. Демек, тән өлімімен бірге жан өлімінің болғаны. Алайда, жан өлімі адамға қатысты емес, ол тылсым күшке байланысты болса керек. Бұл идеяны Данте қайдан алып отыр

ТӘН ЖҮЙЕСІ
Мақсатсыз біткен тән бар ма?
Шәкәрім. Жанға қарағанда тән жүйесі туралы соз анық. Тән нақтылы бар болмыс. Оны тануға мүмкіндік толық. Тәнді көреміз, сеземіз, соның нәтижесінде неше түрлі өлшемдерге саламыз. Мен тән дегенде адамның дене құрылымын айтып отырмын, Шәкәрімнің айтуынша, дене - жанның киімі, тұрағы. Яғни, дене жансыз болмақ емес және де тән дегенде, оның тіршілік қалпындағы болмысын айтамыз, тәннің жансыз қалпы қызықты әңгіме емес. Тегінде тән деген жаннан айырылған соң, езінің субстанция халін жоғалтады, айырылады, оның тән атанып, проблема болуы жанның тұрағы болып, тіршілік иесілігіне қатыстығында. Тән тынысы - нәпсіде. Тән нәпсісіз болмайды, сондықтан тәнді анығында нәпсіден бөлек қарастыру мүмкін емес, тән туралы жеке әңгіме етіп отырғаным түсінік үшін, арнайы қолданылып отырған шартты тәсіл. Тән болмысына тоқталсақ, біріншіден, оның заттық сипатын мойындаймыз. Тәннің бүл қасиетін медицина, биология сияқты ғылымдар зерттейді. Бұл мәнде тән бар болмыстың моделі, олай дейтініміз қандай болмасын тән құрамында дүниеде бар химиялық элементтердің бәрі бар. Мұндай әлемдік тұтастық тәннің басты сапасы. Осыдан барып адам тәні жерден жаралып, кейін одан жан кеткенде қайтадан жерге оралады деген табиғи түсінік қалыптасқан. Бүл рас, оны ғылымдар да дәлелдеген. Тән мен заттық дүниенің тұтастығы үнемі сақталу үшін тән сырттан әманда қорек алып, одан өз қажетіне алатынын алып, қалғанын сыртқа шығарып отырады. Мұны биологияда зат алмасу үрдісі деп атайды. Ол жойылса тән өзімен-өзі болудан қалып, жаннан айырылып, нәпсісін мүлдем тыйып алады оны біз әдетте "өлім" деген ұғыммен бейнелейміз. Екінші, тәннің пайда болуы туралы проблема. Ғылымда бұл мәселе төңірегінде ілімдер көп. Көп мәселе ғылымда мәлім болған. Анықталмаған проблема, ол тәннің алғашқы баста пайда болуы. Әңгіме тәннің (дененің) тегі туралы. Бұл проблеманы қарапайым етіп түсіндіру үшін мына бір тәсілді қолданайық. Әдетте айтып жатамыз, осы жұмыртқа бұрын болған ба, әлде тауық бұрын болған ба деп. Жұмыртқалайтын, әрине тауық, демек тауық жұмыртқаға қарағанда мерзімі жағынан бұрын, бірақ бұл істің екінші жағы бар, ол әрбір тауықтың өзі жұмыртқадан өсіп-өніп шыққан, бүл мәнде жұмыртқа тауықтан ілгері мерзімде болған. Сол сияқты адам тәнінің пайда болуы да түсініксіз. Ч.Дарвин ілімі бойынша, тән эволюциялық жолмен жетілген, дінде тән жаратылған, не жаратқан. Екеуінің де дәлелдері нақтылы емес. Сондықтан адам тәнінің пайда болуы өте даулы мәселе



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет